Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 ақпанда № 10336 тіркелді

Жаңартылған

       «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 25) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 153-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.06.2015 № 511 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
       2. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) Орталық аппараты комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының бастықтары, ішкі істер департаменттерінің, төтенше жағдайлар, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтары Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жеке құрамының және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы (бұдан әрі – Ұлттық ұлан) әскери қызметшілерінің осы Қағидалардың талаптарын зерделеуін және қатаң орындауын қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.
       3. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы, ІІМ-нің Төтенше жағдайлар, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеттерінің төрағалары, Кадр жұмысы департаментінің бастығы, ішкі істер департаменттерінің, төтенше жағдайлар, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтары Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін сыныпты маманның тиісті төсбелгілерімен және куәліктерімен қамтамасыз етсін.
       4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті:
       1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      5. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыныптық біліктілік айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 20 қыркүйектегі № 559 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8877 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 319 (27593) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
      7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                 Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 40 бұйрығымен   
бекітілген      

Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне
сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және
алып тастау қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері мен әскери - тергеу бөліністерінің, Ұлттық ұланның және Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі – ТЖК) әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау тәртібін айқындайды.

2. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі
қызметкерлері мен әскери-тергеу бөліністерінің әскери
қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау,
төмендету және алып тастау тәртібі

1-параграф. Ішкі істер органдары полиция, қылмыстық-атқару
жүйесі қызметкерлерінің және әскери-тергеу бөліністері әскери
қызметшілерінің сыныптық біліктілігі

      2. Сыныптық біліктілікті айқындау жедел-қызметтік жұмыстың ерекшелігі мен бейінін ескере отырып, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің және әскери-тергеу бөліністері әскери қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметкерлер) атқарып отырған лауазымы бойынша кәсіби білімінің, машықтары мен дағдыларының деңгейін тексеру, кәсіби шеберлігін арттыру, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) қызметтерінде кадрларды бекіту және ұжымдарда тұрақты кәсіби өзек құру мақсатында жүргізіледі.
      3. Кәсіби даярлығының деңгейін, мамандығы бойынша жұмыс өтілін (тәжірибесін) ескере отырып, қызметкерлерге мынадай сыныптық біліктіліктер ретімен беріледі:
      «II сыныпты маман» – құқық қорғау қызметінде мамандығы бойынша кемінде төрт жыл жұмыс өтілі (тәжірибесі) бар, осы Қағидалардың
32-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби, қызметтік және дене шынықтыру даярлығының барлық түрлері бойынша шекті нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге;
      «I сыныпты маман» - «II сыныпты маман» сыныптық біліктілігі және құқық қорғау қызметінде мамандығы бойынша кемінде алты жыл жұмыс өтілі (тәжірибесі) бар, осы Қағидалардың 32-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби, қызметтік және дене шынықтыру даярлығының барлық түрлері бойынша шекті нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге;
      «I сыныпты маман-тәлімгер», «I сыныпты жүргізуші» - «I сыныпты маман», «II сыныпты жүргізуші» сыныптық біліктілігі және құқық қорғау қызметінде мамандығы бойынша кемінде сегіз жыл жұмыс өтілі (тәжірибесі) бар, жас мамандарға немесе жаңадан тағайындалғандар қатарындағы қызметкерлерге тәлімгерлікті жүзеге асыратын, сондай-ақ осы Қағидалардың 32-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби, қызметтік және дене шынықтыру даярлығының барлық түрлері бойынша шекті нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге.

2-параграф. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару
жүйесі қызметкерлері мен әскери-тергеу бөліністерінің әскери
қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беруге, растауға сынақтар
өткізу тәртібі

      4. Сыныптық біліктілігін беру және растау мамандығы бойынша жұмыс өтілі (тәжірибесі) үзділіссіз болған кезде және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ІІО-дағы мамандықтарды айқындайтын блоктар бойынша лауазымдар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес тиісті лауазымға тағайындалған сәттен бастап анықталады.
      5. Бір мамандық бойынша қызметкерлер ауысқан (жоғары тұрған, бірдей, төмен тұрған лауазымға тағайындалған) кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жақын мамандықтар бойынша ІІО-ның мамандықтар тізбесіне сәйкес сыныптық біліктілігі расталмайды.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.06.2015 № 511 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Мамандығы ауысқан кезде (жоғары тұрған, бірдей, төмен тұрған лауазымға тағайындалған, басқа бөлініске ауысқан кезде) басшылық лауазымға тағайындауды қоспағанда, Тізбеге сәйкес сыныптық біліктілігі расталады.
      7. Қызметкерлердің қызметте жоғарылату тәртібінде олардың кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін ескере отырып, жоғары тұрған басшылық лауазымдарға тағайындалған кезде сыныптық біліктілігі расталады, бұл ретте өзінде бар сыныптық біліктілігі бойынша өтілі жоғары тұрған сыныптық біліктілігін алу кезінде ескеріледі және үзіліссіз болып саналады.
      8. ІІО-ға қызметке басқа құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардан ауысу (іссапарға жіберу) тәртібімен келген адамдарға өзінде бар сыныптық біліктілігі оқу жылының қорытындысы бойынша расталады.
      Бұл ретте жоғары тұрған сыныптық біліктілікті беру үшін мамандық бойынша еңбек сіңірген жылдары бұрын болған сыныптық біліктілігін растаған сәттен бастап есептеледі.
      9. Сот шешімі бойынша қызметке қайта қабылданған адамдардың сыныптық біліктілігі расталады, қалған жағдайларда сыныптық біліктілікті беру осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      10. ІІО-да еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке шыққан және қызметке қайта қабылданған адамдардың сыныптық біліктілігі расталады.
      11. ІІО-ның қарамағындағы, сондай-ақ бала күтімі жөніндегі демалыстағы қызметкерлердің сыныптық біліктілігі қарамағында және бала күтіміне байланысты демалыста болған барлық кезеңі ішінде расталады.
      12. ІІМ ведомстволық білім беру ұйымдарында, сондай-ақ уағдаластық шеңберінде шет елдерде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлердің сыныптық біліктілігі барлық оқу кезеңі ішінде расталады.
      Сыныптық біліктілікті беру немесе өзінде барын растау осы Қағидаларда көзделген тәртіппен лауазымға тағайындалғаннан кейін жүргізіледі.
      13. Мамандығы бойынша сегіз жылдан астам жұмыс істеген, осы Қағидалардың талаптарына жауап беретін және сыныптық біліктілігі жоқ қызметкерлер ерекше тәртіпте «I сыныпты маман» сыныптық біліктілігін беруге жіберіледі.
      14. Қызметкерлердің сыныптық біліктілігі кәсіби даярлығының және өзінің мамандығын игеруінің деңгейіне сүйене отырып беріледі.
      15. Сыныптық біліктілікті беру, растау жыл сайын қарашадан бастап желтоқсанға дейін жүргізіледі.
      16. Басшы комиссия төрағасына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сыныптық біліктілік беруге, растауға ұсынылатын ІІО қызметкерлерінің тізімін сынақтар өткізу басталғанға дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
      17. Сыныптық біліктілігін беруге, растауға ұсынылатын қызметкерлерінің тізімін қалыптастыру кезінде кәсіби білім деңгейі, ІІО-дағы қызмет өтілі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі (тәжірибесі), кәсіби білімі мен дағдылары ескеріледі.
      18. Сыныптық біліктілігін беруге, растауға ұсынылған, бірақ уақытша еңбекке жарамсыздыққа, демалысқа, іссапарға байланысты сыныптық біліктілігін айқындауға қатыспаған қызметкерлер тиісті мән-жайлар аяқталғаннан кейін бір ай ішінде жеке тәртіппен сыныптық біліктілігін айқындау құқығын сақтайды.
      19. Орган (бөлініс) бастығы немесе сот қолданған тәртіптік жазаның заңсыздығы туралы шешім шығарылған жағдайда қызметкерлер тәртіптік жазаның күшін жою туралы орган бастығының бұйрығы шыққаннан немесе сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде жеке тәртіппен сыныптық біліктілігін айқындау құқығын сақтайды.
      20. Осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген қызметкерлерге берілген сыныптық біліктіліктер уақытша еңбекке жарамсыздығы, демалыста, іссапарда болған барлық кезеңде расталады.
      21. Сыныптық біліктілігін беруге, растауға арналған қызметкерлердің сыныптық біліктілігін айқындау нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы актіде (бұдан әрі – акті) көрсетіледі.
      22. Ұсынылған материалдардың объективтілігін, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес сыныптық біліктілігін айқындаудың ұйымдастырылуын бақылауды біліктілік комиссиялары (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.
      Комиссия төраға, төрағаның орынбасары, хатшы және қызмет басшыларының қатарынан үштен кем емес мүшесі құрамында құрылады. Комиссия құрамы орган (бөлініс) бастығының бұйрығымен бекітіледі.
      Комиссия мүшелері болмаған жағдайда олардың міндеттерін уақытша атқаратын қызметкерлермен ауыстыруға рұқсат етіледі.
      23. Комиссияның міндеттеріне:
      ұсынылған мәліметтердің объективтілігін тексеру;
      қойылған талаптарға сәйкес сыныптық біліктілігін айқындаудың толық көлемін қамтамасыз ету;
      сыныптық біліктілік беруге ұсынылатын ІІО қызметкерлерінің даярлық деңгейінің сәйкес келуін айқындау;
      сыныптық біліктілігін айқындау нәтижелерін ресімдеу;
      акті толтыру;
      сыныптық біліктілікті беруге, растауға, төмендетуге, алып тастауға байланысты шағымдар мен арыздарды қарау кіреді.
      24. Актінің негізінде осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетілген басшылар қызметкерлерге сыныптық біліктілігін беру, растау, төмендету, алып тастау туралы бұйрық шығарады.
      Бұйрыққа қол қойылған күн, егер онда өзгеше айтылмаса, қызметкерге сыныптық біліктілігін беру, растау, төмендету, алып тастау күні болып есептеледі.
      Бұйрықтардың көшірмелері лауазымдық жалақыға тиісті үстемеақы төлемін есептеу, өзгерту не тоқтату үшін қаржы бөліністеріне жіберіледі.
      Қалалық, аудандық, желілік ІІО-ның бөліністері бұйрықтардың көшірмелерін Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және Көліктегі ішкі істер департаментерінің (бұдан әрі – ІІД, КІІД) кадр бөліністеріне жолдайды.
      25. Қызметкерлер:
      1) ІІО-ның қарамағында болған кезеңде;
      2) осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, алынып тасталмаған тәртіптік жазалары бар;
      3) оған қатысты қызметтік тергеу жүргізу (тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау) немесе қылмыстық іс қозғау – оны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданғанға немесе ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қысқартылғанға дейінгі кезеңге сыныптық біліктілікті беруге арналған сынақтарға жіберілмейді.
      26. Сыныптық біліктілік берілген қызметкерлерге осы Қағидаларға 56-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша кеуде белгісі және куәлік беріледі.
      27. Бұйрықты жариялау және сыныпты маманның кеуде белгісін беру салтанатты түрде саптың алдында немесе жиналыста өткізіледі.
      28. Бір мамандық бойынша қызметкерлер жұмыс істеген немесе ауысқан кезде «I сыныпты маман-тәлімгер» сыныптық біліктілігін растауды біліктілік комиссиясы беру тәртібіне ұқсас ретте бес жылда бір рет растайды.
      «ІІ сыныпты маман» және «I сыныпты маман» сыныптық біліктіліктері, осы Қағидалардың 681013-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, расталмайды.
      29. Қызметкерлерге сыныптық біліктілігі:
      1) оқу қорытындысын шығару (қызметкерлердің дене күшін, арнайы құралдар мен атыс қаруын қолдануға байланысты жағдайлардағы іс-әрекетке кәсіби жарамдылығын тексеру) кезінде кәсіби, қызметтік және дене шынықтыру даярлығы түрлерінің бірінен «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған немесе шекті нәтижелерден өтпеген;
      2) оқу қорытындысын шығару кезінде сынақтар тапсыруға дәлелсіз себептермен келмеген жағдайларда алып тастау, төмендету жүргізіледі.
      Бұл ретте сыныптық біліктілік тек бір сатыға төмендетіледі, ал алып тастау «II сыныпты маман» сыныптық біліктілігі бар қызметкерлерге қатысты жүргізіледі.
      30. Комиссия бұрын оқу жылының қорытындысы бойынша кәсіби жарамсыз емес деп таныған, алайда алты ай өткен соң осы Қағидалардың 26-тармағына сәйкес шекті нәтижелерден қайта өткен қызметкерлерге бұрын болған сыныптық біліктілігі расталады.
      Қызметкерге сыныптық біліктілігі қалпына келтірілген күн ретінде егер онда өзгеше айтылмаса бұйрыққа қол қойылған күні болып есептеледі.
      31. Қызметкерлерге сыныптық біліктілігін беру, растау, төмендету, алып тастау туралы материалдар белгіленген мерзімдерге сәйкес номенклатуралық істерде сақталады және мынадай құжаттарды:
      сыныптық біліктілігін беруге, растауға арналған сынақтарға ұсынылатын қызметкерлердің тізімін;
      акті;
      сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету және алып тастау туралы бұйрықтың көшірмесін;
      сыныптық біліктіліктері бар ІІО қызметкерлерінің саны туралы жылдық есепті қамтиды.

3-параграф. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару
жүйесі қызметкерлері мен әскери-тергеу бөліністерінің әскери
қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, растау, төмендету
және алып тастау өлшемшарты

      32. Сыныптық біліктілігін беру, растау кезінде қызметкерлерге қойылатын талаптарға және жыл қорытындысы бойынша құқықтық, қызметтік, атыс және дене шынықтыру даярлығы, жауынгерлік күрес тәсілдері бойынша нәтижелерге сәйкес сыныптық біліктілікті беру, растау үшін мынадай шекті нәтижелер:
      «II сыныпты маман» – құқықтық, қызметтік және атыс даярлықтары бойынша 70%-дан кем емес оң жауап, практикалық атыс бойынша «жақсы» деген баға, дене шынықтыру даярлығы және жауынгерлік күрес тәсілдері бойынша «жақсы» деген бағадан төмен емес;
       «I сыныпты маман» – құқықтық, қызметтік және атыс даярлықтары бойынша 75%-дан кем емес оң жауап, практикалық атыс бойынша «жақсы» деген баға, дене шынықтыру даярлығы және жауынгерлік күрес тәсілдері бойынша «жақсы» деген бағадан төмен емес;
       «I сыныпты маман-тәлімгер» – құқықтық, қызметтік және атыс даярлықтары бойынша 80%-дан кем емес оң жауап, сондай-ақ практикалық атыстан «өте жақсы» деген баға, дене шынықтыру даярлығы және жауынгерлік күрес тәсілдері бойынша «жақсы» деген бағадан төмен емес көрсету қажет.

4-параграф. Ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару
жүйесі қызметкерлері мен әскери-тергеу бөліністерінің әскери
қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру құқығы

       33. Сыныптық біліктілікті:
      1) Министр – Министрдің орынбасарларына, ІІМ аппаратының басшысына, Министрдің кеңесшілеріне, Министрдің режим жөніндегі көмекшісіне, ІІМ Орталық аппараты комитеттерінің төрағаларына, департаменттері мен дербес басқармаларының бастықтарына және олардың орынбасарларына, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және ІІД, КІІД, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің (бұдан әрі – ҚАЖД), төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі – ТЖД), ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтарына және олардың орынбасарларына, «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының командиріне;
      2) Министрдің орынбасары – ІІМ Орталық аппараты бөліністерінің қатардағы және басшы құрамының лауазымдарында қызмет өткеретін қызметкерлерге, ІІМ оқу орталықтарының бастықтарына және олардың орынбасарларына (Астана қаласы), Астана, Алматы қалалары, (Жезқазған қаласы) және облыстардың «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы», «Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі», «Солтүстік», «Оңтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базасы» мемлекеттік мекемелерінің бастықтарына және олардың орынбасарларына, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің, Кинологиялық орталықтың бастықтарына және олардың орынбасарларына, «Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесінің бастығына, ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің, ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің командирлеріне және олардың орынбасарларына, әскери-тергеу бөліністерінің қызметкерлеріне;
      3) ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жеке құрамына;
      4) ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы – «I сыныпты маман – тәлімгер» – ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің, (Астана қаласы), Астана, Алматы қалалары, (Жезқазған қаласы) және облыстардың «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің, ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің, ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің қатардағы және басшы құрамының лауазымдарында қызмет өткеретін қызметкерлеріне;
      5) ІІД, КІІД, ҚАЖД, ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтары – ІІД, КІІД (оның ішінде есірткі бизнесіне қарсы күрес және өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің қызметкерлеріне), ҚАЖД, ІІМ білім беру ұйымдары аппаратының қызметкерлеріне және бағынысты ішкі істер органдары мен бөліністерінің басшы құрамына;
      6) Қалалық, аудандық, желілік ІІО-ның, (Астана қаласы), Астана, Алматы қалалары, (Жезқазған қаласы) және облыстардың «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» «Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі», «Солтүстік», «Оңтүстік» әскери және арнайы жабдықтау базасы» мемлекеттік мекемелерінің, Кинологиялық орталықтың бастықтары, түзеу мекемелерінің, тергеу изоляторларының, түрмелер мен қоныс колонияларының бастықтары, «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының командирі, ІІМ Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінің, ІІМ Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің командирлері, оларға теңестірілген саптық бөліністердің командирлері – бөліністердің жеке құрамына «I сыныпты маман-тәлімгер» сыныптық біліктілігінен басқасын береді.
      «I сыныпты маман-тәлімгер» сыныптық біліктілігін ІІО-ның жоғары тұрған басшысы береді.

5-параграф. Ішкі істер органдарының сыныпты мамандарын
есепке алу

      34. Сыныптық біліктілігі бар қызметкерлерді есепке алуды ІІО-ның кадр бөліністері жүзеге асырады.
      Сыныптық біліктіліктер беру, растау, төмендету және алып тастау туралы мәліметтер қызметкерлердің жеке істерінің қызметтік тізімдеріне бұйрықтың күні мен нөмірін көрсете отырып енгізіледі.
      35. Сыныптық біліктілігі бар қызметкерлер туралы мәліметтер осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес ІІМ Кадр жұмысы департаментіне жыл қорытындысы бойынша есеп беру кезеңінің 25 желтоқсанына ұсынылады.

3. Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін
беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау тәртібі

1-параграф. Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің
сыныптық біліктілігі

      36. Сыныптық біліктілікті айқындау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әрбір әскери қызметшісінің (бұдан әрі – әскери қызметші) кәсіби шеберлігін дамытуды ынталандыру, олардың атқаратын лауазымы бойынша кәсіби қызметін жүзеге асыруға әзірлік дәрежесін белгілеу мақсатында жүргізіледі.
      37. Қызмет өтілі мен қол жеткізген кәсіби деңгейін есепке ала отырып, әскери қызметшілерге мынадай сыныптық біліктіліктер беріледі (жоғарылатылады, расталады):
      «III сыныпты маман» кемінде бір жыл қызмет өтілі бар (мерзімді қызмет әскери қызметшілері үшін үш айдан кейін), осы Қағидалардың 54-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген әскери қызметшілерге.
      «II сыныпты маман», «III сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет өтілі бар (мерзімді қызмет әскери қызметшілері үшін алты айдан кейін) осы Қағидалардың 54-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген әскери қызметшілерге.
      «I сыныпты маман», «II сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет өтілі бар осы Қағидалардың 54-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен басқа, әскери қызметшілерге.
      «I сыныпты маман - тәлімгер (шебер)», «Тәлімгер (шебер)», «I сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі бар осы Қағидалардың 54-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен басқа, әскери қызметшілерге.
      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.06.2015 № 511 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      38. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының штаттық спорт командасының мына әскери қызметшілері үшін сыныптық біліктілік беріледі (расталады):
      1) Ұлттық ұланның штаттық спорт командасының резерві құрамына кіретін мерзімді қызмет әскери қызметшілері-спортшыларға:
      «IIІ сыныпты маман» - «спорт шеберіне кандидат» спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері немесе Қазақстан Республикасы Кубогінің жүлдегері атақтарының біреуін жеңіп алған (әскерге шақыру күнінен бастап үш айдан кейін);
      «II сыныпты маман» – «III сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, «спорт шеберіне кандидат» спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионы немесе Қазақстан Республикасы Кубогінің жеңімпазы атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге (әскерге шақыру күнінен бастап алты айдан кейін);
      2) Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші-спортшыларға (дене шынықтыру және спорт жөніндегі аға нұсқаушыларға):
      «IIІ сыныпты маман» – кемінде бір жыл қызмет өтілі, «спорт шебері» спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионы немесе Қазақстан Республикасы Кубогінің жеңімпазы атақтарын жеңіп алған әскери қызметшілерге;
      «II сыныпты маман» – «III сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет өтілі, «спорт шебері» спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен Азия чемпионатының жүлдегері, Азия ойындарының жүлдегері, Дүниежүзілік Универсиада жүлдегері атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;
      «I сыныпты маман» – «II сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет өтілі, «спорт шебері» спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен Азия ойындарының чемпионы, Азия чемпионы, Әлем кубогі кезеңінің жүлдегері атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;
      «I сыныпты маман - тәлімгер (шебер)» – «I сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі, «халықаралық дәрежедегі спорт шебері» спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен Әлем чемпионатының жүлдегері, Әлем кубогінің жүлдегері, Олимпиада ойындарының жүлдегері атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;
      3) офицерлер құрамындағы әскери қызметші-спортшыларға (спорт жөніндегі аға нұсқаушыларға):
      «IIІ сыныпты маман» – кемінде бір жыл қызмет өтілі, «спорт шебері» спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен Азия чемпионатының жүлдегері, Азия ойындарының жүлдегері, Дүниежүзілік Универсиада жүлдегері атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;
      «IІ сыныпты маман» – «IІІ сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет өтілі, «халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағынан төмен емес спорттық атағы және таңдаған спорт түрінен Азия ойындарының чемпионы, Азия чемпионы, Әлем Кубогі кезеңінің жүлдегері атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;
      «I сыныпты маман» – «IІ сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет өтілі, «еңбек сіңірген спорт шебері» атағынан төмен емес спорттық атағы бар және таңдаған спорт түрінен Әлем чемпионатының жүлдегері, Әлем кубогінің жүлдегері, Олимпиада ойындарының жүлдегері, Әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;
      «I сыныпты маман - тәлімгер (шебер)» – «I сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі, «еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағы бар және таңдаған спорт түрінен Олимпиада ойындарының чемпионы, Әлем чемпионы, Әлем кубогінің жеңімпазы атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;
      4) Офицерлер құрамындағы әскери қызметшілерге (команда бастығына, бас жаттықтырушыға, команданың аға жаттықтырушысына, жаттықтырушыға):
      «III сыныпты маман» – кемінде бір жыл қызмет өтілі бар, «халықаралық дәрежедегі спорт шебері» немесе «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағынан төмен емес спорттық атағы немесе жаттықтыру жұмысында қызмет өтілі бес жылдан кем емес болғанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының чемпионы, Қазақстан Республикасы Кубогінің жеңімпазы, Азия жүлдегері, Азия ойындарының жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, Дүниежүзілік Универсиада жеңімпазы – атақтарының бірін жеңіп алған штаттық спорт командасының әскери қызметшісін дайындаған әскери қызметшілерге;
      «II сыныпты маман» – «IІІ сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет өтілі бар, «халықаралық дәрежедегі спорт шебері» немесе «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағынан төмен емес спорттық атағы немесе жаттықтыру жұмысында қызмет өтілі сегіз жылдан кем емес болғанда, сондай-ақ Азия чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, Әлем кубогі кезеңінің жүлдегері – атақтарының бірін жеңіп алған штаттық спорт командасының әскери қызметшісін дайындаған әскери қызметшілерге;
      «I сыныпты маман» – «IІ сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет өтілі бар, «халықаралық дәрежедегі спорт шебері» немесе «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағынан төмен емес спорттық атағы немесе жаттықтыру жұмысында қызмет өтілі он жылдан кем емес болғанда, сондай-ақ Олимпиада ойындарының жүлдегері, Әлем чемпионатының жүлдегері, Әлем кубогінің жүлдегері, Әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы – атақтарының бірін жеңіп алған штаттық спорт командасының әскери қызметшісін дайындаған әскери қызметшілерге;
      «I сыныпты маман – тәлімгер (шебер)» – «I сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі бар, «халықаралық дәрежедегі спорт шебері» немесе «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағынан төмен емес спорттық атағы немесе жаттықтыру жұмысында қызмет өтілі он екі жылдан кем емес болғанда, сондай-ақ Олимпиада ойындарының чемпионы, Әлем чемпионы, Әлем кубогінің жеңімпазы – атақтарының бірін жеңіп алған штаттық спорт командасының әскери қызметшісін дайындаған әскери қызметшілерге.
      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.06.2015 № 511 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      39. Медицина қызметкерлерінің санаттары, арнайы даярлық бойынша олардың сыныптық біліктілігін айқындау кезінде ескеріледі.
      Біліктілік санаттарының бар болуы, медицина қызметкерлерін сыныптық біліктілігін айқындаудан босатпайды.

2-параграф. Әскери қызметшілерге сыныптық біліктілігін беру,
жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау тәртібі

      40. Сыныптық біліктілік кәсіби даярлық деңгейіне, қызмет өтілі және әскери тәртібінің жай-күйіне (тәртіптік жазасының болуы) қарай:
      офицерлерге және сарбаздар мен сержанттар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге – осы Қағидаларға сәйкес жылына бір рет;
      мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне – осы Қағидаларға сәй кес айқындалады.
      Әскери қызметшілердің кәсіби даярлығының деңгейін айқындау инспекторлық (қорытынды) тексерістер, мемлекеттік және бітіру емтихандары, бақылау сабақтары, аттестаттау кезеңінде (нәтижелері бойынша) жүргізіледі.
      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.06.2015 № 511 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      41. «I сыныпты маман» және «I сыныпты маман – тәлімгер (шебер)», «Тәлімгер (шебер)» сыныптық біліктіліктерін беруге (растауға) ұсынылатын әскери қызметшілер үшін практикалық дағдыларды тексеру жергілікті күрделі жағдайларда (күндіз немесе түнде) жүргізіледі.
      42. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес сыныптық біліктілігін айқындаудың ұсынылған материалдарының объективтілігін бақылауды біліктілік комиссиялары жүзеге асырады.
      43. Әскери қызметшілердің сыныптық біліктіліктерін айқындау жөніндегі комиссияны құру және оның жұмыс тәртібі осы Қағидалардың
22 және 23-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
      44. Командир (бастық) сыныптық біліктілігін айқындаудың нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес сыныптық біліктілікті беруге, растауға, жоғарылатуға, төмендетуге және алып тастауға ұсынылатын әскери қызметшілердің тізімін комиссияның қарауына енгізеді.
      Тізімге, әрбір әскери қызметшіге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      қызметтік карточкасының көшірмесі немесе одан үзінді;
      жиынтық ведомостен үзінді.
      Бұдан басқа, штаттық спорт командасының спортшылары мен жаттықтырушылары үшін спорттық атағын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жаттықтырушылық өтілі туралы қызметтік тізімінен үзінді, өткен жылғы спорттық жарыстардың қорытындысы туралы «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы анықтамасының көшірмесі ұсынылады.
      45. Біліктілік комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін әрбір әскери қызметшіге сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы қорытындысы бар деректерге осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес акт жасалады, оған комиссия мүшелері қол қояды және комиссияны тағайындаған командирге (бастыққа) бекітуге ұсынылады.
      Сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы актінің негізінде тиісті командир (бастық) оған қол қойғаннан кейін он күн ішінде сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы бұйрық шығарады. Бұйрықтан үзінділер әскери бөлімдерге (бөліністерге), сондай-ақ қаржы бөліністеріне лауазымдық жалақыға тиісті үстемеақы төлемін есептеу, өзгерту не тоқтату үшін жіберіледі.
      Бұйрыққа қол қойылған күн, егер онда өзгеше айтылмаса, сыныптық біліктілікті айқындау күні болып есептеледі.
      Сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы бұйрықты жариялау, сондай-ақ және осы Қағидаларға
10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныпты маманның төсбелгісін беру және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы сыныпты маманының куәлігін беру әскери қызметшілердің қызмет орны бойынша салтанатты түрде жүргізіледі.
      46. Кәсіби-лауазымдық, командирлік және жауынгерлік даярлықта қол жеткізген, оның ішінде бағынысты бөліністердің көрсеткен жоғары көрсеткіштері, қызметтік-жауынгерлік міндеттерді (жауынгерлік қызмет тапсырмалары, оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу, дағдарыстық жағдайлардағы тапсырмаларды орындауға қатысу кезінде) орындау кезіндегі ерекшелігі үшін, сондай-ақ офицерлер Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің әскери университеттері мен академияларын үздік және алтын медальмен бітірген кезде, екі ай ішінде аға бастықтың өтініші бойынша бір саты жоғары сыныптық біліктілік беруге (жоғарылатуға) рұқсат етіледі. Осындай жағдайларда қызмет өтіліне қатысты бөліктегі сыныптық талаптары есепке алынбайды, ал қоса берілген құжаттарда жоғары сыныптық біліктілікті беру себебі көрсетіледі.
      47. Сыныптық біліктілік:
      дәлелді себептермен (емделуде, демалыста, іссапарда) белгіленген мерзімде сыныптық біліктілікті айқындаудан өтпеген әскери қызметшілерге;
      бала күтімі жөніндегі демалыстағы әскери қызметші-әйелдерге қызметке шыққаннан кейін алты айдан ерте емес уақытта расталады;
      күндізгі оқу нысаны бойынша Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің жоғары оқу орындарында және академияларында оқитын офицерлерге барлық оқу кезеңі ішінде расталады. Көрсетілген офицерлерге сыныптық біліктілігі оқу орнын аяқтағаннан кейін келесі жылы айқындалады;
      келісімшарт бойынша офицерлер құрамының лауазымдарында қызмет өткеретін, сыныптық біліктілік алғашқы офицер атағы берілгенге дейін қызмет өткеру барысында берілген әскери қызметшілерге сыныптық біліктілік кезекті сынақтарда расталады;
      келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданған немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарынан, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарынан ауысқан адамдарға (егер қызметтегі үзілісі алты айдан аспаса) олар тиісті құжаттар ұсынған кезде кезекті сынақтарға дейін расталады. Егер қызметтегі үзілісі алты айдан асса, сыныптық біліктілікті беру жаңадан шақырылған әскери қызметшілер сияқты жалпы негіздерде жүзеге асырылады;
      еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке шыққан және қызметке қайта қабылданған адамдарға;
      сот шешімі бойынша әскери қызметке қайта қабылданған адамдарға расталады.
      48. Егер әскери қызметшілердің кінәсінен:
      бұрын берілген сыныптық біліктілігін растауға арналған өлшемшарттар орындалмаса;
      қаруды ұстау қағидаларын бұзуға жол берілсе;
      әскери және арнайы техниканы (ұшуды), инженерлік-техникалық құралдарды, автоматтандыру құралдарын және жабдықты пайдалану және сақтау қағидаларын бір жыл ішінде (олардың кінәлары анықталған күннен бастап) бұзуға жол берілсе;
      әскери және арнайы техниканы, инженерлік-техникалық құралдарды және автоматтандыру құралдарын жөндеуде ақау жіберілсе;
      жауынгерлік (ішкі) қызмет, жауынгерлік кезекшілік, әскерді жасырын басқару, байланыс қауіпсіздігінің қағидалары өрескел бұзылса, олардың сыныптық біліктілігі бір саты төмендетіледі.
      Бұл ретте сыныптық біліктілік тек бір сатыға төмендетіледі, ал алып тастау «ІІІ сыныпты маман» сыныптық біліктілігі бар әскери қызметшілерге қатысты жүргізіледі.
      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.06.2015 № 511 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      49. Сыныптық біліктілігін айқындауға оған қатысты қызметтік тергеу өткізілген кезде(тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау) немесе қылмыстық іс қозғалған әскери қызметшілер тәртіптік жауапкершілікке тарту немесе ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы шешім қабылданғанға дейін жіберілмейді.
      50. Әскери қызметшілер бір әскери-есептік мамандық бойынша ауысқан кезде сыныптық біліктілігі расталады.
      51. Әскери-есептік мамандық ауысқан кезде (жоғары тұрған, бірдей, сондай-ақ төмен тұрған лауазымға тағайындалған, басқа бөлініске ауыстырған кезде, егер жаңа лауазым бойынша әскери қызметшіден қосымша немесе өзге де білім мен дағды талап етілсе) сыныптық біліктілік расталады.
      52. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының, әскери бөлім командирлерінің келісімшарт бойынша қызметке қабылданған немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланына басқа құрылымдардан ауысқан адамдарға сыныптық біліктілігін айқындауға арналған жоспардан тыс сыныптық біліктілігін айқындауды жүргізуге құқығы бар. Мұндай жағдайда бұйрықтар шығарылады, олардың негізінде сынақтар қабылдай және осы Қағидаларға сәйкес сыныптық біліктілікті айқындай отырып, бақылау сабақтары өткізіледі.
      53. Сыныптық біліктілігі төмендетілген мерзімді қызмет сарбаздарынан басқа, әскери қызметшілер төмендетілген күннен бастап бір жылдан ерте емес уақытта кезекті сыныптық біліктілігін беруге жіберіледі.
      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.06.2015 № 511 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Әскери қызметшілерге сыныптық біліктілігін беру,
жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау өлшемшарты

      54. Сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау үшін мынадай кәсіби деңгей көрсету қажет:
      «ІІІ сыныпты маман» - барлық тексерілген пәндер бойынша «жақсы» бағадан төмен емес (шекті мәндер орындалған) бағаланған, сыныптық біліктілікті айқындау сәтінде тәртіптік жазалары жоқ;
      Ұлттық ұлан Әскери институтының бітіруші курсының курсанттары – егер мемлекеттік емтиханға шығарылатын пәндер және диплом жұмысын (жоба, міндеттер) қорғау нәтижелері бойынша «жақсы» бағадан төмен емес бағаға бағаланған.
      «ІІ сыныпты маман» – барлық тексерілген пәндер бойынша «жақсы» және «өте жақсы» деген бағаға (шекті мәндер орындалған) бағаланған, сыныптық біліктілікті айқындау сәтінде тәртіптік жазалары жоқ;
      «І сыныпты маман» – барлық тексерілген пәндер бойынша 30%-дан кем емес «өте жақсы» деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша (шекті мәндер орындалған) «жақсы» деген бағаға бағаланған және сыныптық біліктілікті айқындау сәтінде тәртіптік жазалары жоқ.
      «І сыныпты маман - тәлімгер (шебер)», «Тәлімгер (шебер)» - барлық тексерілген пәндер бойынша 50%-дан кем емес «өте жақсы» деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша «жақсы» деген бағаға (шекті мәндер орындалған) бағаланған және сыныптық біліктілікті айқындау сәтінде тәртіптік жазалары жоқ.
      Ұлттық ұланның авиациялық бөлімдерінде инженерлік-техникалық құрамның лауазымдарындағы сержанттар мен сарбаздар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілерге сыныптық біліктілікті жоғарылатуға (растауға) кезінде қызмет көрсетілетін авиациялық техниканың инженерлік-техникалық даярлық бағдарламалары (Инженерлік-техникалық құрамның жауынгерлік даярлық курсы) көлемінде тексеріледі және инженерлік-техникалық даярлық бойынша алған бағаларға байланысты айқындалады.
      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.06.2015 № 511 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-параграф. Әскери қызметшілерге сыныптық біліктілігін беру,
жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау құқығы

      55. Әскери қызметшілерге:
      Министр – Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Бас қолбасшысына, оның орынбасарларына және «Әскери ұшқыш (штурман) – мергенге»;
      Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы – өңірлік қолбасшылық, Әскери институт, тікелей бағыныстағы бөлімдер қолбасшылығына, «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөліністер орталығына (Арнайы операциялар орталығы) және әскери қызметшілерге «І сыныпты маман – тәлімгер (шеберге)», «Тәлімгер (шеберге)» және «І сыныпты әскери ұшқыш (штурманға)» дейін қоса алғанда;
      өңірлік қолбасшылық қолбасшылары, Әскери институт бастығы, тікелей бағыныстағы бөлім командирлері - «I сыныпты маманға» дейінгі сыныптық біліктілікті қоса алғанда;
      әскери бөлім командирлері – «II сыныпты маман» сыныптық біліктіліктерін беруге, жоғарылатуға, растауға, төмендетуге және алып тастауға құқылы.
      Оқу орнында сыныптық біліктілік берілмеген Ұлттық ұланның жоғары оқу орындарының бітірушілеріне бітірушінің қызмет ету орнына келуі бойынша «III сыныпты маман» сыныптық біліктіліктің біліктілік талаптарын орындағанын растайтын тиісті құжаттарды ұсынған кезде әскери бөлімнің командирі бөлім тізіміне енгізілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей береді.»;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы мен оның орынбасарларының сыныптық біліктілігі осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен бес жылда бір рет расталады.
      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.06.2015 № 511 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-параграф. Әскери қызметшілердің сыныпты мамандарын
есепке алу

      56. Сыныптық біліктілігі бар әскери қызметшілерді есепке алуды жауынгерлік даярлық бөліністері жүзеге асырады.
      Сыныптық біліктіліктер беру, растау, төмендету және алып тастау туралы мәліметтер әскери қызметшілердің жеке істерінің қызметтік тізімдеріне бұйрықтың күні мен нөмірін көрсете отырып енгізіледі.

4. ІІМ ТЖК мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери
қызметшілері мен қызметкерлеріне сыныптық біліктілігін беру,
жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау тәртібі

1-параграф. ІІМ ТЖК мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының
әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің сыныптық біліктілігі

      57. Сыныптық біліктілікті айқындау қызметтік жұмыстың ерекшелігі мен бейінін ескере отырып, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің атқарып отырған лауазымы бойынша кәсіби білімінің, машықтары мен дағдыларының деңгейін тексеру, кәсіби шеберлігін арттыру, кадрларды бекіту және ұжымдарда тұрақты кәсіби өзек құру мақсатында жүргізіледі.
      58. Кәсіби даярлығының деңгейіне, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі мен өтіліне, қызметке адалдығына, жоғары кәсіби шеберлікке жеткендігіне, өрт-техникалық қарулардың, әскери және арнайы техниканың, жабдықтар, жарақтар, инженерлік-техникалық құралдардың, байланыс құралдарының апатсыз және тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне мынадай сыныптық біліктіліктер беріледі:
      «ІІ сыныпты маман» – құқық қорғау қызметіндегі мамандығы бойынша жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, осы Қағидалардың 86-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес шекті нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге;
      «I сыныпты маман» – «II сыныпты маман» сыныптық біліктілігі бар және құқық қорғау қызметіндегі мамандығы бойынша жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, осы Қағидалардың 86-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес шекті нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге;
      «I сыныпты маман – тәлімгер (шебер)», «I сыныпты жүргізуші» - «I сыныпты маман», «II сыныпты жүргізуші» сыныптық біліктілігі бар және құқық қорғау қызметіндегі мамандығы бойынша жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, жас мамандарға немесе жаңадан тағайындалғандар қатарындағы қызметкерлерге тәлімгерлікті жүзеге асыратын, сондай-ақ осы Қағидалардың 86-тармағындағы өлшемшарттарға сәйкес шекті нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге.

2-параграф. ІІМ ТЖК мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының
әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне сыныптық біліктілігін
беру, растау тәртібі

      59. Сыныптық біліктілігін беру және растау мамандығы бойынша жұмыс (тәжрибесі) өтілі үзіліссіз болған кезде жүзеге асырылады және тиісті лауазымға тағайындалған сәттен бастап осы Қағидаларға 1-қосымшадағы Тізбеге сәйкес анықталады.
      60. Бір мамандық бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлері ауысқан (жоғары тұрған, бірдей, төмен тұрған лауазымға тағайындалған) кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жақын мамандықтар бойынша ІІО-ның мамандықтар тізбесіне сәйкес сыныптық біліктілік расталмайды.
      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.06.2015 № 511 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      61. Басшылық лауазымға тағайындауды қоспағанда, Тізбеге сәйкес мамандығы ауысқан кезде (жоғары тұрған, бірдей, төмен тұрған лауазымға тағайындалған, басқа бөлініске ауысқан кезде), сыныптық біліктілік расталады.
      62. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттері ескеріле отырып, қызметте жоғарылату тәртібінде жоғары тұрған басшылық лауазымдарға тағайындалған кезде сыныптық біліктілігі расталады, бұл ретте өзінің сыныптық біліктілігі бойынша өтілі жоғары тұрған сыныптық біліктілігін алу кезінде ескеріледі және үзіліссіз болып саналады.
      63. Азаматтық қорғау органдарына қызметке басқа құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардан ауысу (іссапарға жіберу) тәртібімен келген адамдарға олардың сыныптық біліктілігі оқу жылының қорытындысы бойынша расталады.
      Бұл ретте жоғары тұрған сыныптық біліктілікті беру үшін мамандық бойынша еңбек сіңірген жылдары бұрын болған сыныптық біліктілігін растаған сәттен бастап саналады.
      64. Сот шешімі бойынша қызметке қайта қабылданған адамдардың сыныптық біліктілігі расталады, қалған жағдайларда сыныптық біліктілікті беру осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
       65. Азаматтық қорғау органдарынан еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке шыққан және қызметке қайта қабылданған адамдардың сыныптық біліктілігі расталады.
      66. Азаматтық қорғау органдары қарамағындағы, сондай-ақ бала күтімі жөніндегі демалыстағы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің сыныптық біліктілігі қарамағында болу және бала күтіміне байланысты демалыстағы барлық кезең ішінде расталады.
      67. Азаматтық қорғау органдарының жолдамасы бойынша уағдаластық шеңберінде шет елдерде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне сыныптық біліктілігі оқудың барлық кезең ішінде расталады.
      Сыныптық біліктілікті беру немесе өзінде барын растау осы Қағидаларда көзделген тәртіппен лауазымға тағайындалғаннан кейін жүргізіледі.
      68. Мамандығы бойынша сегіз жылдан астам жұмыс істеген, осы Қағидалардың талаптарына жауап беретін және сыныптық біліктілігі жоқ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлері ерекше тәртіпте «I сыныпты маман» сыныптық біліктілігіне сынақ тапсыруға жіберіледі.
      69. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлері:
      азаматтық қорғау органдарының қарамағында болған;
      осы Қағидалардың 75-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жазаның әрекеті;
      оған қатысты қызметтік тергеу жүргізу (тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарау) немесе тәртіптік жауапкершілікке тарту немесе ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы шешім қабылдағанға дейін қылмыстық іс қозғау кезінде сыныптық біліктілікті беруге жіберілмейді.
      70. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне сыныптық біліктілігі кәсіби даярлығының және өзінің мамандығын игеруінің деңгейіне сүйене отырып беріледі.
      71. Әскери қызметшілер мен қызметкерлерге сыныптық біліктілігін беру, растау оқу жылының аяқталуы бойынша кәсіби, арнайы және дене шынықтыру даярлығының қорытындыларын шығару кезінде даярлық түрлері бойынша сынақтар қабылдай отырып жүргізіледі.
      72. Тікелей басшы комиссия төрағасына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыныптық біліктілік беру, растау үшін сынақтарға ұсынылатын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің тізімін сыныптық біліктілігін айқындау басталғанға дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
      73. Сыныптық біліктілігін беруге, растауға ұсынылатын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлердің тізімін қалыптастыру кезінде кәсіби білім деңгейі, азаматтық қорғау органдарындағы қызмет өтілі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі (тәжірибесі), кәсіби білімі мен дағдылары ескеріледі.
      74. Сыныптық біліктілігін беруге, растауға ұсынылған, бірақ уақытша еңбекке жарамсыздыққа, демалысқа, іссапарға байланысты сынақтарға қатыспаған мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлері тиісті мән-жайлар аяқталғаннан кейін бір ай ішінде жеке тәртіппен сыныптық біліктілігін айқындау құқығын сақтайды.
      75. Орган (бөлініс) бастығы немесе сот қолданған тәртіптік жазаның заңсыздығы туралы шешім шығарылған жағдайда мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлері тәртіптік жазаның күшін жою туралы орган бастығының бұйрығы шыққаннан немесе сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде жеке тәртіппен сынақтардан өту құқығын сақтайды.
      76. Осы Қағидалардың 74-тармағында көрсетілген мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне берілген сыныптық біліктіліктер уақытша еңбекке жарамсыздығы, демалыста, іссапарда болған барлық кезеңде сақталады.
      77. Қызметкерлерге сыныптық біліктілігін беру, растау нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес актіде көрсетіледі.
      78. Әскери қызметшілердің сыныптық біліктіліктерін айқындау жөніндегі комиссияны құру және оның жұмыс тәртібі осы Қағидалардың 22 және 23-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      79. Актінің негізінде өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне сыныптық біліктілігін беру, растау, төмендету, алып тастау туралы бұйрық шығарылады.
      Бұйрыққа қол қойылған күн, егер онда өзгеше айтылмаса, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне сыныптық біліктілігін беру, растау, төмендету, алып тастау күні болып есептеледі.
      Бұйрықтардың көшірмелері лауазымдық жалақыға тиісті үстемеақы төлемін есептеу, өзгерту не тоқтату үшін қаржы бөліністеріне жіберіледі (мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне үстемеақы төлеу Жарлыққа сәйкес жүргізіледі).
      80. Осы Қағидаларға сәйкес сыныптық біліктілік берілген мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің орта және аға басшы құрамынаосы Қағидаларға 10,12-қосымшаларға сәйкес белгіленген үлгідегі кеуде белгі және куәлік беріледі.
      81. Бұйрықты жариялау және сыныпты маманның кеуде белгісін беру салтанатты түрде саптың алдында немесе жиналыста өткізіледі.
      82. «I сыныпты маман-тәлімгер (шебер)» сыныптық біліктілігі бес жылда бір рет, біліктілік комиссиясы оны беру тәртібіне ұқсас ретте растайды.
      Осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, «ІІ сыныпты маман» және «1 сыныпты маман» сыныптық біліктіліктерін растау жүргізілмейді.
      83. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің сыныптық біліктілігін алып тастау, төмендету:
      оқу қорытындысын шығару кезінде кәсіби, қызметтік және дене шынықтыру даярлығы түрлерінің бірінен «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған немесе шекті нәтижелерден өтпеген;
      оқу қорытындысын шығару кезінде сынақтар тапсыруға дәлелсіз себептермен келмеген жағдайларда жүргізіледі.
      Бұл ретте сыныптық біліктілік тек бір сатыға төмендетіледі, ал алып тастау «II сыныпты маман» сыныптық біліктілігі бар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне қатысты жүргізіледі.
      84. Комиссия бұрын оқу жылының қорытындысы бойынша кәсіби жарамсыз емес деп таныған, алайда алты ай өткен соң осы Қағидалардың 80-тармағына сәйкес шекті нәтижелерден қайта өткен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне бұрын болған сыныптық біліктілігі беріледі.
      Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне сыныптық біліктілігі қалпына келтірілген уақыт ретінде, егер онда өзгеше айтылмаса, бұйрыққа қол қойылған күн болып есептеледі.
      85. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне сыныптық біліктілігін беру, растау, төмендету, алып тастау туралы материалдар номенклатуралық істерде сақталады және мынадай құжаттарды:
      сыныптық біліктілігін беруге, растауға ұсынылған мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлердің тізімін;
      акті;
      кәсіби, қызметтік және дене шынықтыру даярлығын қорытынды тексеру нәтижелері бойынша бағалау парағының көшірмесін;
      сыныптық біліктілікті беру, растау, төмендету және алып тастау туралы бұйрықтың көшірмесін;
      сыныптық біліктіліктері бар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлердің саны туралы жылдық есепті қамтиды.

3-параграф. ІІМ ТЖК мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының
әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне сыныптық біліктілігін
беру, растау, төмендету және алып тастау өлшемшарттары

      86. Сыныптық біліктілігін беру, растау кезінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне қойылатын талаптарға және жыл қорытындысы бойынша кәсіби, қызметтік және дене шынықтыру даярлығының нәтижелеріне сәйкес сыныптық біліктілік беру, растау үшін мынадай шекті нәтижелер көрсету қажет:
      «I сыныпты маман – тәлімгер (шебер) » – тактикалық, өрт-арнайы даярлығы бойынша 80%-дан кем емес оң жауап, дене шынықтыру даярлығы бойынша «жақсы» деген бағадан төмен емес;
      «I сыныпты маман» – тактикалық, өрт-арнайы даярлығы бойынша 75%-дан кем емес оң жауап, дене шынықтыру даярлығы бойынша «жақсы» деген бағадан төмен емес;
      «II сыныпты маман» – тактикалық, өрт-арнайы даярлығы бойынша 70%-дан кем емес оң жауап, дене шынықтыру даярлығы бойынша «жақсы» деген бағадан төмен емес.

4-параграф. ІІМ ТЖК мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының
әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне сыныптық
біліктіліктерін беру құқығы

      87. Сыныптық біліктілікті:
      ІІМ ТЖК-ның төрағасы – азаматтық қорғаныстың әскери бөлім командирі мен оның орынбасарларына, «Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасарына, Комитет аппаратының бөліністеріндегі қатардағы және басшы құрамы лауазымдарында қызмет өткеретін мемлекеттік өртке қарсы органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне;
      Облыстар, Астана және Алматы қалалары төтенше жағдайлар департаменттері бастықтары – жедел қызмет көрсету аумағындағы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне;
      «Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы – «Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне;
      Азаматтық қорғаныс әскери бөлімінің командирі – бағыныстағы қатардағы және басшы құрамдағы әскери қызметшілерге;
      «Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесінің бастығы «Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне береді.

5-параграф. ІІМ ТЖК мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының
әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің сыныпты
мамандарын есепке алу

      88. Сыныптық біліктілігі бар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерін есепке алуды ТЖК-ның кадр бөліністері жүзеге асырады.
      Сыныптық біліктіліктер беру, растау, төмендету және алып тастау туралы мәліметтер мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің жеке істерінің қызметтік тізімдеріне бұйрықтың күні мен нөмірін көрсете отырып енгізіледі.
      89. Сыныптық біліктілігі бар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлері туралы мәліметтер осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр жұмысы департаментіне жыл қорытындысы бойынша есеп беру кезеңінің
25 желтоқсанына ұсынылады.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері
мен әскери қызметшілеріне сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату, растау,
төмендету және алып тастау қағидаларына
1-қосымша             

                                                             Нысан

ІІО-дағы мамандықтарды айқындайтын топтамалар бойынша
лауазымдар тізбесі

Жедел-іздестіру қызметі

Тергеу және жедел-криминалистикалық қызмет

Әкімшілік қызмет

Ақпараттық-техникалық қызмет

Қаржылық қызмет

Тылдық қызмет

Азаматтық қорғау

Жедел бөліністердің барлық лауазымдары

Тергеу, жедел-криминалистикалық, әскери-тергеу бөліністерінің, анықтаудың барлық лауазымдары

Штаб бөліністерінің, кадр аппараттарының, екінші арнайы бөліністердің барлық лауазымдары

Ақпараттық-аналитикалық, техникалық қызметтің барлық лауазымдары

Қаржымен қамтамасыз ету және ішкі бақылау бөліністерінің барлық лауазымдары

Тылдық қамтамасыз ету бөліністерінің, ІІД ғимараттарды күзету жөніндегі полиция взводтарының барлық лауазымдары

Азаматтық қорғаныс органының бөліністері

Қоғамдық тәртіпті сақтау

Арнайы мақсаттағы бөлініс

Білім беру қызметі

Кинологиялық қызмет

Қылмыстық-атқару қызметі

Жедел жоспарлау

Әкімшілік, көші-қон полициясының, білім беру ұйымдары оқу-саптық бөліністерінің барлық лауазымдары

«Сұңқар» АМЖ, «Арлан» АМБ, «ЖҚАЖ» бөліністерінің барлық лауазымдары

Білім беру ұйымдарының ғылыми-оқытушылық құрамы

Кинологиялық қызмет бөліністерінің барлық лауазымдары

Қылмыстық-атқару жүйесі бөліністерінің лауазымдары

Жедел жоспарлау бөліністерінің, ЖБО-ның, кезекші бөлімдердің барлық лауазымдары

Ішкі істер органдарының қызметкерлері
мен әскери қызметшілеріне сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату, растау,
төмендету және алып тастау қағидаларына
2-қосымша             

Жақын мамандықтар бойынша ІІО-ның лауазымдар тізбесі

      1. Лауазымдар:
      1) тергеу, әскери-тергеу бөліністері, анықтау және өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің тергеушілері, штаб бөліністерінің есепке алу-тіркеу тәртібі;
      2) полицияның, қылмыстық-атқару жүйесінің жедел бөліністері, азаматтық қорғау органдары, әскери-тергеу бөліністері;
      3) ІІО арнайы мекемелерінің бөліністері, қылмыстық-атқару жүйесінің режим, қадағалау және күзет бөліністері;
      4) ІІО-ның кезекші бөлімдері және қылмыстық-атқару жүйесінің кезекші қызметі;
      5) ІІМ ЕБҚКД үйлестіру қызметтері, штаб бөліністері, ведомстволық білім беру ұйымдары;
      6) КЖД ведомстволық білім беруді ұйымдастыру басқармасы және ІІМ ведомстволық білім беру ұйымдарының ғылыми-оқытушылық құрамы;
      7) ұйымдастырушылық-аналитикалық жұмыс бөліністері, бақылау, кадр жұмысы бөлімдері, штаб бөліністері;
      8) жедел жоспарлау бөліністері және арнайы мақсаттағы бөліністер;
      9) тылдық қамтамасыз ету бөліністерінің қару-жарақ қызметтері және қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдары кезекші бөлімдерінің бастықтары;
      10) автоматтандыру және электрондық қызметтер қызметтері, әкімшілік полиция бөліністерінің процессингтік орталықтары, ақпараттық-аналитикалық, техникалық қызмет.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесінің (бұдан әрі - ҚАЖ) лауазымдары:
      1) ҚАЖ режим, қадағалау және күзет бөліністері, кезекші қызмет;
      2) қылмыстық-атқару жүйесінің жедел және өзіндік қауіпсіздік қызметтері;
      3) тәрбие қызметі, қылмыстық-атқару инспекциясы, арнайы есепке алу бөлімдері және қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторлары;
      4) қылмыстық-атқару жүйесінің тылдық қамтамасыз ету, сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімдері;
      5) қылмыстық-атқару жүйесінің кадр жұмысы бөлімдері және штаб қызметтері;
      6) қылмыстық-атқару жүйесінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету бөліністерінің лауазымдары.
      3. Азаматтық қорғау органдарының (бұдан әрі - АҚО) лауазымдары:
      1) АҚО төтенше жағдайлардың алдын алу, жою, азаматтық қорғаныс бөліністерінің лауазымдары;
      2) өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет және өрт сөндіру қызметтері бөліністерінің лауазымдары;
      3) АҚО, полицияның, қылмыстық-атқару жүйесінің техникалық қызмет және құлақтандыру лауазымдары;
      4) АҚО, полицияның, қылмыстық-атқару жүйесінің кадр және штаб қызметтерінің лауазымдары;
      5) ақпараттық-аналитикалық бөліністердің және кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің лауазымдары;
      6) шұғыл медициналық және психологиялық жәрдем бөліністерінің лауазымдары.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері
мен әскери қызметшілеріне сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату, растау,
төмендету және алып тастау қағидаларына
3-қосымша              

                                                              Нысан

20_____ жылы
сыныптық біліктігін беру, растау үшін сынақтарға
ұсынылатын ІІО қызметкерлерінің
тізімі

Р/с №

Арнаулы атағы, Т.А.Ә.

Атқарып отырған лауазымы

Білімі

Жұмыс өтілі

Жыл қорытындысы бойынша сынақтар тапсыру нәтижелері

Сыныптық біліктілігі, берілгені туралы бұйрықтың күні, нөмірі, кім берді

Сыныптық біліктілік беруге (растауға) ұсынылады

ІІО-дағы

Мамандығы бойынша

Құқықтық даярлық

Қызметтік даярлық

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10







өтті/өтпеді

өтті/өтпеді



Бөлініс
бастығы (басшысы) ___________________________________________________
                         (лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә.)

Ішкі істер органдарының қызметкерлері
мен әскери қызметшілеріне сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату, растау,
төмендету және алып тастау қағидаларына
4-қосымша              

                                                              Нысан

Сыныптық біліктілікті беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау туралы акті

Комиссия құрамында: комиссия төрағасы (Т.А.Ә., лауазымы, арнаулы атағы), төрағаның орынбасары (Т.А.Ә., лауазымы, арнаулы атағы) және комиссия мүшелері (Т.А.Ә., лауазымы, арнаулы атағы) 20___жылғы ______________-_____________ аралығында өткізілген сынақтар нәтижелерінің негізінде мынаны айқындайды:

Р/с №

Арнаулы атағы, Т.А.Ә.

Атқарып отырған лауазымы

Жұмыс өтілі

Сыныптық біліктілігі, берілгені туралы бұйрықтың күні, нөмірі, кім берді

Сынақтардан өту нәтижелері (тиісті сыныптық біліктіліктер үшін бағалау өлшемшарттары бойынша)

Комиссия қорытындысы

ІІО-дағы

Мамандығы бойынша

Құқықтық даярлық

Қызметтік даярлық

Атыс даярлығы теория

Практикалық атыс

Дене шынықтыру даярлығы

Жауынгерлік күрес тәсілдері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13







өтті/өтпеді

өтті/өтпеді

өтті/өтпеді

баға

баға

баға


Комиссия төрағасы _________________________________________________
Төрағаның орынбасары ______________________________________________
Комиссия мүшелері:_________________________________________________
Комиссия хатшысы __________________________________________________

20___жылғы «____»__________

Ішкі істер органдарының қызметкерлері
мен әскери қызметшілеріне сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату, растау,
төмендету және алып тастау қағидаларына
5-қосымша             

                                                             Нысан

«2-СЫНЫПТЫ МАМАН» кеуде белгісі

«1-СЫНЫПТЫ МАМАН» кеуде белгісі

«1-СЫНЫПТЫ МАМАН-ТӘЛІМГЕР» кеуде белгісі

Ішкі істер органдарының қызметкерлері
мен әскери қызметшілеріне сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату, растау,
төмендету және алып тастау қағидаларына
6-қосымша            

                                                            Нысан

Сыныпты маман куәлігінің бланкісі

1. Бірінші мұқаба беті:
      үстінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ»;
      ортасында «ІІМ эмблемасы»;
      астында «Сыныпты маманның КУӘЛІГІ».

2. Мұқабаның екінші беті:

_______________________________________________
(арнаулы атағы – специальное звание)
_______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты – фамилия, имя, отчество) «2-ші сыныпты маман»
сыныптық біліктілігі берілді.
Присвоена классная квалификация
«Специалист 2-го класса» Приказ _________________________________________________
(бөліністің, органның атауы – наименования подразделения, органа)
20_____ж. «____» __________ №______ бұйрығы Органның кадр аппараты басшысының қолы
________________________ Подпись руководителя кадрового аппарата органа М.О.
М.П.

3. Мұқабаның үшінші беті:

«1-ші сыныпты маман»
сыныптық біліктілігі берілді.
Присвоена классная квалификация
«Специалист 1-го класса» Приказ _________________________________________________
(бөліністің, органның атауы – наименования подразделения, органа)
20_____ж. «____» __________ №______ бұйрығы Органның кадр аппараты басшысының қолы
________________________ Подпись руководителя кадрового аппарата органа М.О.
М.П.

4. Мұқабаның төртінші беті:

«1-ші сыныпты маман-тәлімгер»
сыныптық біліктілігі берілді.
Присвоена классная квалификация
«Специалист 1-го класса-наставник» Приказ _________________________________________________
(бөліністің, органның атауы – наименования подразделения, органа)
20_____ж. «____» __________ №______ бұйрығы Органның кадр аппараты басшысының қолы
________________________ Подпись руководителя кадрового аппарата органа М.О.
М.П.

5. Мұқабаның бесінші, алтыншы, жетінші беттері:

«___________________________________________»
сыныптық біліктілігін растады.

Подтверждена классная квалификация
«___________________________________________»

Приказ _________________________________________________
(бөліністің, органның атауы – наименования подразделения, органа)

20_____ж. «____» ________ №______ бұйрығы

Органның кадр аппараты басшысының қолы
________________________

Подпись руководителя кадрового аппарата органа

М.О.
М.П.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері
мен әскери қызметшілеріне сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату, растау,
төмендету және алып тастау қағидаларына
7-қосымша            

                                                            Нысан

20____жылғы сыныптық біліктілігі бар
ІІО қызметкерлерінің саны туралы
есебі

Р/с №

Ішкі істер органдары

Барлық сыныпты мамандар

Оның ішінде

Сыныптық біліктілігі төмендетілген қызметкерлердің жалпы саны

Сыныптық біліктілігінен айырылған қызметкерлердің жалпы саны

Бөлініс қызметкерлерінің нақты санынан пайыз

2-сынып

1-сынып

1-сыныпты-тәлімгер

барлығы

оның ішінде оқу жылының қорытындысы бойынша

барлығы

оның ішінде оқу жылының қорытындысы бойынша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

ІІД, ҚАЖД, ТЖД аппараты










2

қаланың ІІБ










3

АІІб, Мекемелер,

МКҚБ










4

ішкі істер бөлімдері










Барлығы










Бөлініс
бастығы (басшысы) ___________________________________________________
                           (лауазымы, атағы, қолы, Т.А.Ә.)

Ішкі істер органдарының қызметкерлері
мен әскери қызметшілеріне сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату, растау,
төмендету және алып тастау қағидаларына
8-қосымша            

                                                            Нысан

Сыныптық біліктілігін беруге, жоғарылатуға, растауға, төмендету мен алып тастауға ұсынылған әскери қызметшілердің тізімі

Р/с №

Лауазымы

Ә/атағы

Т.А.Ә.

Бұрын берілген сын. біліктілік (кім берді, бұйрық № мен күні)

Жұмыс(қызмет) өтілі

Бағасы

Жазасының болуы

Біліктілік комиссиясының ұсынысы

1.









2









Қосымша: қызметтік карточканың көшірмесі немесе одан үзінді;
         оқыту пәндері бойынша жиынтық ведомостен үзінді;

Әскери бөлім командирі
полковник

М.О. 20____ жылғы «_____» __________

Ішкі істер органдарының қызметкерлері
менәскери қызметшілеріне сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату, растау,
төмендету және алып тастау қағидаларына
9-қосымша            

                                                            Нысан

БЕКІТЕМІН                     
0001 әскери бөлімінің командирі
полковник                     
20___жылғы « _____» __________

Әскери қызметшілерге сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату,
растау, төмендету және алып тастау туралы
акті

Комиссия құрамында:
төраға ______________________________________________________________
                          (ә/атағы, тегі және аты-жөні, лауазымы)
комиссия мүшелері: __________________________________________________
                         (ә/атағы, тегі және аты-жөні, лауазымы)

Ағымдағы жылғы 5-10 желтоқсан аралығында сыныптық біліктілік беруге, жоғарылатуға, растауға, төмендетуге және алып тастауға сынақтар өткізді және ұсынылған құжаттарды қарады. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастауқағидалары талаптарының және қызмет өтілі, кәсіби даярлығы мен әскери тәртібінің нәтижелері туралы ұсынылған деректердің негізінде мынаны ұсынады:

Р/с №

Лауазымы

Ә/атағы

Т.А.Ә.

Бұрын берілген сыныптық біліктілік (кім берді, бұйрықтың № мен күні)

Жұмыс (қызмет)өтілі

Бағасы

Жазаларының болуы

Біліктілік комиссиясының қолдаухаты

1.









2









Комиссия төрағасы: 0001 әскери бөлімі командирінің орынбасары
                (лауазымы, ә/атағы, қолы, тегі және аты-жөні)

Комиссия мүшелері: __________________________________________________
                     (лауазымы, ә/атағы, қолы, тегі және аты-жөні)

20___ жылғы «___»___________________________

Ішкі істер органдарының қызметкерлері
мен әскери қызметшілеріне сыныптық  
біліктілігін беру, жоғарылату, растау,
төмендету және алып тастау      
қағидаларына 10-қосымша        

Нысан

      Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 08.06.2015 № 511 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

«1-сыныпты МАМАН-ТӘЛІМГЕР (ШЕБЕР)»
әскери қызметшілерге (мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен
басқа) арналған кеуде белгісі

«МАМАН» (1,2,3 - сыныпты маман)
әскери қызметшілерге (мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен
басқа) арналған кеуде белгісі

«МАМАН» (2,3 - сыныпты маман)
мерзімді қызмет сарбаздарына
арналған кеуде белгісі

Ішкі істер органдарының қызметкерлері
мен әскери қызметшілеріне сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату, растау,
төмендету және алып тастау қағидаларына
11-қосымша            

                                                            Нысан

Сыныпты маман куәлігінің бланкісі

      Куәліктің мұқабасы көгілдір түсті тығыз картоннан жасалады, жазуы - алтын түсті. Өлшемі 100 х 70 мм.

1. Мұқабаның бірінші жағы:
ортасында «Куәлік»;
астында «ҚР ҰҰ»

2. Мұқабаның екінші жағы:

Сыныпты маманның куәлігі
Сериясы_____ № _________________

3 х 4
ФОТО

Әскери атағы ________________________
Т.А.Ә.__________________
________________________
әскери бөлімінің командирі
________________________
(ә/атағы, тегі, қолы)

3. Үшінші беті:

Куәлікті берген кезде берілген сыныптық біліктілігі
_________________________________________
(сыныптық біліктілігін көрсету керек)
_________________________________________
20___ жылғы _________________№________ бұйрығымен берілді.
Лауазымдағы қызмет өтілі __________________
________ әскери бөлімінің командирі
_________________________________________
          (ә/атағы, тегі, қолы)

М.О. 20___ жылғы «___»___________

4. Төртінші, бесінші және алтыншы беттері:

Кейінгі біліктіліксыныптарын беру

___________________________ сыныптық біліктілігі
_______________________________________________

20_____ жылғы «___»____________________№______
бұйрығымен берілді.
Лауазымдағы қызмет өтілі ______________________
___________ әскери бөлімінің командирі
_______________________________________________
             (ә/атағы, тегі, қолы)

М.О.    20___ жылғы «___»____________

5. Куәліктің жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы беттері және мұқабаныңүшінші беті.

Берілген сыныптық біліктілігін растау

___________________ сыныптық біліктілігі
_______________________________________
20_____ жылғы «___»______________№______
бұйрығымен расталды.
Лауазымдағы қызмет өтілі ________________________
                       әскери бөлімінің командирі
_______________________________________
      (ә/атағы, тегі, қолы)
М.О.      20___ жылғы «___»____________

Ішкі істер органдарының қызметкерлері
мен әскери қызметшілеріне сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату, растау,
төмендету және алып тастау қағидаларына
12-қосымша            

                                                            Нысан

Сыныпты маман куәлігінің бланкісі

1.Мұқабаның бірінші жағы:


сыныпты
маманның куәлігі

2.Мұқабаның екінші жағы:

_______________________
_______________________
_______________________
(тегі, аты,әкесінің аты)

МАМАН» («3–сыныпты маман»),«3–сыныпты құтқарушы» сыныптықбіліктілігі берілді
_______________________________
(орган, бөлімше атауы )

20__«___» __________ № _____ бұйрығы

М.О.
_________________________ бастығы
(орган, бөлімше, қолы)

«МАМАН» («2–сыныпты маман»), «2–сыныпты құтқарушы» сыныптық біліктілігі берілді
__________________________________
     (орган, бөлімше атауы )

20__«___» ________ № _____ бұйрығы

М.О.
__________________________ бастығы
  (орган, бөлімше, қолы)

20__ж.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері
мен әскери қызметшілеріне сыныптық  
біліктілігін беру, жоғарылату, растау,
төмендету және алып тастау      
қағидаларына 13-қосымша       

      Ескерту. 13-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 08.06.2015 № 511 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

______________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)
сыныптық біліктілік беруге (растауға) даярлығын бақылау карточкасы

Р/с

Теориялық сұрақтың мазмұны

Бақылау тақырыптары

Сынақтық сұрақтар. Орындалғаны туралы белгі (күні)

Тақырыпты игеру бағасы. Қосымша тапсырмалар туралы ұсыныстар және мерзімі

1

Әуе кемесінің конструкциясы

1. Әуе кемесінің жалпы сипаттамасы
2. Әуе кемесінің планері
3. Ұшу-қону құрылғылары

1. Әуе кемесінің аэродинамикалық құрылысы
2. Ұшу-тактикалық деректері

Тақырып _____ деген бағаға игерілді немесе:
Ұшу-қону құрылғыларының сипаттамаларын пысықтау қажет

(карточканың сыртқы жағы)

Р/с№

Практикалық жұмыстардың түрлері

Бақылау жұмыстары. Орындалғаны туралы белгі

Сынақ жұмыстары.
Орындалғаны туралы белгі

Практикалық жұмыстарды игеру бағасы немесе қосымша жұмыстарды орындау бойынша ұсыныстар және мерзімі

1.

Әуе кемесін  ұшуға дайындау

1. Әуе кемесіне оттегін толтыру
2. Жанар-жағармай материалдарын құю
3. Жанармайды ағызу

1. Жанар-жағармай материалдарын құю
2. Жанармайды ағызу

Практикалық жұмыстар _____ деген бағаға игерілді немесе: қосымша тренажерлар мен сабақтар өткізу қажет

2.

Реттеу жұмыстары

1. Дөңгелектердің тежеу жүйесін реттеу
2. Басқару жүйесін реттеу
3. Жалғасқанатшаларды реттеу

1. Басқару жүйесін реттеу
2. Жалғасқанатшаларды реттеу


      Ескертпе:
      1. 3-баған инженерлік-техникалық құрамды жауынгерлік даярлау курсының тақырыбын және пайдалану тәжірибесін пайдалана отырып толтырылады.
      2. Сынақ жұмыстары бақылау жұмыстарының негізгілерінен тұруы тиіс.