Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есебін жасаудың және ұсынудың нысаны мен қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1154 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 714 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13242 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылар есебінің нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есебін жасаудың және ұсынудың қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрдің
міндетін атқарушы
_______________________ А. Рау

Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________ В. Школьник

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ______________ А. Сәрінжіпов

      2016 жылғы 26 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1154
және Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 714 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есебін жасаудың және ұсынудың қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есебін жасаудың және ұсынудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 18-бабы 21) тармақшасына және 19-бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнаудың пайдаланушылардың есебін жасау мен ұсынудың тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда Заңда белгіленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) құзыретті орган – Қазақстан Республикасы атынан барлауға, өндiруге, бiрлесіп барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарды жасау мен орындауға байланысты, кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге келісімшарттарды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен өзгеше белгіленбесе, құқықтарын жүзеге асыратын Казақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;

      2) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігі мен мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы.

2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есебін жасау тәртібі

      3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есебін жасау Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есебі нысанын (бұдан әрі - Нысан) мынадай тәртіпте есептік кезең үшін ақпаратпен әрбір оқу орны бойынша жеке жолма-жол толтыру арқылы жүзеге асырылады:

      1) 1-бағанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

      2) 2-бағанда Елдердің мемлекетаралық жіктеуішіне сәйкес оқу орны елінің коды көрсетіледі. Егер заңды тұлға - оқу орны Қазақстан Республикасының резиденті болып табылса, Қазақстан Республикасының коды көрсетіледі;

      3) 3-бағанда мамандықтар бойынша (қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға) оқытуды жүргізетін (жүргізген) оқу орнының атауы көрсетіледі;

      4) 4-бағанда оқу орнының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Егер заңды тұлға - оқу орны Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда, баған толтырылмайды;

      5) 5-бағанда оқу орнының Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес оқу орнын Заңды түрде тіркеген елді мекеннің коды көрсетіледі. Егер оқу орны - заңды тұлға Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда баған толтырылмайды;

      6) 6-бағанда оқу орнының заңды тіркелген мекенжайы: елді мекені, көшесі, үйі, кеңсесі көрсетіледі;

      7) 7-бағанда оқу орнының электрондық мекенжайы көрсетіледі;

      8) 8-бағанда оқу орнының веб-сайты (болған жағдайда) көрсетіледі;

      9) 9-бағанда оқу орнының байланыс телефоны, факсы көрсетіледі;

      10) 10-бағанда келісімшартты орындау кезінде тартылған және оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға оқу орнына (3-бағанда көрсетілген) жіберілген, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын қызметкердің және (немесе) құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша оқытуға жіберілген Қазақстан Республикасы азаматының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі;

      11) 11-бағанда тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), 10-бағанда көрсетілген Қазақстан Республикасы азаматының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) көрсетіледі;

      12) 12-бағанда келісімшартты орындау кезінде тартылған және оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға оқу орнына жіберілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын қызметкердің лауазымы/кәсібі көрсетіледі. Баған оқуға бағытталатын Қазақстан Республикасының азаматы жер қойнауын пайдаланушының қызметкері болған жағдайда ғана толтырылады;

      13) 13-бағанда құзыретті органмен келісілген тізбе бойынша мамандықтар атауы көрсетіледі. Баған жер қойнауын пайдаланушыда құзыретті органмен келісілген тізбе болған жағдайда ғана толтырылады;

      14) 14-бағанда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ұсынған және құзыретті органмен келісілген тізбе бойынша тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында келісімшартты орындау кезінде тартылған мамандықтар бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалған сома көрсетіледі;

      15) 15-бағанда жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның жанындағы меншікті оқу (оқыту) орталықтарында кадрларды кәсіби даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыру бойынша шығыстар мөлшері көрсетіледі.

      Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның жанындағы меншікті оқу (оқыту) орталықтарында кадрларды кәсіби даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыру бойынша шығыстар сомасына:

      оқытушыларың/ жаттықтырушылардың еңбек жалақысы;

      әдістемелік және үлестіру үйретуші материалдарын және көрнекті құралдарын сатып алу және/немесе әзірлеу;

      материалдық-техникалық жарақтандыру шығыстары;

      үй-жайды жалдау;

      коммуналдық қызмет шығыстары;

      кеңсе тауарлары шығыстары;

      жоспарлы және жедел жөндеуді жүргізу шығыстары кіреді;

      16) 16-бағанда Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының азаматын құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша оқытуға жіберілген, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкердің оқытуды, біліктілігін арттыруды және оны қайта даярлауды ұйымдастыруға және өткізуге қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу шығыстарының сомасы көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының азаматын құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша оқытуға жіберілген, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкердің оқыту, біліктілігін арттыру және оны қайта даярлау бойынша шығыстар сомасына:

      көрсетілетін қызметтерді жеткізушімен белгіленген оқыту бағдарламасының құны;

      Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының азаматын құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша оқытуға жіберілген, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкердің іссапарымен байланысты (оқыту орнына және қайта жол жүру, іссапар кезінде тұру және тәулікті) шығыстары; қосылған құн салығын төлеу кіреді;

      17) 17-бағанда Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстан Республикасының азаматын құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша оқу орнында оқытуға жіберілген немесе келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға және оны қайта даярлауға жұмсалған 14, 15 және 16-бағандарда көрсетілген шығыстар сомасы, мың теңгемен, қосылған құн салығын есепке ала отырып көрсетіледі.

3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) уран мен көмірді қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларға, жер асты сулары мен емдік балшыққа арналған келісімшарттар бойынша құзыретті органмен және көмірсутегі шикізатына, уранға және көмірге арналған келісімшарттар бойынша құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есебін ұсыну тәртібі

      4. Жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен айқындалған құзыретті органға EXCEL форматында электрондық түрде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және оларды өндірушілер тізілімінде орналастыру жолымен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) уран мен көмірді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдік балшық жөніндегі құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есепті ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен айқындалған құзыретті органға ЕХСЕL форматында электрондық түрде мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның веб-сайтында орналастыру жолымен Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) көмірсутегі, уран және көмір бойынша құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есепті ұсынады және оны бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1154
және Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 714 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
 

      Нысан

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келісімшартты орындау кезінде тартылған қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға және (немесе) құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшері жөніндегі міндеттемелерді орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есебі

Жер

қойнауын

пайдалану

жөніндегі операцияларды

жүргізуге

арналған

келісімшартты

мемлекеттік

тіркеу

актісінің тіркеу

нөмірі

Оқу

орны

елінің

коды

Оқу

орнының

атауы

Оқу

орнының

БСН

Оқу орнының

заңды

тіркелген

елді

мекенінің

коды

Оқу

орнының заңды

тіркелген

мекенжайы

Оқу

орнының

электрондық

мекенжайы

Оқу

орнының

веб-сайты

Оқу

орнының

байланыс

телефоны,

факсы

1

2

3

4

5

6

7

8

9


Қазақстан

Республикасының

азаматы

болып

табылатын,

келісімшартты

орындау

кезінде

тартылған

және

оқытуға,

біліктілігін

арттыруға

және

қайта

даярлауға

жіберілген

қызметкеткердің

немесе

құзыретті

органмен келісілген

мамандықтар

тізбесі бойынша

оқытуға

жіберілген

ҚазақстанРеспубликасы

азаматының

тегі, аты және

әкесінің

аты (ол

болған

жағдайда)

Қазақстан

Республикасының

азаматы

болып

табылатын,

келісімшартты

орындау

кезінде

тартылған

және

оқытуға,

біліктілігінарттыруға

және

қайта

даярлауға

жіберілген

қызметкерлердің

немесеқұзыретті

органмен

келісілген

маман-дықтар

тізбесі

бойынша

оқытуға

жіберілген

Қазақстан

Республикасы

азаматының

ЖСН-ы

Келісім-шартты

орындау

кезін де

тартылған

және оқытуға,

біліктілігінарттыруға

және

қайта даярлауға

оқу

орнына

жіберілген

Қазақстан

Республикасының

азаматы

болып

табылатын

қызметкердің

лауазымы/

кәсібі

Құзыретті органменкелісілген

тізбебойыншамамандық

атауы

Облыстың, республикалық

маңызы

барқаланың,астананыңжергіліктіатқарушы

органы ұсынғанжәне құзыретті

органмен

келісілгентізбе

бойыншатиісті

облыстың,

республикалық

маңызыбар

қаланың,

астананың

аумағында

келісімшартты

орындау

кезінде

тартылған

мамандықтар

бойынша

кадрларды

даярлауды

жүзегеасыратын

білім

беру ұйымдарының

материалдық

техникалық

базасын

жақсартуүшін

қажетті

тауарларды,

жұмыстармен көрсетілетінқызметтерді

сатыпалуға

жұмсалған

сома

Жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғаның жанындағы меншікті оқу (оқыту) орталықтарында кадрларды кәсіби даярлауды және қайта даярлауды қаржыландыру бойынша шығыстар

мөлшері

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының азаматын

құзыретті

органмен

келісілген

мамандықтар

тізбесі

бойынша

оқытуға

жіберілген,

келісімшартты

орындау

кезіндетартылған

қызметкердің

оқытуды,

біліктілігін

арттыруды

және оны

қайта

даярлауды

ұйымдастыруға

және өткізуге

қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін

қызметтерді

сатып

алу шығыстар

сомасы

Қазақстан Республикасының

азаматы болып табылатын және Қазақстан Республикасының азаматын

құзыретті органмен келісілген мамандықтар тізбесі бойынша оқу орнында оқытуға жіберілген немесе келісімшартты орындау кезінде тартылған

қызметкерді

оқытуға,

біліктілігін

арттыруға

және оны

қайта

даярлауға

жұмсалған

14, 15 және

16-бағандарда

көрсетілген

шығыстар сомасы, мың теңгемен,

қосылған құн

салығын

есепке ала

отырып

10

11

12

13

14

15

16

17


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ҚҚС - қосылған құн салығы

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі