Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңдарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Отбасы және балалар саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 107-890 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде 2014 жылғы 10 шілдедегі № 820 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 шілдедегі № 77 (3134) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 15 шілдедегі № 76 (3152) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған.
3. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі Ә. Жақсыбеков
Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 6 тамыздағы
№ 107-1347 қаулысымен
бекітілді
«Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен
жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе
қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың
анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана қаласы әкімдігінің уәкілетті органы – «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – қызмет беруші) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО), «электрондық үкімет»: www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) және Астана қаласы әкімдігінің «Электрондық қызметтер»: www.e.astana.kz кіші жүйесі арқылы көрсетеді. Регламент Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша беретін анықтамасы не болмаса Стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен және мөрмен расталады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсетуді қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат түрінде жіберіледі.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету үдерісінде көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
iс-қимылы тәртiбiн сипаттау
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету бойынша рәсiмдi (іс-әрекетті) бастауға Стандартқа 2, 3-қосымшаларда белгіленген нысан бойынша өтiнiштiң немесе ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат үлгісіндегі сұраудың болуы негiздеме болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызметті көрсету үдерісінің құрамына кiретiн рәсiмдердің (іс-әрекеттердің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
1-әрекет – қызмет берушінің маманы құжаттарды Стандарттың 9-тармағында қарастырылған талаптарға сәйкестігін қарайды және анықтама дайындайды – 2-3 (екі-үш) жұмыс күні ішінде.
1-әрекет бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызмет рәсiмінің (іс-әрекеттің) нәтижесi қызмет берушінің маманымен құжаттардың Стандарттың 9-тармағында қарастырылған талаптарға сәйкестігін қарауы және кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдарының анықтамасын дайындауы.
2-әрекет – қызмет берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды – 20 (жиырма) минут ішінде.
2-әрекет бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызмет рәсiмінің (іс-әрекеттің) нәтижесi қызмет беруші басшысының қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы болып табылады;
3-әрекет – қызмет берушінің басшысы қол қойған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдау – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
3-әрекет бойынша көрсетілетін мемлекеттiк қызмет рәсiмінің (әрекеттің) нәтижесi қызмет беруші басшысының қолы қойылған нәтижені көрсетілетін қызметті алушыға жолдау болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды.
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету үдерісінде көрсетiлетiн
қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
өзара iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
6. Мемлекеттiк қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесi:
1) қызмет берушінің маманы;
2) қызмет берушінің басшысы.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес блок-сызбамен сүйемелденеді.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де
көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн,
сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық
жүйелердi пайдалану тәртiбiнің сипаттамасы
8. Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып ХҚКО-ға жүгіну тәртібінің сипаттамасы:
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға жүгінеді және Стандарттың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды ұсынады.
Қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы – 15 (он бес) минут, құжаттарды тапсырған күні.
Қызмет берушіге сұрауды дайындау және жолдау тәртiбi:
қызметті беруші қызметкерінің Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
сұрау салу нысанын қағаз нысанындағы құжаттардың болуы туралы белгілеу бөлігінде толтыру және қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына бекітуі;
электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО-да тіркеу және қызметті ЭҮШ АЖО-да өңдеу;
көрсетілетін қызметті алушының ЭҮӨШ АЖО-да қалыптастырылған қызмет көрсету нәтижесін алуы (анықтаманы беру). Электрондық құжат қызмет берушінің лауазымды тұлғасының ЭЦҚ-сы пайдаланумен қалыптастырылады.
Қызмет берушінің сұрауын жолдауға уәкілетті құрылымдық бөлімшілер немесе лауазымды тұлғалары:
ХҚКО операторы.
ХҚКО қызметкерлерінің қызметті алушыға сұрау салуы ХҚКО ЫАЖ тiркеу және өңдеу кезiндегi iс-қимылдары Регламентке 3-қосымшаға сәйкес ХҚКО ЫАЖ арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің № 1 диаграммасында көрсетілген.
ХҚКО және (немесе) өзге де қызметті берушiлермен өзара iс-қимылдың, оның iшiнде мемлекеттiк қызметті көрсету мәселелерi бойынша қызмет берушiлердiң сұрау салуларын қалыптастыру және жолдау рәсiмiнің (іс-әрекеттің) реттiлiгi мен мерзiмдерi:
1) 1-үдеріс – ХҚКО операторының қызметті көрсету үшін ХҚКО ЫАЖ-не логин мен парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі) – 1 (бір) минут;
2) 2-үдеріс – ХҚКО операторының Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, электрондық қызметті көрсету үшін экранға сұрау салу нысанын шығару және ХҚКО операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхаты бойынша деректерді енгізуі (нотариалды куәландырылған сенімхат болғанда, сенімхатты өзге де куәландыру кезінде – сенімхат деректері толтырылмайды) – 1 (бір) минут;
3) 3-үдеріс – ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ-ға көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ БНАЖ-да көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхатының деректері туралы сұрауын жолдау – 2 (екі) минут;
4) 1-шарт – қызметті алушы деректерінің ЖТ МДҚ-да, БНАЖ-да сенімхат деректерінің болуын тексеру – 2 (екі) минут;
5) 4-үдеріс – қызметті алушы деректерінің ЖТ МДҚ-да, БНАЖ-да сенімхат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру – 2 (екі) минут;
6) 5-үдеріс – ХҚКО операторының көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың қағаз түрінде болуы және сканерленген құжаттар туралы сұрау нысанын толтыруы, оларды сұрау нысанына тіркеу және толтырылған нысанды (енгізілген мәліметтер) ЭСҚ арқылы растауы – 1 (бір) минут;
7) 6-үдеріс – ХҚКО операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) ЭҮШ арқылы ЭҮӨШ АЖО-на жолдау – 1 (бір) минут;
8) 7-үдеріс – электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО-да тіркеу – 5 (бес) жұмыс күні;
9) 2-шарт – қызметті беруші маманының қызмет алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген және электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіз болатын қоса берілген құжаттарының сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
10) 8-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұратып отырған электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
11) 9-үдеріс – қызметті алушының ХҚКО операторы арқылы электрондық мемлекеттік қызметтің нәтижесін (анықтамасын) алуы.
9. Мемлекеттік қызметті ХҚКО арқылы көрсету нәтижесін алу үдерісі:
1) көрсетілетін қызметті алушы өтініш пен Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасымен ХҚКО-на жүгінеді;
2) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы – 15 (он бес) минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (анықтаманы) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін жүгінеді;
4) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады.
10. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібі және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің реттілігі Регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара iс-әрекетінің № 2 диаграммасында көрсетілген:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП–де тіркеуді ЖСН мен парольдің көмегімен жүзеге асырады (ЭҮП-де тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-ге ЖСН мен парольді (авторизациялау үдерісі) енгізуі;
3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалылығын ЭҮП-де тексеру;
4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ЭҮП авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3-үдеріс – қызмет алушының Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, қызмет алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарға электронды түрде сұрауы нысанына бекітуі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрауын куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – ЭҮП-де ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін, қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктері тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрауында көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;
7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығының расталмауына байланысты сұратып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ көмегімен электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрауды куәландыру және электрондық құжатты (сұрауды) ЭҮШ арқылы ЖАО өңдеу үшін ЭҮӨШ АЖО-ға жолдау;
9) 6-үдеріс – электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО-да тіркеу;
10) 3-шарт – қызмет беруші маманның көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген және электрондық қызметті көрсету үшін негіз болатын қоса берілген құжаттарының сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұратып отырған электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
12) 8-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭҮӨШ АЖО қалыптастырған электрондық мемлекеттік қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы анықтаманы) алуы. Электрондық құжат қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қолдану арқылы қалыптастырылады.
11. ЭҮӨШ АЖО порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібі және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің реттілігі Регламентке 2-қосымшаға сәйкес блок-сызбада көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы қадамдық іс–қимылдар мен шешімдері Регламенттің 4-қосымшасында, № 3 диаграммада келтірілген:
1) 1-үдеріс – мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің ЭҮӨШ АЖ АЖО-ға логин мен пароль енгізуі (авторизациялау үдерісі);
2) 1 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалылығын логин және пароль арқылы ЭҮӨШ АЖ АЖО-да тексеру;
3) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы ЭҮӨШ АЖ АЖО-да хабарлама қалыптастыру;
4) 3-үдеріс – ЭҮӨШ АЖ АЖО-да авторизациялау;
5) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің қызметті таңдауы, электрондық мемлекеттік кызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау нысанын толтыруы (деректерді енгізуі);
6) 5-үдеріс – ЖТ МДҚ-ға көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерге сұрауын жіберу;
7) 6-үдеріс – қызмет алушының деректерін өңдеу, оның өтінішін қарау ішінде;
8) 2-шарт – ЭҮӨШ АЖ АЖО-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінің түпнұсқалығын тексеру;
9) 7-үдеріс – қызмет алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
10) 8-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық мемлекеттік қызметтің нәтижесін алуы.
Регламентте қолданылатын түсініктер мен қысқарулар:
1) АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны;
2) ақпараттық жүйе (АЖ) – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе;
3) бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйе (БНАЖ) – нотариалдық қызметті және әділет органдары мен нотариалды палаталардың өзара іс-қимылын автоматтандыру үшін арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
4) жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын жеке сәйкестендіру нөмірі;
5) ЖТ МДҚ – «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры;
6) халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі (ХҚКО АЖ) – халыққа қызмет көрсету орталығы, халыққа қызмет көрсету үдерісін автоматтандыруға арналған Қазақстан Республикасы халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі;
7) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлік нысанда берілетін, ЭЦҚ көмегімен куәландырылатын құжат;
8) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдана отырып электронды нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
9) электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы;
10) «электрондық үкімет» шлюзі (ЭҮШ) – электрондық қызметтерді іске асыру аясында «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесінің ықпалдасуына арналған «электрондық үкімет» шлюзі;
11) «электрондық үкімет» өңірлік шлюзі (ЭҮӨШ) – электрондық көрсетілетін қызметтерді іске асыру аясында «электрондық әкімдік» ақпараттық жүйелерін біріктіру үшін арналған «электрондық үкімет» кіші шлюзінің жүйесі;
12) «электрондық үкімет» порталы (ЭҮП) – құқықтық базаны қосқандағы шоғырланған үкіметтік ақпараттың барлығына және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімдіктің ортақ терезесі болып келетін ақпараттық жүйе.
«Кәмелетке толмаған балаларға
меншік құқығында тиесілі мүлікпен
жасалатын мәмілелерді ресімдеу
үшін қорғаншылық немесе
қамқоршылық бойынша функцияларды
жүзеге асыратын органдардың
анықтамаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Әрбір рәсімді (іс-қимылды) өту блок сызбасы
«Кәмелетке толмаған балаларға
меншік құқығында тиесілі мүлікпен
жасалатын мәмілелерді ресімдеу
үшін қорғаншылық немесе
қамқоршылық бойынша функцияларды
жүзеге асыратын органдардың
анықтамаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
ХҚКО жүгінген кезде мемлекеттік қызмет алудың блок – сызбасы
«Кәмелетке толмаған балаларға
меншік құқығында тиесілі мүлікпен
жасалатын мәмілелерді ресімдеу
үшін қорғаншылық немесе
қамқоршылық бойынша функцияларды
жүзеге асыратын органдардың
анықтамаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық
өзара іс-қимылның № 1 диаграммасы
«Кәмелетке толмаған балаларға
меншік құқығында тиесілі мүлікпен
жасалатын мәмілелерді ресімдеу
үшін қорғаншылық немесе
қамқоршылық бойынша функцияларды
жүзеге асыратын органдардың
анықтамаларын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша