Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервін, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмысты жүргізудің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 728 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда № 12787 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы қаңтардағы Заңының 34-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервін, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмысты жүргізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 728 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі) кадр резервін қалыптастыру, кадр
резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын
талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің
ведомстволық деректер банкімен жұмысты жүргізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмысты жүргізудің қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі - ЭТҚ) кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмысты жүргізудің тәртібін айқындайды.

      2. ЭТҚ кадр құрамын қалыптастыру, ЭТҚ-ғы басшы лауазымдардың жинақталуын қамтамасыз ету мақсатында ЭТҚ кадр резерві құрылады.

      3. Қызметкердің кадр резервінде болу мерзімі үш жыл. Кадр резервіне қойылған, бірақ оларға жоспарланған лауазымға кадр резервінде болу кезеңінде тағайындалмаған адамдар, қайтадан ортақ негіздемелерде кадр резервіне қойылуы мүмкін.

      4. Бос басшы лауазымына ЭТҚ кадр резервінде тұрған қызметкер орналастырылады. Кадр резервінде тұрған қызметкер ұсынылған бос лауазымнан бас тартқан кезде, оған аттестаттау нәтижелері немесе кадрларды іріктеу бойынша басқа қызметкер орналасады.

2. Кадр резервін қалыптастырудың тәртібі

      5. ЭТҚ кадр резерві аттестаттау нәтижелері бойынша басшы лауазымына немесе үлкен көлемді жұмысқа орналасуға ұсынылған қызметкерлер, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде не арнайы тапсырмаларды орындау кезінде ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсеткен адамдар қатарынан кейіннен бос басшы лауазымға орналасу үшін жоспарлы негізде қалыптастырылады.

      6. Кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру үшін жауапкершілік құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының орынбасарына, ал аумақтық органдар бойынша - құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері, "Достық" кедені (бұдан әрі – аумақтық мемлекеттік кірістер органдары) басшыларының орынбасарларына, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының кадр қызметтеріне (бұдан әрі – кадр қызметі) жүктеледі.

      7. Кадр резервін қалыптастыру көздері:

      1) Комитеттің немесе аумақтық органдардың аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша кадр резервіне қою туралы ұсыным;

      2) қызметтік міндеттерін атқару кезінде не арнайы тапсырмаларды орындау кезінде ерекше көзге түскен қызметкерлерді жеке және іскерлік қасиеттерін және осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың қызметтік жұмысының нәтижелерін зерделеу және бағалау негізінде құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына, Комитеттің департаменттер директорларына, дербес басқармаларының және аумақтық органдарының басшыларына кадр резервіне қою үшін ұсыным болып табылады.

      8. Кадр резервіне қою үшін кандидаттарды іріктеу үш жылда бір рет жүргізіледі.

      9. Кадр резервіне қою үшін кандидаттарды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:

      1) ұсынылып отырған лауазымға орналасу үшін көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі;

      2) қызметкердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші;

      3) қызметкердің қызметін бағалау нәтижелері;

      4) ұсынылып отырған қызмет түрі бойынша тиісті кәсіби даярлық пен жұмыс тәжірибесінің болуы;

      5) тиісті басшылар санатының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі;

      6) кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру нәтижелері;

      7) тәртіптік және (немесе) әкімшілік жазалардың болуы.

      10. Қызметкердің кадр резервіне қойылуы оның өтінішінің негізінде жүзеге асырылады.

      11. Кадр резервіне кандидаттарды сапалы іріктеу және қою туралы ұсынымдық қорытындыны дайындау мақсатында кадр резервіне қою немесе одан шығару жөніндегі комиссия құрылады.

      12. Кадр резервіне қою бойынша комиссияның (бұдан әрі - комиссия) құрамы:

      1) Комитет үшін Комитет төрағасының бұйрығымен;

      2) аумақтық органдар үшін аумақтық органдары басшыларының бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссия төрағасы мен оның мүшелері кадр резервіне қосуға жататын қызметкерлерге қарағанда, аса жоғары лауазымды атқаруы тиіс.

      13. Комиссия отырысы кадр резервіне қою үшін ұсынымдардың және аттестаттау комиссиясы шешімдерінің келіп түсуіне қарай, бірақ жылына бір реттен артық емес өткізіледі.

      14. Кадр қызметі, кандидаттардың кадр резервіне қою үшін келіп түскен материалдарын біліктілік талаптарға сәйкес келуіне қарап, оларды қарастыру үшін отырысты өткізгенге дейін кем дегенде күнтізбелік он күн қалғанға дейінгі мерзімде комиссияға жолдайды.

      15. Комиссия шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды және отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің санынан басым көпшілігі оған дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған деп саналады.

      Комиссия хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.

      Комиссияның шешімі комиссияның барлық мүшелері, оның отырысына қатысушылар және хатшы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      16. Лауазымдардың тиісті санаттары бойынша кадр резервінің тізімі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комитет төрағасының немесе аумақтық мемлекеттік кірістер органдары басшыларының бұйрығымен бекітіледі.

      17. Мынадай жағдайларда қызметкерлер кадр резервіне қойылмайды:

      1) қарамағында болған кезде лауазымға тағайындалғанға дейін;

      2) алынбаған тәртіптік және (немесе) әкімшілік жазасы болғанда;

      3) қайта аттестаттаудан өту кезінде атқарып отырған лауазымға сәйкестігі туралы мәселені шешкенге дейін;

      4) ақталатын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқартқанға дейін;

      5) ақтау үкімі заңды күшіне енгенге дейін;

      6) қызметтік тергеу аяқталғанға дейін.

3. Кадр резервінен шығару

      18. Кадр резервінен шығарудың негіздемелері мыналар болып табылады:

      1) қызметкердің бос басшы лауазымына орналасуы;

      2) кадр резервінде болу мерзімінің өтуі;

      3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін қызметкерге, сондай-ақ қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын лауазымынан босату немесе біліктілік сыныбында бір сатыға төмендеу түрінде тәртіптік жаза салынғанда;

      4) қызметкердің бұдан әрі қызмет өткеруі үшін басқа құқық қорғау органына іссапарға жіберілуі;

      10) қызметтен кетуі.

      19. Кадр қызметі қызметкерлерді бұйрық шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кадр резервінен шығарылғаны туралы шешіммен таныстырады.

      20. Қызметкер оның кадр резервінен шығарылғаны туралы шешіммен келіспеген кезде осы шешімді жоғары тұрған тұлғаға немесе сотқа шағымдануға құқылы.

4. Кадр резервіне қойылған ЭТҚ қызметкерлерінің ведомстволық
деректер банкімен жұмыс тәртібі

      21. Кадр қызметі қалыптастырылған ведомстволық деректер банкі арқылы кадр резервіне қойылған немесе одан шығарылған қызметкерлердің есебін жүргізеді.

      22. Ведомстволық деректер банкі есептеу техника құралдарын пайдаланумен автоматтандырылған ақпараттық жүйелер негізінде, сондай-ақ қағаз және электрондық тасымалдағыштарында құжаттамалық материалдарды жинақтау жолымен қызмет етеді.

      23. Кадр резерві туралы ақпарат "е-Қаржымин" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кадрлық әлеуетін басқару, кадр құрамы бойынша есептерді қалыптастыру және ұсыну" кіші жүйесінде жинақталады, онда кадр резервіне қойылған қызметкер туралы мынадай мәліметтер бар:

      1) қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      2) туған күні, айы, жылы;

      3) ұлты;

      4) атқарып отырған лауазымы, біліктілік сыныбы;

      5) білімі, ғылыми дәрежесі;

      6) құқық қорғау органдарындағы еңбек сіңірген жылдары;

      7) шет тілдерін білуі;

      8) қызметкер кадр резервінде тұрған бөлімшенің атауы;

      9) кадр резервінде тұрған қызметкер тағайындалуға үміттеніп тұрған басшы лауазымның санаты мен атауы;

      10) қызметкердің кадр резервіне қойылу мерзімдері.

      24. Кадр қызметі ведомстволық деректер банкін Комиссияның әрбір отырысынан кейін жаңартады.

  Мемлекеттік кірістер органдарының
жедел-тергеу бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі) кадр
резервін қалыптастыру, кадр резервіне
қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне
қойылатын талаптарды және кадр резервіне
қойылған қызметкерлердің ведомстволық
деректер банкімен жұмысты
жүргізудің қағидаларына
1-қосымша

       Нысан

      Кадр резервіне қою туралы

ҰСЫНЫМ

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)___________________

      2. Туған күні, айы, жылы және жері ____________________________

      3. Жынысы _____________________________________________________

      4. Ұлты _______________________________________________________

      5. Білімі, мамандығы, біліктілігі _____________________________

      _____________________________________________________________________

      6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ______________________________

      7. Лауазымы, тағайындалған күні _______________________________

      8. Бар біліктілік сыныбы, оны белгілеу туралы бұйрықтың күні

      және нөмірі, есептеу күні ___________________________________________

      9. Қызметкердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін,

      сондай-ақ қызметтік жұмысының сандық өлшемді көрсеткіштерін көрсете

      отырып, қысқа мінездемесі: __________________________________________

      _____________________________________________________________________

      10. ___________________________________________________________

      лауазымға кадр резервіне қойылуға ұсынылады.

      Кадр резервіне қою мүмкіндігін болдырмайтын негіздемелер жоқ

      (қарамағында болған кезде лауазымға тағайындалғанға дейін, алынбаған

      тәртіптік және (немесе) әкімшілік жазасы болғанда, қайта

      аттестаттаудан өту кезінде атқарып отырған лауазымға сәйкестігі

      туралы мәселені шешкенге дейін, ақталатын негіздер бойынша қылмыстық

      істі қысқартқанға дейін, ақтау үкімі заңды күшіне енгенге дейін,

      қызметтік тергеу аяқталғанға дейін қызметкерлер кадр резервіне

      қойылмайды)

      _______________________________ _______

      (басшының лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған кезде))

      _______________________________ _______

      (ішкі қауіпсіздік бөлімшесі басшының лауазымы, қолы, тегі, аты,

      әкесінің аты (ол болған кезде))

       201__ж. "___" _____________


  Мемлекеттік кірістер органдарының
жедел-тергеу бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі) кадр
резервін қалыптастыру, кадр резервіне
қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне
қойылатын талаптарды және кадр резервіне
қойылған қызметкерлердің ведомстволық
деректер банкімен жұмысты
жүргізудің қағидаларына
2-қосымша

       Нысан

      "Бекітемін"

      _____________________

      _____________________

      (тізімді бекітетін тұлғаның лауазымы,

      тегі (ол болған кезде), аты-жөні және

      қолы, күні)

Кадр резервіне енгізілген қызметкерлердің тізімі

№ р/с

Басшы лауазымның атауы

Резервтегі адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Атқарып отырған лауазымы

Туған күні, айы, жылы

Біліктілік сыныбы

Атқарып отырған лауазымдағы өтілі

Құқық қорғау органдарындағы өтілі

Лауазымға тағайындалғаны немесе кадр резервінен шығарылғаны туралы белгі және негіздеме


2

3

4

5

6

7

8

9


      Қолы __________________________________

      (тізімді жасаған тұлғаның лауазымы,

      тегі, аты-жөні және қолы)