Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 114 "Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар е

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 326 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қазанда № 4045 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 190 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 05.06.2015 № 190 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 114 "Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3907 тіркелген, "Ақтөбе", "Актюбинский вестник" газеттерінде 2014 жылғы 3 маусымда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
      мына мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
      "12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (әрекеттердің) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттерінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.";
      осы қаулының қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Облыс әкімі

А.Мұхамбетов


Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 326 қаулысына қосымша
 


Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 114 қаулысына
4-қосымша
 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес–процестерінің анықтамалығы