«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Занының 6-бабы 1–тармағының 41-6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өз мүшелері үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету) бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі түрлерінің тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативі өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 29 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика Ұлттық экономика министрі
министрі министрінің міндеттерін атқарушы
___________ Е. Досаев ___________ М.Құсайынов
201_ жылғы « » 2015 жылғы 30 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылдың 25 желтоқсандағы
№ 1-1/1133 бұйрығына
1-қосымша
Өз мүшелері үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету)
бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі
түрлерінің тізбесі
т/б |
Атауы |
ЭҚЖЖ коды |
1. |
Жануарларға арналған дайын азықтарды өндіру |
10.9 |
2. |
Ағаш ыдыстарды өндіру |
16.24 |
3. |
Бүрмеленген қатырма қағаз, қағаз және қатырма қағаздан қапқорап өндіру |
17.21 |
4. |
Қағаз және қатырма қағаздан басқа да бұйымдар өндіру |
17.29 |
5. |
Тыңайтқыштар және құрамында азот болатын қоспалар өндіру |
20.15 |
6. |
Пестицидтер мен басқа агрохимиялық өнімдерді өндіру |
20.20 |
7. |
Тауарларға арналған пластик ораулар өндіру |
22.22 |
8. |
Жеңіл металдардан буып-түюге арналған материалдар өндіру |
25.92 |
9. |
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату |
33 |
10. |
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау |
35 |
11. |
Суды жинау, өңдеу және бөлу |
36.0 |
12. |
Кәріз жүйесі |
37.0 |
13. |
Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жарату |
38 |
14. |
Топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер |
39 |
15. |
1-санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда, тұрғын емес ғимараттардың құрылысы |
41.20.2 |
16. |
Таратушы инженерлік объектілердің құрылысы |
42.21 |
17. |
Электр энергиясымен және телекоммуникациямен қамтамасыз етуге арналған бөліп таратқыш объектілердің құрылысы |
42.22 |
18. |
Су имараттарының құрылысы |
42.91 |
19. |
Ғимараттарды бөлшектеу және құлату |
43.11 |
20. |
Құрылыс алаңындағы дайындық жұмыстары |
43.12 |
21. |
Электротехникалық, слесарлық және өзге де құрылыс-монтаж жұмыстары |
43.2 |
22. |
Әрлеу жұмыстары |
43.3 |
23. |
Өзге де мамандандырылған құрылыс жұмыстары |
43.9 |
24. |
Көлік құралдарына техникалық қызметтер көрсету және оларды жөндеу |
45.2 |
25. |
Ауыл шаруашылығы шикізатын, тірі мал, тоқыма шикізаты мен жартылай фабрикаттарды сату жөніндегі агенттердің қызметі |
46.11 |
26. |
Сусындар мен темекі бұйымдарын қоса алғанда, азық-түлік өнімдерін, сату жөніндегі агенттердің қызметі |
46.17 |
27. |
Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау |
49.41 |
28. |
Құбырмен тасымалдау |
49.50 |
29. |
Теңіз және жағалау суларында жүретін жүк көлігі |
50.2 |
30. |
Өзен жүк көлігі |
50.40 |
31. |
Жүк әуе көлігі |
51.21 |
32. |
Жүктерді қоймаға қою және сақтау |
52.10 |
33. |
Тасымалдау кезіндегі қызметтің қосалқы түрлері |
52.2 |
34. |
Тұрғын үйдің басқа түрлері |
55.9 |
35. |
Тамақтануды ұйымдастырудың өзге де түрлері |
56.29 |
36. |
Байланыс |
61 |
37. |
Ақпараттық қызметтердің жұмысы |
63 |
38. |
Жалға беру және жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті басқару |
68.2 |
39. |
Техникалық сынақтар мен талдаулар |
71.20 |
40. |
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама беру |
73.12 |
41. |
Нарық конъюнктурасын зерттеу және қоғамдық пікірді зерттеу |
73.2 |
42. |
Ветеринарлық қызмет |
75 |
43. |
Автомобильдер мен жеңіл автомобильдерді жалға алу және жалға беру |
77.11 |
44. |
Жүк көліктерін жалға алу және жалға беру |
77.12 |
45. |
Өзге де машиналарды, жабдықтарды және материалдық құралдарды жалдау және жалға беру |
77.3 |
46. |
Ауылшаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жалға алу және жалға беру |
77.31 |
47. |
Азаматтық объектілердің құрылысына арналған құрылыс техникасы мен жабдықтарды жалға алу және жалға беру |
77.32 |
48. |
Есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдықтарды жалға алу және жалға беру |
77.33 |
49. |
Су көлігі құралдары мен жабдықтарын жалға алу және жалға беру |
77.34 |
50. |
Әуе көлігі құралдары мен жабдықтарын жалға алу және жалға беру |
77.35 |
51. |
Басқа санаттарға енгізілмеген өзге де машиналарды, жабдықтар мен материалдық құралдарды жалға алу және жалға беру |
77.39 |
52. |
Жеке күзет қызметінің жұмысы |
80.1 |
53. |
Күзет жүйелері саласындағы қызмет |
80.2 |
54. |
Ғимараттарға және аумақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет |
81 |
55. |
Басқа санаттарға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері |
85.59.9 |
56. |
Компьютерлер мен шалғай жабдықтарды жөндеу |
95.11 |
57. |
Коммуникациялық жабдықтарды жөндеу |
95.12 |
Аббревиатураның толық жазылуы: ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылдың 25 желтоқсандағы
№ 1-1/1133 бұйрығына
2-қосымша
Ауыл шаруашылығы кооперативі өз мүшелеріне өткізетін
тауарлардың тізбесі
т/б№ | Атауы | ЭҚТӨЖ коды |
---|---|---|
1. |
Маусымдық дақылдар |
01.1 |
2. |
Көп жылғы дақылдар |
01.2 |
3. |
Өсімдікті материалдар; тірі өсімдіктер; баданалар, түйіндер мен тамырлар; сұлама бұтақтар және қалемшелер; саңырауқұлақты жерлер |
01.3 |
4. |
Тірі малдар және мал шаруашылығы өнімдері |
01.4 |
5. |
Балық және басқа да балық аулау өнімдері; аквадақылдар; |
03.0 |
6. |
Тас көмір |
05.1 |
7. |
Сұйық немесе газ тәрізді күйдегі табиғи газ |
06.2 |
8. |
Тас, құм және саз |
08.1 |
9. |
Малға арналған дайын азық |
10.9 |
10. |
Ағаш ыдыс |
16.24 |
11. |
Қағазды және қатырма қағазды ыдыс |
17.12.3 |
12. |
Мұнайды қайта өңдеу өнімдері |
19.2 |
13. |
Тыңайтқыштар мен азотты қосылыстар |
20.15 |
14. |
Пестицидтер және өзге де агрохимиялық өнімдер |
20.2 |
15. |
Сабын және жуғыш құралдар, тазалағыш және өңдеу |
20.41 |
16. |
Жарылғыш заттар |
20.51 |
17. |
Желімдер |
20.52 |
18. |
Майлайтын материалдар; жапсырмалар; антифриздар |
20.59.4 |
19. |
Негізгі фармацевтикалық өнімдер |
21.1 |
20. |
Фармацевтикалық препараттар |
21.20 |
21. |
Резеңке бұйымдар |
22.1 |
22. |
Пластмассадан жасалған бұйымдар |
22.2 |
23. |
Қуыс шыны |
23.13 |
24. |
Саздан жасалған құрылыс материалдары |
23.3 |
25. |
Цемент, әк және ғаныш |
23.5 |
26. |
Бетоннан, ғаныштан және цементтен жасалған бұйымдар |
23.6 |
27. |
Түрлі диаметрлі құбырлар, болаттан жасалған түрлі диаметрлі құбырларға арналған қуыс профильдер мен фитингтер |
24.2 |
28. |
Металл конструкциялар |
25.1 |
29. |
Металл цистерналар, резервуарлар мен контейнерлер |
25.2 |
30. |
Орталықтан жылытудың су қазандықтарынан басқа бу генераторлары |
25.3 |
31. |
Өзге де дайын металл бұйымдар |
25.9 |
32. |
Электронды бөлшектер |
26.1 |
33. |
Пайдаланушыларға арналған электронды құралдар |
26.4 |
34. |
Өлшеу, тестілеу және навигацияға арналған жабдықтар |
26.5 |
35. |
Электр қозғалтқыштар, генераторлар, трансформаторлар және электр таратушы және реттеуші аппаратура |
27.1 |
36. |
Аккумуляторлар мен батареялар |
27.2 |
37. |
Оқшауланған сымдар мен кабелдер |
27.3 |
38. |
Электр жарықтандыру жабдықтары |
27.4 |
39. |
Өзге де электр жабдықтары |
27.9 |
40. |
Жалпы мақсаттағы машиналар |
28.1 |
41. |
Өзге де жалпы мақсатқа арналған жабдықтар |
28.2 |
42. |
Ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналар |
28.3 |
43. |
Тамақ өнімдерін, сусындарды өңдеуге арналған жабдық |
28.93 |
44. |
Тоқыма, тігін және былғары өнеркәсібіне арналған жабдық |
28.94 |
45. |
Қағаз бен қатырма қағазды өндіруге арналған жабдық |
28.95 |
46. |
Автомобильдер |
29.1 |
47. |
Автомобиль шанақтары; тіркемелер және жартылай тіркемелер |
29.2 |
48. |
Автомобильдердің бөліктері мен керек-жарақтары |
29.3 |
49. |
Кемелер және өзге де жүзу құралдары |
30.11 |
50. |
Әуеге ұшу аппараттары және ғарыштық ұшу аппараттары |
30.3 |
51. |
Мотоциклдер |
30.91 |
52. |
Медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтар |
32.5 |
53. |
Табиғи су |
36.00.1 |
Аббревиатураның толық жазылуы: ЭҚТӨЖ - экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдер жiктеуiші