Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қалиасқаров Асхат Мейрамғалиұлына жүктелсін.
3. "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Ұзақбай Дәулеткелді Ғалымбайұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Бисембаев |
Қаратал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" № 136 қаулысымен бекітілген қосымша |
"Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қаратал ауданының құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.2. "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық- құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жерi: индексі 041000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Құсмолданов көшесі, 21.
10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14. "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қаратал ауданының аумағында құрылыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.15. Мiндеттерi:
қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын және аудан құрылысын іске асыру.
16. Функциялары:
1) құрылыс-монтаждық жұмыстарды жобалауға, құрылысқа арналған құжаттарды дайындау және конкурстарды өткізу;
2) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
3) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру;
4) жергілікті бюджет, облыстық бюджеттің арнайы трансферттері есебінен салынатын объектілердің құрылысына, реконструкциялануына техникалық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
5) ауданның және елді мекендердің әлеуметтік – экономикалық дамуының кешенді бағдарламаларына ұсыныстар дайындау;
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен мiндеттерi:
1) мемлекеттік қаражаттарды жоспарлауға және бөлуге қатысуға, жобалау-іздестіру жұмыстары, әлеуметтік-мәдени, коммуналдық мақсаттағы объектілердің құрылысына және ипотекалық несиелендіру қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысына арналған аудан бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныс енгізу;
2) құрылыстың келешекті жоспарларын әзірлеуге, құрылыс бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
3) төтенше жағдайларды ескерту және коммуналдық меншік объектілерінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша органдарымен бірге әзірленген іс-шаралар барысына бақылауды жүзеге асыру;
4) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
5) көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуына, оның ішінде бюджет қаражаттарының игерілуіне мониторинг жүргізу;
6) мердігерлік ұйымдармен шарттық міндеттердің сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету, олар тиісті деңгейде орындалмаған жағдайда шаралар қолдану;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
18. "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады.19. "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
21. "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:
1) "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде анықтайды;
2) "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
3) "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
4) өз құзыреті шегінде "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
22. "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн."Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
23. "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қаратал ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.