Қазақстан Республикасының «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет
ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 27-492қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 105-1808 қаулысына (бұдан әрі – қаулы) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 7 қарашада № 851 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 қарашадағы № 127 (3184) «Астана ақшамы» және 2014 жылғы 8 қарашадағы № 126 (3202) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қаулының орыс тіліндегі мәтінінде:
2-тармақтағы «учереждения» деген сөз «учреждения» деген сөзбен ауыстырылсын;
қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді.
2. «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялауды жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім Ә. Жақсыбеков