Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 14.02.2019 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 296 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11001 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 мамырда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі келесі мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"
4 | Ақпарат алу | Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру |
Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру | ||
Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру |
".
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларындағы іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрінің міндетін атқарушы | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
___________ А. Мамытбеков
2016 жылғы 19 ақпан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Әділет
___________ Б. Имашев
2016 жылғы 8 қаңтар
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
___________ А. Сәрінжіпов
2016 жылғы 3 ақпан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2016 жылғы 12 ақпан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2016 жылғы "____"_______
министрі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің м.а.
___________ Қ. Өскенбаев
2016 жылғы 21 қаңтар
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
___________ Қ. Қасымов
2016 жылғы 14 қаңтар