Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.02.2018 № 92 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Занының 6-бабы 1–тармағының 41-6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өз мүшелері үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету) бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі түрлерінің тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативі өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А.Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 29 желтоқсан
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
министрінің міндеттерін атқарушы
___________ М.Құсайынов
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
___________ Е. Досаев
201_ жылғы " " 2015 жылғы 30 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылдың 25 желтоқсандағы № 1-1/1133 бұйрығына 1-қосымша |
Өз мүшелері үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету)
бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі
түрлерінің тізбесі
т/б № | Атауы | ЭҚЖЖ коды |
1. | Жануарларға арналған дайын азықтарды өндіру | 10.9 |
2. | Ағаш ыдыстарды өндіру | 16.24 |
3. | Бүрмеленген қатырма қағаз, қағаз және қатырма қағаздан қапқорап өндіру | 17.21 |
4. | Қағаз және қатырма қағаздан басқа да бұйымдар өндіру | 17.29 |
5. | Тыңайтқыштар және құрамында азот болатын қоспалар өндіру | 20.15 |
6. | Пестицидтер мен басқа агрохимиялық өнімдерді өндіру | 20.20 |
7. | Тауарларға арналған пластик ораулар өндіру | 22.22 |
8. | Жеңіл металдардан буып-түюге арналған материалдар өндіру | 25.92 |
9. | Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату | 33 |
10. | Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау | 35 |
11. | Суды жинау, өңдеу және бөлу | 36.0 |
12. | Кәріз жүйесі | 37.0 |
13. | Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жарату | 38 |
14. | Топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер | 39 |
15. | 1-санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда, тұрғын емес ғимараттардың құрылысы | 41.20.2 |
16. | Таратушы инженерлік объектілердің құрылысы | 42.21 |
17. | Электр энергиясымен және телекоммуникациямен қамтамасыз етуге арналған бөліп таратқыш объектілердің құрылысы | 42.22 |
18. | Су имараттарының құрылысы | 42.91 |
19. | Ғимараттарды бөлшектеу және құлату | 43.11 |
20. | Құрылыс алаңындағы дайындық жұмыстары | 43.12 |
21. | Электротехникалық, слесарлық және өзге де құрылыс-монтаж жұмыстары | 43.2 |
22. | Әрлеу жұмыстары | 43.3 |
23. | Өзге де мамандандырылған құрылыс жұмыстары | 43.9 |
24. | Көлік құралдарына техникалық қызметтер көрсету және оларды жөндеу | 45.2 |
25. | Ауыл шаруашылығы шикізатын, тірі мал, тоқыма шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сату жөніндегі агенттердің қызметі | 46.11 |
26. | Сусындар мен темекі бұйымдарын қоса алғанда, азық-түлік өнімдерін, сату жөніндегі агенттердің қызметі | 46.17 |
27. | Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау | 49.41 |
28. | Құбырмен тасымалдау | 49.50 |
29. | Теңіз және жағалау суларында жүретін жүк көлігі | 50.2 |
30. | Өзен жүк көлігі | 50.40 |
31. | Жүк әуе көлігі | 51.21 |
32. | Жүктерді қоймаға қою және сақтау | 52.10 |
33. | Тасымалдау кезіндегі қызметтің қосалқы түрлері | 52.2 |
34. | Тұрғын үйдің басқа түрлері | 55.9 |
35. | Тамақтануды ұйымдастырудың өзге де түрлері | 56.29 |
36. | Байланыс | 61 |
37. | Ақпараттық қызметтердің жұмысы | 63 |
38. | Жалға беру және жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті басқару | 68.2 |
39. | Техникалық сынақтар мен талдаулар | 71.20 |
40. | Бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама беру | 73.12 |
41. | Нарық конъюнктурасын зерттеу және қоғамдық пікірді зерттеу | 73.2 |
42. | Ветеринарлық қызмет | 75 |
43. | Автомобильдер мен жеңіл автомобильдерді жалға алу және жалға беру | 77.11 |
44. | Жүк көліктерін жалға алу және жалға беру | 77.12 |
45. | Өзге де машиналарды, жабдықтарды және материалдық құралдарды жалдау және жалға беру | 77.3 |
46. | Ауылшаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жалға алу және жалға беру | 77.31 |
47. | Азаматтық объектілердің құрылысына арналған құрылыс техникасы мен жабдықтарды жалға алу және жалға беру | 77.32 |
48. | Есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдықтарды жалға алу және жалға беру | 77.33 |
49. | Су көлігі құралдары мен жабдықтарын жалға алу және жалға беру | 77.34 |
50. | Әуе көлігі құралдары мен жабдықтарын жалға алу және жалға беру | 77.35 |
51. | Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де машиналарды, жабдықтар мен материалдық құралдарды жалға алу және жалға беру | 77.39 |
52. | Жеке күзет қызметінің жұмысы | 80.1 |
53. | Күзет жүйелері саласындағы қызмет | 80.2 |
54. | Ғимараттарға және аумақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет | 81 |
55. | Басқа санаттарға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері | 85.59.9 |
56. | Компьютерлер мен шалғай жабдықтарды жөндеу | 95.11 |
57. | Коммуникациялық жабдықтарды жөндеу | 95.12 |
Аббревиатураның толық жазылуы: ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылдың 25 желтоқсандағы № 1-1/1133 бұйрығына 2-қосымша |
Ауыл шаруашылығы кооперативі өз мүшелеріне өткізетін
тауарлардың тізбесі
т/б№ | Атауы | ЭҚТӨЖ коды |
1. | Маусымдық дақылдар | 01.1 |
2. | Көп жылғы дақылдар | 01.2 |
3. | Өсімдікті материалдар; тірі өсімдіктер; баданалар, түйіндер мен тамырлар; сұлама бұтақтар және қалемшелер; саңырауқұлақты жерлер | 01.3 |
4. | Тірі малдар және мал шаруашылығы өнімдері | 01.4 |
5. | Балық және басқа да балық аулау өнімдері; аквадақылдар; | 03.0 |
6. | Тас көмір | 05.1 |
7. | Сұйық немесе газ тәрізді күйдегі табиғи газ | 06.2 |
8. | Тас, құм және саз | 08.1 |
9. | Малға арналған дайын азық | 10.9 |
10. | Ағаш ыдыс | 16.24 |
11. | Қағазды және қатырма қағазды ыдыс | 17.12.3 |
12. | Мұнайды қайта өңдеу өнімдері | 19.2 |
13. | Тыңайтқыштар мен азотты қосылыстар | 20.15 |
14. | Пестицидтер және өзге де агрохимиялық өнімдер | 20.2 |
15. | Сабын және жуғыш құралдар, тазалағыш және өңдеу | 20.41 |
16. | Жарылғыш заттар | 20.51 |
17. | Желімдер | 20.52 |
18. | Майлайтын материалдар; жапсырмалар; антифриздар | 20.59.4 |
19. | Негізгі фармацевтикалық өнімдер | 21.1 |
20. | Фармацевтикалық препараттар | 21.20 |
21. | Резеңке бұйымдар | 22.1 |
22. | Пластмассадан жасалған бұйымдар | 22.2 |
23. | Қуыс шыны | 23.13 |
24. | Саздан жасалған құрылыс материалдары | 23.3 |
25. | Цемент, әк және ғаныш | 23.5 |
26. | Бетоннан, ғаныштан және цементтен жасалған бұйымдар | 23.6 |
27. | Түрлі диаметрлі құбырлар, болаттан жасалған түрлі диаметрлі құбырларға арналған қуыс профильдер мен фитингтер | 24.2 |
28. | Металл конструкциялар | 25.1 |
29. | Металл цистерналар, резервуарлар мен контейнерлер | 25.2 |
30. | Орталықтан жылытудың су қазандықтарынан басқа бу генераторлары | 25.3 |
31. | Өзге де дайын металл бұйымдар | 25.9 |
32. | Электронды бөлшектер | 26.1 |
33. | Пайдаланушыларға арналған электронды құралдар | 26.4 |
34. | Өлшеу, тестілеу және навигацияға арналған жабдықтар | 26.5 |
35. | Электр қозғалтқыштар, генераторлар, трансформаторлар және электр таратушы және реттеуші аппаратура | 27.1 |
36. | Аккумуляторлар мен батареялар | 27.2 |
37. | Оқшауланған сымдар мен кабелдер | 27.3 |
38. | Электр жарықтандыру жабдықтары | 27.4 |
39. | Өзге де электр жабдықтары | 27.9 |
40. | Жалпы мақсаттағы машиналар | 28.1 |
41. | Өзге де жалпы мақсатқа арналған жабдықтар | 28.2 |
42. | Ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналар | 28.3 |
43. | Тамақ өнімдерін, сусындарды өңдеуге арналған жабдық | 28.93 |
44. | Тоқыма, тігін және былғары өнеркәсібіне арналған жабдық | 28.94 |
45. | Қағаз бен қатырма қағазды өндіруге арналған жабдық | 28.95 |
46. | Автомобильдер | 29.1 |
47. | Автомобиль шанақтары; тіркемелер және жартылай тіркемелер | 29.2 |
48. | Автомобильдердің бөліктері мен керек-жарақтары | 29.3 |
49. | Кемелер және өзге де жүзу құралдары | 30.11 |
50. | Әуеге ұшу аппараттары және ғарыштық ұшу аппараттары | 30.3 |
51. | Мотоциклдер | 30.91 |
52. | Медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтар | 32.5 |
53. | Табиғи су | 36.00.1 |
Аббревиатураның толық жазылуы: ЭҚТӨЖ - экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдер жiктеуiші