2015 жылға субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 301 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қыркүйекте № 4511 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 бұйрығымен бекітілген тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау Қағидаларының 4-тармағына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидияланатын отандық тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Мыналардың:
      1) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 228 "Субсидиялар нормаларын және субсидияланатын гербицидтердің, тыңайтқыштардың түрлерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3971 тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдеде "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысының;
      2) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 408 "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 228 "Субсидиялар нормаларын және субсидияланатын гербицидтердің, тыңайтқыштардың түрлерін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы"(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4091 тіркелген, 2014 жылғы 9 желтоқсанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.С. Жұмағазиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауқағидаларын бекіту туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
      Облыс әкімі А. Мұхамбетов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
2015 жылғы 08 тамызда

  Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 301 қаулысына қосымша

Субсидияланатын отандық тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормалары


Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері

Өлшем бірлігі

Бір бірлігінің құнын арзандату пайызы

Бір бірлігіне арналған субсидия нормативтері, теңге

1

Аммиакты селитра (N 34,4%)

тонна

50

28900

2

Аммофос (N-10%:P205-46%)

тонна

50

45000

3

Хлорлы калий (К2О5-42,2%; KCL-65%)

тонна

50

44000

4

"Б" маркалы "МЭРС" микробиотыңайтқыштары

литр

50

5000

5

Kristalоn Speсial 18-18-18

тонна

50

218000

6

Kristalоn Cucumber 14-11-31

тонна

50

260500

7

Kristalоn Yellow 13-40-13

тонна

50

254500

8

Кristalon Red 12-12-36

тонна

50

233000

9

YaraLiva Calcinit (кальций нитраты)

тонна

50

89000

10

"Супрефос-NS" азот-күкіртқұрамды супрефос

тонна

50

43500

11

"В" маркалы суперфосфат (Р2О5-15%, N2-4%, К2О-2-4%)

тонна

50

21281

12

Тазартылған күкіртқышқылды калий (калий сульфаты) (К2О-50%)

тонна

50

106000

13

Аммиакты селитра(N-34,4%)

тонна

30

20700

14

Карбамид (N-46,3%)

тонна

30

28200

15

Krista K Plus (калий нитраты)

тонна

30

102600

16

Krista MAG (магний нитраты)

тонна

30

69300

17

Магний сульфаты (Krista MgS)

тонна

30

53700

18

Krista МКР (монокалий фосфат)

тонна

30

159000

19

Калий сульфаты (Krista SOP)

тонна

30

80400