"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 720 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық
тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала
зерделеуді жүзеге асыру қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі – ЭТҚ) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Кандидаттар – бос лауазымға орналасу үшін ЭТҚ қызметке кіруге құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматы (бұдан әрі - кандидаттар).
2. Кандидаттарды іріктеудің негізгі мақсаты:
1) жоғары білікті мамандарды анықтау;
2) кандидаттардың іскерлік, жеке және моральдық қасиеттерінің қызметтік жұмыстың нақты учаскелерінде ЭТҚ қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуін кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін және оның кәсіби құзыретіне сәйкес келу дәрежесін есепке ала отырып анықтау;
3) ЭТҚ бос лауазымдарына уақтылы орналасуын қамтамасыз ету.
3. ЭТҚ қызметіне кандидаттарды іріктеудің негізгі қағидаттары:
1) олардың қабілеттіліктері мен кәсіби даярлығына сәйкес лауазымға үміткер кандидаттарға бірдей қол жетімділігі;
2) кандидаттардың объективтілігі және кәсіби және жеке қасиеттерін жан-жақты бағалау;
3) кәсіпқойлық;
4) ашықтық;
5) заңдылық болып табылады.
2. ЭТҚ қызметіне (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу
және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары
4. ЭТҚ қызметіне түсу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
5. Жұмыстан шығарылған, не теріс себептері бойынша өз өкілеттіктерін тоқтатқан тұлғаларды қоспағанда, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқу бітірген тұлғалар, бұдан бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілер, Парламенттің депутаттары болып табылған тұлғалар, саяси мемлекеттік қызметкерлер, өз өкілеттіктерін тоқтатқан судьялар, және тиісті біліктілік талаптарына ұсынылған тұлғалар ЭТҚ-ға конкурстық іріктеуден тыс және арнайы бастапқы оқудан өтпей орналасады.
6. ЭТҚ қызметіне қабылданатын кандидаттарды іріктеу, олардың алдын ала зерделеу бойынша жұмысты ұйымдастыру, кандидаттардың тағайындалуы болжанатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша (бұдан әрі – аумақтық органдары) ЭТҚ басшыларына және кадр қызметіне жүктеледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 05.11.2018 № 966 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. ЭТҚ қызметіне түсуге ниет білдірген кандидат жазбаша өтінішті (бұдан әрі - өтініш) береді.
1) Комитеттің ЭТҚ лауазымдарына – Комитет төрағасының атына;
2) аумақтық органдарының ЭТҚ лауазымдарына – аумақтық мемлекеттік кірістер органы басшысының атына.
8. Кандидат кадр қызметіне өтінішке қоса мынадай құжаттарды табыс етеді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр есебі жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (іс жүзінде тұрғылықты орнының мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері (диплом мен қосымшасы);
5) әскери қызмет өткергені немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылғаны немесе кейінге қалдырылғаны туралы растайтын құжаттың көшірмесі;
6) өлшемі 3*4 фотосурет (4 дана);
7) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған қолмен немесе басылған түрде жазылған өмірбаянын;
8) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн;
9) егер құжат тігетін папкаға салынған арнаулы атақты беру туралы немесе біліктілік сыныбын белгілеу туралы (бұрын басқа құқық қорғау органдарында қызмет өткергендерге арналған) бұйрықтан үзінді болса, қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, жұмыстан шығару туралы бұйрықтан үзінді.
Құжаттардың көшірмелерін қабылдаған кезде салыстыру үшін олардың түпнұсқалары қарастырылады немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылданады.
Кандидаттар олардың біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсынады.
9. Кандидаттың жеке басын зерделеу процесінде оның бар біліміне және арнайы даярлығына сәйкестігі, ол тағайындалатын лауазымға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі, отбасы жағдайы, еңбек жолы анықталады.
Осы Қағидаларға 10-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс еткен кандидат, ЭТҚ тиісті бөлімшесінің басшысында әңгімелесуден өтеді.
10. Кадр қызметі зерделеу нәтижелері және оның ЭТҚ басшысымен әңгімелесу қорытындысы бойынша кандидатты ЭТҚ қызметіне іріктелгені туралы немесе іріктеуден дәлелді бас тартуы туралы хаттама түрінде ресімделетін бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін көрсетумен тиісті нәтижесі бар қорытынды шығарады.
Хаттамаға кандидаттың құжаттарын зерделеген кадр қызметінің басшысы және қызметшісі, кандидатпен әңгімелесу жүргізген ЭТҚ басшысы қол қояды.
Кандидатқа іріктеудің қабылданған шешімі туралы кадр қызметі кандидаттардың электрондық мекенжайларына және мобильді телефондарына ақпаратты жолдау арқылы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.
11. Қызметке кандидатты іріктеу бойынша мәселе оң шешілген кезде ЭТҚ қызметіне кандидаттардың ведомстволық деректер банкіне кандидаттың деректерін енгізу туралы шешім қабылданады.
Комитеттің және оның аумақтық органдарының кадр қызметі, кандидаттың деректерін қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкіне олардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін көрсетумен енгізеді.
Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
____________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Өтініш
Мені _________________________________________________________
бос лауазымға орналасу үшін іріктеуге қатысуға
жіберуіңізді сұраймын.
Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне
(экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын
кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру
қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_________ ____________________________________________
қолы Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде)
"___" ___________ 20____ж.
Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Кадр есебі жөніндегі жеке І С П А Р А Ғ Ы Л И Ч Н Ы Й Л И С Т О К по учету кадров Тегі _____________________________ Фамилия аты ______________________________ имя әкесінің аты _____________________ отчество (при его наличии) 2. _______________________________ тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын өзгерткен болсаңыз, қашан, қайда және қандай себеппен өзгерткеніңізді көрсетіңіз если изменяли фамилию, имя или отчество (при его наличии), то укажите их, а также когда, где и по какой причине изменяли 3. Жынысы ______________ Пол 4. Туған күні, айы және жылы __________________________________ Год, число и месяц рождения Туған жері _______________________ Место рождения (село, ауыл, қала, аудан, облыс, өлке, республика) (село, деревня, город, район, область, край, республика) 6. Ұлты __________________________ Национальность 7. Азаматтық _____________________ Гражданство 8. Білімі ________________________ Образование |
|
Оқу орнының атауы және оның тұрған жері Название учебного заведения и его местонахождение | Түскен жылы Год поступления | Бітіргеннемесе шыққан жылы Год окончания или ухода | Бітірмесе , қай курстан кетті Если не окончил, то с какого курса ушел | Қандай мамандық бойынша білім алды По какой специальности обучался | Оқу орнын бітірген соң, кім болып шықты, диплом немесе куәлік нөмірін көрсету керек Какую квалификацию получил в результате окончания учебного заведения, указать № диплома или удостоверения |
9. Қандай шетел тілдерін білесіз (оқи аласыз ба, әлде сөздікпен
аудара аласыз ба, әлде түсінісе аласыз ба, еркін сөйлейсіз бе)
_____________________________________________________________________Какими иностранными языками владеете (читаете и переводите со
словарем, читаете и можете, объясняться, владеете свободно)
10. Ғылыми дәрежеңіз, ғылыми атағыңыз (қашан берілген,
дипломдарыңыздың нөмірі)
_____________________________________________________________________
Ученая степень, ученое звание (когда присвоены, номера дипломов)
11. Қандай ғылыми еңбектеріңіз бен жетістіктеріңіз бар ______________
Какие имеете научные труды и изобретения
_____________________________________________________________________
12. Еңбек жолыңыз (жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқыған
жылдарыңыз, әскери қызмет, қоса атқарған жұмысыңыз, кәсіпкерлік
қызметіңіз және т.б. түгел жазылады)
_____________________________________________________________________
Бұл тармақты толтырғанда мекемелер мен кәсіпорындар кезінде қалай
аталса, сол қалпында берілсін, әскери қызметтің лауазымы мен әскери
бөлімі қоса көрсетілсін
Трудовая деятельность (включая учебу в высших и средних
специальных учебных заведениях, военную службу, работу по
совместительству, предпринимательскую деятельность и т.п.) _____________________________________________________________________
При заполнении данного пункта учреждения организации и
предприятиянеобходимо именовать так, как они назывались в свое время,
военную службу записывать с указанием должности и номера воинской
части
Айы және жылы Месяц и год | Қызметі, мекеме, ұйым, кәсіпорын, сондай-ақ министрлік (ведомство) қоса көрсетілсін Должность с указанием учреждения, организации, предприятия, а также министерства (ведомства) | Мекеме, ұйым, кәсіпорынның тұрған жері Местонахождение учреждения, организации, предприятия | |
келген вступления | кеткен ухода | ||
Айы және жылы Месяц и год | Қызметі, мекеме, ұйым, кәсіпорын, сондай-ақ министрлік (ведомство) қоса көрсетілсін Должность с указанием учреждения, организации, предприятия, а также министерства (ведомства) | Мекеме, ұйым, кәсіпорынның тұрған жері Местонахождение учреждения, организации, предприятия | |
келген вступления | кеткен ухода | ||
13. Жақын туыстарыңыз (әкеңіз, шешеңіз, бауырларыңыз, апа-қарындастарыңыз және балаларыңыз), сондай-ақ жұбайыңыз (зайыбыңыз):
Ваши близкие родственники (отец, мать, братья, сестры и дети), а также муж (жена):
Туысқандық деңгейі Степень родства | Тегі, аты, әкесінің аты Фамилия, имя, отчество | Туған жері, датасы Дата, место рождения | Жұмыс орны, қызметі Место работы, должность | Тұрғылықты мекен-жайы Адрес местожительства |
1Егер туысқандарыңыз фамилиясын, атын, әкесінің атын өзгерткен болса,
олардың бұрынғы тегін, атын, әкесінің атын қоса көрсетіңіз
Если родственники изменяли фамилию, имя, отчество, то необходимо
указать их прежние фамилию, имя, отчество (при его наличии)
14. Қандай мемлекеттік және өзге марапаттарыңыз бар
Какие имеете государственные и другие награды (қашан, немен
марапатталдыңыз) и (когда и чем награждены) _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
15. Әскери қызметке қатысыңыз және әскери атағыңыз
_____________________________________________________________________
Отношение к воинской обязанности и воинское звание
16. Құрамы___________________________________________________________
Состав (командалық, саяси, әкімшілік, техникалық және т.б.)
17. Әскер түрі_______________________________________________________
Род войск (командный, политический, административный, технический и т.д.)
18. Мекен-жайыңыз бен телефоңыз______________________________________
Домашний адрес и телефон
"_____"_______________________20_____г. Өзінің қолы _________________ (толтырылған мезгілі) Личная подпись
(дата заполнения)
(Жеке іс парағын толтырушы қызметкер кейінгі өзгерістер туралы
(білімі, ғылыми дәреже, атақ алуы т.с.с.) қызмет орнына хабарлауға
міндетті. Бұл мағлұматтар жеке іс қағазына енгізіледі).
(Работник, заполняющий личный листок, обязан о всех последующих
изменениях (образовании, присвоении ученой степени, ученого звания и
т.п.) сообщать по месту работы для внесения этих изменений в его
личное дело).
Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Ө М І Р Б А Я Н А В Т О Б И О Г Р А Ф И Я | |
Өз қолымен еркін толтырылады, алайда төмендегідей деректер міндетті түрде көрсетілуге тиіс: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және туған жері; қай кезден, қандай қызметте, қай жерде жұмыс істеді; қашан жұмыс істей бастады, жұмыстан босау, ауысу себебі; Қарулы Күштер қатарына қызмет етуге қашан шақырылды, қайда және қандай қызмет атқарды; әкесінің, шешесінің, жұбайының (ерінің), туған әпке-қарындастарының (сіңілілерінің), бауырларының және балаларының тегі, аты, әкесінің аты, туған күні. Өзі, жұбайы (ері) және жақын туыстары қылмыстық жауапқа тартылған ба (қашан, не үшін). Пишется собственноручно в произвольной форме, но с обязательным указанием следующих сведений: фамилия, имя, отчество (при его наличии), дата и место рождения; с какого времени начал работать, кем, где, когда где работал(а), причины перехода; когда и кем призывался на службу в Вооруженные Силы, где и в качестве кого проходил службу; фамилия, имя, отчество (при его наличии), дата, месяц и год рождения родителей, жены (мужа), детей, близких родственников; привлекались ли Вы, Ваша жена (муж) и родственники к уголовной ответственности (когда, за что). | |
"_____"____________________20_____ж./ г. (толтырылған дата) (дата заполнения) | Өзінің қолы ________________________________ Подпись |