Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы

Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 521/75-IV шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 30 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 707 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 170/21-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 20.07.2017 № 170/21-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Азаматтардың жекелеген санаттары жергілікті бюджет қаражаты

      есебінен амбулаторлық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілсін:

      1) "Колистиметат" препараты, муковисцидоз ауруын емдеу үшін ингаляция ерітіндісін жасауға арналған мөлшеріндегі ұнтақ;

      2) Алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 23.09.2014 № 282/40-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3) "Бозентан" препараты, бастапқы өкпе гипертензиясы ауруын емдеуге арналған мөлшеріндегі таблетка;

      4) "Леветирацетам" препараты, эпилепсия ауруын емдеуге арналған мөлшеріндегі таблеткалар;

      5) Алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 23.09.2014 № 282/40-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6) Драве синдромы ауруына арналған "Стирипентол" препараты, капсула;

      7) Қалқанша безінің медуллярлы ісігі ауруына арналған "Вандетаниб" препараты, таблеткалар;

      8) "Инфликсимаб" препараты, көктамыр ішіне енгізілетін ерітінді дайындау үшін концентрат дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ, 100 мг, "Бехтерев ауруына" арналған "Адалимумаб" инъекцияға арналған 40 мг/0,8 мл ерітінді;

      9) Муковисцидоз ауруына арналған "Тобрамицин" препараты, капсулаларда ингаляцияға арналған 28 мг ұнтақ.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 23.09.2014 № 282/40-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.12.2015 № 433/61-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.09.2016 № 46/8-VI (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы мәслихаты


сессиясының төрағасы

А.Ким

Астана қаласы


мәслихатының хатшысы

Ж.Нұркенов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Астана қаласының Денсаулық

      сақтау басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің (ДСБ) бастығы

      А.Сегізбаев

      2011 жылғы 18 қараша