Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 136 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 маусымда № 4340 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" және № 271 "Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрықтарына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) "Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) "Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      4) "Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      5) "Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      6) "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.С. Жұмағазиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" және № 271 "Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрықтары қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.
      5. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 154 "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 16 маусымдағы № 3950 болып тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2014 жылғы 1 шілдедегі № 80-81 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 136 қаулысымен
"БЕКІТІЛГЕН"

"Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесімен, Ақтөбе қалалық және аудандық жер қатынастары бөлімдерімен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесі жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекітілген актісі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) іс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бектіліген "Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1 қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО жүгінуі.
      5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері түскен құжаттарды берген сәттен бастап 15 минут ішінде тіркейді және басшыға ұсынады. Нәтижесі - тіркеу;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысы келіп түскен құжаттармен 15 минут ішінде танысады және көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды. Нәтижесі – орындауға ұсыну;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күн ішінде түскен құжаттарды қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы жауап дайындап, басшыға қол қоюға жолдайды. Нәтижесі – нәтижені дайындау;
      4) көрсетілетін қызметті беруші басшысы көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесіне 15 минут ішінде қол қойып кеңсеге жолдайды. Нәтижесі – нәтижеге қол қою;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін тіркеп көрсетілетін қызметті алушыға береді. Нәтижесі – нәтижені беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      6. Көрсетілетін мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
      көрсетілетін қызметті беруші басшысы;
      көрсетілетін қызметті беруші кеңсе қызметкері;
      көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысы.
      7. Құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекетінің) ұзақтығын көрсете отырып, рәсiмдердiң (iс-әрекеттердің) реттiлiгiн сипаттау осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес блок-схемасымен сүйемелденедi.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

      8. ХҚКО арқылы жүгiну тәртiбiнің әрбір үдерісінің ұзақтығын көрсетіп сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Натижесі –құжаттарды тапсыру;
      2) ХҚКО инспекторы түскен құжаттарды тіркейді және қызмет алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы:
      сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚКО қызметкерінің тегі,
      аты, әкесінің аты;
      қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат береді. Нәтижесі – құжаттарды қабылдау;
      3) ХҚКО инспекторы қабылданған құжаттарды 30 минут ішінде жинақтау жүйесіне береді. Нәтижесі – құжаттарды беру;
      4) жинақтау жүйесі құжаттарды жинайды, реестр жасайды және ХҚКО іс қағаздарын тасымалдаушысы арқылы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 1 (бір) жұмыс күн ішінде жібереді. Нәтижесі – құжаттарды беру;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері түскен құжаттарды берген сәттен бастап 15 минут ішінде тіркейді және басшыға ұсынады. Нәтижесі - тіркеу;
      6) көрсетілетін қызметті беруші басшысы келіп түскен құжаттармен 15 минут ішінде танысады және көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды. Нәтижесі – орындауға ұсыну;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күн ішінде түскен құжаттарды қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызметті нәтижесі туралы жауап дайындап басшыға қол қоюға жолдайды. Нәтижесі – нәтижені дайындау;
      8) көрсетілетін қызметті беруші басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне 15 минут ішінде қол қойып кеңсеге жолдайды. Нәтижесі – нәтижеге қол қою;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметтің нәтижесін тіркеп ХҚКО іс қағаздарын тасымалдаушысына ұсынады. Нәтижесі – нәтижені беру;
      10) ХҚКО іс қағаздарын тасымалдаушысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жинақтау жүйесіне 1 (бір) жұмыс күн ішінде тапсырады. Нәтижесі – нәтижені беру;
      11) жинақтау жүйесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ХҚКО инспекторына 30 минут ішінде береді. Нәтижесі – нәтижені беру;
      12) ХҚКО инспекторы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күн ішінде береді. Нәтижесі – нәтижені беру;
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін ХҚКО сұраныста көрсетілген күні жүгінеді (кезек күту уақытының ең ұзақ мерзімі 20 минут ішінде).
      ХҚКО жүгінудің әрбір үдерісін (iс-әрекетті) көрсетудің толық сипаттамасы осы Регламенттің 2 қосымшасындағы блок-схемасына сәйкес көрсетілгендей жүргізіледі.
      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің, соңымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілерімен халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-әрекет тәртібінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 3 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Мемлекет жеке меншікке
сататын нақты жер
учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту"
регламентіне 1 қосымша

Құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, (iс-әрекеттердің) реттiлiгiн сипаттауды сүйемелдеу
блок-схемасы

  "Мемлекет жеке меншікке
сататын нақты жер
учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту"
регламентіне 2 қосымша

ХҚКО жүгінудің әрбір үдерісін (iс-әрекетті) көрсетудің толық сипаттау
блок-схемасы

  "Мемлекет жеке меншікке
сататын нақты жер
учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту"
регламентіне 3 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 136 қаулысымен
"БЕКІТІЛГЕН"

"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметін "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесімен, Ақтөбе қалалық және аудандық жер қатынастары бөлімдерімен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталы (бұдан әрі – портал);
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
      www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесі жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны электрондық.

2. Мемлекеттiк көрсетілетін үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiңқұрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бектіліген "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту" мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес өтінішпен көрсетілетін қызмет берушіге немесе ХҚКО жүгінуі;
      Көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы - электрондық цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәләндырылған электрондық құжат нысанында Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сұрау салуы.
      5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері түскен құжаттарды 15 минут ішінде тіркейді және басшыға ұсынады. Нәтижесі - тіркеу;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысы келіп түскен құжаттармен 15 минут ішінде танысады және көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды. Нәтижесі – орындауға жолдау;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күн ішінде түскен құжаттарды қарайды, мемлекеттік қызмет нәтижесі туралы жауап дайындайды немесе 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден дәлелді жазбаша бас тартады және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қоюға жолдайды. Нәтижесі – орындайды және нәтижесін дайындайды;
      4) көрсетілетін қызметті беруші басшылығы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден дәлелді жазбаша бас тартуға 15 минут ішінде қол қояды және кеңсеге жолдайды. Нәтижесі – нәтижесіне қол қою;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметтің нәтижесін немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден дәлелді жазбаша бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға сол күні беру үшін жібереді. Нәтижесі – тіркейді және нәтижесін ұсыну.

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      7. Құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, рәсiмдердiң (iс-әрекеттердің) реттiлiгiн сипаттау осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес блок-схемасымен сүйемелденедi.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзарат iс-әрекеттерінің тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

      8. ХҚКО арқылы жүгiну тәртiбiнің әрбір процедурасының ұзақтығын көрсетіп сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Нәтижесі – құжаттарды тапсыру;
      2) ХҚКО инспекторы түскен құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы:
      сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚКО қызметкерінің
      тегі, аты, әкесінің аты;
      қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті
      алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат береді. Нәтижесі – құжаттарды қабылдау;
      3) ХҚКО инспекторы қабылданған құжаттарды 30 минут ішінде жинақтау жүйесіне береді;
      4) жинақтау жүйесі құжаттарды жинайды, реестр жасайды және ХҚКО іс қағаздарын тасымалдаушысы арқылы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді 1 (бір) жұмыс күн ішінде. Нәтижесі – құжаттарды табыстау;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері түскен құжаттарды берген сәттен бастап 15 минут ішінде тіркейді және басшыға ұсынады. Нәтижесі - тіркеу;
      6) көрсетілетін қызметті беруші басшысы келіп түскен құжаттармен 15 минут ішінде танысады және көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды. Нәтижесі – орындауға жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күн ішінде түскен құжаттарды қарайды, мемлекеттік қызмет нәтижесі туралы жауап дайындайды немесе 2 (екі) жұмыс күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді жазбаша бас тартады және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қоюға жолдайды. Нәтижесі – орындайды және нәтижесін дайындайды;
      8) көрсетілетін қызметті беруші басшысы мемлекеттік қызмет нәтижесіне немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауапты 15 минут ішінде қол қойып кеңсеге жолдайды. Нәтижесі – қол қою;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметтің нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауапты тіркеп ХҚКО іс қағаздарын тасымалдаушысына ұсынады. Нәтижесі – тіркеу және нәтижесін ұсыну;
      10) ХҚКО іс-қағаздарын тасымалдаушысы мемлекеттік қызмет нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді жазбаша бас тартуды жинақтау жүйесіне 1 (бір) жұмыс күн ішінде тапсырады. Нәтижесі – нәтижесін ұсыну;
      11) жинақтау жүйесі мемлекеттік қызмет нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді жазбаша бас тартуды ХҚКО инспекторына береді (30 минут ішінде). Нәтижесі – нәтижесін ұсыну;
      12) ХҚКО инспекторы мемлекеттік қызметтің нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді жазбаша бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күн ішінде береді. Нәтижесі – нәтижесін беру.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін ХҚКО сұраныста көрсетілген күні жүгінеді (кезек күту уақытының ең ұзақ мерзімі 20 минут ішінде).
      ХҚКО жүгінудің әрбір рәсімін (iс-әрекеттер) көрсетудің толық сипаттамасы осы Регламентің 2 қосымшасында көрсетілген блок-схемасына сәйкес жүргізіледі.
      10. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жолығу тәртібін және рәсімнің (iс-әрекеттің) реттілігін сипаттау.
      1) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін "Е-лицензиялау" мемлекеттік база мәліметінің ақпараттық жүйедегі автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МБМ АЖ АЖО) логин мен пароль енгізуі;
      2) 1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын "Е-лицензиялау" МБМ АЖ АЖО логин мен пароль арқылы тексеру;
      3) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны "Е-лицензиялау" МБМ АЖ АЖО қалыптастыру;
      4) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің таңдауы осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы деректерін енгізуі;
      5) 4-үдеріс – электронды үкімет шлюзі арқылы (бұдан әрі – ЭҮШ) заңды тұлғалардың мемлекеттік база мәліметінде/жеке тұлғалардың мемлекеттік база мәліметінде (бұдан әрі - ЗТ МБМ/ ЖТ МБМ) көрсетілетін қызметті алушы деректеріне сұрау салу;
      6) 2-шарт – ЗТ МБМ/ ЖТ МБМ көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын тексеру;
      7) 5-үдеріс – ЗТ МБМ/ ЖТ МБМ көрсетілетін қызметті алушы деректерінің расталмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 6-үдеріс – қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы туралы бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына қоса беруі;
      9) 7-үдеріс – "Е-лицензиялау" МБМ АЖ АЖО сұранысты тіркеу қызметін өңдеу;
      10) 8-үдеріс – "Е-лицензиялау" МБМ АЖ АЖО қөрсетілетін қызмет алушының құжаттарында бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 9-үдеріс – "Е-лицензиялау" МБМ АЖ АЖО қалыптастырылған қызмет нәтижесін (бұйрық) көрсетілетін қызметті алушының алуы.
      Электрондық құжат қызмет берушінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-әрекеттері, көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттiк қызмет көрсеткенде осы Регламентің 3 қосымшасындағы диаграммасына сәйкес көрсетілгендей жүргізіледі.
      11. Портал арқылы көрсетілетін қызмет кезіндегі функционалдық өзара iс-әрекетін және жүгіну тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда ЖСН/БСН және паролі көмегімен тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-үдеріс – қызметті алушымен қызмет алу үшін ЖСН/БСН және паролін порталға енгізу (авторлау үдерісі);
      3) 1-шарт – қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы порталды тексеру;
      4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны порталмен қалыптастыру;
      5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды қоса беруі, сондай-ақ Стандартың 9 тармағында көрсетілгендей нақтылау үшін тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін сұрауды таңдауы;
      6 ) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген (ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін порталда тексеру;
      7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-үдеріс – ЭЦҚ арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭҮШ арқылы аймақтық электронды үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЭҮШ АЖО) электронды құжат (сұраныс) жолдап қызмет берушінің құжатты өңдеуі үшін сұранысты нақтылайды;
      9) 3-шарт – қызмет көрсетуге негіз болу үшін Стандарттың 9 тармағында көрсетілгендей қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының қосымша жалғаған құжаттарға сәйкестігін тексеру (өңдеу);
      10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылы, портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету осы Регламентің 4 қосымшасындағы диаграммасына сәйкес көрсетілген.
      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің, соңымен қатар өзге көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-әрекет тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентің 5 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Жер учаскелерін қалыптастыру
жөніндегі жерге орналастыру
жобаларын бекiту" регламентіне
1 қосымша

Құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, рәсiмдердiң (iс-әрекеттердің) реттiлiгiн сипаттауды сүйемелдеу блок-схемасы.

  "Жер учаскелерін қалыптастыру
жөніндегі жерге орналастыру
жобаларын бекiту" регламентіне
2 қосымша

ХҚКО жүгiну тәртiбiнің әрбір рәсімдерінің (іс-әрекетінің) көрсетудін толық сипаттау
блок-схемасы

  "Жер учаскелерін қалыптастыру
жөніндегі жерге орналастыру
жобаларын бекiту" регламентіне
3 қосымша

Ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-әрекеттері, көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету диаграммасы

  "Жер учаскелерін қалыптастыру
жөніндегі жерге орналастыру
жобаларын бекiту" регламентіне
4 қосымша

Ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылы, портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету диаграммасы

  "Жер учаскелерін қалыптастыру
жөніндегі жерге орналастыру
жобаларын бекiту" регламентіне
5 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 136 қаулысымен
"БЕКІТІЛГЕН"

"Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметі "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесімен, Ақтөбе қалалық және аудандық жер қатынастары бөлімдерімен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталы (бұдан әрі – портал);
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
      www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі - портал).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесі жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру туралы қаулы (бұдан әрі - шешім) немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден дәлелді жазбаша бас тарту болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны электрондық түрінде.

2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады:
      Көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО жүгінген кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес өтініш беруі.
      Көрсетілетін қызметті алушының порталда электрондық цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәләндырылған электрондық құжат нысанында Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сұрау салуы.
      5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны:
      1) жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі - ЖАО) кеңсе қызметкері түскен құжаттарды қабылдайды және тіркейді. Құжаттар пакетін тіркегеннен кейін 1 (бір) күнтүзбелік күн ішінде ЖАО басшысына ұсынады. Нәтижесі – тіркеу және ЖАО басшысына ұсыну;
      2) ЖАО басшысы келіп түскен құжаттар мазмұнымен танысады, резолюция жапсырып және 1 (бір) күнтүзбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды. Нәтижесі – резолюция жапсыру;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысы келіп түскен құжаттармен 1 (бір) күнтүзбелік күн ішінде танысады және көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды. Нәтижесі – орындаушыға жолдау;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) күнтүзбелік күн ішінде түскен құжаттардың заңға сәйкестігін қарайды, құжаттардың толықтығын тексереді, жер учаскелерін беру бойынша комиссия отырысына материалдарды дайындайды және уәкілетті органдарға жолдайды немесе 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден дәлелді жазбаша бас тартады. Нәтижесі – орындау және құжаттарды дайындау;
      5) уәкілетті органдар 7 (жеті) күнтүзбелік күн ішінде комиссия қорытындысымен келіседі. Нәтижесі - келісу;
      6) жер учаскелерін беру бойынша комиссияның қорытындысы негізінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) күнтүзбелік күн ішінде шешім жобасын дайындайды және ЖАО жолдайды. Нәтижесі – нәтиже дайындау;
      7) ЖАО 9 (тоғыз) күнтүзбелік күн ішінде шешім қабылдайды, тіркейді және ЖАО кеңсесіне мемлекеттік қызметтің нәтижесін ұсынады. Нәтижесі – шешім қабылдау және тіркеу;
      8) ЖАО кеңсе қызметкері 1 (бір) күнтүзбелік күн ішінде мемлекеттік қызмет нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға ұсынады. Нәтижесі – нәтижені беру.

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
      ЖАО кеңсе қызметкері;
      ЖАО басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      уәкілетті органдар.
      7. Құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, рәсiмдердiң (iс-әрекеттердің) реттiлiгiн сипаттау осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес блок-схемасымен өту сүйемелденедi.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекет тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісінде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

      8. ХҚКО арқылы жүгiну тәртiбiнің әрбір рәсімінің ұзақтығын көрсетіп сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Нәтижесі – құжаттарды тапсыру;
      2) ХҚКО инспекторы түскен құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы:
      сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚКО қызметкерінің
      тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат береді. Нәтижесі – құжаттарды қабылдау;
      3) ХҚКО инспекторы қабылданған құжаттарды 30 минут ішінде жинақтау жүйесіне береді. Нәтижесі – құжаттарды ұсыну;
      4) жинақтау жүйесі құжаттарды жинайды, реестр жасайды және ХҚКО іс қағаздарын тасымалдаушысы арқылы құжаттарды ЖАО кеңсесіне 1 (бір) күнтүзбелік күн ішінде жібереді. Нәтижесі – құжаттарды ұсыну;
      5) ЖАО кеңсе қызметкері түскен құжаттарды қабылдайды және тіркейді. Құжаттар пакетін тіркегеннен кейін 1 (бір) күнтүзбелік күн ішінде ЖАО басшысына ұсынады. Нәтижесі – құжаттарды қабылдау және тіркеу;
      6) ЖАО басшысы келіп түскен құжаттар мазмұнымен танысады, резолюция жапсырып 1 (бір) күнтүзбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды. Нәтижесі – резолюция жапсыру;
      7) көрсетілетін қызметті беруші басшысы келіп түскен құжаттармен 1 (бір) күнтүзбелік күн ішінде танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды. Нәтижесі – орындауға ұсыну;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) күнтүзбелік күн ішінде түскен құжаттардың заңға сәйкестігін қарайды, құжаттардың толықтығын тексереді, жер учаскелерін беру бойынша комиссия отырысына материалдарды дайындайды және уәкілетті органдарға жолдайды немесе 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден дәлелді жазбаша бас тартады. Нәтижесі – орындау және материалдарды дайындау;
      9) уәкілетті органдар 5 (бес) күнтүзбелік күн ішінде комиссия қорытындысымен келіседі. Нәтижесі – келісу;
      10) жер учаскелерін беру бойынша комиссияның қорытындысы негізінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) күнтүзбелік күн ішінде шешім жобасын дайындайды және ЖАО жолдайды. Нәтижесі – нәтижені дайындау;
      11) ЖАО 9 (тоғыз) күнтүзбелік күн ішінде шешім қабылдайды, тіркейді және ЖАО кеңсесіне мемлекеттік қызметтің нәтижесін ұсынады. Нәтижесі – шешім қабылдау және тіркеу;
      12) ЖАО кеңсе қызметкері 1(бір) күнтүзбелік күн ішінде мемлекеттік қызмет нәтижесін тіркейді және ХҚКО іс қағаздарын тасымалдаушысына ұсынады. Нәтижесі – нәтижені ұсыну;
      13) ХҚКО іс қағаздарын тасымалдаушысы мемлекеттік қызмет нәтижесін жинақтау жүйесіне 1 (бір) күнтүзбелік күн ішінде тапсырады. Нәтижесі – нәтижені беру;
      14) жинақтау жүйесі мемлекеттік қызмет нәтижесін ХҚКО инспекторына 30 минут ішінде береді. Нәтижесі – нәтижені беру;
      15) ХҚКО инспекторы мемлекеттік қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға сол күні ішінде береді. Нәтижесі – нәтижені ұсыну.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін ХҚКО сұраныста көрсетілген күні жүгінеді (кезек күту уақытының ең ұзақ мерзімі 20 минут ішінде).
      ХҚКО жүгінудің әрбір үдерісін (iс-әрекетті) көрсетудің толық сипаттамасы осы Регламентің 2 қосымшасында көрсетілген блок-схемасына сәйкес жүргізіледі.
      10. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жолығу тәртібін және рәсімнің (iс-әрекеттің) реттілігін сипаттау.
      1) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін "Е-лицензиялау" мемлекеттік база мәліметінің ақпараттық жүйедегі автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МБМ АЖ АЖО) логин мен пароль енгізуі;
      2) 1-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын "Е-лицензиялау" МБМ АЖ АЖО логин мен пароль арқылы тексеру;
      3) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны "Е-лицензиялау" МБМ АЖ АЖО қалыптастыру;
      4) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің таңдауы осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы деректерін енгізуі;
      5) 4-үдеріс – электронды үкімет шллюзі арқылы (бұдан әрі – ЭҮШ) заңды тұлғалардың мемлекеттік база мәліметінде/жеке тұлғалардың мемлекеттік база мәліметінде (бұдан әрі - ЗТ МБМ/ ЖТ МБМ) көрсетілетін қызметті алушы деректеріне сұрауда жолдау;
      6) 2-шарт – ЗТ МБМ/ ЖТ МБМ көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын тексеру;
      7) 5-үдеріс – ЗТ МБМ/ ЖТ МБМ көрсетілетін қызметті алушы деректерінің расталмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 6-үдеріс – қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы туралы бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына қоса беруі;
      9) 7-үдеріс – "Е-лицензиялау" МБМ АЖ АЖО сұранысты тіркеу қызметті өңдеу;
      10) 8-үдеріс – "Е-лицензиялау" МБМ АЖ АЖО қөрсетілетін қызмет алушының құжаттарында бұзушылыққа байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 9-үдеріс – "Е-лицензиялау" МБМ АЖ АЖО қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) көрсетілетін қызметті алушының алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылы, көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету осы Регламентің 3 қосымшасындағы диаграммасына сәйкес көрсетілген.
      11. Портал арқылы көрсетілетін қызмет кезіндегі функционалдық өзара iс-әрекетін және жүгіну тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда ЖСН/БСН көмегімен және паролін тіркеуді жүзеге асырады (ЭҮП тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен ЖСН/БСН және қызметті алу үшін паролін ЭҮП-ге енгізу (авторлау үдерісі);
      3) 1-шарт – порталда қызмет алушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы тексеру;
      4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны порталда қалыптастыру;
      5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды қоса беруі, сондай-ақ Стандартың 9 тармағында көрсетілгендей нақтылау үшін тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін сұрауды таңдауы;
      6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген (ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін портал арқылы тексеру;
      7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-үдеріс – ЭЦҚ арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭҮШ арқылы аймақтық электронды үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЭҮШ АЖО) электронды құжат (сұраныс) жолдап қызмет берушінің құжатты өңдеуі үшін сұранысты нақтылау;
      9) 3-шарт – қызмет көрсетуге негіз болу үшін Стандарттың 9-тармағында көрсетілгендей қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының қосымша жалғаған құжаттарға сәйкестігін тексеру (өңдеу);
      10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-әрекеті, портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету осы Регламентің 4 қосымшасындағы диаграммасына сәйкес көрсетілген.
      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті үдерісінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, соңымен қатар өзге көрсетірген қызмет берушілермен халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентің 5 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Жер учаскелерінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім
беру" регламентіне 1 қосымша

Құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, рәсiмдердiң (iс-әрекеттердің) реттiлiгiн сипаттау блок-схемасы

  "Жер учаскелерінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім
беру" регламентіне 2 қосымша

ХҚКО жүгінудің әрбір үдерісін (iс-әрекетті) көрсетудің толық сипаттау

  "Жер учаскелерінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім
беру" регламентіне 3 қосымша

Ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-әрекеті, көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету диаграммасына

  "Жер учаскелерінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім
беру" регламентіне 4 қосымша

Ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-әрекеті, портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету диаграммасы

  "Жер учаскелерінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім
беру" регламентіне 5 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 136 қаулысымен
"БЕКІТІЛГЕН"

"Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметін "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесімен, Ақтөбе қалалық және аудандық жер қатынастары бөлімдерімен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталы (бұдан әрі – портал);
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
      www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. (Бұдан әрі – портал)
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесі іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру туралы қаулы (бұдан әрі – рұқсат беру) немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден дәлелді жазбаша бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны электрондық түрінде.

2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiңқұрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бектіліген "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес өтінішпен көрсетілетін қызмет берушіге және ХҚКО жүгінуі;
      Көрсетілетін қызметті алушының порталда - электрондық цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәләндырылған электрондық құжат нысанында Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сұрау салуы.
      5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны:
      1) жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі - ЖАО) кеңсе қызметкері түскен құжаттарды қабылдайды және тіркейді. Құжаттар пакетін тіркегеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЖАО басшысына ұсынады. Нәтижесі – тіркеу және ЖАО басшысына ұсыну;
      2) ЖАО басшысы келіп түскен құжаттар мазмұнымен танысады, резолюция жапсырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды. Нәтижесі – резолюция жапсыру;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысы құжаттарды түскен күні 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды. Нәтижесі – орындаушыға жолдау;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 4 (төрт) жұмыс күн ішінде түскен құжаттардың заңға сәйкестігін қарайды, рұқсат беру жобасын дайындайды және ЖАО жолдайды немесе 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден дәлелді жазбаша бас тартады. Нәтижесі – нәтижесін дайындау;
      5) ЖАО 3(үш) жұмыс күні ішінде рұқсат беруді немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден дәлелді жазбаша бас тартуды қабылдайды, тіркейді және ЖАО кеңсесіне ұсынады. Нәтижесі – шешім қабылдау және тіркеу;
      6) ЖАО кеңсесі 1 (бір) жұмыс күні ішінде рұқсат берудің көшірмесін немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден дәлелді жазбаша бас тартуды көрсетілетін қызмет алушыға жолдайды. Нәтижесі – нәтижені беру.

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
      ЖАО кеңсе қызметкері;
      ЖАО басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      7. Құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, рәсiмдердiң (iс-әрекеттердің) реттiлiгiн сипаттау осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес блок-схемасымен сүйемелденедi.

4. Халыққа көрсетілетін қызмет орталығымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

      8. ХҚКО арқылы жүгiну тәртiбiнің әрбір үдерісінің ұзақтығын көрсетіп сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Нәтижесі – құжаттарды тапсыру;
      2) ХҚКО инспекторы түскен құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызмет алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы:
      сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚКО қызметкерінің
      тегі, аты, әкесінің аты;
      қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті
      алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат береді. Нәтижесі - құжаттарды қабылдау;
      3) ХҚКО инспекторы қабылданған құжаттарды 30 минут ішінде жинақтау жүйесіне береді. Нәтижесі - құжаттарды қабылдау;
      4) жинақтау жүйесі құжаттарды жинайды, реестр жасайды және ХҚКО іс қағаздарын тасымалдаушысы арқылы құжаттарды ЖАО кеңсесіне 1 (бір) жұмыс күн ішінде жібереді. Нәтижесі - құжаттарды беру;
      5) ЖАО кеңсе қызметкері түскен құжаттарды қабылдайды және тіркейді, 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЖАО басшысына ұсынады. Нәтижесі – тіркеу және ЖАО басшысына ұсыну;
      6) ЖАО басшысы келіп түскен құжаттар мазмұнымен танысады, резолюция жапсырады. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды. Нәтижесі – резолюция жапсыру;
      7) көрсетілетін қызметті беруші басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды. Нәтижесі – орындаушыға ұсыну;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 4 (төрт) жұмыс күн ішінде түскен құжаттардың заңға сәйкестігін қарайды, рұқсат беру жобасын дайындайды және ЖАО жолдайды немесе 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден дәлелді жазбаша бас тартады. Нәтижесі – нәтижені дайындау;
      9) ЖАО 3 (үш) жұмыс күні ішінде рұқсат беруді немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден дәлелді жазбаша бас тартуды қабылдайды, тіркейді және ЖАО кеңсесіне ұсынады. Нәтижесі – шешім қабылдау және тіркеу;
      10) ЖАО кеңсесі 1 (бір) жұмыс күні ішінде рұқсат берудің көшірмесін немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден дәлелді жазбаша бас тартуды ХҚКО іс қағаздарын тасымалдаушысы ұсынады. Нәтижесі – нәтижені ұсыну;
      11) ХҚКО іс қағаздарын тасымалдаушысы мемлекеттік қызмет нәтижесін немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден дәлелді жазбаша бас тартуды жинақтау жүйесіне сол күн ішінде тапсырады. Нәтижесі – нәтижені ұсыну;
      12) жинақтау секторы мемлекеттік қызмет нәтижесін немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден дәлелді жазбаша бас тартуды ХҚКО инспекторына 30 минут ішінде береді. Нәтижесі – нәтижені ұсыну;
      13) ХҚКО инспекторы мемлекеттік қызметтің нәтижесін немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден дәлелді жазбаша бас тартуды көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күн ішінде береді. Нәтижесі – нәтижені бері.
      9. Қызмет алушы мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін ХҚКО сұраныста көрсетілген күні жүгінеді (кезек күту уақытының ең ұзақ мерзімі 20 минут ішінде).
      ХҚКО жүгінудің әрбір үдерісін (iс-әрекетті) көрсетудің толық сипаттамасы осы Регламентің 2 қосымшасында көрсетілген блок-схемасына сәйкес жүргізіледі.
      10. Қызмет беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жолығу тәртібін және рәсімнің (iс-әрекеттің) реттілігін сипаттау.
      1) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін "Е-лицензиялау" мемлекеттік база мәліметінің ақпараттық жүйедегі автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МБМ АЖ АЖО) логин мен пароль енгізуі;
      2) 1-шарт – қызмет берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын "Е-лицензиялау" МБМ АЖ АЖО логин мен пароль арқылы тексеру;
      3) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны "Е-лицензиялау" МБМ АЖ АЖО қалыптастыру;
      4) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің таңдауы осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және қызмет беруші қызметкерінің көрсетілетін қызмет алушы деректерін енгізуі;
      5) 4-үдеріс – электронды үкімет шллюзі арқылы (бұдан әрі – ЭҮШ) заңды тұлғалардың мемлекеттік база мәліметінде/жеке тұлғалардың мемлекеттік база мәліметінде (бұдан әрі - ЗТ МБМ/ ЖТ МБМ) көрсетілетін қызметті алушы деректеріне сұрау салу;
      6) 2-шарт – ЗТ МБМ/ ЖТ МБМ көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуын тексеру;
      7) 5-үдеріс – ЗТ МБМ/ ЖТ МБМ көрсетілетін қызметті алушы деректерінің расталмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 6-үдеріс – қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы туралы бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына қоса беруі;
      9) 7-үдеріс – "Е-лицензиялау" МБМ АЖ АЖО сұранысты тіркеу және қызметті өңдеу;
      10) 8-үдеріс – "Е-лицензиялау" МБМ АЖ АЖО қөрсетілетін қызмет алушының құжаттарында бұзушылыққа байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 9-үдеріс – "Е-лицензиялау" МБМ АЖ АЖО қалыптастырылған қызмет нәтижесін көрсетілетін қызмет алушының алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-әрекеті, қызмет беруші арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету осы Регламентің 3 қосымшасындағы диаграммасына сәйкес көрсетілгендей жүргізіледі.
      11. Портал арқылы көрсетілетін қызмет кезіндегі функционалдық өзара iс-әрекетін және жүгіну тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда ЖСН/БСН және пароль көмегімен тіркеуді жүзеге асырады (ЭҮП тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен қызмет алу үшін ЖСН/БСН және паролін порталға енгізу (авторлау үдерісі);
      3) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы порталда тексеру;
      4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны порталмен қалыптастыру;
      5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды қоса беруі, сондай-ақ Стандартың 9 тармағында көрсетілгендей нақтылау үшін (қол қою үшін) тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін сұрауды таңдауы;
      6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген (ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін ЭҮП) тексеру;
      7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-үдеріс –ЭЦҚ арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП арқылы аймақтық электронды үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЭҮШ АЖО) электронды құжат (сұраныс) жолдап қызмет берушінің құжатты өңдеуі үшін сұранысты нақтылайды;
      9) 3-шарт – қызмет көрсетуге негіз болу үшін Стандарттың 9 тармағында көрсетілгендей қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушының қосымша жалғаған құжаттарға сәйкестігін тексеру (өңдеу);
      10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін электронды құжат формасындағы анықтама алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-әрекеті, портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезінде қатыстырылатын, осы Регламентің 4 қосымшасындағы диаграммасына сәйкес көрсетілген.
      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, соңымен қатар өзге көрсетірген қызмет берушілермен халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентің 5 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Іздестіру жұмыстарын жүргізу
үшін жер учаскелерін
пайдалануға рұқсат беру"
регламентіне 1 қосымша

Құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, рәсiмдердiң
(iс-әрекеттердің) реттiлiгiн сипаттау блок-схемасы

  "Іздестіру жұмыстарын жүргізу
үшін жер учаскелерін
пайдалануға рұқсат беру"
регламентіне 2 қосымша

ХҚКО жүгінудің әрбір үдерісін (iс-әрекетті) көрсетудің толық сипаттау
блок-схемасы

  "Іздестіру жұмыстарын жүргізу
үшін жер учаскелерін
пайдалануға рұқсат беру"
регламентіне 3 қосымша

Ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-әрекеті, қызмет беруші арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету диаграммасы

  "Іздестіру жұмыстарын жүргізу
үшін жер учаскелерін
пайдалануға рұқсат беру"
регламентіне 4 қосымша

Ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-әрекеті, портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету диаграммасы

  "Іздестіру жұмыстарын жүргізу
үшін жер учаскелерін
пайдалануға рұқсат беру"
регламентіне 5 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес- үрдістерінің анықтамалығы

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 136 қаулысымен
"БЕКІТІЛГЕН"

"Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметін "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесімен көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі - ЖАО) кеңсесі;
      www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесі суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің қаулысы (бұдан әрі – рұқсат беру) немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден дәлелді жазбаша бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны электрондық түрінде.

2. Мемлекеттiк көрсетілген қызмет үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      4. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бектіліген "Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1 қосымшасына сәйкес өтініш беру негізі болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушының порталда электрондық цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәләндырылған электрондық құжат нысанында Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сұрау салуы.
      5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсету үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері түскен құжаттарды берген сәттен бастап 15 минуттың ішінде тіркейді және басшыға ұсынады. Нәтижесі – тіркеу;
      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысы құжаттарды 1 (бір) күнтүзбелік күн ішінде қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды. Нәтижесі – орындаушыға жолдау;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 5 (бес) күнтүзбелік күн ішінде құжаттарды келіседі және келісім нәтижесі бойынша жинақтап оларды өзінің шешімімен келісу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жолдайды (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ) немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап 2 (екі) жұмыс күні береді. Нәтижесі – келісім алу үшін жолдайды;
      4) ҚР ҰЭМ ұсынылған материалдарды 14 (он төрт) күнтүзбелік күн ішнде орталық атқарушы органдардың ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау уәкілетті органдарымен келіседі және осы сұрақ бойынша нақты рұқсат беру үшін өзінің қорытынды жинақтарын қызмет берушіге жолдайды. Нәтижесі – келісу және орындауға жолдау;
      5) көрсетілетін қызметті беруші басшысы құжаттарды 1 (бір) күнтүзбелік күн ішінде қарайды және көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды. Нәтижесі – орындаушыға жолдау;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 (үш) күнтүзбелік күн ішінде рұқсат беру жобасын дайындайды және келісуге ЖАО жолдайды. Нәтижесі – нәтижені дайындау;
      7) ЖАО 5 (бес) күнтүзбелік күн ішінде рұқсат беруді қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды. Нәтижесі – шешім қабылдау және тіркеу;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 (бір) күнтүзбелік күн ішінде мемлекеттік қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді. Нәтижесі – нәтижені беру.

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
      ҚР ҰЭМ;
      ЖАО;
      көрсетілетін қызметті беруші басшысы;
      көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушы;
      көрсетілетін қызметті беруші кеңсе қызметкері.
      7. Құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, рәсiмдердi (iс-әрекеттердің) реттiлiгiн сипаттау осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес блок-схемасымен сүйемелденедi.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекет тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

      8. Портал арқылы көрсетілетін қызмет кезіндегі функционалдық өзара iс-әрекетін және жүгіну тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда ЭҮП ЖСН/БСН көмегімен және паролін тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен қызмет алу үшін ЖСН/БСН және паролін порталға енгізу (авторлау үдерісі);
      3) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы порталда тексеру;
      4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны порталмен қалыптастыру;
      5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттарды қоса беруі, сондай-ақ Стандартың 9 тармағында көрсетілгендей нақтылау үшін (қол қою үшін) тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін сұрауды таңдауы;
      6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген (ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін порталда тексеру;
      7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-үдеріс –ЭЦҚ арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП арқылы аймақтық электронды үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЭҮШ АЖО) электронды құжат (сұраныс) жолдап қызмет берушінің құжатты өңдеуі үшін сұранысты нақтылайды;
      9) 3-шарт – қызмет көрсетуге негіз болу үшін регламенттің 9 тармағында көрсетілгендей қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушының қосымша жалғаған құжаттарға сәйкестігін тексеру (өңдеу);
      10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электронды құжат формасындағы анықтама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-әрекеті, портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезінде қатыстырылатын, осы Регламентің 2 қосымшасындағы диаграммасына сәйкес көрсетілген.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, соңымен қатар өзге көрсетірген қызмет берушілермен халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентің 3 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Суармалы егiстiктi
суарылмайтын алқап түрлерiне
ауыстыруға рұқсат беру"
регламентіне 1 қосымша

Құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, рәсiмдердiң (iс-әрекеттердің) реттiлiгiн сипаттау блок-схемасы

  "Суармалы егiстiктi
суарылмайтын алқап түрлерiне
ауыстыруға рұқсат беру"
регламентіне 2 қосымша

Ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-әрекеті, портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету диаграммасы

  "Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру" регламентіне 2 қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 136 қаулысымен
"БЕКІТІЛГЕН"

"Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі - ЖАО) кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру (бұдан әрі - шешім) немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден дәлелді жазбаша бас тартады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 "Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес өтініш беру негізі болып табылады.
      5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны:
      1) ЖАО кеңсе қызметкері түскен құжаттарды қабылдайды және тіркейді. Құжаттар пакетін тіркегеннен кейін 1 (бір) күнтүзбелік күн ішінде ЖАО басшысына ұсынады. Нәтижесі – тіркеу және ЖАО басшысына ұсыну;
      2) ЖАО басшысы келіп түскен құжаттар мазмұнымен танысады, резолюция жапсырып және 1 (бір) күнтүзбелік күн ішінде көрсетілетін қызмет берушінің басшысына жолдайды. Нәтижесі – резолюция жапсыру;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына 1 (бір) күнтүзбелік күн ішінде орындауға жолдайды. Нәтижесі – орындаушыға ұсыну;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 20 (жиырма) күнтүзбелік күн ішінде түскен құжаттардың заңға сәйкестігін қарайды, құжаттардың толықтығын тексереді, шешім жобасын дайындайды және ЖАО жолдайды немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет беруден дәлелді жазбаша бас тартады. Нәтижесі – нәтижені дайындау;
      5) ЖАО 6 (алты) күнтүзбелік күн ішінде шешім қабылдайды, тіркейді және ЖАО кеңсесіне жолдайды. Нәтижесі – шешім қабылдайды және тіркейді;
      6) ЖАО кеңсе қызметкері 1 (бір) күнтүзбелік күн ішінде шешімді көрсетілетін қызметті алушыға ұсынады. Нәтижесі – нәтижені ұсыну.

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
      ЖАО кеңсе қызметкері;
      ЖАО басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      7. Құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, рәсiмдердiң (iс-әрекеттердің) реттiлiгiн сипаттау осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес блок-схемасымен өту сүйемелденедi.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекет тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

      8. "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалы арқылы, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы және www.elicense.kz "Е-лицензия" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс- әрекеттердің) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің, соңымен қатар өзге көрсетірген қызмет берушілермен және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Ауыл шаруашылығы
алқаптарын бір түрден
екінші түрге ауыстыру шешімін