Баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 708 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 832 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 қаңтарда № 12844 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау саласының тексеру парағы бекітілсін.
      2. «Баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 419 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 488 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11868 болып тіркелген, «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (А. Мәкенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткененнен кейін оны он күн мерзімде баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е. Иманғалиевке жүктелсiн.
      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі        Ұлттық экономика министрі
      _____________ А. Сәрінжіпов      _____________ Е. Досаев

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика Министрінің
      міндетін атқарушы
      _____________ М. Құсайынов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының Құқықтық
      статистика және арнайы
      есепке алу жөніндегі комитеті
      201_ жылғы «___»___________
      _______________ С. Айтпаева

      «КЕЛІСІЛДІ»                     «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы          Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау және           Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі        әлеуметтік даму министрінің
      201_ жылғы «___»___________     міндетін атқарушы
      _______________ Т.Дүйсенова     201_ жылғы «___»___________
                                      ______________ Е.Біртанов

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 708 және         
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика Министрінің
міндетін атқарушы     
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 832 бірлескен бұйрығына
1-қосымша         

Баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлері

      1. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) тексерулерді өткізу мақсатында тексерілетін білім беруді басқару органдары мен балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ұйымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына сәйкес іріктеу үшін әзірленген.
      2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тәуекел – балаларға отбасында өмір сүру және тәрбиелену, білім алу, әлеуметтік көмек пен қолдауға ие болу, балаларға арналған ұйымдарда тәрбиелену және жан-жақты даму құқықтарын іске асыруға кедергі келтіретін жағдайлардың пайда болу мүмкіндігі;
      2) тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулерді белгілеу мақсатында бақылау және қадағалау органы өткізетін іс-шаралар кешені;
      3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      5) тексеру парағы – орындалмауы адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мудделеріне қауіп төндіретін тексерілетін субъектілер қызметіне қойылатын талаптарды қамтитын талаптар тізбесі;
      6) тексерілетін субъектілер – жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары, меншік нысанына, тіркелуіне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ұйымдары, меншік нысанына қарамастан, балалардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету, тамақтандыруды және тасымалдауды ұйымдастыру бойынша білім беру ұйымдары, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары, меншік нысанына қарамастан, балалардың демалуға, сауығуға және бос уақытын өткізуге конституциялық құқығын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдары.
      3. Критерийлер объективті және субъективті критерийлер арқылы қалыптасады.
      4. Объективті критерийлер бойынша тексерілетін субъектілер жоғары және жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған болып беріледі:
      1) жоғары тәуекел дәрежесіне жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары меншік нысанына, тіркелуіне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ұйымдары, меншік нысанына қарамастан, балалардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету, тамақтандыруды және тасымал – дауды ұйымдастыру бойынша білім беру ұйымдары, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары, девиантты мінез – құлықты балаларға арналған арнайы және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары жатады;
      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған меншік нысанына қарамастан, балалардың демалуға, сауығуға және бос уақытын өткізуге конституциялық құқығын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдары жатады.
      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты ішінара, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандары қолданылады.
      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған субъектілерге (объектілерге) жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандары қолданылады.
      5. Бірінші басшысымен бекітілген ішінара тексерулер жүргізудің тоқсандық тізімдері тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің интернет-ресурсында орналастырылады.
      6. Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
      1) тексерілетін субъекті ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;
      2) бұрынғы тексерулер нәтижелері;
      3) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.
      7. Ықтимал тәуекел мен бір немесе көп реттік бұзылу проблеманың маңыздылығы сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдердің талдауына байланысты тәуекел бағалаудың өлшем шарттарына сәйкес бұзушылық дәрежесі – өрескел, маңызды және маңызды емес болып айқындалады.
      Өрескел бұзушылық – Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде көзделген әкімшілік жауапкершілікті талап ететін білім беру, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптарының бұзылуы, орта білім алуға конституциялық құқықтың, білім алу кезеңіндегі әлеуметтік қолдау көрсету тәртібінінің, тамақтануды ұйымдастырудағы, білім беру ұйымдарында балаларды күтіп-бағу тәртібінің, кәмелетке толмағандардың қажетті төлемдерді алу құқықтарының бұзылуы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың шағымдар мен өтініштерін қарастыру кезінде дәлелденген бұзушылықтар,
      Маңызды бұзушылық - білім беру, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген оқуға қабылдау мектеп жасына дейін және мектеп жасындағы балаларды есепке алу, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру бойынша, білім беру ұйымдарында оқуға және тәрбиелеуге жағдай жасау талаптарының бұзылуы.
      Маңызды емес бұзушылық– білім беру, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген әкімшілік деректерді электронды түрде беру талаптарының бұзылуы.
      8. Субъективті критерийлер осы Критерийлердің қосымшаларына сәйкес айқындалады.
      1) Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтардың қорғау бойынша жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары қызметінің субъективті критерийлері.
      2) Балалардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету, тамақтандыруды және тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органы қызметінің субъективті критерийлері.
      3) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары қызметінің субъективті критерийлері.
      4) Меншік нысанына, тіркелуіне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ұйымдар қызметінің субъективті критерийлері.
      5) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары қызметінің субъективті критерийлері.
      6) Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары қызметінің субъективті критерийлері.
      7) Меншік нысанына қарамастан балалардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету, тамақтандыруды және тасымалдауды ұйымдастыру бойынша білім беру ұйымдары қызметінің субъективті критерийлері.
      9. Бір өрескел бұзушылық болған жағдайда тексерілетін субъектіге 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған  қатысты іріктеп тексеру жүргізіледі.
      Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін маңызды және маңызды емес бұзушылықтар бойынша қосынды көрсеткіш есептеледі.
      Маңызды дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициент есепке алынады және аталған көрсеткіш төмендегідей формула бойынша есептеледі:
                  Рз = (Р2 х 100/Р1) х 0,7
      онда:
      Рз – маңызды бұзушылықтардың көрсеткіші;
      Р1 – маңызды бұзушылықтардың жалпы саны;
      Р2 – анықталған маңызды бұзушылықтардың саны.
      Маңызды емес дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициент есепке алынады және аталған көрсеткіш төмендегідей формула бойынша есептеледі:
                     Рн = (Р2 х 100/Р1) х 0,3
      онда:
      Рн – маңызды емес бұзушылықтардың көрсеткіші;
      Р1 – маңызды емес бұзушылықтардың жалпы саны;
      Р2 – анықталған маңызды емес бұзушылықтардың саны.
      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (Р) 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және көрсеткіштерді қосу жолдары арқылы төмендегідей формула бойынша айқындалады:
                           Р = Рз + Рн
      онда:
      Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
      Рз – маңызды дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші;
      Рн – маңызды емес бұзушылықтардың көрсеткіші.
      10. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға жатады:
      1) жоғары тәуекел дәрежесіне – 60-дан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру, жоспардан тыс және өзге де бақылау нысандары жүргізіледі;
      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға – 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі.
      11. Ішінара тексеру жүргізу еселігі жылына бір реттен аспауы тиіс.
      Тәуекел дәрежесін талдау және бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты бұрын есепке алынған және қолданылған субъективті критерийлердің деректері қолданылмайды.
      12. Ішінара тексерулердің тізімдері:
      1) субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын;
      2) мемлекеттік органның тексерулерді жүзеге асыратын лауазымдық тұлғаларына түсетін жүктемелерді ескере отырып жасалады.

Баланың құқықтарын қорғау 
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне  
1-қосымша          

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
құқықтарын қорғау бойынша жергілікті атқарушы органдардың білім
беруді басқару органдары қызметінің субъективті критерийлері

Критерийлер

Бұзушылық дәрежесі

1.

Білім беруді басқару органдарына және білім беруді басқару органдарының қарамағындағы ұйымдардың қызметіне расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

өрескел

2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді)

2.1.

Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу

өрескел

2.2.

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алуды ұйымдастыру

маңызды

2.3.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын сақтау

маңызды

2.4.

Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу тәртібін сақтау

маңызды

2.5.

Патронаттық тәрбиеге беру тәртібін сақтау

маңызды

2.6.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия қызметін ұйымдастыру

маңызды

2.7.

Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың өздеріне тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқықтарын сақтау

өрескел

2.8.

Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы  күтіп-бағуға бөлінетін ақшалай қаражатты төлеуді және оның мөлшерін сақтау тәртібін сақтау

өрескел

2.9.

Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау талаптарын сақтау

өрескел

2.10.

Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару және оның мөлшері талаптарын сақтау

өрескел

2.11.

Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйі болмаған жағдайда, оны алуға құқығын сақтау

өрескел

2.12.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын сақтау

өрескел

2.13.

Қамқорлыққа алынушының мүлкіне билік ету бойынша құқығын сақтау

өрескел

2.14.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жұмысқа орналасуда жәрдем көрсету құқығының сақталуы

маңызды

2.15.

Қамқорлыққа, қорғаншылыққа және патронаттық тәрбиеге берілген қамқорлыққа алынушының денсаулық жағдайы туралы және оны тәрбиелеу жөнiндегi, сондай-ақ оның мүлкiн басқару жөнiндегi жұмыс туралы есептердің болуы

маңызды

2.16.

Қазақстан Республикасының азаматтары асырап алған баланың өмір-сүру, оқу, тәрбие және денсаулық жағдайы туралы есептердің болуы

маңызды

3.

Анық емес әкімшілік деректерді электронды түрде беру

маңызды емес

Баланың құқықтарын қорғау 
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне  
2-қосымша          

Балалардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету, тамақтандыруды және тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органы қызметінің субъективті критерийлері

Критерийлер

Бұзушылық дәрежесі

1.

Білім беруді басқару органдарына және білім беруді басқару органдарының қарамағындағы ұйымдардың қызметіне расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

өрескел

2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді)

2.1.

Білім беру ұйымдары желісінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативін орындау

өрескел

2.2.

Балалардың, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуына құқығын қамтамасыз ету

өрескел

2.3.

Елді мекенде мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кері қарай тегін тасымалдауды қамтамасыз ету

өрескел

2.4.

Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы  балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру

маңызды

2.5.

Қаражатты мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бағыттау

өрескел

2.6.

Білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру

өрескел

2.7.

Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастырудың сақталуы

өрескел

5.

Анық емес әкімшілік деректерді электронды түрде беру

маңызды емес

Баланың құқықтарын қорғау 
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне  
3-қосымша          

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін
ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың білім
беруді басқару органдары қызметінің субъективті критерийлері

Критерийлер

Бұзушылық дәрежесі

1.

Білім беруді басқару органдарына және білім беруді басқару органдарының қарамағындағы ұйымдардың қызметіне расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

өрескел

2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді)

2.1.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

маңызды

2.2.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында қабылдау, ұстау және шығару  тәртібін сақтау

өрескел

3.

Анық емес әкімшілік деректерді электронды түрде беру

маңызды емес

Баланың құқықтарын қорғау 
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне  
4-қосымша          

Меншік нысанына, тіркелуіне және ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты
әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ұйымдар қызметінің субъективті
критерийлері

Критерийлер

Бұзушылық дәрежесі

1.

Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

өрескел

2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді)

2.1.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді асырау және олардың тіршілік ету жағдайларының белгіленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету

маңызды

2.2.

Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау

маңызды

2.3.

Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың өздеріне тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқықтарын сақтау

өрескел

2.4.

Қамқорлыққа алынушының мүлкіне билік ету бойынша құқығын сақтау

өрескел

2.5.

Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйі болмаған жағдайда, оны алуға құқығын сақтау

өрескел

2.6.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын сақтау

өрескел

2.7.

Педагог қызметкерлердің тиісті бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімінің болуы

маңызды

2.8.

Педагог қызметкерлердің аттестаттаудан өту мерзімдерін сақтау

маңызды

2.9.

Кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету

маңызды

2.10.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жұмысқа орналасуда жәрдем көрсету құқығының сақталуы

маңызды

3.

Анық емес әкімшілік деректерді электронды түрде беру

маңызды емес

Баланың құқықтарын қорғау 
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне  
5-қосымша          

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары қызметінің
субъективті критерийлері

Критерийлер

Бұзушылық дәрежесі

1.

Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

өрескел

2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді)

2.1.

Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау

маңызды

2.2.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында қабылдау, ұстау және шығару  тәртібін сақтау

өрескел

2.3.

Кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету

маңызды

2.4.

Педагог қызметкерлердің тиісті бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімінің болуы

маңызды

2.5.

Педагог қызметкерлердің аттестаттаудан өту мерзімдерін сақтау

маңызды

3.

Анық емес әкімшілік деректерді электронды түрде беру

маңызды емес

Баланың құқықтарын қорғау 
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне  
6-қосымша          

Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы және ерекше
режимде ұстайтын білім беру ұйымдары қызметінің субъективті
критерийлері

Критерийлер

Бұзушылық дәрежесі

1.

Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

өрескел

2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді)

2.1.

Кәмелетке толмағандарды бағып-күтудiң арнайы жағдайларын қамтамасыз ету

өрескел

2.2.

Кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болу мерзімін сақтау

маңызды

2.3.

Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау

маңызды

2.4.

Кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету

маңызды

2.5.

Педагог қызметкерлердің тиісті бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімінің болуы

маңызды

2.6.

Педагог қызметкерлердің аттестаттаудан өту мерзімдерін сақтау

маңызды

3.

Анық емес әкімшілік деректерді электронды түрде беру

маңызды емес

Баланың құқықтарын қорғау 
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне  
7-қосымша          

Меншік нысанына қарамастан балалардың білім алуға
конституциялық құқығын қамтамасыз ету, тамақтандыруды және тасымалдауды ұйымдастыру бойынша білім беру
ұйымдары қызметінің субъективті критерийлері

Критерийлер

Бұзушылық дәрежесі

1.

Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

өрескел

2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді)

2.1.

Тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуына балалардың, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқығын қамтамасыз ету

өрескел

2.2.

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау және білім алушыларды білім беру ұйымдарынан шығару тәртібін сақтау

маңызды

2.3.

Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру

маңызды

2.4.

Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру тәртібін, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын сақтау

өрескел

2.5.

Білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру

өрескел

2.6.

Орта білім беру ұйымдарында тамақтандырудың ұйымдастырылуын сақтау

өрескел

3.

Анық емес әкімшілік деректерді электронды түрде беру

маңызды емес

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 708 және         
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика Министрінің
міндетін атқарушы     
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 832 бірлескен бұйрығына
2-қосымша         

Баланың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік бақылау
саласының тексеру парағы
(Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)
__________________________________________________ қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт __________________________________
                                               (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ____________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________

Талаптар тізбесі

талап етіледі

талап етілмейді

талаптарға сәйкес

талаптарға сәйкес емес

1

2



5

6

Жергілікті атқарушы органдардың жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі білім беруді басқару органдарының қызметіне қатысты

1.

Жетім балаларды, ата-аналаырының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу





2.

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алуды ұйымдастыру





3.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын сақтау





4.

Қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу тәртібін сақтау





5.

Патронаттық тәрбиеге беру тәртібін сақтау





6.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия қызметін ұйымдастыру





7

Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың өздеріне тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқықтарын сақтау





8

Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатты төлеуді және оның мөлшерін сақтау тәртібін сақтау





9

Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау талаптарын сақтау





10

Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару және оның мөлшері талаптарын сақтау





11

Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйі болмаған жағдайда, оны  алуға құқығын сақтау





12

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын сақтау





13

Қамқорлыққа алынушының мүлкіне билік ету бойынша құқығын сақтау





14

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жұмысқа орналасуда жәрдем көрсету құқығының сақталуы





15

Қамқорлыққа, қорғаншылыққа және патронаттық тәрбиеге берілген қамқорлыққа алынушының денсаулық жағдайы туралы және оны тәрбиелеу жөнiндегi, сондай-ақ оның мүлкiн басқару жөнiндегi жұмыс туралы есептердің болуы.





16

Қазақстан Республикасының азаматтары асырап алған баланың өмір-сүру, оқу, тәрбие және денсаулық жағдайы туралы есептердің болуы





Балалардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету (жалпыға міндетті оқу), тамақтандыруды және тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органының қызметіне қатысты

1

Білім беру ұйымдары желісінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативін орындау





2

Балалардың, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуына құқығын қамтамасыз ету





3

Елді мекенде мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кері қарай тегін тасымалдауды қамтамасыз ету





4

Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру





5

Қаражатты мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бағыттау





6

Білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру





7

Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастырудың сақталуы





Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдарының қызметіне қатысты

1.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету





2.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында қабылдау, ұстау және шығару тәртібін сақтау





Меншік нысанына, тіркелуіне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ұйымдардың қызметіне қатысты

1.

Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді асырау және олардың тіршілік ету жағдайларының белгіленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету





2.

Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау





3.

Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың өздеріне тиесілі алиментке, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқықтарын сақтау





4.

Қамқорлыққа алынушының мүлкіне билік ету бойынша құқығын сақтау





5

Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйі болмаған жағдайда, оны алуға құқығын сақтау





6

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге меншік құқығын немесе оны пайдалану құқығын сақтау





7

Педагог қызметкерлердің тиісті бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімінің болуы





8

Педаг қызметкерлердің аттестаттаудан өту мерзімдерін сақтау





9

Кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету





10

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жұмысқа орналасуда жәрдем көрсету құқығының сақталуы





Меншік нысанына қарамастан балалардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету (жалпыға міндетті оқу), тамақтандыруды және тасымалдауды ұйымдастыру бойынша білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты

1

Тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуына балалардың, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқығын қамтамасыз ету





2

Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау және білім алушыларды білім беру ұйымдарынан шығару тәртібін сақтау





3

Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру





4

Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылар мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру тәртібін, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын сақтау





5

Білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру





6

Орта білім беру ұйымдарында тамақтандырудың ұйымдастырылуын сақтау





Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметіне қатысты

1.

Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау





2.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында қабылдау, ұстау және шығару тәртібін сақтау





3.

Кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету





4

Педагог қызметкерлердің тиісті бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімінің болуы





5.

Педаг қызметкерлердің аттестаттаудан өту мерзімдерін сақтау





Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты

1.

Кәмелетке толмағандарды бағып-күтудiң арнайы жағдайларын қамтамасыз ету





2.

Кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болу мерзімін сақтау





3.

Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау





4.

Кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету





5.

Педагог қызметкерлердің тиісті бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімінің болуы





6

Педагог қызметкерлердің аттестаттаудан өту мерзімдерін сақтау





Лауазымдық тұлға (тұлғалар) ______________ _________ ________________
                              (лауазымы)     (қолы)      (Т.А.Ә.
                                                     (бар болғанда))
Тексерілетін субъектінің
      жетекшісі             _________________________________________
                             (Т.А.Ә. (бар болғанда), лауазымы) (қолы)