Мемлекеттік кірістер органдарының Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 ақпанда № 10311 тіркелді

Қолданыстағы

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20276-22 және 292-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдарының Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпарататтық-құқықтық жүйесінде жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2015 жылғы 15 қаңтар
№ 27 бұйрығымен   
бекітілген      

Мемлекеттік кірістер органдарының Кеден одағына мүше
мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған
құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша
акцизді төлеу фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20276-22 және 292-баптарына сәйкес әзірленді және уәкілетті органмен бекітілген тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы салық төлеушінің өтініші бойынша (бұдан әрі – Өтініш) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін (бұдан әрі – жанама салықтар) мемлекеттік кірістер органдарының растау тәртібін айқындайды.
      2. Өтініш беру «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндеттер төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20-бабы 3-1-тармақтарына сәйкес қағаз тасығышта (төрт данада) және электронды цифрлық қолымен расталған электронды түрде немесе Салық кодексінің 276-20-бабы 3-2-тармақтарына сәйкес электронды цифрлық қолымен расталған электронды түрде жүргізіледі.

2. Қағаз тасығышта (төрт данада) және электрондық түрде
ұсынылған Өтініштер бойынша жанама салықтардың төленген
фактісін растау немесе осындай растаудан дәлелді бас тарту
тәртібі

      3. Жанама салықтардың төленген фактісін қағаз тасығышта (төрт данада) және электронды түрде электронды цифрлық қолымен расталып ұсынылған Өтініштер бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының растауы Салық кодексінің 276-20-бабы 3-тармағымен көзделген құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Өтініштің төрт данасында тиісті белгілерді қою жолымен жүргізіледі.
      Салық төлеуші Салық кодексінің 276-22-бабы 2-тармағына сәйкес Өтінішті кері қайтарып алған жағдайда, жаңа Өтінішті қағаз тасығышта (төрт данада) және электронды цифрлық қолымен расталған электрондық түрде, Салық кодексінің 276-20-бабы 3-тармағында көзделген құжаттардың қосымшаларымен Салық кодексінің 276-20-бабы 9-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынуға міндетті.
      4. Жанама салықтардың төленген фактісі туралы белгі Өтініштің екінші бөліміне қойылады және расталады:
      белгі қойған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), белгі қойылған күн көрсетіле отырып, оның қолымен;
      мемлекеттік кірістер органы басшысының (басшы орынбасарының) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қол қойылған күні көрсетіле отырып, оның қолымен;
      мемлекеттік кірістер органының атауы көрсетіле отырып, мөрімен куәландырылады.
      5. Өтініштің бір данасы мемлекеттік кірістер органында қалады, белгі қойылған үш данасы салық төлеушіге не оның өкіліне қайтарылады.
      Бұл ретте салық төлеуші не оның өкілі тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы мемлекеттік кірістер органдарының өтініштерді тіркеу Журналына қол қойып уәкілетті органмен бекітілген нысандағы Өтініштің тиісті үш данасын алады.
      6. Жанама салықтардың төленген фактісі туралы белгі қоюдан бас тарту Салық кодексінің 276-20-бабы 3-тармағымен көзделген құжаттар қағаз тасығышта (төрт данада) және Өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық төлеушіге мемлекеттік кірістер органының растаудан дәлелді бас тартуы жіберіледі. Дәлелді бас тартуда анықталған сәйкессіздіктер (бұзушылықтар), сондай-ақ табыс етілген Өтінішті кері қайтарып алу және жаңа Өтініш ұсыну қажеттілігі көрсетіледі.
      Дәлелді бас тарту нысаны екі данада басып шығарылады, бір данасы мемлекеттер кірістер органында қалады, екінші данасы Өтініштің үш данасымен бірге салық төлеушіге немесе оның өкіліне табыс етіледі.
      7. Жанама салықтардың төленген фактісін растаудан дәлелді бас тарту мынадай жағдайларда:
      1) Өтініштерде көрсетілген мәліметтердің табыс етілген импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациядағы мәліметтерге сәйкессіздігі, оның ішінде импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация бойынша төлеуге есептелген жанама салықтар сомасының Өтініште есептелген жанама салықтардың сомасына сәйкессіздігі анықталғанда;
      2) Өтініште көрсетілген мәліметтердің салық төлеуші табыс еткен Салық кодексінің 276-20-бабы 3-тармағында көзделген құжаттардағы мәліметтерге сәйкессіздігі анықталғанда;
      3) қағаз тасығышта табыс етілген Өтініште көрсетілген деректер салық төлеушінің электронды цифрлық қолымен расталған электронды түрде табыс етілген Өтініш деректеріне сәйкес келмегенде;
      4) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етілген Өтініште көрсетілген жанама салықтардың есептелген сомалары төленбеген, сондай-ақ толық көлемде төленбегенде;
      5) оған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Кеден одағы шеңберінде салық салынатын импорт мөлшеріне түзету жүзеге асырылатын салық салынатын импорт мөлшері және (немесе) импортталған тауарлар бойынша ҚҚС сомалары төмендетілгенде;
      6) қағаз тасығышта табыс етілген Өтініштер саны импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияға қосымша болып табылатын тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштер тізілімінде көрсетілген Өтініштердің санына сәйкес келмегенде;
      7) Өтініш Қазақстан Республикасының уәкілетті органымен бекіткен Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті толтыру және табыс ету қағидаларына сәйкес толтырылмағанда;
      8) Салық кодексінің 276-20-бабы 3-тармағында көзделген құжаттар табыс етілмеген жағдайларда жүзеге асырылады.
      Жоғарыда көрсетілген импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етілген Өтініштердің бірінде растаудан дәлелді бас тартылған жағдайда, растаудан дәлелді бас тарту осындай импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етілген растаудан дәлелді бас тартылған Өтініш бойынша ғана жүзеге асырылады.
      Бұл ретте, Салық кодексінің 276-22-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес табыс етілген Өтініш импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда көрсетіледі.

3. Электрондық түрде ұсынылған Өтініштер бойынша
жанама салықтардың төленген фактісін растау немесе
осындай растаудан дәлелді бас тарту тәртібі

      8. Электрондық цифрлық қолмен расталған электрондық түрдегі Өтініштер бойынша жанама салықтардың төленген фактісін растау мемлекеттік кірістер органдарымен Салық кодексінің 276-20-бабы 3-2-тармағына сәйкес оның келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіге дәлелденгені туралы Хабарлама, осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолымен расталып электронды түрде жүргізіледі.
      Салық төлеуші Салық кодексінің 276-22-бабы 2-тармағына сәйкес Өтінішті кері қайтарып алған жағдайда, жаңа Өтінішті электрондық цифрлық қолымен расталған электрондық түрде Салық кодексінің 276-20-бабы 9-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынуға міндетті.
      9. Жанама салықтардың төленген фактісін растаудан бас тарту электрондық цифрлық қолмен расталған электрондық түрдегі Өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органымен дәлелді бас тарту салық төлеушіге осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолымен расталып электронды түрде жүргізіледі. Дәлелді бас тартуда анықталған сәйкессіздіктер (бұзушылықтар), сондай-ақ табыс етілген Өтінішті кері қайтарып алу және жаңа Өтініш ұсыну қажеттілігі көрсетіледі.
      10. Жанама салықтардың төленген фактісін растаудан дәлелді бас тарту, осы Қағиданың 7-тармағының 1)4) және 7) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда жүзеге асырылады.
      Жанама салықтар бойынша декларациямен бір мезгілде табыс етілген Өтініштердің бірінде оларды растаудан дәлелді бас тарту анықталған жағдайда, жанама салықтардың төленген фактісін растау тек осындай анықталған бұзушылықтар жөніндегі Өтініштер бойынша жүргізіледі.
      Бұл ретте, Салық кодексінің 276-22-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұсынылған Өтініш импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларацияда көрсетіледі.

Мемлекеттік кірістер органдарының     
Кеден одағына мүше мемлекеттердің     
аумағынан импортталған тауарлар     
бойынша қосылған құн салығын және     
импортталған акцизделетін тауарлар    
бойынша акцизді төлеу фактісін растау   
не растаудан дәлелді бас тарту қағидаларына
1-қосымша                 

2015 жылғы «15» қаңтар № 27

нысан

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған
тауарлар бойынша қосылған құн салықтарын және импортталған
акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін растаудан
дәлелді бас тарту

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20-бабы 7-тармағының негізінде
_____________________________________________________________________
                  мемлекеттік органының атауы
      Сізге хабарлайды ______________________________________________
                          тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
                      немесе салық төлеушінің (салық агентінің) атауы
      ЖСН (БСН) _____________________________________________________
      тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш (328.00-нысан) бойынша импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төленген фактісін растаудан бас тарту туралы хабарлайды:
      Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің нөмірі және күні
      Нөмірі _________________________ Күні _________________________
      Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті тіркеу нөмірі ______________________________________________
      Импортталған тауарлар бойынша жанама салық жөніндегі декларацияны тіркеу нөмірі _________________________________________
      Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның түрі: ________________________________________________
      Салық кезеңі: жылы ________________ айы ______________________
      Мынадай:
      1) Өтініштерде көрсетілген мәліметтердің табыс етілген импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациядағы мәліметтерге сәйкессіздігі, оның ішінде импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация бойынша төлеуге есептелген жанама салықтар сомасының Өтініште есептелген жанама салықтардың сомасына сәйкес еместігі
      2) Өтініште көрсетілген мәліметтердің салық төлеуші табыс еткен Салық кодексінің 276-20-бабы 3-тармағында көзделген құжаттардағы мәліметтерге сәйкес еместігі
      3) қағаз жеткізгіште табыс етілген Өтініште көрсетілген деректер салық органына электронды түрде табыс етілген Өтініш деректеріне сәйкес келмеуі
      4) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етілген Өтініште көрсетілген жанама салықтардың есептелген сомалары төленбеген, сондай-ақ толық мөлшерде төленбеуі
      5) оған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен салық салынатын импорт мөлшеріне түзету жүзеге асырылатын салық салынатын импорт мөлшері және (немесе) импортталған тауарлар бойынша ҚҚС сомалары төмендетілген
      6) қағаз тасығышта табыс етілген Өтініштер саны импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияға қосымша болып табылатын тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштер тізілімінде көрсетілген Өтініштердің санына сәйкес келмейді
      7) Өтініш Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті толтыру және табыс ету қағидаларына сәйкес толтырылмаған
      8) Салық кодексінің 276-20-бабының 3-тармағында көзделген құжаттар табыс етілмеген себептер бойынша (тиісті торкөзде Х көрсетіңіз).
      Анықталған бұзушылықтың мәні
_____________________________________________________________________

      Жоғарыда айтылғандардың негізінде Сізге табыс етілген Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті кері қайтарып алу және дәлелді бас тарту алынған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде бұзушылықтарды жоя отырып, жаңа Өтінішті табыс ету қажет.
      Мемлекеттік кірістер органының басшысы (Басшының орынбасары)
_____________________________________________________________________
           тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы

      М.О.

      Салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылғаны (жіберілгені) туралы белгі:
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол
болса), қолы, күні

      Алғаны туралы белгі
_____________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) салық төлеушінің (салық
агентінің), қолы, күні

Мемлекеттік кірістер органдарының     
Кеден одағына мүше мемлекеттердің     
аумағынан импортталған тауарлар     
бойынша қосылған құн салығын және     
импортталған акцизделетін тауарлар    
бойынша акцизді төлеу фактісін растау   
не растаудан дәлелді бас тарту қағидаларына
2-қосымша                 

2015 жылғы «15» қаңтар № 27

нысан

Жанама салықтардың төленген фактісін растау Хабарламасы
(босатылған немесе басқадай төлеу тәртібі)

      Сатып алушының сәйкестендіру нөмірі ХХХХХХХХХХХХ
      Сатып алушының атауы __________________________________________
      Тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің деректемелері № ХХХХХХХХ от ХХ.ХХ.ХХХХ
      Салықтық кезең ________________________________________________
      Жанама салықтардың төленгені туралы өтініштің кіріс (тіркеу) нөмірі ______________________________________________________________
      Жанама салықтардың төленгені туралы кері қайтару өтініштің кіріс (тіркеу) нөмірі _______________________________________________
      Жанама салықтардың төленгені туралы түзетілген өтініштің кіріс (тіркеу) нөмірі _____________________________________________________
      Мемлекеттік кірістер органының коды ХХХХ
      Жанама салықтардың төленген фактісін растаған мемлекеттік органның лаузымды тұлғасының аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда)
      _______________________________________________________________
      Жанама салықтардың төленген фактісін растау күні ______________
      Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны тіркеу нөмірі __________________________________________

Атауы

Сомасы

Валюта коды




      Қолданбалы сервердің қолы

      Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі\Өтініштің тіркеу нөмірі\ __ парақта __