«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»
2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының сарбаздар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеуі туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. «Ішкі әскерлердің солдаттар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеретін және күнтізбелік есеппен кемінде сегіз жыл қызмет өткерген әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқытуға арналған шығыстарын бюджет қаражаты есебінен оқу құнының елу пайызы мөлшерінде өтеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 585 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7318 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 10 желтоқсандағы № 398-399 (26789-26790) сандарында, «Юридическая газета» газетінің 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 188 (2178) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 980 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының
сарбаздар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік
есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша
әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан
Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқуға
жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының
елу пайызы мөлшерінде өтеуі туралы нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының сарбаздар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеуі туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 47-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының сарбаздар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің (бұдан әрі – әскери қызметшілер) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында (бұдан әрі - ЖОО) ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеу тәртібін нақтылайды.
2. Оқуға жұмсалған шығындарды өтеу
2. Әскери қызметшіге шығындарды өтеу оқытудың әрбір курсына күнтізбелік кесте бойынша бөле отырып, барлық оқыту кезеңіне жүзеге асырылады.
3. Әскери қызметші әскери қызмет өткеру орны бойынша мемлекеттік мекеме басшысының (әскери бөлім командирінің) атына жазбаша баянат береді және осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көзделген шығындарды өтеуге арналған құқығын растайтын құжаттарды ұсынады:
4. Әскери қызметші оқуға жұмсалған шығындарды өтеу туралы баянатқа қоса ұсынатын құжаттардың тізбесі:
Заңның 6-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес уәкілетті лауазымды адамның жоғары оқу орнына түсуге арналған келісімі туралы құжаттың көшірмесі;
оқу орнынан анықтама;
еңбек сіңірген жылдары туралы анықтама;
білім беру қызметін көрсету жөніндегі шарттың көшірмесі;
ректордың ЖОО-ға қабылдау (келесі оқу курсына ауыстыру) туралы бұйрығының үзінді көшірмесі;
ЖОО-да оқу үшін төлемді растайтын құжаттар.
5. Әскери қызметші басқа ЖОО-ға ауысқан кезде, сондай-ақ одан әрі әскери қызмет өткеру орны өзгерген кезде құжаттарды ұсыну реті осы Нұсқаулықтың 3, 4-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
Бұл ретте, әскери қызметші басқа ЖОО-ға ауысқан жағдайда Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері түзетілуі тиіс.
ЖОО-да оқуға жұмсалған шығындарды өтеу құқығы берілген әскери қызметшіге, ол оқыған (оқитын) білім беру ұйымы таратылған және қайта ұйымдастырылған, әрекетін тоқтатқан, білім беру ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайларда басқа ЖОО-ға оқуға жұмсалатын шығындарды өтеуге кепілдік беріледі.
6. Әскери қызметшіге академиялық демалыс берілген жағдайда оған оқуға жұмсалған шығындарды өтеу құқығы сақталады.
Бұл ретте, әскери қызметші бір ай мерзімде мемлекеттік мекемеге (әскери бөлімге) білім беру ұйымының академиялық демалыс беру туралы бұйрығының үзінді көшірмесін ұсынады.
7. Оқуға жұмсалған ақшалай қаражатты өтеу ұсынылған құжаттарды мемлекеттік мекеменің (әскери бөлім) заң және қаржы органы тексерген соң мемлекеттік мекеме (әскери бөлім) бастығы бұйрығының негізінде жүргізіледі.
Оқуға жұмсалған ақшалай қаражатты өтеу туралы бұйрық әскери қызметшінің оқуға жұмсалған шығынды өтеу туралы баянаты тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей шығарылады.
8. Ақшалай қаражатты өтеу мемлекеттік мекеме бастығының (әскери бөлім командирінің) бұйрыққа қол қойған күнінен бастап бір ай ішінде алушылардың тұрғылықты жері бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиясы бар ұйымдарда ашылған жеке немесе ағымдағы шоттарына ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге асырылады.
9. Оқуға жұмсалған шығынды өтеуден бас тартуды әскери қызметші мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің) шешіміне (іс-әрекетіне) жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сот тәртібімен шағымдана алады.