"Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 214 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1285 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 ақпанда № 12962 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 8-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10701 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгілік шартында:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «___________________ қаласы  20__ жылғы «__» __________________
      (шарт жасалған орын)                        (шарт жасалған күн)
_____________________________________________________________________
                  (Басқарушы компания атауы)
тұлғасында__________________________________________________________,
                             (жарғы, ереже)
негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Жалға беруші» деп аталатын ______
бір тараптан және __________________________________________________,
                            (жарғы, ереже, №___ ЖК куәлігі)
негізінде әрекет ететін ________________________________ тұлғасында
бұдан әрі «Қосалқы жалға алушы» деп аталатын _________________ екінші
тараптан, бұдан әрі «Тараптар» деп аталатындар төмендегілер туралы
осы жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы
жалға алудың) шартын (бұдан әрі - шарт) жасасты:»;
      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «6. Қосалқы жалға алушы мыналарға:
      1) осы шарттың барлық талаптарын толық көлемде орындауға;
      2) жер учаскесін оның негізгі нысаналы мақсатына сәйкес және осы Шартта көзделген тәртіппен пайдалануға;
      3) жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақыны осы шартта белгіленген мөлшерде және шарттарда төлеуге;
      4) жалға берушіге (оның заңды өкілдеріне), уәкілетті органдардың өкілдеріне жер учаскесіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
      5) осы шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы жазбаша хабарламаны жалға берушіге кемінде 3 (үш) айдан кешіктірмей жіберуге;
      6) жер учаскесін пайдалану кезінде қала құрылысы регламенттерінің, құрылыс, экологиялық, санитариялық-гигиеналық, өртке қарсы және өзге де қағидалардың, нормативтердің талаптарын сақтауға, оның ластануына, қоқыстануына жол бермеуге, жер учаскесінде және оның маңындағы аумақтарда экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге, сондай-ақ аумақты абаттандыруды қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де талаптарды сақтауға;
      7) жалға берушіге өзінің деректемелерінің өзгергені туралы он күн мерзімде жазбаша хабарлауға;
      8) осы шарт тоқтатылған жағдайда жер учаскесін осы шарт тоқтатылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдап алу-беру актісі негізінде тиесілі жай-күйде жалға берушіге қайтаруға міндетті;
      9) жалға беруші біржақты тәртіпте АЭА қатысушы шартын бұзған жағдайда Заңға сәйкес жалға берушіге АЭА қатысушы шартын тоқтатқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қабылдау-беру актісі негізінде жер учаскесін тиесілі күйде қайтаруға;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндеттері бар.»;
      7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «7. Жалға берушінің:
      1) мынадай жағдайларда:
      қосалқы жалға алушы жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған;
      қосалқы жалға алушы жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақыны қатарынан 2 (екі) тоқсаннан астам уақыт енгізбеген;
      Заңға сәйкес біржақты тәртіпте АЭА қатысушы шартын бұзуға;
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге;
      2) қосалқы жалға алушымен алдын ала келісе отырып, оны шарт талаптарының сақталуы мәніне тексеру мақсатында жер учаскесінің аумағына кіруге;
      3) қосалқы жалға алушының шаруашылық қызметі нәтижесінде жер учаскесінің қасиетін және экологиялық ахуалды нашарлатумен келтірілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және осы шартта көзделген өзге де негіздер бойынша зияндарды өтеуге құқылы;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтарға ие.»;
      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «8. Жалға беруші мыналарға:
      1) осы шарттың барлық талаптарын толық көлемде орындауға;
      2) белгіленген тәртіппен осы шарт мемлекеттік тіркелген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылдап алу-беру актісі бойынша жер учаскесін қосалқы жалға алушыға беруге;
      3) жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақыны аудару үшін өз шотының нөмірі өзгергені туралы қосалқы жалға алушыға он күн мерзімде жазбаша хабарлауға;
      4) қосалқы жалға алушыға жер учаскесін ажырамайтын жақсартуларға байланысты шығындарын өтеуге міндетті;
      5) АЭА қатысушы Заңға сәйкес біржақты тәртіпте шартты бұзған жағдайда АЭА қатысушы шартын тоқтатқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қабылдау-беру актісі негізінде жер учаскесін тиесілі күйде қайтарып алуға;
      6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндеттері бар.»;
      21-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «21. Осы шарттың қолданылуы:
      1) АЭА таратылған;
      2) 20__ жылғы ___________ № ___ АЭА құрылатын жеке жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) шартының қолданылу мерзімі аяқталған;
      3) осы шарт сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзылған;
      4) Заңға сәйкес біржақты тәртіпте АЭА қатысушы шарты бұзылған жағдайларда тоқтатылады.»;
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Осы шарт біреуі жалға берушіде, екіншісі қосалқы жалға алушыда болатын бірдей заңды күші бар екі данада жасалды.».
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы              Ж. Қасымбек