"Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 27-492қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 105-1808 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 105-249 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 2 сәуірде № 894 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 105-8 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 08.01.2018 № 105-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет

      ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 27-492қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 105-1808 қаулысына (бұдан әрі – қаулы) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 7 қарашада № 851 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 қарашадағы № 127 (3184) "Астана ақшамы" және 2014 жылғы 8 қарашадағы № 126 (3202) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      қаулының орыс тіліндегі мәтінінде:

      2-тармақтағы "учереждения" деген сөз "учреждения" деген сөзбен ауыстырылсын;

      қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді.

      2. "Астана қаласының Мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялауды жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Әкім

Ә. Жақсыбеков