Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1211 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 12 ақпанда № 13063 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 100-бабы 2–тармағының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4)  осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі           Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ______________ ______________
      2016 жылғы 15 қаңтар

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ______________ _______________
      2016 жылғы 14 қаңтар

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы   
№ 1211 бұйрығымен бекітілген  

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға
инновациялық гранттар беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 100-бабының 2) тармағының 18) тармақшасына сәйкес әзірленген және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттарды беру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) грант алушы – осы Қағидаларға сәйкес грант алған тұлға;
      2) гранттық қаржыландыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) – құрамына уәкілетті органның және басқа мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың және тиісті салалардың өкілдерінен (келісім бойынша) және технологиялық даму саласындағы ұлттық институттың (бұдан әрі – ұлттық институт) қызметкерлерінен тұратын комиссия мүшелерінің тақ саны кіретін, осы Қағидалармен белгіленген инновациялық гранттарды беру өтінімдер мен шарттарға сараптаманы ескере отырып, өтініш берушінің жобалары бойынша шешімдер қабылдау үшін ұлттық институт шеңберінде құрылған алқалы орган;
      3) комиссия шешімі – отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің дауыс бері нәтижелері негізінде грант беру туралы шешім туралы мәліметті қамтитын хаттама, дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі;
      4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      5) инновациялық грант – инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін оларға өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;
      6) комиссия шешімі – комиссия мүшелерінің отырысына қатысушылар дауыстары нәтижелерінің негізінде инновациялық грант беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы ұсынымдық сипаттағы шешім туралы мәліметті қамтитын хаттама, дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі;
      7) өтінім – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес құжаттар қоса берілген өтініш;
      8) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алуға өтінімді ұсынған жеке тұлға;
      9) технология – пайдалануы жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алуды қамтамасыз ететін, бірыңғай өндірістік циклде жұмыс істейтін процесс және (немесе) жабдықтар кешені;
      10) технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – ұлттық институт) – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға және инновациялық даму процесін үйлестіруге уәкілетті ұлттық даму институты;
      3. Кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар уәкілетті органмен айқындалған басым бағыттар шеңберінде технологияларды жетілдіру сатып алу, бейімделу және ендіру жолымен кәсіпорындардың технологиялық міндеттерін шешу үшін өтініш берушілерге беріледі.
      4. Инновациялық гранттар беруді ақпараттық қамтамасыз етуді ұлттық институт және уәкілетті орган жүзеге асырады.
      5. Осы Қағидаларға сәйкес инновациялық гранттарды беру уәкілетті орган мен ұлттық институттың арасында жасалған шарттың негізінде инновациялық гранттарды беру көзделген қаражатты бөлу арқылы уәкілетті органмен жүзеге асырылады.

2. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамуына
инновациялық гранттар беру тәртібі

      6. Ұлттық институт жылына 2 (екі) рет бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық институттың ресми интернет-сайтында өтінімдерді қабылдау мекен жайы мен мерзімін көрсете отырып, грант алуға өтінімдер қабылдау мен қараудың басталғаны туралы жариялайды. Өтінімдерді қабылдау кезеңі өтінімдерді кезеңі өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен келісіледі.
      7. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың технологиялық дамуына
инновациялық гранттар беру рәсімі мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) ұлттық институтпен өтінімдерді қабылдау және рәсімі ұлттық институттың актілерімен реттелетін, осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруі.
      Өтінімдерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне тексеру аяқталған соң, ұлттық институт өтініш беруші сауалнамада көрсеткен электрондық мекенжайға анықталған сәйкессіздіктер (олар болған жағдайда) туралы хабарламаны жібереді.
      Өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді ұлттық институттан хабарлама алғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жояды.
      Сұратылған материалдар немесе құжаттар 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылмаған жағдайда, өтінім өтініш беруші оны одан әрі қараусыз қайтарылады;
      2) қалыптасқан өтінімдер тізімінің негізінде ұлттық институт өтінімдерге сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді.
      Сараптаманы жүргізу рәсіміне қойылатын талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген. Мүдделер қақтығысы болған жағдайда, сарапшы бұл туралы ұлттық институтты хабардар етті, бұл жағдайда сарапшы нақты жобаның сараптамасынан шеттетілетін болады.
      Экономикалық және (немесе) технологиялық сараптаманың теріс қорытындысы кезінде қалған бағыттар бойынша сараптама жүргізілмейді және өтінімдер комиссияның қарауына шығарылмайды, және инновациялық грантты беруден бас тарту үшін негіздеме болып табылады;
      3) ұлттық институтпен мәлімделген шығындардың негізділігін, рәсімі ұлттық институттың актілерімен реттелетін, бизнес жоспарға сәйкес тексеру;
      4) өтінімдер бойынша кешенді қорытындыны және инновациялық грантты алу немесе оны беруден бас тарту туралы шешімді қабылдау үшін комиссияның қарауына басқа материалдарды дайындау және жіберу.
      Осы Қағидалардың 7-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген рәсімдердің жалпы мерзімі 60 (алпыс) жұмыс күнінен аспауы тиіс;
      5) хаттамалық шешімнің негізінде инновациялық грантты беру туралы шарттың қорытындысы.
      Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылғаннан және грант алу үшін жобалар тізімі бекітілгеннен кейін ұлттық институт қызметкерлері грант алушыларға шартты ұлттық институтпен қол қойғызу қажеттілігі туралы хабарлайды.
      Грант алушы мен ұлттық институт шартқа комиссия хаттамасына қол қойылған күннен кейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды. Шарт ұлттық институт актілерімен реттелетін нысан бойынша әр тарап үшін бір-бірден екі данада жасалады.
      Ұлттық институт Шартқа қол қойылған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде инновациялық грантты беру туралы шешім қабылданған жобалар туралы ақпаратты интернет-ресурсқа орналастырады.
      Ұлттық институт комиссияның хаттамалық шешімін қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде инновациялық грантты беруді теріс шешім алған өтініш берушілерге хабарлайды және бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.
      8. Өтінімдерді ашық және жан-жақты қарастыру және гранттар бөлу туралы шешім қабылдау мақсатында ұлттық институтта комиссия құрылады. Комиссия төрағасы ұлттық институттың бірінші басшысы болып табылады.
      9. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және құрамы ұлттық институттың актілерімен реттеледі.
      10. Комиссияның отырысына өтініш беруші қатысушылармен бірге ұлттық институтпен құрылған комиссияның алдында немесе телекоммуникация құралдары арқылы өзінің жобасын ұсынуға шақырылады. Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын жобаның бизнес-жоспарына сәйкес жобаның іске асырылу процесі бақылау мақсатында ұлттық институт жоба кезеңдеріне сәйкес жобаларды мониторингілеу есебін одан әрі уәкілетті органға жіберу үшін жобаны іске асыру барысына тұрақты мониторинг жүргізеді.
      11. Инновациялық грант беру туралы жасалған шарттар бойынша жобаларды мониторингілеу ұлттық институттың актісімен реттеледі, ол оның және уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
      12. Шарт грант алушының нарықта жобаны жылжытуға жәрдемдесу мақсатында ұлттық институтпен жобаны аяқтау туралы шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жыл ішінде ұлттық институтқа жоба туралы ақпаратты ұсынуын көздейді.

3. Инновациялық гранттарды беру шарттары

      13. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға грант негізделіп мәлімделген шығындардың 50 (елу) пайызына дейінгі мөлшерде, бірақ 400 000 000 (төрт жүз миллион) теңгеден артық емес және жобаның мақсаттары мен міндеттеріне қатаң сәйкестікте ұлттық институтпен мәлімделген шығындардың негізділігін тексеру қорытындылар бойынша негізделген шығындарды төлеу үшін беріледі.
      14. Технология және технологияға лицензия иесі өтініш берушімен аффилирленген болмауы тиіс.
      15. Инновациялық грант беру туралы оң шешім алған өтініш берушіге шарт жасалғанға дейін Қазақстан Республикасы резиденті - екінші деңгейлі банкте қосымша есеп-шотты ашу қажет, онда жоба жетекшісінің және (немесе) команда қатысушысының заңды тұлғаның осы Қағидаларға сәйкес өтініш беруші тарапынан жобаны қоса қаржыландыру үшін ақша қаражаты орналасуы тиіс. Бұл ретте, өтініш беруші ұлттық институтқа шотта ақша қаражатының бар болуы туралы растауды ұсынады.
      16. Ұлттық институтпен өтінімдерге сараптама жасалған кезде бірінші кезекте мынадай:
      1) озық технологияны сатып алу жоспарланатын технология иесінің;
      2) сатып алынатын технология бойынша Қазақстан Республикасына білім мен біліктілікті табыстау аспектілер ескеріледі;
      17. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға грант күнтізбелік жоспарға сәйкес қоса қаржыландыру шарттарында өтініш берушіге беріледі.
      18. Грантты игеру мерзімі 36 (отыз алты) айдан аспауы тиіс.

4. Инновациялық грантты алу үшін құжаттар тізбесі

      19. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға грант алуға үміткер өтініш берушілер ұлттық институтқа мынадай құжаттарды қамтитын өтінімді ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша грантты алуға өтініш;
      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы (сондай-ақ word форматында ағылшын тілінде ұсынылады);
      3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоба паспорты (сондай-ақ ағылшын тілінде электронды тасығышта word форматында ұсынылады);
      4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күнтізбелік жоспар жобасы (сондай-ақ ағылшын тілінде word форматындағы электронды тасығышта ұсынылады);
      5) осы Қағидаларға 6-сәйкес нысан бойынша мәлімделген және (немесе) жұмсалған шығындарды растайтын құжаттармен қоса берілген шығындар сметасының жобасы (шарттардың, келісімдердің көшірмелері, өзге де жеткізушілердің бағалық және (немесе) коммерциялық ұсыныстары, интернет-ресурстарға сілтемелер);
      6) олардың құнын көрсете отырып, тараптардың технологияларды және (немесе) жабдықтарды беру туралы ниеттерін растайтын, келісім жобасы;
      7) технология иесінің оны өтініш берушіге беру туралы ниеттерін растайтын құжат (бар болған жағдайда);
      8)  осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жобаның бизнес-жоспары (сондай-ақ ағылшын тілінде электронды тасымғышта word форматындағы ұсынылады);
      9) анықтама беру күнінің алдында үш айдан астамға созылатын міндеттемелердің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасы;
      10) осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес шотта ақша қаражаттың болуы туралы қол қойылған және мөр басылған банктің немесе банк филиалының анықтамасы;
      11) лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және жоба қатысушыларының біліктілігін растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда).
      20. Ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынылған өтінім тіркеуге және қарастыруға жатпайды.
      21. Өтінім ұлттық институтқа қағаз тасығышта қолма-қол немесе электронды нысанда ұлттық институттың электронды мекенжайына сканерленген, қол қойылған, нөмірленген бірыңғай файлда pdf нысанында ұсынылады.
      22. Шарт жасасу үшін, осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес электрондық нысанда ұсынған жағдайда, өтініш беруші өтінім материалдарының түпнұсқаларын қағаз тасығышта ұсынады. Бұл ретте, грант алуға өтінім материалдарына бірыңғай папкаға жинақталған, қол қойылған, нөмірленген, тігілген және мөр қойылған болуы тиіс.
      23. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Өтініш беруші ұсынған ақпаратта есептеулер барысында қолданылған дерек көздері және есепті жүргізу күні көрсетіледі.
      24. Инновациялық грант алуға өтінім ұлттық институтқа мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды
технологиялық дамытуға     
инновациялық гранттар беру   
қағидаларына 1-қосымша     

Сараптаманы жүргізу рәсіміне қойылатын талаптар

      1. Жобалардың сараптамасын жүргізу ұлттық институттың сарапшыларымен жүзеге асырылады, қажет болған жағдайда ұлттық институттың негіздемесі бойынша сараптаманы жүргізу үшін отандық және (немесе) шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғалары тартылады.
      Сарапшылар сараптаманы мынадай бағыттар бойынша кезең-кезеңмен жүргізеді:
      1) экономикалық сараптама нарықты, жобаның экономикалық орындылығын, бәсекеге қабілеттілік өлшем шарттарын, маркетингтік стратегияны, кәсіпорынын технологиялық міндеттерін шешумен, жоспарланған жұмыстардың тәжірибелік маңыздылығымен және экономикалық орындылығы мен байланысты өзге де зерттеулерді бағалау мақсатында жүргізіледі;
      2) технологиялық сараптама ұқсастармен салыстырғандағы артықшылықтарын техниқалық, іске асырылуын және технологиялық орындылығын анықтау мақсатында жүргізіледі.
      3) қаржылық сараптама ресурстар (адами, қаржылық, материалдық және басқа) сәйкестігін және жұмыстарды мәлімделген мерзімге, көлемге және жұмыстың мазмұны мен қаржыландыруға сұралатын сомаға бөлу, қаржылық бағалаудың тәсілдері арқылы талдау мақсатында жүргізіледі;
      4) тәуекелдерді талдау тәуекел факторларын анықтау және олардың маңыздылығын бағалау, жобаның мақсатқа жетуіне кері әсері ететін оқиғалар ықтималдылығын талдау мақсатында жүргізіледі.
      2. Экономикалық және (немесе) технологиялық сараптаманың теріс қорытындысы кезінде қалған бағыттар бойынша сараптама жүргізілмейді және өтінім және комиссияның қарауына шығарылмайды және инновациялық грантты беруден бас тартуға негіз болып табылады.
      3. Ұлттық институт сыртқы отандық және шетелдік сарапшылар мен сараптамалық ұйымдардың тізбесін, оның ішінде «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың ұсынымдары негізінде қалыптастырады.
      4. Өтінімдерге сараптама жүргізу үшін сарапшыларды тарту кезінде ұлттық институт әр сарапшымен сарапшылық қызметтер көрсету туралы шартты жасасады, оның нысаны ұлттық институттың актілерімен реттеледі.
      5. Сараптама жүргізу тәртібі мен бағалау парағының нысаны ұлттық институттың актілерімен регламентеледі.
      6. Өтінімді дайындауға тікелей қатысқан, сондай-ақ өтініш берушімен аффилиирленген сарапшыларға өтінімді бағалауды жүргізуге жол берілмейді.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды
технологиялық дамытуға     
инновациялық гранттар беру   
қағидаларына 2-қосымша     

Нысан

Тіркеу күні:

Өтінім нөмірі:

20____ ж. «____» _________


                      Инновациялық грант алуға
                               ӨТІНІМ

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (ұйымның аталуы, Т.А.Ә.)

Ұсынылған жобаның тақырыбы:
_____________________________________________________________________
Жоба инновациялық гранттарды берудің басым бағытына жатады
_____________________________________________________________________
инновациялық гранттарды берудің басым бағытын көрсету керек

Жобаның толық құны теңгеде (санмен және жазумен):

Жобаны іске асыруға мәлімделген шығындар теңгеде (санмен және
жазумен):

Гранттың сұратылған сомасы теңгеде (санмен және жазумен):
Жобаның мазмұны, мерзімнің негіздемесі және құны қосымша берілген
құжаттарда бекітілген. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министірінің
20_______ жылғы «___» _________ № _____ бұйрығымен бекітілген Жұмыс
істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық
гранттар беру қағидалармен таныстым.

Талап етілген құжаттар осы Қағидаларға сәйкес парақ санын көрсете
отырып, қатаң бірізділікте ұсынылады.

Ұйымның басшысы
_______________ ___________________________
    (қолы)               (Т.А.Ә.)

М.О. (болған жайдайда)
Құжаттарды алу туралы белгі
Алған күні: 20____ ж. «____»____________
Өтінішті тіркеу нөмірі _________________
Тіркеуші __________________ (Т.А.Ә., қолы)

Ескертпе: ұйымның бланкісінде жасалады. Өтінімге бірінші басшы немесе
өзге уәкілетті тұлға қол қояды.

Технологияларды     
коммерцияландыруға арналған
инновациялық гранттар беру
қағидаларына 3-қосымша 

Нысан

                     Өтініш берушінің сауалнамасы

Келіп түскен күні:

Ұлттық институттың қызметкерімен толтырылады

Файлдың орналасқан орны:

Өтінім нөмірі

*Өтініш берушінің Т.А.Ә.:

* Өтініш берушінің мекенжайы (индекс, облысы, ауданы, елді мекен, көшесі, үйі, пәтері)

Байланыс деректері:
Телефон/факс:

Электрондық мекенжай:

Жобаның атауы:

Гранттың түрі:

Басым бағыт

Негізгі сөздер (3 сөзден артық емес)

Сұратылған сома (теңгеде)

Іске асыру мерзімі (ай)

Кәсіпорындар туралы ақпарат

Шағын (50 адамға дейін)
Орта (50-ден 100 адамға дейін)
Ірі (одан жоғары)

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші сәйкес қызмет түрі (4 санды): _________

Жобаның жетекшісі туралы ақпарат:

Т.А.Ә.:

Ғылыми дәрежесі/беру жылы

Электрондық мекенжайы

Жынысы әйел ер

Ұялы телефон

Байланыс мекен-жайы

Жұмыс орны:

Ұйымның аталуы:

Лауазымы

Жұмыс телефоны/электрондық мекенжайы

инновациялық грант туралы қандай көздерден білдіңіз?
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің сайты;
«Технологиялық дамыту ұлттық агентігі» АҚ сайты;
таратылымдар;
семинарлар, конференциялар;
телевидение;
әлеуметтік желілер;
газеттер, журналдар;

      басқа_____________________________________

Команда құрамы:

Т.А.Ә.

Жобадағы лауазымы

Негізгі жұмыстағы лауазымы

Қолы




































Кестеде кемінде жобаның жетекшісін және технологияларды жылжыту бойынша маманды қоса алғанда, негізгі персонал көрсетіледі, команданың басқаның мүшелері Шартқа қол қою сәтіне тартылуы тиіс.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды
технологиялық дамытуға    
инновациялық гранттар беру  
қағидаларына 4-қосымша    

Нысан

                          Жобаның паспорты

1. Өтініш беруші туралы жалпы мәлімет

_____________________________________________________________________
Ұйымның толық аталуы
Ұйымдастырушылық-құқықтық нысан және меншік түрі:
_____________________________________________________________________
Тіркеу күні:
_____________________________________________________________________
Мекенжайы:
_____________________________________________________________________
Индексі, обылыс, аудан, елді мекен, көшесі, үй, (пәтер, кеңсе)
Тел.:____________Факс:________E-mail:___________Web-site:____________
Банктік деректемелер, есеп шоты, валюта шоты, банктік жеке коды,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі:_________________________________________
_____________________________________________________________________
Алынған немесе өтелмеген теңгелік және валюталық кредиттер:
_____________________________________________________________________
Қызмет түрі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________ сала, кіші сала

2. Бөлек көрсету:
Жобаның инновациалығы (5 ұсыныстан кем емес): _______________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жобаның бәсекеге қабілеттілігі (5 ұсыныстан кем емес): ______________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жобаның ауқымдылығы (5 ұсыныстан кем емес): _________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Жобаның нәтижесі: патент, басқада құжаттама, технология, бұйымның,
тораптардың және агрегаттардың прототиптері, өнім, сервистік және
өзге де көрсетілетін қызметтер (керегінің астын сызу), басқа
(көрсету)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Пайдалану саласы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Жобаның сипаттамасы (керегінің астын сызу): жаңа өнімді,
көрсетілетін қызметті, технологияны жасау, басқасы (көрсету)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________
6. Жобаның негізгі техникалық шешімдерін патенттік қорғау (керегінің
астын сызу): қажет, қажет емес, патент бар, құқықтық қорғау бар
7. Жобаның дайындық дәрежесі (керегінің астын сызу): жобаның идеясы,
ғылыми-техникалық құжаттама, тәжірибе үлгі, конструкторлық құжаттама,
өндіріске өткізу дайындығы, басқа (көрсету)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________
8. Жоба нәтижелерін сатып алу ниеті туралы шарттар және (немесе)
хаттамалар бар ма (ия, жоқ)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________
9. Жұмыстардың толық құны теңгеде (санмен және жазумен):
_____________________________________________________________________
10. Қажет етілетін қаржыландыру теңгеде (санмен және жазумен):
_____________________________________________________________________
11. Жобаны қаржыландыру көздері (өз қаражаты, қарыз қаражат және
басқа ұйымдардың гранттары) және қандай көлемде:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
12. Салалық өңірлік және республикалық деңгейде жобаны мемлекеттік
қолдау туралы ақпарат (нөмірі, күні және атауы):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
13. Мәлімделген жоба мемлекеттік бюджет және (немесе) мемлекеттік
гранттық бағдарламалар қаражаты есебінен қаржыландырылды ма немесе
қаржыландырыла ма, егерде ия болса, қаржыландыру көзін және көлемін
көрсетіңіз (бағдарлама атауын, жобаны және алынған қаржы сомасын
көрсету қажет):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
14. Жобаны іске асыру мерзімі (ай):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ғылыми-зерттеу және кадрлық әлеует:
а) соңғы үш жылдағы жоба бойынша маңызды жұмыстар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
б) қызметкерлердің нақты саны: ____________________, оның ішінде:
ғылыми қызметкерлер және (немесе) инженерлік-техникалық қызметкерлер
____________; әкімшілік-басқару персоналы ______________; жұмысшылар
және қызметшілер _________________;
Бірінші басшы (Т.А.Ә., туылған жылы, негізгі жұмыс орны, лауазымы,
пошталық мекенжайы және жұмыс телефон нөмірі, ғылыми дәрежесі
(атағы):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жоба жетекшісі (Т.А.Ә., туылған жылы, негізгі жұмыс орны, лауазымы,
пошталық мекенжайы және жұмыс телефон нөмірі, ғылыми дәрежесі
(атағы):
_____________________________________________________________________
Бас бухгалтер (Т.А.Ә., телефоны):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Байланысатын тұлға (Т.А.Ә., телефоны, ұялы телефоны, мекенжайы):

Ұйым басшысы
_______________ ___________________________
    (қолы)               (Т.А.Ә.)

М.О. (болған жағдайда)

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды
технологиялық дамытуға     
инновациялық гранттар беру   
қағидаларына 5-қосымша     

Нысан

                  Күнтізбелік жоспардың жобасы

Жобаның атауы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

№ р/с

Шарт бойынша жұмыстардың және олардың негізгі кезеңдерінің аталуы

Жұмыстарды орындау мерзімі (айлар)

Кезеңнің есептік бағасы (теңге)

Есептің нысаны және түрі

1

2

3

4

5






Ескертпе: Күнтізбелік жоспар жобасында жобаны іске асыру 3 (үш) астам
емес кезеңдері көрсетіледі.

Жоба жетекшісі _____________ _____________
                  (қолы)       (Т.А.Ә.)

Өтініш беруші-ұйымның басшысы
_______________ ___________________________
     (қолы)              (Т.А.Ә.)

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды
технологиялық дамытуға     
инновациялық гранттар беру   
қағидаларына 6-қосымша     

Нысан

                    Шығындар сметасының жобасы

Жобаның атауы:
_____________________________________________________________________

Жұмыстарды орындауға шығындар

Шығындар сомасы, теңге

Жұмыстар кезеңі

Баға белгілеу бойынша түсініктемелер

Есептерде пайдаланылатын дерек көзі







Шығындар - барлығы:







оның ішінде баптар бойынша -














Анықтамалық: басқа қаржыландыру көздері есебінен шығындар -
барлығы:







оның ішінде:







меншік қаражаты







өзгесі (қандай көрсету керек)







Есепті жүргізген күн

Ескертпе: Әр шығындар бабы бойынша өтініш беруші есептерде
пайдаланылатын дерек көздерін, баға белгілеу мағынасын ашуды
көрсетеді

Жоба жетекшісі _____________ _____________
                  (қолы)        (Т.А.Ә.)

Өтініш беруші-ұйымның басшысы
_______________ ___________________________
    (қолы)                (Т.А.Ә.)

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды
технологиялық дамытуға     
инновациялық гранттар беру   
қағидаларына 7-қосымша     

               Құрылым бойынша жобаның бизнес-жоспары
                       (35 парақтан аспауы тиіс)

      Бизнес-жоспардың барлық бастапқы сандары сол бизнес-жоспарда берілген мәліметтердің толық түсіндірмесін растайды. Оларға мыналар жатады:
      1) олардың құзыретін және жұмыс тәжірибесін растайтын кәсіпорын немесе жоба басшысының өмірбаяны;
      2) маркетинг зерттеулер нәтижелері;
      3) аудиторлардың қорытындысы;
      4) өнімдер үлгісінің сүреттері немесе бейнероликтер (электрондық нұсқада);
      5) өнімнің толық техникалық сипаттамалары;
      6) кепілдік хаттар немесе өнімдерді жеткізушілермен және тұтынушылармен келісімшарттар;
      7) жалға алу, жалдау шарттары, лицензиялық келісімдер;
      8) кәсіпорын қызметі туралы журнал мен газеттердегі мақалалар.

      1. Жалпы ережелер
      1) Жобаның мақсаты және міндеттері;
      2) Кәсіпорынды сипаттау;
      3) Өнімді, сервисті және (немесе) көрсетілетін қызметті сипаттау;
      4) Ұқсассыздықтарды сипаттау;
      5) Шикізат пен жеткізушілерді сипаттау;
      6) Өндіріс алаңдарын сипаттау;
      7) Қолда бар ресурстар мен жабдық;
      8) Қажетті ресурстар мен жабдық.
      2. Нарықты талдау
      1) Нарықты, әлеуетті, үрдістерді және даму серпінін жалпы сипаттау,
      2) Негізгі сегменттер;
      3) Сұраныс және ұсыныс;
      4) Мақсатты аудитория және (немесе) тұтынушылар;
      5) Негізгі бәсекелестер.
      3. Тәуекелдерді талдау
      1) Негізгі техникалық тәуекелдер;
      2) Қаржылық тәуекелдер;
      3) Өндірістік тәуекелдер;
      4) Сатуды ұйымдастыру кезіндегі тәуекелдер;
      5) Басқа тәуекелдер.
      4. Бизнес модель (нарыққа шығу, маркетинг, сату);
      5. Жобаның шығындары
      1) Коммерциялық және басқару шығындары;
      2) Негізгі қаражат және жөндеу;
      3) Еңбекақы төлеу қоры және персоналға шығындар;
      4) Өзге де шығындар (энергиямен қамтамасыз ету, жалға алу, ЖЖМ, маркетинг).
      6. Қаржылық модель
      1) Сату жоспары;
      2) Жобаның өтелімділігі есебі және экономикалық тиімділігін бағалау;
      3) Жобаның экономикалық тиімділігінің негізгікөрсеткіштері;
      4) Шығынсыздық нүктесі;
      5) Рентабельділігі.
      7. Қорытынды және тұжырымдар.

Өтініш беруші-ұйымның басшысы

_______________ ___________________________
     (қолы)              (Т.А.Ә.)

М.О. (болған жағдайда)