Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1163 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 ақпанда № 12967 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары айқындалсын.
      2. «Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 219 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11458 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрінің
      міндетін атқарушы                          А. Рау

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      ______________ А. Мамытбеков
      2015 жылғы 23 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
      даму министрі
      ______________ Т. Дүйсенова
      2015 жылғы 25 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ______________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 10 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ______________ Е. Досаев
      2015 жылғы 18 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      ______________ В. Школьник
      2015 жылғы 29 желтоқсан

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушысының      
2015 жылғы 4 желтоқсандағы    
№ 1163 бұйрығына         
қосымша              

Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары

      1. Минералдық және көмірсутегі шикізатын іздеудің, өндірудің, тасымалдаудың және қайта өңдеудің прогрессивтi технологиялары.
      2. Тау-кен металлургия кешеніндегі прогрессивтi технологиялар.
      3. Агроөнеркәсіп кешеніндегі, тамақ өнеркәсібіндегі және агрохимиядағы прогрессивтi технологиялар.
      4. Фармацевтика саласындағы, медицина өнеркәсібіндегі, биотехнологиялардағы, биоинженериядағы, гендік инженериядағы прогрессивтi технологиялар.
      5. Химияның және мұнай-химиясының прогрессивтi технологиялары.
      6. Жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғанда, машина жасаудың прогрессивтi технологиялары.
      7. Баламалы энергетика, жаңартылған энергия көздері.
      8. Энергия тиімділігі технологиялары.
      9. Инфокоммуникациялық технологиялар.
      10. Жеңіл өнеркәсіптегі прогрессивтi технологиялар.
      11. Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі прогрессивтi технологиялар.
      12. Жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғанда, құрылыстағы прогрессивтi технологиялар.
      13. Буып-түю өнеркәсібіндегі прогрессивті технологиялар.
      14. Робот техникасы.
      15. Нано және ғарыш технологиялары.
      16. Энергетика.