"Жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 ақпанда № 10308 тіркелді.

Жаңартылған

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабына және "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса ұсынылған Жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесімен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б. Имашев

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі


_________________ Ә. Исекешев


2015 жыл "

"______________

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі


______________ Е. Досаев


2015 жыл "

"______________


  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 32 бұйрығымен
бекітілді

Жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 31.12.2021 № 1139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Талаптары

Құжат

р/с

1

2

1

Қазақстан Республикасының азаматы

жеке басын куәландыратын құжат

2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес жоғары білімінің болуы.
Шетелдік білім мекемелері берген дипломдар үшін, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткендігі туралы мәлімет

диплом

3

Мына талаптардың біріне сәйкес келуі:
1) жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға аттестаттауды сәтті тапсыру
2) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсыру, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірінің болуы
3) судья лауазымында болу, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттігін тоқтатқан адам болу
4) прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде бес жыл еңбек өтілінің болуы
5) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл еңбек өтілінің болуы

1) жеке сот орындаушысының қызметімен айналысуға аттестат
2) Біліктілік комиссиясының қорытындысы
3) еңбек қызметін растайтын құжат, Президент Жарлығы
4) еңбек өтілін растайтын құжат, қызметтік тізім
5) еңбек өтілін растайтын құжат, қызметтік тізім

4

"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағында белгіленген шектеулер жоқ

ақпараттық жүйеден алынған электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған мәліметтер нысаны

      * Ескертпе: Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің дерекқоры құжаттар тізбесінде көзделген материалдар бойынша алынатын ақпарат көзі болып табылады.