1. Қоса беріліп отырған:
1) "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) "Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 "Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 190 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылды деп тануға жататын қаулыларының тізімі
1) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 225 "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3981 тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2014 жылғы 12 тамызда жарияланған);2) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 114 "Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3907 тіркелген, 2014 жылғы 3 маусымда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған);
3) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 326 "Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 114 "Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4045 тіркелген, 2014 жылғы 28 қазанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған).
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 190 қаулысымен бекітілген |
"Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.gov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығымен бекітілген "Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден дәлелді түрдегі бас тарту туралы жауап немесе тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананы аттестаттау туралы куәлікті беру болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) іс-әрекетінің тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін мыналар негіз болып табылады:көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны;
порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысаны.
Құжаттарды қабылдау тізбесі Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүргізіледі.
5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсету үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (іс-әрекеттің) мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды берген сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдауды жүзеге асырады және тіркейді.
Нәтижесі – тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысына құжатқа бұрыштама қоюға жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және орындауға жолдайды.
Нәтижесі – келіп түскен құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды, келіп түскен құжаттарды жолдайды.
Нәтижесі – келіп түскен құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссияға ұсынылған құжаттарды жолдайды, комиссия құжаттарын алған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күннің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және орналасқан жеріне барады немесе ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Нәтижесі –комиссияға орналасқан жеріне барады немесе өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады;
5) комиссия орналасқан жеріне бару арқылы 7 (жеті) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі дәрежесін анықтайды, сондай-ақ тексеру актісін жасайды, көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға мәртебе беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды, комиссия мүшелерінің барлығының қолдары қойылған хаттама ресімделеді.
Нәтижесі – тексеру қорытындысы бойынша қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы комиссия тексеру актісін жасайды, көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды, комиссия мүшелерінің барлығының қолдары қойылған хаттама ресімделеді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 (алты) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мәртебе беру туралы комиссия шешімінің негізінде облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды, қол қоюға береді.
Нәтижесі – облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды, қол қоюға береді;
7) жергілікті атқарушы органның кеңсе маманы 4 (төрт) сағат ішінде қаулыны облыс әкіміне қол қоюға береді.
Нәтижесі – қаулыны қол қоюға береді;
8) облыс әкімі – 1 (бір) жұмыс күннің ішінде қаулыға қол қояды.
Нәтижесі – қаулыға қол қою;
9) жергілікті атқарушы органның кеңсе маманы 4 (төрт) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына әкімдіктің бекітілген қаулысын береді.
Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына әкімдіктің қаулысын береді;
10) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға аттестаттау туралы куәлік береді.
Нәтижесі - аттестаттау туралы куәлік беру.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара іс-әрекетінің тәртiбiн сипаттау
6. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
5) комиссия;
6) облыс әкімі;
7) жергілікті атқарушы органның кеңсе маманы.
7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсiмнің (іс-әрекеттің) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды берген сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдауды жүзеге асырады және тіркейді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және орындауға жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын анықтайды, келіп түскен құжаттарды жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссияға ұсынылған құжаттарды жолдайды, комиссия құжаттарын алған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күннің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және орналасқан жеріне барады немесе ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді;
5) комиссия орналасқан жеріне бару арқылы 7 (жеті) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі дәрежесін анықтайды, сондай-ақ тексеру актісін жасайды, көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға мәртебе беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды, комиссия мүшелерінің барлығының қолдары қойылған хаттама ресімделеді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 6 (алты) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мәртебе беру туралы комиссия шешімінің негізінде облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды, қол қоюға береді;
7) жергілікті атқарушы органның кеңсе маманы 4 (төрт) сағат ішінде қаулыны облыс әкіміне қол қоюға береді;
8) облыс әкімі – 1 (бір) жұмыс күннің ішінде қаулыға қол қояды;
9) жергілікті атқарушы органның кеңсе маманы 4 (төрт) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына әкімдіктің бекітілген қаулысын береді;
10) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға аттестаттау туралы куәлік береді.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекет тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау
8. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жолығу тәртібін және рәсімнің (іс-әрекеттің) реттілігін сипаттау:1) Көрсетілетін қызметті алушы компьютердегі интернет-браузерінде сақталып тіркелген өзінің ЭЦҚ куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушы үшін жүзеге асырылады);
2) 1 үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы компьютердегі интернет-браузеріне тіркелген ЭЦҚ куәлігін бекіту, көрсетілетін қызметті алушының паролін порталға енгізу (авторластыру үдерісі);
3) 1 шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин жеке сәйкестендіру номері/бизнес сәйкестендіру (бұдан әрі - ЖСН/БСН) мен пароль арқылы порталда тексеру;
4) 2 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторластырудан бас тарту туралы хабарламаны порталда қалыптастыру;
5) 3 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдау, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды қоса беру;
6) 4 үдеріс – "электрондық үкіметтің" төлем шлюзінде (бұдан әрі – ЭҮТШ) қызметке ақы төлеу, бұдан кейін төлем туралы ақпарат "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "ЕЛ" МДБ АЖ) келіп түседі;
7) 2 шарт – "ЕЛ" МДБАЖ-да қызметті көрсету үшін ақы төлеу дерегін тексеру;
8) 5 үдеріс – "ЕЛ" МДБ АЖ-да қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6 үдеріс – сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының тіркелген ЭЦҚ куәлігін таңдау;
10) 3 шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін порталда тексеру;
11) 7 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8 үдеріс – қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
13) 9 үдеріс – "ЕЛ" МДБ АЖ-да электрондық құжатты тіркеу (қызмет алушының сұранысы) және "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасының автоматтандырылған жұмыс орнының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "ЕЛ"МДБ АЖО АЖ) сұранысты өңдеу;
14) 4 шарт – куәлікті беру үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелеріне сәйкестігін тексеру;
15) 10 үдеріс – "ЕЛ" МДБ АЖО АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
16) 11 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының "ЕЛ" МДБ АЖО АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін (куәлікті) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбi осы регламенттiң 1-қосымшасында ұсынылады.
10. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жолығу тәртібін және рәсімнің (іс-әрекеттің) реттілігін сипаттау:
1) 1 үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін "ЕЛ" МДБ АЖО АЖ-да логин мен пароль енгізуі (авторластыру үдерісі);
2) 1 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын "ЕЛ" МДБ АЖО АЖ-да логин мен пароль арқылы тексеру;
3) 2 үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторластырудан бас тарту туралы хабарламаны "ЕЛ" МДБ АЖО АЖ-да қалыптастыру;
4) 3 үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің таңдауы осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және қызмет беруші қызметкерінің қызмет алушы деректерін енгізуі;
5) 4 үдеріс – "электрондық үкіметтің" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлға мемлекеттік деректер базасы/заңды тұлға мемлекеттік деректер базасында (бұдан әрі – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушы деректеріне сұрау салу;
6) 2 шарт – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын тексеру;
7) 5 үдеріс – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің расталмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 6 үдеріс – қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы туралы бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканирлеуі және оларды сұрау салу нысанына қоса беруі;
9) 7 үдеріс – "ЕЛ" МДБ АЖО АЖ-да сұранысты тіркеу және қызметті өңдеу;
10) 3 шарт – куәлікті беру үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелеріне сәйкестігін тексеру;
11) 8 үдеріс – "ЕЛ" МДБ АЖО АЖ-да қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 9 үдеріс – "ЕЛ" МДБ АЖО АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) көрсетілетін қызмет алушының алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастыру.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің толық сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - үдерістерінің анықтамалығына сәйкес осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
"Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша |
Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбi
"Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 190 қаулысымен бекітілген |
"Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.gov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығымен бекітілген "Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) көзделген жағдайларда және негіздер бойынша аттестаттау туралы куәлікті беру немесе дәлелді түрдегі бас тарту туралы жауап болып табылады.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) іс-әрекетінің тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі рәсімді бастау үшін мыналар негіз болып табылады:1) көрсетілетін қызметті берушіге және ХҚКО-ға жүгінген кезде:
Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
Стандарттың 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес мәліметтер нысаны;
2) порталға жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
Стандарттың 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес мәліметтер нысаны.
Құжаттар тізбесін қабылдау Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүргізіледі.
5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсету үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (іс-әрекеттің) мазмұны:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды берген сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде қабылдауды жүзеге асырады және тіркейді.
Нәтижесі – тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысына құжатқа бұрыштама қоюға жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және орындауға жолдайды.
Нәтижесі – келіп түскен құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды, келіп түскен құжаттарды жолдайды.
Нәтижесі – келіп түскен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссияға орналасқан жеріне бару туралы хабарлайды, комиссия құжаттарын алған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күннің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Нәтижесі –комиссияға орналасқан жеріне бару туралы хабарлау немесе өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту;
5) комиссия орналасқан жеріне бару арқылы 10 (он) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі дәрежесін анықтайды, сонымен қатар тексеру актісін жасайды, көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға мәртебе беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды, комиссия мүшелерінің барлығының қолдары қойылған хаттама ресімделеді.
Нәтижесі – тексеру қорытындысы бойынша қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы комиссия тексеру актісін жасайды, көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды, хаттамаға қолдар қойылады;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мәртебе беру туралы комиссия шешімінің негізінде облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды, қол қоюға береді.
Нәтижесі – облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды, қол қоюға береді;
7) жергілікті атқарушы органның кеңсе маманы 4 (төрт) сағат ішінде қаулыны облыс әкіміне қол қоюға береді.
Нәтижесі – қаулыны қол қоюға беру;
8) облыс әкімі – 1 (бір) жұмыс күннің ішінде қаулыға қол қояды.
Нәтижесі – қаулыға қол қою;
9) жергілікті атқарушы органның кеңсе маманы 4 (төрт) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына әкімдіктің бекітілген қаулысын береді.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына әкімдіктің қаулысын береді;
10) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға аттестаттау туралы куәлік береді.
Нәтижесі – аттестаттау туралы куәлік беру.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара іс-әрекетінің тәртiбiн сипаттау
6. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
5) комиссия;
6) облыс әкімі;
7) жергілікті атқарушы органның кеңсе маманы.
7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсiмнің (іс-әрекеттің) өту реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды берген сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде қабылдауды жүзеге асырады және тіркейді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және орындауға жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысын анықтайды, келіп түскен құжаттарды жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссияға орналасқан жеріне бару туралы хабарлайды, комиссия құжаттарын алған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күннің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді;
5) комиссия орналасқан жеріне бару арқылы 10 (он) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі дәрежесін анықтайды, сондай-ақ тексеру актісін жасайды, көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға мәртебе беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды, комиссия мүшелерінің барлығының қолдары қойылған хаттамамен ресімделеді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мәртебе беру туралы комиссия шешімінің негізінде облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды қол қоюға береді;
7) жергілікті атқарушы органның кеңсе маманы 4 (төрт) сағат ішінде қаулыны облыс әкіміне қол қоюға береді;
8) облыс әкімі – 1 (бір) жұмыс қүннің ішінде қаулыға қол қояды;
9) жергілікті атқарушы органның кеңсе маманы 4 (төрт) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына әкімдіктің бекітілген қаулысын береді;
10) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушыға аттестаттау туралы куәлік береді;
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет тәртібін, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. ХҚКО-ға жүгіну тәртібін сипаттау:1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО операторына Стандарттың қосымшасына сәйкес өтінішті және қажетті құжаттарды тапсырады. Мемлекеттік қызмет көрсету алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібімен көрсетіледі, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы "брондауға" болады;
2) 1 үдеріс – қызмет көрсету үшін ХҚКО операторы ХҚКО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ХҚКО ЫАЖ АЖО) логинді және парольді (авторластыру үдерісі) енгізу;
3) 2 үдеріс – ХҚКО операторының таңдауы, қызмет көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және ХҚКО операторының көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін енгізу, сонымен қатар сенім хат бойынша көрсетілетін қызметті алушы өкілінің (нотариалды куәландырылған сенім хат болған жағдайда, басқа куәландырылған сенім хатының мәліметтері толтырылмайды) мәліметтерін енгізу;
4) 3 үдеріс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына/заңды тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралы, сонымен қатар бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат мәліметтері туралы сұраныс жолдау;
5) 1 шарт – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінің, БНАЖ сенім хат мәліметтерінің бар болуын тексеру;
6) 4 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ және сенім хаттың БНАЖ мәліметтерінің болмауына байланысты, мәліметтерді алуға мүмкіншілік жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру;
7) 5 үдеріс – электрондық үкіметтің аумақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) ЭҮШ арқылы ХҚО операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) жолдау.
9. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ХҚКО арқылы алу үдерісін сипаттау:
1) 6 үдеріс – электрондық құжатты ЭҮАШ АЖО тіркеу;
2) 2 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің Стандартта көрсетілген және қызмет көрсету үшін негіз болатын көрсетілетін қызметті алушының жалғаған құжаттарының сәйкестігін тексеру (өңдеу);
3) 7 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;
4) 8 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ХҚКО операторы арқылы ЭҮАШ АЖО қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (Ақтөбе облысының аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу туралы анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауап) алу.
10. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жолығу тәртібін және рәсімнің (іс-әрекеттің) реттілігін сипаттау:
1) Көрсетілетін қызметті алушы компьютердегі интернет-браузерінде сақталып тіркелген өзінің ЭЦҚ куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушы үшін жүзеге асырылады);
2) 1 үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы компьютердегі интернет-браузеріне тіркелген ЭЦҚ куәлігін бекіту, көрсетілетін қызметті алушының паролін порталға енгізу (авторластыру үдерісі);
3) 1 шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин жеке сәйкестендіру номері/бизнес сәйкестендіру (бұдан әрі - ЖСН/БСН) мен пароль арқылы порталда тексеру;
4) 2 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторластырудан бас тарту туралы хабарламаны порталда қалыптастыру;
5) 3 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдау, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды қоса беру;
6) 4 үдеріс – "электрондық үкіметтің" төлем шлюзінде (бұдан әрі – ЭҮТШ) қызметке ақы төлеу, бұдан кейін төлем туралы ақпарат "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "ЕЛ" МДБ АЖ) келіп түседі;
7) 2 шарт – "ЕЛ" МДБ АЖ-да қызметті көрсету үшін ақы төлеу дерегін тексеру;
8) 5 үдеріс – "ЕЛ" МДБ АЖ-да қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6 үдеріс – сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының тіркелген ЭЦҚ куәлігін таңдау;
10) 3 шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін порталда тексеру;
11) 7 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8 үдеріс – қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
13) 9 үдеріс – "ЕЛ" МДБ АЖ-да электрондық құжатты тіркеу (қызмет алушының сұранысы) және "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасының автоматтандырылған жұмыс орнының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі –"ЕЛ" МДБ АЖО АЖ) сұранысты өңдеу;
14) 4 шарт – лицензияны беру үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелеріне сәйкестігін тексеру;
15) 10 үдеріс – "ЕЛ" МДБ АЖО АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
16) 11 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының "ЕЛ" МДБ АЖО АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
11. Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбi осы регламенттiң 1-қосымшасында ұсынылады.
12. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жолығу тәртібін және рәсімнің (іс-әрекеттің) реттілігін сипаттау:
1) 1 үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін "ЕЛ" МДБ АЖО АЖ-да логин мен пароль енгізуі (авторлау үдерісі);
2) 1 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын "ЕЛ" МДБ АЖО АЖ-да логин мен пароль арқылы тексеру;
3) 2 үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторластырудан бас тарту туралы хабарламаны "ЕЛ" МДБ АЖО АЖ-да қалыптастыру;
4) 3 үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің таңдауы осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және қызмет беруші қызметкерінің қызмет алушы деректерін енгізуі;
5) 4 үдеріс – "электрондық үкіметтің" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлға мемлекеттік деректер базасы/заңды тұлға мемлекеттік деректер базасында (бұдан әрі – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушы деректеріне сұрау салу;
6) 2 шарт – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын тексеру;
7) 5 үдеріс – ЖТ МДБ/ЗТ МДБ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің расталмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 6 үдеріс – қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы туралы бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканирлеуі және оларды сұрау салу нысанына қоса беруі;
9) 7 үдеріс – "ЕЛ" МДБ АЖО АЖ-да сұранысты тіркеу және қызметті өңдеу;
10) 3 шарт – лицензияны беру үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздемелеріне сәйкестігін тексеру;
11) 8 үдеріс – "ЕЛ" МДБ АЖО АЖ-да қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 9 үдеріс – "ЕЛ" МДБ АЖО АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) көрсетілетін қызметті алушының алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастыру.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің толық сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - үдерістерінің анықтамалығына сәйкес осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
"Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша |
Көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбi
"Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |