"Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 226 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 шілдеде № 4445 болып тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 4-1/379 "Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 4-1/379 "Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 24 маусымдағы
№ 226 қаулысымен бекітілген

"Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - Басқарма) және аудандардың және Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдерімен (бұдан әрі - Бөлім) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру Бөлімнің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі көрсетілетін қызмет алушылардың банктік есепшотына аудару үшін "Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық Департаменті" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Аумақтық қазынашылық бөлімшесі) төлем шоттарының тізілімін ұсыну мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) іс-әрекетінің тәртiбiн сипаттау

      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 4-1/379 "Жеміс жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:
      1) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
      көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың толық пакетін өтінімімен бірге қабылдайды 30 (отыз) минуттан артық емес;
      көрсетілетін қызметті алушының өтінімі немесе құжаттар көшірмелері келіп түскен күнінен бастап, ұсынылған өтінімдер мен құжаттар көшірмелерінің толықтығын тексереді 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      ұсынылған өтінімдердің немесе құжаттар көшірмелері болмаған жағдайда, ұсынылған өтінімдер мен құжаттар көшірмелері Ауыл шаруашылығы өндіріс кешендерінің субъектісіне (бұдан әрі - АӨК субъектісіне) қайтадан пысықтауға қайтарылады 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      2) Ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК):
      Бөліммен өтінім енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жергілікті жерге барып, жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп қарау актісін жасайды;
      1 (бір) жұмыс күні ішінде субсидияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды.
      Комиссиямен субсидияны беру туралы шешім қабылданған жағдайда Бөлім өтінімді тиісті актінің көшірмесімен және Комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесімен бірге облыстық Басқармаға жолдайды, ал субсидияны беруден бас тартқан жағдайда Бөлім бас тарту себебін көрсете отырып бас тарту туралы жазбаша түрде АӨК субъектісін хабардар етеді.
      3) Басқарманың жауапты орындаушысы:
      жеміс жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға немесе оларды өсіруге арналған субсидияны алуға АӨК субъектісін өтінім түскеннен кейін Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлем құжаттарын ұсынады 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекетінің тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) Бөлімнің жауапты орындаушысы;
      2) Басқарманың жауапты орындаушысы;
      3) ВАК.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау:
      1) Бөлімнің жауапты орындаушысы:
      көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың толық пакетін өтінімімен бірге қабылдайды 30 (отыз) минуттан артық емес;
      көрсетілетін қызметті алушының өтінімі немесе құжаттар көшірмелері келіп түскен күнінен бастап, ұсынылған өтінімдер мен құжаттар көшірмелерінің толықтығын тексереді 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      ұсынылған өтінімдердің немесе құжаттар көшірмелері болмаған жағдайда, ұсынылған өтінімдер мен құжаттар көшірмелері Ауыл шаруашылығы өндіріс кешендерінің субъектісіне (бұдан әрі - АӨК субъектісі) қайтадан пысықтауға қайтарылады 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      2) Ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК):
      Бөліммен өтінім енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жергілікті жерге барып, жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп қарау актісін жасайды;
      1 (бір) жұмыс күні ішінде субсидияны беру немесе оны беруден бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды.
      Комиссиямен субсидияны беру туралы шешім қабылданған жағдайда Бөлім өтінімді тиісті актінің көшірмесімен және Комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесімен бірге облыстық Басқармаға жолдайды, ал субсидияны беруден бас тартқан жағдайда Бөлім бас тарту себебін көрсете отырып бас тарту туралы жазбаша түрде АӨК субъектісін хабардар етеді.
      3) Басқарманың жауапты орындаушысы:
      жеміс жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуға немесе оларды өсіруге арналған субсидияны алуға АӨК субъектісін өтінім түскеннен кейін Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ақы төлем құжаттарын ұсынады 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары толық сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес үдерістерінің анықтамалығына сәйкес осы регламенттің қосымшасында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  Жеміс-жидек дақылдары мен
жүзімнің көпжылдық
көшеттерін отырғызу және өсіру
(оның ішінде қалпына келтіру)
шығындарының құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы