"Жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 ақпанда № 10308 тіркелді.

Жаңартылған

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабына және "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса ұсынылған Жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесімен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б. Имашев

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі


_________________ Ә. Исекешев


2015 жыл "

"______________

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі


______________ Е. Досаев


2015 жыл "

"______________


      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Тізбе жаңа редакцияда көзделген – ҚР Әділет министрінің 31.12.2021 № 1139 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 32 бұйрығымен бекітілді

Жеке сот орындаушыларының қызметі үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесі

Р/с №

Біліктілік талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1.

Жасы жиырма беске толған Қазақстан Республикасының азаматы

жеке басын куәландыратын құжат

"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан алынатын ақпарат талап етілмейді

2.

Жоғары заң білімінің болуы

дипломының бар екендігі туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

шетелдік білім мекемелері берген дипломдар үшін ("Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану процедурасынан өткендігін растайтын құжаттың көшірмесі);

3.

Жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өтуі

жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы куәландырған тағылымдаманың қорытындылары туралы қорытындының көшірмесі

"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 142-бабы 7-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін талап етілмейді

4.

Біліктілік емтиханын тапсыру

біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны

"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 142-бабы 7-тармағында көрсетілген тұлғалар үшін талап етілмейді

5.

Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіппен адамды әрекет етуге қабілетсіз немесе әрекет ету қабілеттілігі шектеулі деп танылғаны туралы мәліметтердің болмауы

әрекет етуге қабілетсіз немесе әрекет ету қабілеттілігі шектеулі еместігі туралы анықтама

"Е-лиңензиялау" мемлекеттік дерекқорымен (бұдан әрі - "Е-лицензиялау" МДҚ) біріктірілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - ҚР БП ҚСАЕК) дерекқорынан алынатын ақпарат талап етілмейді

6.

Жеке сот орындаушысы өкілеттігін бергенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылғаны туралы мәліметтердің болмауы

жеке сот орындаушысы өкілеттігін бергенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылғаны туралы мәліметтердің болмауы туралы анықтама

"Е-лиңензиялау" МДҚ біріктірілген ҚР БП ҚСАЕК дерекқорынан алынатын ақпарат талап етілмейді

7.

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болмауы

сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болмауы туралы анықтама

"Е-лицензиялау" МДҚ біріктірілген ҚР БП ҚСАЕК дерекқорынан алынатын ақпарат талап етілмейді

8.

Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы туралы мәліметтердің болмауы

заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы туралы мәліметтердің болмауы туралы анықтама

"Е-лицензиялау" МДҚ біріктірілген ҚР БП ҚСАЕК дерекқорынан алынатын ақпарат талап етілмейді

9.

Мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша босатылғаны туралы мәліметтердің болмауы

бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша босатылғаны туралы мәліметтердің болмауы жөніндегі анықтама еңбек қызметі туралы ақпараты бар мәліметтердің нысаны (қосымшаға сәйкес)

"Е-лицензиялау" МДҚ біріктірілген ҚР БП ҚСАЕК дерекқорынан алынатын ақпарат талап етілмейді

10.

Атқарушылық іс жүргізу бойынша берешектің және үш айдан артық мерзімді өндіріп алу бойынша берешегінің болуы туралы мәліметтердің жоқтығы


"Е-лицензиялау" МДҚ біріктірілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - ҚР ӘМ) дереккорынан алынатын ақпарат ұсынылмайды

11.

Наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепке алынғандығы туралы мәліметтердің болмауы

Наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепке алынбағандығы туралы анықтама


12.

Тұлғаны жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензиядан айыру туралы мәліметтердің болмауы


"Е-лицензиялау" МДҚ біріктірілген ҚР ӘМ дерекқорынан ақпарат ұсынылмайды.

  Жеке сот орындаушысының қызметі
үшін қойылатын біліктілік талаптарына
және оларға сәйкестікті растайтын
құжаттар тізбесіне қосымша

Жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарының сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

      1. Жоғары білім:

      Мамандығы мен біліктілігінің атауы____________________________;

      Диплом нөмірі_________________________________________________;

      Диплом берілген күн___________________________________________;

      Диплом берілген жер___________________________________________;

      Диплом берген оку орнының атауы_______________________________;

      2. Біліктілік емтиханын тапсыру:

      Тестілеу қорытындысы (иә/жоқ)_________________________________;

      3. Еңбек қызметі:

      Жұмысқа қабылданған күні______________________________________;

      Жұмыстан шығарылған күні______________________________________;

      Атқарған лауазымы_____________________________________________;

      Жұмыс орны____________________________________________________;

      Жұмыстан шығу себебі__________________________________________;