"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Байғабылов Қанат Әмірханұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Тасыбаев Жәнібек Шоғалұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Қ. Бисембаев |
Қаратал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "2" желтоқсандағы № 552 қаулысымен бекітілген қосымша |
"Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) ауыл шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
3.,Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 49.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Бөлімнің миссиясы: ауыл шаруашылық саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.15. Міндеттері:
1) Қаратал ауданының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
2) агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамытуды қамтамасыз ету;
3) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін және оның қайта өңдеу өнімдерін өндірудің экономикалық жағдайларын жасау.
16. Функциялары:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
2) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
3) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;
4) Қаратал ауданында азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) есептілік ұсыну;
5) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын әзірлеу;
6) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласындағы іс-шараларды қаржыландырудың қажетті көлемдерін көздей отырып, тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік тапсырыс беру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
3) Бөлімнің құзыретіне жататын аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. Бөлімнің бірінші басшысын Қаратал ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзіреті шегінде айқындайды;
2) Бөлім қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) Бөлім қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
4) өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады;
5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Бөлімнің мүлкі
22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.