Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1201 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13283 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б.Қазанғап):
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталдарында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы              Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      ___________ А. Мамытбеков
      2015 жылғы 21 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі
      ___________ Е. Имашев
      2015 жылғы 27 қаңтар

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ___________ Т. Дүйсенова
      2015 жылғы 21 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ___________Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 23 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық банкінің төрағасы
      ___________ Д. Ақышев
      2016 жылғы 5 қаңтар

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________ Е. Досаев
      2016 жылғы 18 қаңтар

Қазақстан Республикасының    
Инвестициялар және даму     
министрінің міндетін атқарушысының
2015 жылғы 14 желтоқсандағы   
№ 1201 бұйрығымен бекітілген   

Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық
ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер
мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі

      1. Кеден органдарының шлюзі.
      2. Интеграциялық шина.
      3. «Көлік деректер қоры» ақпараттық-талдау жүйесі.
      4. «E-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешендегі салаларды басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі».
      5. «Е-лицензиялау» Мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесі.
      6. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі.
      7. «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесі.
      8. «Дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді басқару, дәрілік заттарды мониторингтеу жүйесі» ақпараттық жүйесі.
      9. Сәйкестік сертификаттар мемлекеттік тізілімі ақпараттық жүйесі.
      10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйесі.
      11. «Ұлттық зияткерлік меншік институты» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.