ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бірлескен бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 13.12.2022 № 364 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 13.12.2022 № 124 бірлескен бұйрығымен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 02.08.2021 № 243 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.08.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.1. Осы бірлескен бұйрыққа:
1) 1-қосымшаға сәйкес туристік қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) 2-қосымшаға сәйкес туристік операторға қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
3) 3-қосымшаға сәйкес туристік агентке қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
4) 4-қосымшаға сәйкес гидке қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
5) 5-қосымшаға сәйкес экскурсоводқа қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы;
6) 6-қосымшаға сәйкес туризм нұсқаушысына қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 02.08.2021 № 243 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.08.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2. Мыналардың:
1) "Туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 743 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрдің міндетін атқарушын 2015 жылғы 31 шілдедегі № 588 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11866 болып тіркелген, "Әділет" ақпаратты-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 тамызда жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 қыркүйектегі № 916 және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 650 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12214 болып тіркелген, "Әділет" ақпаратты-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 қарашада жарияланған) күштері жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық акпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
______________ Ә. Исекешев |
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы |
______________ М. Құсайынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы
____________ С. Айтпаева
2015 жыл 31 желтоқсанда
Туристік қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.11.2018 № 318 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.11.2018 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Туризм саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына және тексеру парақтарының нысандарына сәйкес тексерулер жүргізу мақсатында бақылау субъекттерді (объекттерді) іріктеу үшін әзірленген.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 02.08.2021 № 243 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.08.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) елеулі бұзушылық – "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген туристтер болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарына сапалы туристік қызмет алуға кедергі жасайтын талаптардың бұзушылығы;
2) елеулісіз бұзушылық – туристтер болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарына дұрыс ақпарат алуды шектейтін бұзушылық, сондай-ақ бақылау субъектілерге (объектілерге) құқығы бұзылған расталған шағымдардың және өтініштердің болуы;
3) өрескел бұзушылық – Заңда белгіленген туристік агенттік қызметтің (бұдан әрі – турагенттік қызмет), гидтің, экскурсоводтың және туризм нұсқаушының қызметінің басталғаны туралы хабарламаның, туристік қызмет көрсету және туристік оператор (бұдан әрі – туроператор) қалыптастырған туристік өнімді іске асыру шарттарының, екінші деңгейдегі банкпен банктік кепілдік жасасқан шартының, әрбір туристік өнімнен ақшаны аударғандығын куәландыратын, төлем құжатының, туристті міндетті сақтандыру шартының жоқтығы, сонымен қатар туристтер болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарына саяхаттың ерекшеліктері туралы берілетін мәлімет бойынша растаудың бар болуы;
4) тәуекел – бақылау субъектінің (объектінің) қызметі нәтижесінде, оның салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
5) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жекелеген бақылау субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
6) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
7) туристік қызмет саласындағы бақылау объектілері (бұдан әрі – бақылау объектілері) – туристік қызмет саласындағы бақылау субъектісіндегі меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі мемлекеттік бақылауға жататын мүлік;
8) туристік қызмет саласындағы бақылау субъектілері (бұдан әрі – бақылау субъектілері) – туроператорлар, туристік агенттер (бұдан әрі –турагент), сондай-ақ Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гидтер, экскурсоводтар, туризм нұсқаушылары.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 02.08.2021 № 243 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.08.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.2-тарау. Объективті өлшемшарттар
3. Туристік қызмет саласындағы жоғары тәуекел дәрежесіне Қазақстан Республикасы азаматтарының өміріне және (немесе) денсаулығына және бақылау субъектілердің (объектілердің) заңды мүдделіріне зиян келтіру ықтималдығы.
Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне туроператорлар және турагенттер жатады.
Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гидтер, экскурсоводтар және туризм нұсқаушылары жатады.
Жоспардан тыс тексерулер жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған және жатқызылмаған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты қолданылады.
Субъективті өлшемшарттар бойынга жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу мақсатымен субъективті өлшемшарттар қолданылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 02.08.2021 № 243 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.08.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.3-тарау. Субъективті өлшемшарттар
4. Субъективті өлшемшарттарды айқындау:
1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
5. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бұрынғы тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (бұзу ауырлығының дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) туристік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді);
2) бақылау субъектінің (объектінің) кінәсі бойынша пайда болған оқиғалардың болуы;
3) бақылау субъектілерге (объектілерге) жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан түскен және расталған шағымдар мен өтініштерің болуы және саны;
4) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі ұсынатын ақпарат пен мәліметтердің мониторингі.
6. Өлшемшарттардың 5-тармағында айқындалған ақпарат көздерінің негізінде осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес туристік қызмет субъектілері үшін тәуекел дәрежесінің субъективті өлшемшарттар айқындалады.
"Бұрынғы тексеру нәтижелері" ақпарат көзі бойынша Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары талаптарының мынадай ауырлық дәрежелеріне бөлінеді: өрескел, елеулі және елеусіз.
Бір бұзушылық болған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңетіріледі және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Егер өрескел дәрежедегі талаптардың бұзылуы анықталмаған кезде, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және елеусіз дәрежелерінің жиынтық көрсеткіштері есептеледі.
Елеулі дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7 мұндағы:
SРз – елеулі дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – елеулі дәрежедегі талаптардың бұзушылықтарсаны.
Елеусіз дәрежедегі бұзушылықтың көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3мұндағы:
SРн – елеулі емес дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші;
SР1 – елеулі емес бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – елеулі емес дәрежедегі талаптардың бұзушылықтарсаны.
Тәуекел дәрежедегі жалпы көрсеткіші (SР) 0 ден 100 дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және көрсеткіштерді мына формула бойынша жиынтықтау арқылы анықталады:
SР = SРз + SРн мұндағы:
SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
SРз – елеулі дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші;
SРн– елеусіз дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші;
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектілерге (объектілерге) мыналар жатады:
1) жоғарғы тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесі 60 тан 100 дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;
2) жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған – тәуекел дәрежесі 0 дан 60 дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 02.08.2021 № 243 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.08.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.4-тарау. Қорытынды ережелер
7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімділігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады және жылына ең көбі бір реттен аспайды.
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес құрылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жарты жылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.
Тәуекелдер дәрежесін тандау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектіге (объектіге) қатысты бұрын есептелген және пайдаланған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды.
9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің барынша жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.
| Туристік қызмет саласындағы тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшарттарына қосымша |
Туристік қызмет субъектілері үшін тәуекел дәрежесінің субъективті өлшемшарттары
Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 02.08.2021 № 243 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.08.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.01.2019 № 13 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.01.2019 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 02.08.2021 № 243 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.08.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.
р/с № | Өлшемшарттар | Бұзушылық дәрежелері |
Туристік оператор үшін | ||
1. Алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудыңнәтижелері (бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) туристік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамағанда белгіленеді) | ||
1 | Туристік операторлық қызметке лицензияның болуы | өрескел |
2 | Туристік қызмет көрсетуге жасалған жазбаша шарттың бар болуы | өрескел |
3 | Қалыптасқан туристік өнімнің бар болуы | елеулі |
4 | Туристік өнімді өткізуге агенттік шарттың болуы | өрескел |
5 | Туристік білімі бар, жұмыс өтілі бір жылдан кем емес, бір адамнан кем емес жұмыскердің барболуы | елеулі |
6 | Меншік құқығы бар немесе өзге заңды негізде кеңсе үшін үй – жайдың бар болуы | елеулі |
7 | Туристерге елге (орынға) келу, кету, уақытша болу қағидалар туралы заңнамасы туралы, жергілікті халықтың дәстүрлері туралы, діни салттары, киелі жерлері, ерекше қорғауға алынған табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштері және ерекше қорғауда тұрған, басқа туристік көрсету объектілерді қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат барысында оларға кездесетін және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыра алатын қауіптер туралы саяхат ерекшеліктері туралы, қажетті және дұрыс ақпарат туралы жазбаша растаудың болуы | өрескел |
8 | Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісіне шарттың түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін ұсына отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің не Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі айқындаған үшінші тұлғаның пайдасына банк кепілдігімен қамтамасыз етілген ақшаны төлеуді көздейтін, Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес екінші деңгейдегі банкпен банктік кепілдік жасасқан шартының болуы | өрескел |
9 | Арнайы шотқа туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы қалыптастырған және турагент Қазақстан Республикасының азаматына өткізген әрбір туристік өнімнен 0,5 айлық есептік көрсеткіш сомада ақшаны аударғандығын куәландыратын, төлем құжатының болуы | өрескел |
10 | Туристті міндетті сақтандыру шартының болуы | өрескел |
2. Бақылау субъектінің (объектінің) кінәсі бойынша пайда болған оқиғалардың болуы | ||
1 | Мемлекеттік органдардан түскен Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу туралы расталған ақпараттың болуы | өрескел |
3. Бақылау субъектілерге жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан түскен және расталған шағымдар мен өтініштерің болуы және саны | ||
1 | Құқығы бұзылған жеке және заңды тұлғалардан түскен расталған шағымдардың және өтініштердің болуы | елеулі |
4. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі ұсынатын ақпарат пен мәліметтердің мониторингі | ||
1 | Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісіне шарттың түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін ұсына отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің не Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі айқындаған үшінші тұлғаның пайдасына банк кепілдігімен қамтамасыз етілген ақшаны төлеуді көздейтін, Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес екінші деңгейдегі банкпен банктік кепілдік жасасқан шартыныңболмауы туралы ақпараттың болуы | өрескел |
2 | Арнайы шотқа туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы қалыптастырған және турагент Қазақстан Республикасының азаматына өткізген әрбір туристік өнімнен 0,5 айлық есептік көрсеткіш сомада ақшаны аударылмау туралы ақпараттың болуы | өрескел |
Туристік агент үшін | ||
1. Алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) туристік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамағанда белгіленеді) | ||
1 | Турагенттік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаның болуы | өрескел |
2 | Туристік қызмет көрсетуге жасалған жазбаша шарттың бар болуы | өрескел |
3 | Туристік өнімді өткізуге агенттік шарттың болуы | өрескел |
4 | Туристерге елге (орынға) келу, кету, уақытша болу қағидалар туралы заңнамасы туралы, жергілікті халықтың дәстүрлері туралы, діни салттары, киелі жерлері, ерекше қорғауға алынған табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштері және ерекше қорғауда тұрған, басқа туристік көрсету объектілерді қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат барысында оларға кездесетін және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыра алатын қауіптер туралы саяхат ерекшеліктері туралы, қажетті және дұрыс ақпарат туралы жазбаша растаудың болуы | өрескел |
2. Бақылау субъектінің (объектінің) кінәсі бойынша пайда болған оқиғалардың болуы | ||
1 | Мемлекеттік органдардан түскен Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу туралы расталған ақпараттың болуы | өрескел |
3. Бақылау субъектілге жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан түскен және расталған шағымдар мен өтініштерің болуы және саны | ||
1 | Құқығы бұзылған жеке және заңды тұлғалардан түскен расталған шағымдардың және өтініштердің болуы | елеулі |
Туристік операторға қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.11.2018 № 318 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.11.2018 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 23.01.2019 № 13 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.01.2019 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 02.08.2021 № 243 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.08.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт_____________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы
____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (Жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі__________________________________________________
Орналасқан жерінің мекен-жайы ________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Туристік операторлық қызметке лицензияның болуы | ||||
2 | Туристік қызмет көрсетуге жасалған жазбаша шартының болуы | ||||
3 | Қалыптастырған туристік өнімнің болуы | ||||
4 | Туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шартының болуы | ||||
5 | Еңбек өтілі бір жылдан кем емес, туристік білімі бар, кемінде бір қызметкердің болуы | ||||
6 | Жеке меншік құқығындағы немесе өзгеде заңды негіздегі кеңсеге арналған үй-жайдың болуы | ||||
7 | Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары туралы, заңнама туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрып, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы жазбаша растаудың болуы | ||||
8 | Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісіне шарттың түпнұсқасын не нотариат куәландырған көшірмесін ұсына отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің не Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі айқындаған үшінші тұлғаның пайдасына банк кепілдігімен қамтамасыз етілген ақшаны төлеуді көздейтін, Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес екінші деңгейдегі банкпен банктік кепілдік жасасқан шартының болуы | ||||
9 | Арнайы шотқа туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы қалыптастырған және турагент Қазақстан Республикасының азаматына өткізген әрбір туристік өнімнен 0,5 айлық есептік көрсеткіш сомада ақшаны аударғандығын куәландыратын, төлем құжатының болуы | ||||
10 | Туристті міндетті сақтандыру шартының болуы |
Лауазымдық тұлға (лар) ____________ _________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
____________ _______ ______________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты ( бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің басшысы _____________ _______________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Туристік агентке қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.11.2018 № 318 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.11.2018 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 02.08.2021 № 243 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.08.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт ______________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы
____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (Жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________
Орналасқан жерінің мекен-жайы ________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Туристік агенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаның болуы | ||||
2 | Туристік қызмет көрсетуге жасалған жазбаша шартының болуы | ||||
3 | Туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарттың болуы | ||||
4 | Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы жазбаша растаудың болуы |
Лауазымдық тұлға (лар) ____________ _______ ________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
____________ _______ ____________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің басшысы _____________ ______ _______________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Гидке қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы
Ескерту. 4-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 02.08.2021 № 243 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.08.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.11.2018 № 318 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.11.2018 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 02.08.2021 № 243 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.08.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт ______________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы
____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (Жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________
Орналасқан жерінің мекен-жайы ________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гидтің, қызметін жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаның болуы | ||||
2 | Қазақстан Республикасы азаматтығының, сондай-ақ туризм саласындағы даярлықтан өткені туралы сертификаттың болуы | ||||
3 | Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы жазбаша растаудың болуы |
Лауазымдық тұлға (лар) ____________ _______ _________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
____________ _______ ______________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің басшысы _____________ ______ ________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Экскурсоводқа қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.11.2018 № 318 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.11.2018 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 02.08.2021 № 243 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.08.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт ______________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы
____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (Жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________
Орналасқан жерінің мекен-жайы ________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын экскурсоводтың, қызметін жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаның болуы | ||||
2 | Қазақстан Республикасының азаматтығының, туризм саласында даярлықтан өткені туралы сертификаттың болуы | ||||
3 | Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы жазбаша растаудың болуы |
Лауазымдық тұлға (лар) ____________ _______ _________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
____________ _______ ______________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің басшысы _____________ ______ ________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Туризм нұсқаушысына қатысты туристік қызмет саласындағы тексеру парағы
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.11.2018 № 318 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.11.2018 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 02.08.2021 № 243 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.08.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт ______________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы
____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (Жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________
Орналасқан жерінің мекен-жайы ________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысының, қызметін жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаның болуы | ||||
2 | Қазақстан Республикасы азаматтығының, сондай-ақ туризм саласында даярлықтан өткені туралы сертификаттың болуы | ||||
3 | Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы жазбаша растаудың болуы |
Лауазымдық тұлға (лар) ____________ _______ _________________________________
(лауазымы) (қолы) тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)