Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 154 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 маусымда № 3950 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асубұлақ кенті әкімінің 22.12.2014 № 2 шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7)-тармақшасына сәйкес және Ұлан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 118 ұсынысы негізінде, Ұлан ауданы Асубұлақ кентінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Ұлан ауданы Асубұлақ кентінде "Орман шаруашылығы" учаскесінде мүйізді ұсақ малдың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Асубұлақ кенті әкімінің аппаратының бас маман С.Толеухановты осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Асубұлақ кентінің әкімі М. Мукашев