1. "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.С. Жұмағазиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
| Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2015 жылғы 17 тамыздағы № 305 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылды деп тануға жататын қаулыларының тізімі
1) Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 269 "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4010 тіркелген, 2014 жылғы 9 қыркүйегінде "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).2) Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 195 "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына өзгеріс енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4415 тіркелген, 2015 жылғы 21 шілдедегі "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).
3) Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 224 "Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы"Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына өзгеріс енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4443 тіркелген, 2015 жылғы 4 тамызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 305 қаулысымен бекітілді |
"Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Ескерту. Регламент жаңа редакцияда – Ақтөбе облысының әкімдігінің 23.11.2016 № 487 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Жалпы ережелер
1. "Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және Ақтөбе қаласы мен аудандардың ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері (бұдан әрі – бөлім);
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Мемлекеттік корпорация") арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – оң шешім қабылданған жағдайда - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаменті" мемлекеттік мекемесіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің немесе биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды жеткізушілердің шоттарына субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсыну және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11684 тіркелген бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мақұлданған өтінімдер тізімін жасау.
Теріс шешім қабылданған жағдайда – субсидиялар ұсынбаудың себептерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні жазбаша хабардар ету.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерінің тәртібін сипаттау
4. Стандарттың 2, 3, 4 - қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінім мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді бастау үшін негіздеме болып табылады.5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) құжаттарды беру – көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
2) құжаттарды қабылдау - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде өтінімді қабылдайды және көшірмеге өтінімді қабылдаған лауазымды тұлғаның тегін, аты-жөнін, күні және уақытын көрсетіп белгі қояды;
3) құжаттарды бөлу - көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды қарайды және орындау үшін жолдайды;
4) құжаттарды қарау - көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы 15 (он бес) минут ішінде жауапты орындаушыны анықтайды, құжаттарды орындау үшін жолдайды;
5) көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындау – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 4 (төрт) жұмыс күнi iшiнде шарттарға сәйкестігін тексереді және субсидиялар төлеу үшін тізімдеме қалыптастырады, теріс шешім болған жағдайда субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша түрде хабардар етеді;
6) көрсетілетін қызметтің нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде субсидиялар төлеу үшін тізімдемеге қол қояды, теріс шешім болған жағдайда субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша түрде хабардар етеді;
бөлімге жүгінген кезде:
1) құжаттарды беру – көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрселетін қызметті берушіге Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
2) құжаттарды қабылдау - бөлімнің маманы 30 (отыз) минут ішінде өтінімді қабылдайды және көшірмеге өтінімді қабылдаған лауазымды тұлғаның тегін, аты-жөнін, күні және уақытын көрсетіп белгі қояды;
3) құжаттарды бөлу - бөлімнің басшысы 15 (он бес) минут ішінде өтінімді қарайды және орындау үшін жолдайды;
4) құжаттарды қарау - бөлімнің маманы 2 (екі) жұмыс күнi iшiнде шарттарға сәйкестігін тексереді оң шешім болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушіге өтінімді субсидиялар төлеу үшін жолдайды, теріс шешім болған жағдайда субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша түрде хабардар етеді;
5) көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындау – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінім түскеннен кейін 2 (екі) жұмыс күннің ішінде субсидиялар төлеу үшін тізімдеме қалыптастырады;
6) көрсетілетін қызметтің нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде субсидиялар төлеу және көрсетілетін қызметті алушылардың шотына тиесілі субсидиялар аудару үшін тізімдемеге қол қояды.
Мемлекеттік корпорация арқылы:
1) құжаттарды беру – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды және Стандарттың қосымшаларына сәйкес өтінімді Мемлекеттік корпорация операторына береді;
2) құжаттарды қабылдау және тексеру - Мемлекеттік корпорация операторы өтінімді қабылдайды, құжаттардың Стандарттың 9-тармағына сәйкестігіне тексеру жүргізеді, көрсетілетін қызметті алушының деректерін тексереді, сондай-ақ сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушы өкілінің деректерін тексереді, құжаттарды тіркейді және 20 (жиырма) минуттың ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
3) құжаттарды тіркеу - көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) тіркейді;
4) құжаттарды қарау - көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарды тексереді;
5) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін қалыптастыру - көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде субсидиялар төлеу үшін тізімдеме қалыптастырады, немесе теріс шешім болған жағдайда субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша түрде хабардар етеді;
6) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру – Мемлекеттік корпорация операторы көрсетілетін қызметті алушы жүгінген жағдайда 20 (жиырма) минуттың ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекетінің тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
5) бөлімнің маманы;
6) бөлімнің басшысы.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдылық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) өзара іс-қимылының өту реттілігінің сипаттамасы:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 30 (отыз) минут ішінде өтінімді қабылдайды және көшірмеге өтінімді қабылдаған лауазымды тұлғаның тегін, аты-жөнін, күні және уақытын көрсетіп белгі қояды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды қарайды және орындау үшін жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы 15 (он бес) минут ішінде жауапты орындаушыны анықтайды, құжаттарды орындау үшін жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 4 (төрт) жұмыс күнi iшiнде шарттарға сәйкестігін тексереді және субсидиялар төлеу үшін тізімдеме қалыптастырады, теріс шешім болған жағдайда субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша түрде хабардар етеді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде субсидиялар төлеу үшін тізімдемеге қол қояды және көрсетілетін қызметті алушылардың шотына тиесілі субсидияларды аударады, теріс шешім болған жағдайда субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша түрде хабардар етеді;
бөлімге жүгінген кезде:
1) бөлімнің маманы 30 (отыз) минут ішінде өтінімді қабылдайды және көшірмеге өтінімді қабылдаған лауазымды тұлғаның тегін, аты-жөнін, күні және уақытын көрсетіп белгі қояды;
2) бөлімнің басшысы 15 (он бес) минут ішінде өтінімді қарайды және орындау үшін жолдайды;
3) бөлімнің маманы 2 (екі) жұмыс күнi iшiнде шарттарға сәйкестігін тексереді және субсидиялар төлеу үшін тізімдеме қалыптастырады теріс шешім болған жағдайда субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша түрде хабардар етеді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бөлімнен өтінім түскеннен кейін 2 (екі) жұмыс күннің ішінде субсидиялар төлеу үшін тізімдеме қалыптастырады;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде субсидиялар төлеу үшін тізімдемеге қол қояды және көрсетілетін қызметті алушылардың шотына тиесілі субсидияларды аударады.
Мемлекеттік корпорация арқылы:
1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды және Стандарттың қосымшаларына сәйкес өтінімді Мемлекеттік корпорация операторына береді.
2) Мемлекеттік корпорация операторы өтінімді қабылдайды, құжаттардың Стандарттың 9-тармағына сәйкестігіне тексеру жүргізеді, көрсетілетін қызметті алушының деректерін тексереді, сондай-ақ сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушы өкілінің деректерін тексереді, құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті беруші электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) тіркейді және көрсетілетін қызметті алушымен Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды тексереді;
4) көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде субсидиялар төлеу үшін тізімдеме қалыптастырады, немесе теріс шешім болған жағдайда субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша түрде хабардар етеді;
5) көрсетілетін қызметті алушы жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорация операторы 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді.
4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау
8. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде жүгіну және рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігінің тәртібін (іс-әрекетін) сипаттау:1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Стандартқа сәйкес қажетті құжаттарды және өтінімді тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады;
2) 1 - үдеріс – қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорация операторымен Мемлекеттік корпорацияның Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді (авторизациялау үдерісі) енгізеді;
3) 1 - шарт - көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
4) 2 - үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторы қызметті таңдайды, экранға қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын шығарады және Мемлекеттік корпорация операторы көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат бойынша (нотариалдық куәландырылған сенім хат болған жағдайда, басқа куәландырылған сенім хатының мәліметтері толтырылмайды) деректерді енгізеді;
5) 3 - үдеріс – Мемлекеттік корпорация арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына/заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат деректері туралы сұрау салу жолдайды;
6) 2 - шарт – көрсетілетін қызметті алушының деректерінің ЖТ МДҚ/ ЗТ МДҚ және БНАЖ сенім хат деректерінің болуын тексереді;
7) 4 - үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ және сенім хаттың БНАЖ деректерінің болмауына байланысты деректер алуға мүмкіншіліктің жоқтығы туралы хабарлама қалыптастыру;
8) 5 - үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) порталға жолдайды;
9) 6 - үдеріс – көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация операторы арқылы қызметтің нәтижесін (субсидия тағайындау/тағайындамау туралы хабарлама) алады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушілермен өзара іс-әрекеттерінің тәртiбi және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртiбiн сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
