«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 521/75-ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 30 желтоқсанда 707 нөмірмен тіркелген, 2012 жылғы 7 қаңтарда № 2 «Астана ақшамы», 2012 жылғы 7 қаңтарда № 2 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) «Қалқанша безінің медуллярлы ісігі» ауруына дәрілер, «Вандетаниб» препараты».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы Қ. Құлмұқанов
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы С. Есілов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Астана қаласының
Денсаулық сақтау
басқармасы» (ДБ) мемлекеттік
мекемесінің басшысы Э. Байжүнісов