"Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау қорында орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
А. Дауылбаев |
Қазақстан Республикасы | |
Бас Прокурорының | |
2015 жылдың 26 желтоқсандағы | |
№ 156 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын
кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақ 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 20.05.2020 № 65 бұйрығымен.
1. Осы Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына (одан әрі – прокуратура органдары) қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеу және оларды алдын ала зерделеу тәртібін айқындайды.
2. Іріктеу және алдын ала зерделеу тәртібі
2. Кандидаттарды іріктеу және оларды алдын ала зерделеу аға басшы құрам лауазымдарына жүзеге асырылады және бірқатар дәйекті кезеңдерді өтуді қамтиды:
1) кәсіби құзыреттіліктерге сәйкестік деңгейін анықтау;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуіне компьютерлік тестілеу (бұдан әрі – тестілеу);
3) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан және прокуратура органының тиісті бөлімшесінде полиграфологиялық зерттеуден өткізу;
4) міндетті арнайы тексеріс.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 20.05.2020 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Прокуратура органдарына қызметке қабылдануға ниетті кандидаттарды (одан әрі – кандидат) іріктеу және оларды алдын ала зерделеу аумақтық прокуратура органының кадр қызметімен (одан әрі – кадр қызметі) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кандидаттың жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.
4. Деңгейінің кәсіби құзыреттілікке сәйкестігін анықтауды кадр қызметі кандидаттарды іріктеу көзделіп отырған прокуратура органы бөлімшесінің тәжірибелі қызметкерлерін тарта отырып жүзеге асырады.
5. Кандидаттарды тестілеу олар өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес, Компьютерлік тестілеу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Кандидаттарды хабарландыру байланыс құралдары бойынша, олардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына тестілеу тағайындалған күнге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
6. Тестілеу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен (одан әрі – Бас прокуратура) "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметкерлерін тестілеу жүйесі" ақпараттық жүйесінде "Он-лайн" режимінде мемлекеттік немесе орыс тілдерінде кандидаттың таңдауы бойынша өткізіледі.
Тестілеу Прокуратура органдарының біртұтас көлік ортасының қорғалатын арналары бойынша аудио-бейне хаттамамен бейнеконференц байланысын пайдалану арқылы жүргізіледі.
7. Тестілеуді өткізудің объективтілігі тестілеудің қорытындыларын автоматтандырылған санау шарттарының, уақытының және мазмұнының стандартты болуымен қамтамасыз етіледі.
8. Тестілеуге жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке тұлғасын куәландыратын құжаты бар кандидаттар жіберіледі.
9. Тестілеу басталғанға дейін кадр қызметінің өкілі тестілеуді жүргізудің тәртібі бойынша нұсқама жүргізеді, сұрақтар туындаған жағдайда тиісінше түсіндірмелер береді.
10. Тестілеу сәтінде өзін нашар күйде сезінген кандидат бұл туралы тестілеу басталар алдында кадр қызметінің өкіліне хабарлауы қажет. Мұндай жағдайда бұл кандидатты тестілеуден өткізу сол күннің ішінде басқа уақытта немесе басқа күні өткізіледі.
11. Тестілеу кезінде кандидаттарға тестілеу өткізіліп жатқан жайдан шығуға, басқа кандидат адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қабылдағыш-беруші электрондық қондырғыларды (соның ішінде ұялы телефондарды, қалталық дербес компьютерлерді немесе басқа электрондық құралдарды), қағаз тасымалдағыштарын пайдалануға рұқсат етілмейді.
12. Осы Қағидалардың 11-тармағын талаптары бұзылған кезде кадр қызметінің өкілі тестілеуді тоқтатады, бұзуға жол берген кандидатты тестілеу жайынан шығарады және еркін нысанда тиісті акті жасайды. Кандидатты тестілеудің нәтижелері жойылады.
13. Тестілеуді орындауға 90 минут (120 сұрақ) уақыт беріледі.
Тестілеуге бөлінген уақыт аяқталған соң бағдарлама автоматты түрде жабылады.
14. Тестілеу бойынша төменгі шекті мәні сұрақтардың жалпы санының кемінде 70% кем емес дұрыс жауаптан тұрады.
Бұл ретте "Прокуратура туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (бұдан әрі – әдеп кодексі) бойынша дұрыс жауаптардың саны әрбір нормативтік құқықтық акті бойынша 70% кем болмауы тиіс.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 12.02.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.15. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматтандырылған түрде жүргізіледі.
16. Тестілеу аяқталғаннан кейін кандидаттарға олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тестілеуді өткізу күні, жұмсалған уақыт, дұрыс жауаптардың саны көрсетілген тестілеудің нәтижесі беріледі.
Тестілеудің нәтижелері ол өткізілген уақыттан бастап бір жыл ішінде жарамды болып саналады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 12.02.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.17. Тестілеуден өткен кезде төменгі шекті мәннен төмен баға алған кандидаттар тестілеу өткен күннен бастап бір айдан кем емес уақыт өткеннен кейін қайтадан тестілеуге жіберіледі.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 12.02.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.18. Кадр қызметі тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен емес баға алған кандидаттарға үш жұмыс күні ішінде қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өтуге жолдама береді (лауазымға және мамандығына сәйкес).
Кандидат науқастанған, жақын туысы қайтыс болған, дүлей апаттар кезіндегі, төтенше жағдай енгізілген жағдайларды қоспағанда, медициналық және психофизиологиялық куәландырудан уақтылы өтпеген жағдайда кандидатқа қайтадан жолдама берілмейді.
Денсаулық жағдайы бойынша қызмет өткеруге жарамды деп танылған кандидат полиграфологиялық зерттеуден өтеді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 20.05.2020 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Міндетті арнайы тексеру жүргізу үшін кандидат тестілеуді өткізудің қорытындысы бойынша кадр қызметіне үш жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнама;
2) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптыларын көрсете отырып, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған өз қолымен жазылған толық өмірбаяны;
3) жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) нотариалдық куәландырылған, бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi;
Басқа мемлекеттерде, халықаралық ұйымдарда немесе шетелдік білім беру мекемелерінде (олардың филиалдарында) білім алған кандидат тану туралы немесе білімі туралы құжаттардың нострификациясы туралы куәлік ұсынады;
5) 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;
6) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттік кірістер органына табыс еткенін растайтын құжаттар.
Кандидат немесе оның жақын туысы атын, әкесінің атын (бар болса) тегін өзгерткен жағдайда атын, әкесінің атын (бар болса), тегін өзгертудің мемлекеттік тіркеуі туралы құжаттың көшірмесін ұсынады.
20. Міндетті арнайы тексеру жүргізу үшін кандидатқа қатысты құжаттарды кадр қызметі осы құжаттарды кандидат ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарына жібереді.
21. Прокуратура органдарында қызмет етуге денсаулық жағдайлары бойынша жарамсыз деп танылған немесе прокуратура органдарына қызметке орналасуға кедергілердің болуы туралы қорытынды алынған жағдайда кадр қызметі осындай кандидаттарға әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысын және міндетті арнайы тексерудің нәтижесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кандидатқа хабарлайды.
22. Іріктеуге қатысу жөніндегі шығыстарды (тестілеу жүргізетін орынға бару-қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану және басқа да шығыстар) кандидаттар өздерінің жеке қаражаттарының есебiнен жүргiзедi.
Арыз
Мені Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына үміткерлерді қызметке қабылдауға іріктеуге және оларды алдын ала зерделеуге жіберуіңізді сұраймын.
Қолы
Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
"___"__________ 20____ ж.
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын үміткерлерді іріктеу және оларды алдын ала зерделеу қағидаларына 2 қосымша |
Компьютерлік тестілеу бағдарламалары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 12.02.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Лауазымдар санаты | Программа | Тапсырмалар саны |
C-GP-2 |
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу | 120 сұрақ |
C-AGP-3 |
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу | 120 сұрақ |
C-KGP-2 |
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу | 120 сұрақ |
Ескертпе:
Заң мамандағы бойынша тиісті білімнің болуын талап етпейтін лауазымдарға орналасуға ниетті кандидаттар тестілеуден өтпейді.
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын үміткерлерді іріктеу және оларды алдын ала зерделеу қағидаларына 3 қосымша |
|
Нысан |
САУАЛНАМА
(өз қолымен толтырылады)
1. Тегі (егер өзгертсеңіз, бұрынғысын көрсетіңіз) _____________
Аты ___________________________________________________________
Әкесінің аты __________________________________________________
2. Азаматтығы _________________________________________________
егер өзгертсеңіз, қай уақытта өзгерткеніңізді көрсетіңіз ______
_______________________________________________________________
3. Сотталғансыз ба, қашан және не
үшін ________________________________________________________________
4. Шетелдегі оқу немесе жұмыс _________________________________
Келген ел _____________________________________________________
Келген уақыт __________________________________________________
Жұмыс немесе оқу орны _________________________________________
5. Соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті
шектеулі деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін ______________________
6. Белгілі бір мерзімге мемлекеттік қызметпен айналысу
құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін ________________________
7. Прокуратура органының:
1) Сіз ұмтылған лауазым тікелей
бағынысты ___________________________________________________________
2) Сіз ұмтылған лауазым тікелей бағынатын
_______________________________________________________________
лауазымды атқаратын қызметкердің (ата-анасы, ұлы, қызы, асырап
алушысы, асырып алынған, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек
ағалы-інілер немесе апалы-сіңлілер, атасы, әжесі, немересі, зайыбы
немесе жұбайы) жақын туысы болып табыласыз ба.
8. Прокуратура органдарына қызметке орналасардан үш жыл бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылдыңыз ба, қашан және кіммен
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Прокуратура органдарына қызметке орналасардан үш жыл бұрын сот тәртібімен қасақана құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін әкімшілік жазаға тартылдыңыз ба, қашан және не үшін ___________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Құқық қорғау органдарына қызметке орналасардан үш жыл бұрын сот тәртібімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаныңыз үшін әкімшілік жазаға тартылдыңыз ба, қашан және не үшін ________________
_____________________________________________________________________
11. Бұрын құқық қорғау қызметінде болдыңыз ба, ________________________, егер болсаңыз, жұмыстан шығу себептерін көрсетіңіз ______________________________________
20____ ж."___"_____________
_____________
(қолы)
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын үміткерлерді іріктеу және оларды алдын ала зерделеу қағидаларына 4 қосымша |
|
Нысан |
Өмірбаянды үміткер өз қолымен, еркін түрде, түзетулерсіз, төмендегі мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жазады: |
ӨМІРБАЯН АВТОБИОГРАФИЯ ____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты / фамилия, имя, отчество (при его наличии) _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ |
---|