"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 43-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Экономика және қаржы департаменті (Т. Нұрғожаева) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық (С. Өмірбаев), Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту (Д. Қаленова) департаменттерімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Білім және ғылым министрі | А. Сәрінжіпов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
__________________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 21 желтоқсан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________________Б. Сұлтанов
2015 жылғы 22 желтоқсан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
__________________ А. Мұхамедиұлы
2015 жылғы 9 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығымен бекітілген |
Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары
бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда
мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін
өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде
қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде
жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидалары
1. Осы Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақылар төлеу арқылы қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 13-тармағына сәйкес әзiрленген және бiлiм алушылардың жол жүруiне өтемақы төлеу тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
білiм алушылар - студенттер, магистранттар, даярлық бөлiмдерiнiң тыңдаушылары;
жол жүру өтемақысы - мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы негiзiнде білім алушыларға қалааралық темiржол және автомобиль көлiгiнде (таксиден басқа) қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде жол жүру құнының бөлiгiн өтеу үшін берілетін ақшалай төлем;
өтемақы төлеу жөнiндегi ұйымдар - республикалық бюджет есебiнен жоғары білімдi және республикалық және жергілiктi бюджеттер есебiнен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі бiлiмдi мамандар даярлауды іске асыратын білім беру ұйымдары.
3. Жол жүру өтемақысы республикалық және жергілiктi бюджеттер қаражаты есебiнен төленедi.
4. Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырысты орындайтын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жыл сайын республикалық және жергілiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу кезiнде білім алушыларға жол жүру үшін ақшалай өтемақыларды төлеуге арналған қаражатқа қажеттiлiк есебiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергілiктi уәкілеттi органдарға ұсынады.
5. Жол жүруге өтемақы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың мынадай санаттарына төленеді:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитындарға жылына екі рет, қысқы және жазғы каникул кезеңінде, тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын бекітілетін айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) 2 еселенген мөлшерінде.";
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарының түлектеріне - жылына бір рет 2 еселенген АЕК мөлшерінде;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне, магистранттарына жылына екі рет, қысқы және жазғы каникул кезеңінде 4 еселенген АЕК мөлшерінде;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына - жылына бір рет 4 еселенген АЕК мөлшерінде;
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне - жылына бір рет 4 еселенген АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 06.01.2022 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Білiм алушыларға жол жүру өтемақыларын төлеудi өтемақы төлеу жөнiндегi ұйымдар жыл сайын ақпан және маусым айларында қаражатты бiлiм алушылардың карт-шотына аудару жолымен немесе қолма-қол төлемдермен жүргiзедi.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының академиялық күнтізбесіне, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқу процесінің кестесіне сәйкес қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде (таксиді қоспағанда) жол жүруді растайтын құжаттар (жол жүру билеті мен отырғызу талонының, автобуспен жол жүрген кезде тек жол жүру билетінің) болған жағдайда жол жүру ақысы төленеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 06.01.2022 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес қаржы жылы аяқталғаннан кейiн өтемақы төлеу жөнiндегi ұйымдар белгiленген тәртiппен бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жол жүру өтемақыларын төлеуге арналған бюджеттiк қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп бередi.