Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 18-04/17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 ақпанда № 10266 тіркелді

Қолданыстағы

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы 
№ 18-04/17 бұйрығымен   
бекітілген         

Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық
аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесі

1. Балық аулау құралдарының кәсіпшілік түрлері

1.

Балық аулайтын аудың кез-келген жаңарған түрі*

2.

Ұяшықтайтын аулау құралдары: қойылмалы және жүзбелі аулар

3.

Белсенді сүзетін аулау құралдары: лақтырмалы жылымдар (өзенде, көлде және теңізде) және бұрап лақтырма жылымдар (шиланды)

4.

Тралдық аулау құралдары: тралдар және ысырғыштар

5.

Кіші топтарға бөлінетін стационарлық аулау құралдары:

1) ашық тұзақтар: қойылмалы жылымдар (скипаскалар, мадрагалар, каравиялар)

2) жабық тұзақтар: қабадалар (секреттер, мереждер, рюжидер, нередтер, сижидер, тальяндар, құрмалар, шағын шаянұстағыштар)

3) бекітпе тұзақтар: ілмекті қабырғалар (ілікпетас, торлы дуалдар, сырғауыл дуалдар)

6.

Қармақты аулау құралдары: жемделетін (троллдар, ярустар) және жемделмейтін (гарпундар)

7.

«Басқа» аулау құралдары: балық сору қондырғылары, конустық торлар және аулау құралдары артемия жұмыртқаларын жинауға арналған (торлы дорбалар, шөміштер)

2. Балық аулау құралдарының кәсіпшілік емес түрлері**

8.

Қармақ: қалтқылы, тереңдік, жерлицалар, үйірме

9.

Кішкентай жылтырағы бар қармақ - мормышка

10.

Ілмекті дорба

11.

Су астыңда аң аулауға арналған мылтық

12.

Әр түрлі үлгідегі спиннингтер

3. Балық аулау тәсілдері

13.

Балықты ұяшықтау арқылы аулау.
Тәсіл торлы қабырға түріндегі аулау құралын балықтардың қозғалу жолдарына қою арқылы жүзеге асырылады. Торлы қабырғалардан өтпекші болған балықтар торлы ұяшықтарда тұрып қалады.

14.

Балықты сүзгіштер арқылы аулау.
Бұл тәсіл кезінде торлы кенеп су қоймасының бір бөлігіне лақтырылып, кейін аулау құралы жағалауға немесе кеме бортына тартылады. Басқа кең таралған атауы – жылымдар.

15.

Тралдау арқылы балық аулау.
Бұл тәсіл арқылы ерекше құрылымы бар торлы қапшық түріндегі аулау құралы су қоймасына тартылып, тралданып жол-жөнекей кездескен балықтар ұсталады.

16.

Қозғалмайтын (стационарлық) тұзақтар көмегімен балық аулау.
Бұл тәсіл бойынша балықтың еркін кіріп, кейін кері шығуын қиындататын құрылымы ерекше әртүрлі қозғалмайтын тұзақтар қойылады.

17.

Қармақтармен балық аулау жергілікті халықтың жеке тұтынуына арналған немесе әуесқойлық (спорттық) балық аулау құралы болып табылады.

18.

Балық сорғыш қондырғылар көмегімен балық аулау.
Аулау қағидаты бойынша балық сорғыш қондырғысының қабылдау түтігі суға тасталып, ол балықпен бірге кемеге сорып алынады.

      Ескертпе:
      *жібінің диаметрі 0,5 миллиметрден кем және ұяшықтарының мөлшері 100 миллиметрден кем (торының конструктивтік адымы 50-миллиметрден кем) синтетикалық нейлондық немесе басқа да полиамидті моножіптен және басқа да синтетикалық моножіптен машина тәсілімен немесе қолдан жасалған балық аулайтын, түйінді аудан басқа.
      **барлық кәсіпшілік емес қармақтық аулау құралдары ені 12 миллиметрден артық емес қармақтармен жабдықтандырылады.