"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілді |
Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары
1-тарау. Жалпы ереже
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 03.06.2019 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының су айдындарын пайдалану кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) су айдындары – өзендер және оларға теңестірілген арналар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар;
2) құтқару бекеті – құтқарушылармен жасақталған, құтқару жабдығымен жарақталған, су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды орындайтын, заңды және жеке тұлғалар құратын акваторияның нақты учаскесіндегі бекет;
3) су айдынындағы демалу орны – шомылуға жабдықталған орындар (жағажайлар), катерлерді, желкенді қайықтарды, қайықтарды, гидроциклдер мен катамарандарды жалға беру станциялары;
4) шағын көлемді кеме – ұзындығы 20 метрден аспайтын, бортындағы рұқсат етілген адам саны 12 адамнан аспайтын, балық аулау үшін салынған немесе жабдықталғаннан басқа жүк тасуға, жетекке алуға, пайдалы қазбаларды іздеу, барлау және өндіру, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да осындай жұмыстарды жүргізуге, лоцмандық және мұз жару, сондай-ақ су объектілерін ластану мен бітеліп қалудан қорғау іс-шараларын жүзеге асыратын кеме;
5) құтқаратын "Александров жібі" – суға батып бара жатқан адамға көмек көрсететін құрал, ол диаметрі 40 сантиметрлік ілмегі және екі қалқымасы бар ұзындығы шамамен 30 метрлік қалқыма түрінде болады;
6) оқу орны – жүзу бойынша ұжымдық және жеке сабақтарды өткізу үшін барынша ыңғайланған, жағажай аумағында арнайы жабдықталған орын;
7) қалалық жағажай – жергілікті атқарушы органның қарамағындағы су айдынындағы демалу орны;
8) жеке құтқару құралы – суда немесе мұзда қалған кезде адамға қосымша қалқымалығы үшін жасалған құтқару құралы. Жеке құтқару құралдарына құтқару шеңберлері, күртешелер, кеудешелер, қалтқы белгілер жатады;
9) демалушылар - демалу, балық аулау, шомылу, шағын көлемді кемелермен серуендеу және басқа да демалу түрлері мақсатында осы Қағидалар талаптарын сақтауға жауапты, су айдындарына болатын адамдар;
10) осы Қағидалар талаптарын сақтауға жауаптылар – су айдындарының иелері, нұсқау берушілер (жаттықтырушылар), құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ су айдындарын пайдаланатын адамдар;
11) суға шомылу үшін тыйым салынған орын – адамдардың суға шомылуға арналмаған су айдындарының ықтимал қауіпті учаскелері.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 03.06.2019 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм және спортқа арналған орындарды облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су тарту саласындағы уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 03.06.2019 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), жергілікті атқарушы органдары азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, 2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылуға, ішуге және тұрмыстық мұқтаждар үшін су алуға, мал суаруға, шағын көлемді кемелерді және басқа да жүзетін құралдарды жүзу үшін пайдалануға тыйым салынған орындарды айқындайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 03.06.2019 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Құтқару бекеттерінің құтқарушыларын оқытуды және даярлауды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) ұйымдастырады.
6. Демалу орындарын иеленушілер су айдындарындағы демалатын орындарда топырақ алу, мұз тесу, түбін тереңдету жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыс жүргізіліп жатқан учаскелерді қоршау, ал жұмыс аяқталғаннан кейін су айдынының түбін тегістеу бойынша шаралар қабылдайды.
7. Су айдындарында жүзу құралдарын қолдана отырып балық аулау жеке құтқару құралдары болған кезде жүзеге асырылады.
2-тарау. Суға шомылу және демалу үшін су айдындарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 03.06.2019 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Қазақстан Республикасының су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылданады:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:
1) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді;
2) Қазақстан Республикасының су айдындарында суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын жүргізеді;
3) судағы демалыс орындарында профилактикалық рейдтерді және патрульдеуді жүргізеді.
Жергілікті атқарушы органдар
1) коммуналдық жағажайларда құтқару бекеттерін, медициналық көмек пункттері мен қоғамдық қауіпсіздік бекеттерін құрады;";
2) суға шомылу және демалу үшін пайдаланылатын су айдындарына түгендеу жүргізеді және оларға нақты иелерді бекітеді;
3) су айдындарында құтқарушылармен жасақталған және құтқару жабдықтарымен және жарақтармен жабдықталған құтқару бекеттерінсіз, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін кезекші медициналық персоналмен және қажетті құралдармен, дәрі-дәрмектермен жабдықталған үй-жайларсыз және балалар шомылатын орындарсыз демалыс орындарын ашуға жол бермейді;
4) суға шомылуға және балаларды жүзуге үйрету үшін коммуналдық және балалар жағажайларын құрады және жабдықтайды;
5) суда жаппай демалатын орындарға аумақтық бөлімшелермен бірлесіп ерікті құтқарушыларды тартады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2017 № 233 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 03.06.2019 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.9. Жазатайым оқиғалардың алдын алу және суда зардап шеккен адамға көмек көрсету мақсатында табиғи және жасанды су айдындарындағы көпшілік демалатын орындарда осы су айдыны немесе жағажай бекітілген ұйым осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген талаптарға сәйкес келетін құтқару бекетін құрады.
10. Суға шомылу маусымы басталар алдында су айдынындағы демалыс орны иесінің өтініші бойынша аумақтық бөлімшелер немесе су астында жұмыстар жүргізуге сүңгуірлік жабдығы мен жарағы бар ұйымдар жағажайдағы акваторияны тексереді, тексеріс қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда орындалған жұмыстар актісі жасалады және бекітіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2017 № 233 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Су айдындарының қауіпті және демалу, шомылу үшін жабдықталмаған учаскелерінде жергілікті атқарушы органдар осы Қағидаларға 3-қосымша талаптарына сәйкес тыйым салатын және алдын алу белгілерін орнатады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2017 № 233 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Су айдындарының жабдықталмаған учаскелерінде шомылуға рұқсат етілмейді.
13. Су айдындарындағы демалыс орындарында аумақтық бөлімшелер радиотрансляциялық қондырғылардан және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен демалушылар арасында судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша көпшілік-түсіндіру жұмысын жүргізеді.
14. Су айдынында демалу орнында:
1) су мен ауа температурасы, жел бағытының күші және ағын жылдамдығы көрсетілген тақтайша;
2) құқық қорғау органдарының, құтқару қызметтері мен ең жақын орналасқан суда құтқару станциясының телефон нөмірлері мен мекенжайлары;
3) ең үлкен тереңдіктер және қауіпті жерлер көрсетілген аумақтар мен акваториялардың схемалық бейнесі;
4) судағы қауіпсіздікке жауапты адамдар көрсетіле отырып, сабақтар, жаттығулар, жарыстар кестесі бар стенділер орналастырылады.
15. Демалушылардың қоғамдық орындарда жүріп-тұру қағидаларын бұзуына жол бермеу үшін жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша патрульдік полициясының кезекшілігі ұйымдастырылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 03.06.2019 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Су айдынында демалу орындарында болғанда осы Қағидалардың талаптарын сақтауға жауаптыға және демалушыға:
1) мас күйінде және есірткіге масайған күйде суға түсуге және шомылуға;
2) қайықтардан, катерлерден, өткелдерден, сондай-ақ осы мақсатқа арналмаған құрылыстардан суға секіруге;
3) тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға сүңгуге;
4) жүзу шегін білдіретін қалтқы белгілерден асуға;
5) жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
6) су айдындарын ластауға және қоқсытуға;
7) жағалауда және киім ауыстыратын орындарда демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқыстарды қалдыруға;
8) жалған дабыл беріп айғайлауға;
9) техникалық және алдын алу белгілерінің, қалтқы белгілерінің үстіне шығуға;
10) балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге рұқсат етілмейді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2017 № 233 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Су айдындарында демалыс орындарын жабдықтау тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 03.06.2019 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. Су айдынындағы демалу орны:
1) осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарына сәйкес құтқарушылармен жасақталған, құтқару жабдығымен және жарағымен жарақталған құтқару бекетімен;
2) тереңдігі 1,2 метрден аспайтын балалардың шомылуына арналған учаскемен және арқанға бекітілген қалтқылар жолымен белгіленеді;
3) дауыс зорайтқыш құрылғылармен және телефон байланысымен;
4) алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге арналған кезекші медициналық персоналы бар, қажет аспаптармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген үй-жаймен жабдықталады;
5) барлық бақыланатын қызмет көрсету аймағын қамтумен қамтамасыз ететін, жағалау белдеуінен 20 метрден аспайтын қарау мұнарасын орнату.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 03.06.2019 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Су айдынындағы демалу орнын жабдықтау кезінде:
1) шомылуға арналған орындар жағалау бойымен акваториялар шекаралары көрсетіле отырып, белгілермен белгіленеді;
2) су айдындарындағы демалу орындары сарқынды су ағызылатын жерден кемінде 500 метр биік және кемежай құрылыстарынан, кеме пирстерінен, мұнай құю құрылғыларынан 1000 метр төмен орналасуы керек;
3) су айдындарындағы демалу орындарында, сондай-ақ балаларға арналған жағажайларда әр 50 метр сайын және судан 15 метрден аспайтын жерлерде құтқару шеңберлері мен "Александров жібі" құтқару құралдары ілінген қалқандар орнатылады;
4) қалтқы белгілер, стендтер және белгілер суға шомылу маусымы басталғанға дейін орнатылады.
19. Су айдындарындағы демалу орындарында суға секіруге арналған учаскелерді жабдықтауға рұқсат етіледі, олар жағалаулары тереңдетілген акваториялар орындарында және түбінің тереңдігі көрсетіле отырып, жалпы шомылатын жерлерден алыс орындарда орнатылады.
20. Суға секіруге арналған биіктігі 3 метрден бастап және одан да биік мұнара платформасына шығуға нұсқаушылардың (жаттықтырушылардың) рұқсатымен және олардың қатысуымен ғана рұқсат етіледі. Мұнара платформасы және мұнараның сатылы маршы тұтқасымен жасалады, сатылардың биіктігі мен ені құрылыс нормаларында белгіленген өлшемдерден асырылмайды, сатының жабыны тайғанамайтын материалдардан жасалады.
4-тарау. Суда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 03.06.2019 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
21. Балалардың су айдындарындағы демалу орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шомылуға және балаларды жүзуге үйретуге жабдықталған балаларға арналған жағажай құрылады.
22. Балалардың су айдындарының маңында болуына ересектермен бірге болған кезде рұқсат етіледі.
23. Балалардың шомылуына арналған жерлер жағалау бойындағы акватория шегі көрсетілген жасыл рамкада суда тұрған екі баланың бейнесі бар белгілермен белгіленеді.
24. Балалардың шомылуына арналған учаскелер бір-бірінен 3 метрден аспайтын арақашықтықта түбіне қағылып, сақиналармен бекітілген қалтқылар желісімен белгіленеді.
25. Шомылып жүрген балаларға кезекші нұсқаушылар (жаттықтырушылар) және медициналық қызметкерлер үзіліссіз бақылау жүргізеді.
26. Балалар шомылған кезде жағажайдың бүкіл аумағында қайықпен және катерлермен жүзуге, ойындар мен спорттық іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.
27. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 03.06.2019 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Су объектілерінде орналасқан балалар мекемелері құтқару бекеттерімен жабдықталады және жарақталады.
29. Балаларды шағын көлемді кемелерде серуендету кезінде:
1) кемені белгіленген нормадан артық жүктеуге;
2) 7 жасқа дейінгі балалардың серуендеуіне;
3) кемеден суға секіруге;
4) жеке құтқару құралдарынсыз серуендеуге;
5) шомылуға бөлінген акваторияға кіруге, сондай-ақ кеме жүретін ахуал белгілеріне жақындауға, оларға кемені арқандап байлауға және кеме жүретін жолда тоқтауға рұқсат етілмейді.
5-тарау. Қыс мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздік тәртібі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 03.06.2019 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
30. Мұз қатқан су айдынынан өту үшін арнаулы мұз өткелдерi (жаяу жүргіншілерге және автокөлік жолы) жабдықталады.
31. Қыстың басында және соңында мұздың үстіндегі өткелдің ашылу және жабылу уақытын, сондай-ақ оның тәулік бойғы жұмыс режимін жергілікті атқарушы органдар белгілейді.
32. Күн сайын аумақтық бөлімшелер өткел орындарында мұздың қалыңдығын өлшеуді жүргізеді.
33. Өткелге бөлінген орындар 25-30 метр қашықтықта орналасқан белгілермен белгіленеді.
34. Өткел автокөлік құралдары үшін мұздың қалыңдығы кемінде 25-30 сантиметр болғанда және жаяу жүргіншілер үшін кемінде 10 сантиметр болғанда жабдықталады.
35. Өткелдерден түсетін жерлерде екі жақтан да арнайы қалқандарда арнайы қысқы құрал-жабдықтар (ілгектер, сатылар, құтқару шеңберлері, бөренелер) қойылады.
36. Өткелдерге кіреберістерде өткелдің атауы, жұмыс уақыты және оны құру мен ұстауға жауаптылардың деректері көрсетілген маңдайшалар орнатылады.
37. Өткелдерде балықты кәсіпшілік аулауға арналған ау салуға және балық аулау үшін шұңқыршалар тесуге жол берілмейді.
38. Мұз үстінде болғанда:
1) жұқа және бекімеген мұз үстіне шығуға;
2) мұздың жекелеген учаскелерінде топпен жиналуға;
3) мұздағы жырмаларға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға;
4) өткелден тыс көлік құралдарымен шығу.
Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 03.06.2019 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39. Мұз үстіне түнгі уақытта және дұрыс көрінбейтін кезде шығуға рұқсат етілмейді.
40. Жеке құтқару құралдары болғанда мұз астынан балық аулауға рұқсат етіледі.
41. Мұз астынан балық аулау кезінде:
1) шектелген алаңда екеуден артық шұңқырша оюға;
2) от жағуға рұқсат етілмейді.
Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларына 1-қосымша |
Құтқару бекетінің құрылымына қойылатын талаптар
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 03.06.2019 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Атауы | Бірлік тер саны | Ескертпе |
I. | Штаттық құрамы: | ||
1. | Бекет басшысы-құтқарушы | 1 | |
2. | Жасақшы-құтқарушы | 1- 2 | |
II. | Үй-жай: | 1 | |
III. | Жабдық: | ||
1. | Ескекті немесе моторлы қайық | 2 | борттарында "құтқару" деген жазуы бар |
2. | Құтқару шеңберлері | 2 | |
3. | Құтқаратын "Александров жібі" | 2 | |
4. | Мегафон | 2 | |
5. | Дәрі-дәрмектері бар санитариялық сөмке (дәрі қобдишасы) | 1 | |
6. | Ілмекті трал | 1 | |
7. | Құтқару тақтайлары 5-6 метр | 2 | қысқы кезеңге |
8. | Құтқару кеудешелері | 2 | |
9. | Сырықтар, құтқару ілгектері | 2 |
Ескертпе: бір құтқару бекеті жүзу сызығынан 200 метрден аспайтын қашықтыққа қойылады.
Орындалған жұмыстар актісі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 31.03.2017 № 233 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Біз төменде қол қойған жағажай акваториясына тексеру жүргізген мекеменің
(ұйымның) өкілі _____________________________ және сүңгуірлік топ бір тараптан, және
______________________ өкілі ____________________ мырза екінші тараптан 20___ жылғы
__________ өзенінде (көлде) орналасқан __________________ жағажай акваторийіне тексеру
жүргіздік.
Балалар мен ересектер шомылуға арналған су учаскесінің барлық жағалау бөлігі қаралады.
_________________ жағажай аумағының шекарасы белгіленді, 2,5 метрге дейін жүзу
аймағы қалқыма қоршаумен белгіленді. Жүзе білмейтіндер үшін таяз бассейн ______________
орнатылды.
Су айдынының топырағы – құмды, лайлы, тасты, малтатасты. Түбінің еңісі – еңкіш, тік,
құламалы, кертпелерсіз және шұңқырсыз біртіндеген тереңдікте, ағысы баяу, қалыпты, қатты.
Балдыр – болады, болмайды. Жағалау бойынша шомылу орнының көлемі ___ тереңдіктен ___
-ден _____-ге (-ға) дейін.
Шомылу ауданының түбі қаралды және ересектер мен балалар шомылу үшін ешқандай
қауіп төндірмейді.
_________________ жағажайының мынадай құтқару мүлкі бар:
1) құтқару қайықтары _____ бірлік;
2) құтқару шеңберлер _____ дана;
3) "Александров жібі" құтқару құралы ____ дана.
Суда жұмыс істеу уақытында адамдар өмірін сақтауды ұйымдастыруды ____________
бастап күн тәртібінде көзделген сағаттарда қалалық жағажайының, демалыс базасының
(аймағының), балалар лагерінің әкімшілігі және ведомстволық құтқару бекеті жүзеге асырады.
Жағажай жұмысының басталуы 20___ жылғы ___________
Аумақта Қағидалар бойынша _____ дана түрлі түсті плакаттар орнатылған, __________
дана есебінде __________________ басқа да ескерту плакаттары бар.
Жағажайдың жұмыс тәртібі және балалар мен ересектердің шомылу жөніндегі
нұсқаулықтары __________________________________________________________________
Ұсыныстар________________________________________________________________
Қорытынды
Осы акт екі данада жасалған және жағажайдың ашылуы үшін негізгі құжат болып
табылады.
Екі дананы жағажай акваторияларына тексеру жүргізген мекеме (ұйым) басшысы
бекітеді. Бірінші данасы мекемеде (ұйымда) қалады, екінші данасы жағажай иесіне беріледі.
Бірінші данасы жағажай акваторияларына тексеру жүргізген мекемеге (ұйымға) бекіту
үшін берілді. Екінші данасы жағажай иесіне берілді (актілер олар бекітілгеннен кейін күшіне
енеді).
Құжаттың сақталу мерзімі бір жыл.
Жағажай акваторияларын тексеру бойынша жұмыстар толық көлемде орындалды,
жағажайға тексеру жүргізген мекеме (ұйым) өкілі___________ 20___ жылғы ___________
Иелігінде жағажай бар ұйым өкілі 20___ жылғы ___________ орындалған жұмыстар
актісін алды.
Қолы __________________________________________
Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларына 3-қосымша |
Тыйым салу және ескерту белгiлерi
Р/с | Белгiдегi жазу | Белгiнің жалпы түрi |
1. | Шомылуға тыйым салынады (шекараларын метрмен көрсете отырып) | Қызыл раманың ішінде. Жазу үстiңгі жағында. Төменгі жақта жүзіп келе жатқан адам бейнелеген. Бейне жоғарыдағы сол жақ бұрыштан бастап қызыл сызықпен диагональ бойынша сызылады. Белгi қызыл бағанға бекiтiледi. |
2. | Мұз үстiмен жүруге болады. | Тұтастай жасыл түске боялады. Жазу ортасында ақ түстi. Белгi ақ бағанға бекiтiледi. |
3. | Мұз үстiмен жүруге тыйым салынады | Тұтастай қызыл түске боялады. Жазу ортасында ақ түстi. Белгi қызыл бағанға бекiтiледi. |
4. | Сүңгуге тыйым салынады | Қызыл раманың ішінде. Жазу үстiңгі жағында. Төменгі жағында сүңгіп бара жатқан адам бейнеленген. Бейне жоғарыдағы сол жақ бұрыштан бастап қызыл сызықпен диагональ бойынша сызылады. Белгi қызыл бағанға бекiтiледi. |
5. | Жүзу құралдарының қозғалысына тыйым салынады. | Қызыл раманың ішінде. Жазу үстiңгі жағында. Төменгі жағында iлме моторлы шағын көлемді кеме бейнеленген. Бейне жоғарыдағы бұрыштан бастап қызыл сызықпен диагональ бойынша сызылады. Жағажайдың акваториясын қоршайтын қалтқы белгiлермен бірге қойылады. |
6. | Қауіпті! Иірім! | Қара жиектемедегі жасыл үшбұрыш ақ фонда және ортасында екі ирек көлденең сызықпен сызылған леп белгісі. Үстіңгі жағында "Қауіпті!" деген жазу. Төменгі жағында қара жиектемеде "Иірім!" деген жазу. Белгі қалқымалы, су кемерінен 5-10 метр жерде, тереңдіктер күрт алмасатын ауданға қойылады. |