Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1201 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13283 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б.Қазанғап):

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталдарында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ___________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 21 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрі

      ___________ Е. Имашев

      2015 жылғы 27 қаңтар

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ___________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 21 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 23 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық банкінің төрағасы

      ___________ Д. Ақышев

      2016 жылғы 5 қаңтар

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2016 жылғы 18 қаңтар



  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушысының
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1201 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.03.2022 № 87/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Кеден органдарының шлюзі;

      2. Интеграциялық шина;

      3. "Көлік деректер қоры" ақпараттық-талдау жүйесі;

      4. "E-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешендегі салаларды басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі";

      5. "Е-лицензиялау" Мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесі;

      6. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;

      7. "е-Статистика" интеграцияланған ақпараттық жүйесі;

      8. "Еуразиялық экономикалық одақтың тіркелген дәрілік заттардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" ақпараттық жүйесі;

      9. Сәйкестік сертификаттар мемлекеттік тізілімі ақпараттық жүйесі;

      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "ҚР ҰБ шлюзі" бағдарламалық – аппараттық кешені" ақпараттық жүйесі;

      11. "Ұлттық зияткерлік меншік институты" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      12. "Еуразиялық экономикалық одақтың дәрілік заттарды өндірушілердің уәкілетті тұлғаларының бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" ақпараттық жүйесі;

      13. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында анықталған сапасы бойынша талаптарға сәйкес келмейтін дәрілік заттардың, сондай-ақ жалған және (немесе) контрафактілік дәрілік заттардың бірыңғай ақпараттық деректер қорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" ақпараттық жүйесі;

      14. "Дәрілік заттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қамтитын дәрілік заттарға анықталған жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша бірыңғай ақпараттық деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" ақпараттық жүйесі;

      15. "Тоқтатылған, кері қайтарып алынған және медициналық қолдануға тыйым салынған дәрілік заттар бойынша бірыңғай ақпараттық деректер қорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" ақпараттық жүйесі;

      16. "Еуразиялық экономикалық одақтың фармацевтикалық инспекторларының бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" ақпараттық жүйесі;

      17. "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тіркелген медициналық бұйымдардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" ақпараттық жүйесі;

      18. "Медициналық бұйымдарды тіркеу мақсатында оларға зерттеулер (сынақтар) жүргізуді жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одақтың уәкілетті ұйымдарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" ақпараттық жүйесі;

      19. "Медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі мониторингінің бірыңғай ақпараттық дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" ақпараттық жүйесі;

      20. "Тауарларды таңбалау және қадағалау" ақпараттық жүйесі;

      21. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамының ақпараттық жүйесі.