Отбасы және балалар саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 107-890 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылы 10 шілдеде № 820 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 107-1347 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 524-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесінде:
      39-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
      «39. Конституциялық Кеңестің мүшелері, Жоғарғы Соттың қадағалаушы сот алқаларының төрағалары мен судьялары».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсімов