Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақша айналысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 230 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13316 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақша айналысы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақша айналысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесі бекітілсін.
      2. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Балахметов А.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                            Д. Ақышев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрлігі
      _______________ Қ. Қасымов
      2016 жылғы «___» __________

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 230 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақша айналысы мәселелері бойынша  өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесі

      1. «Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларында:
      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу тәртібін, сондай-ақ қолма-қол ақшаны, басқа құндылықтарды сақтауды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда, олардың филиалдарында (бұдан әрі – банктер) касса тәртібінің сақталуына бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті талаптарды белгілейді.».
      2. «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қағидалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) филиалдарының, екінші деңгейдегі банктердің және Ұлттық пошта операторының (бұдан әрі – уәкілетті банктер) бағалы металдардан жасалған монеталардан басқа, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау жөніндегі операцияларды және шынайылығы мен төлемділігі айқындалғаннан кейін олармен жекелеген операцияларды жүргізу тәртібін белгілейді.»;
      15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ұлттық Банк өтелу белгілерінің сипаттамаларын уәкілетті банктерге жібереді.»;
      15-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-1. Айналыстан алынған, механикалық өңдеуге (бедерлеуге) ұшыраған, монеталардың заңды төлем құралы ретіндегі күшін жоғалтқанын білдіретін тиісті механикалық өңдеу (бедерлеу) белгілері бар монеталар бедерленген монеталар болып табылады. Ұлттық Банк бедерлеу белгілерінің сипаттамаларын уәкілетті банктерге жібереді.»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Уәкілетті банктер ұсынылған сомаға қарамастан, тозығы жеткен төлем банкноттары мен ақаулы (бүлінген) монеталарды барлық төлем түрлері мен ақша аударымдары үшін қабылдайды.»;
      22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Ұлттық Банк белгілеген банкнот көлемдерінің 50%-нан (елу пайызынан) астамын сақтаған, бүлінген, банкноттардың шынайылығын айқындауды қиындататын күмәнді банкноттарды уәкілетті банктер қабылдайды және олардың шынайылығын белгілеу үшін сараптамаға жібереді.»;
      23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Күмәнді монеталарды уәкілетті банктер қабылдайды және олардың шынайылығын белгілеу үшін сараптамаға жібереді.»;
      2425-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Уәкілетті банктерге келіп түскен тозығы жеткен, ақаулы (бүлінген) төлем банкноттары мен монеталары сұрыпталады, айналысқа шығарылмайды және Ұлттық Банктің филиалдарына жіберіледі.
      25. Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген банкноттар мен монеталарды уәкілетті банктер айналысқа жарамды банкноттар мен монеталарға айырбастайды. Айырбастағаны үшін ақы алынбайды.»;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Уәкілетті банктердің касса қызметкерлері бүлінген банкноттардың сақталған көлемін анықтаған кезде арнайы торларды (Қағидаларға 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-қосымшалар) пайдаланылады.
      Бүлінген банкнот оның сериялық нөмірлері басылған беті көрінетіндей және сақталған шеттері тордың шектеріне дәл келетіндей етіп тиісті номиналға арналған торға орналастырылады. Егер банкноттың ешбір шеті толық сақталмаса, онда банкноттың ең аз зақымдалған екі шеті тордың төменгі және оң жақ шегімен беттестіріледі, бұл ретте оның бағытына мән берілмейді. Бүлінген банкноттың контуры айналдыра жиектеліп сызылады. Контурдың сызығы өткен торкөздер саны жинақталып қосылады да, екіге бөлінеді. Шыққан санға банкнотты жайып салған кезде жабылған торкөз саны қосылады. Шыққан нәтижеден бөлшек бөлігі алып тасталады. Егер алынған нәтиже тордың 140 немесе одан артық торкөзін құраса, банкнот айырбасталуға жатқызылады деп саналады.
      Тормен жұмыс істеген кезде банкноттардың көлеміндегі Ұлттық Банк белгілеген банкноттар көлеміндегі рұқсат етілген ауытқу шегіндегі ауытқулар есептелмейді. Рұқсат етілген ауытқулар шегін Ұлттық Банк уәкілетті банктерге жеке жеткізеді. Көлемдегі рұқсат етілген ауытқудың нәтижесінде банкнотпен толық жабылмаған торкөздер тұтас толтырылған болып саналады.
      Толтырылған торлар уәкілетті банк кассасының жеке ісінде сақталады және Ұлттық Банк филиалының талап етуі бойынша беріледі. Торға оны толтырған касса қызметкері қол қояды және уәкілетті банктің касса меңгерушісі куәландырады.».
      3. «2006 жылғы үлгідегі және 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 250 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10205 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтың 1) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық пошта операторы:».