Байғанин ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 наурыздағы № 155 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда № 4246 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңының 10 бабына сәйкес бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Байғанин ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н.Шекеева
      Мәслихат хатшысы Б.Турлыбаев

  Аудандық мәслихаттың
2015 жылғы 2 наурыздағы
№ 155 шешіміне қосымша

Байғанин ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары



р/с
Елді мекендердің
атаулары
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізілетін орындар
1
Қарауылкелді ауылы
Барақ батыр көшесіндегі аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаң
2
Жарлы ауылы
Ардагерлер көшесіндегі Жарлы ауылдық клубының алдындағы алаң
3
Ноғайты ауылы
Орталық көшесіндегі Ноғайты ауылдық клубының алдындағы алаң
4
Ебейті ауылы
Жеңіс көшесіндегі Ебейті ауылдық клубының алдындағы алаң
5
Алтай батыр ауылы
Бұлақ көшесіндегі Алтай батыр ауылының "Асылтас" дүкенінің алдындағы алаң
6
Жарқамыс ауылы
Орталық көшесіндегі Жарқамыс ауылдық кітапхананың алдындағы алаң
7
Кемерши ауылы
Орталық көшесіндегі Кемерши ауылының "Көркем" сауда дүкенінің алдындағы алаң
8
Оймауыт ауылы
Мәдениет көшесіндегі Оймауыт ауылдық клубының алдындағы алаң
9
Миялы ауылы
Жем өзені көшесіндегі Миялы ауылдық клуб алдындағы алаң