Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1107 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12767 болып тіркелді.

Жаңартылған

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 268-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы А. Рау

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _________________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 15 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 11 желтоқсан


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 1107 бұйрығымен
бекітілген

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.10.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 268-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқоры (бұдан әрі – дерекқор) – отандық тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің тізбесі;

      2) институт – жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты;

      3) құжаттың электрондық көшірмесі - түпнұсқа құжатты электрондық цифрлық нысанда толық түрін және ақпаратын (деректерін) баяндайтын құжат;

      4) портал – "Қазақстандық қамту" интернет-порталының ақпараттық жүйесі;

      5) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілер (бұдан әрі - берушілер) - отандық тауар өндірушілер және жұмыстар мен қызметтерді отандық берушілер;

      6) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы.

2-тарау. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.10.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Қағидаларға сәйкес дерекқорды институт қалыптастырады.

      4. Дерекқор www.ks.gov.kz мекенжайы бойынша порталда орналастырылады.

      5. Дерекқор мыналарды қамтиды:

      1) отандық берушілер көрсететін жұмыстар және қызметтер;

      2) Қазақстанда шығарылған "CT-KZ" нысанындағы сертификаттар берілген тауарлар;

      3) отандық тауар өндірушілер және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің тізбесі;

      4) отандық тауар өндірушілердің құрылыс материалдарының, жабдықтарының, бұйымдарының және конструкцияларының тізілімі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.10.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Дерекқорға (отандық тауар өндірушілердің құрылыс материалдарының, жабдықтарының, бұйымдарының және конструкцияларының тізілімін қоспағанда) тіркелу үшін өнім беруші:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берушінің сауалнамасын электрондық түрде толтырады;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлар туралы ақпаратты және/немесе осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жұмыстар және/немесе көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты электрондық түрде толтырады;

      3) тауарлар үшін:

      егер өнім сәйкестіктің міндетті бағалануына (расталуына) жататын болса, өнімнің сәйкес келуін бағалау (растау) туралы құжатты қоса береді;

      "Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10947 болып тіркелген) сәйкес шығарылған немесе жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған тауарларға берілетін "СТ-КZ" нысанды тауардың шығу тегі туралы сертификатты қоса береді;

      4) жұмыстар және көрсетілетін қызметтер үшін:

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті * немесе анықтаманы (заңды тұлғалар үшін);

      ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес егер жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) рұқсаттама немесе хабарлама тәртібі енгізілген жағдайда рұқсаттаманы немесе хабарламаны қоса береді;

      сапа менеджменті жүйесінің сертификаты болған кезде қоса береді;

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жұмыстарды/көсетілетін қызметтерді берушінің ақпаратын қоса береді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.10.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6-1. Отандық тауар өндірушінің құрылыс материалдарының, жабдықтарының, бұйымдарының және конструкцияларының тізіліміне тіркелу үшін отандық тауар өндіруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде отандық тауар өндірушінің өзі өндіретін құрылыс материалдары, жабдықтары, бұйымдары және конструкциялары туралы сауалнамасын толтырады.

      Ескерту. 2-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.10.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын жүргізу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.10.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Осы Қағидаларға сәйкес дерекқорды институт жүргізеді.

      8. Дерекқор жүргізу мыналарды қамтиды:

      1) тауарлар, жұмыстар, қызметтер және олардың берушілері туралы мәліметтерді дерекқорға енгізу;

      2) отандық берушілер ұсынған деректерге сәйкес дерекқорға енгізілген мәліметтерді өзектілендіру (жаңарту), сондай-ақ, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және оларды берушілерді дерекқордан алып тастау;

      3) дерекқорды порталға орналастыру.

      9. Институт:

      1) берушіні тіркеу туралы ақпаратты алған сәттен бастап он жұмыс күнге дейінгі мерзімде олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарастырады;

      2) қарастыру нәтижелері бойынша екі жұмыс күніне дейінгі мерзімде:

      ұсынылған ақпарат осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, дерекқорға берушінің тіркелгенін растайды;

      ұсынылған ақпарат осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, берушіге сауалнамада көрсетілген электрондық мекенжайға дерекқорға енгізу туралы дәлелді бас тарту жібереді.

      10. Дерекқорға енгізілген тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер және олардың берушілері туралы мәліметтерді өзектілендіруді (жаңартуды) беруші тұрақты негізде жүргізеді.

      11. Осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларда көзделген мәліметтер өзгерген жағдайда, өнім беруші осындай өзгерістер енгізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оларды дерекқорға енгізеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.10.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Дерекқордан тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді және оларды берушілерді он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Институт мынадай:

      1) берушіден оның қызметі тоқтатылғаны (уақытша тоқтатылғаны) туралы ақпарат алынғаннан кейін;

      2) берушінің өзінің бастамасы бойынша;

      3) дерекқорда тіркеуге негіз болып табылған өзектілендірілген (жаңартылған) құжаттар және мәліметтер, олардың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ұсынылмаған жағдайда;

      4) дерекқорға тіркеуге негіз болып табылған берушінің жалған мәліметтер ұсыну фактілері айқындалған жағдайларда алып тастауды жүзеге асырады.

      13. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген жағдайларда, институт берушіге сауалнамада көрсетілген электрондық мекенжайға оны дерекқордан алып тастау туралы еркін нысандағы хабарламаны үш жұмыс күнінен кешіктірілмеген мерзімде жібереді.

      14. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді дерекқорда тіркеу мақсатында берушіде "Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының және ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беруі, сақтауы, қайтарып алуы және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 727 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12181 болып тіркелген) сәйкес алынған электрондық цифрлық қолтаңбасы болу қажет.

  Тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің және
оларды берушілердің
дерекқорын қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Берушінің сауалнамасы

1.

Заңды/жеке тұлғаның* мемлекеттік тілдегі атауы


2.

Заңды/жеке тұлғаның* орыс тіліндегі атауы


3.

Ұйымдастырушылық-құқықтық нысан


4.

БСН/ЖСН*


5.

Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің/анықтаманың нөмірі *


6.

Тіркеу/қайта тіркеу күні*


Нақты мекенжайы

7.

Елді мекен (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, облыс)*


8

Көше, үй, кеңсе мемлекеттік тілде*


9

Көше, үй, кеңсе орыс тілінде*


10

Телефон (облыстың кодын қоса алғанда)*


11

Факс (облыстың кодын қоса алғанда)*


12

Web-сайт


13

ЭҚЖЖ қызмет түрлері мемлекеттік тілде*


14

ЭҚЖЖ қызмет түрлері орыс тілінде*


15

Жобалық жылдық өдірістік қуаттылық заттай көріністе *


16

Персонал саны, (саны)


17

Қазақстан Республикасының азаматтары (саны)*


18

Байланысушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы*


19

Байланысушы тұлғаның телефоны (облыс кодын қоса алғанда)*


20

Берушінің және байланысушы тұлғаның электрондық мекенжайы*


21

Электрондық поштаға хабарлама алуға келісім*



      Ескертпе:

      * Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар;

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі

      ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

  Тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің және
оларды берушілердің
дерекқорын қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Тауарлар туралы ақпарат

1

ЭҚТ ӨЖ бойынша тауар коды (6 нышан деңгейінде)*


2

МӨБЖ кодына сәйкес өлшем бірлігі*


3

Тауардың мемлекеттік тілдегі атауы және қысқаша сипаттамасы *


4

Тауардың орыс тіліндегі атауы және қысқаша сипаттамасы *


5

Тауар өндіруші лицензиясының нөмірі және қолданылу мерзімі


6

Тауарлардың белгіленген стандарттарға (МСТ, ҚР СТ, ҚРСТ ИСО, API,ASTM) сәйкестігі мемлекеттік тілде


7

Тауарлардың белгіленген стандарттарға (МСТ, ҚР СТ, ҚРСТ ИСО, API, ASTM) сәйкестігі орыс тілінде


8

CT-KZ сертификатының нөмірі*


9

CT-KZ сертификатының берілген күні *


10

CT-KZ сертификатында көрсетілген тауардағы қазақстандық қамту (%) *


11

Өзге сертификаттар мен қорытындылар


12

Өнімге сапа кепілдігі (өндіруші кепілдігі және жұмыстардың кепілдік мерзімдері)*



      Ескертпе:

      * Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар;

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЭҚТ ӨЖ – экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші;

      МӨБЖ – мемлекетаралық өлшем бірліктері және есепшоттар

      жіктеуіші;

      МЕМСТ – мемлекеттік стандарт;

      ҚР СТ – Қазақстан Республикасының стандарты;

      ИСО – Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым, ИСО

      (International Organization for Standardization, ISO):

      API – Американдық мұнай институтының стандарты (American

      Petroleum Institute, API)

      ASTM – ASTM International (American Society for Testing and

      Materials) материалдарға, өнімдерге, жүйелерге және

      қызметтерге арналған стандарттарды әзірлеуші және

      шығарушы америкалық халықаралық ерікті ұйым.

  Тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің және
оларды берушілердің
дерекқорын қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

1

ЭҚТ ӨЖ бойынша орындалатын (көрсетілетін) жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) коды*


2

Жұмыстың (көрсетілетін қызметтің) мемлекеттік тілдегі атауы және қысқаша сипаттамасы*


3

Жұмыстың (көрсетілетін қызметтің) орыс тіліндегі атауы және қысқаша сипаттамасы *


4

Орындалатын (көрсетілетін) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту үлесі, %*


5

Рұқсаттама және хабарлама құжатының нөмірі және қолдану мерзімі


6

Жұмыс (көрсетілетін қызметтер) нәтижелеріне кепілдік мерзімі


7

Жұмыстардың/ көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары туралы қосымша ақпарат


8

Сапа менеджменті жүйесінің сертификаты



      Ескертпе:

      * Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар;

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЭҚТ ӨЖ – экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктеуіші

  Тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің және
оларды берушілердің
дерекқорын қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
4-қосымша

Жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді берушінің ақпараты

1

Қызметкерлердің жалпы саны:*


2

олардың ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары:*


3

олардың ішінде Қазақстан Республикасының азаматы еместері:*



      Ескертпе: корпоративішілік ауыстыру шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын менеджерлер мен мамандар санын есепке алмағанда, қызметкерлердің жалпы санында Қазақстан Республикасы азаматтарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатыны туралы жұмыстарды/көсетілетін қызметтерді берушінің ақпараты.

      * Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар.

  Тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің және
оларды берушілердің
дерекқорын қалыптастыру және
жүргізу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Отандық тауар өндірушінің өзі өндіретін құрылыс материалдары, жабдықтары, бұйымдары және конструкциялары туралы сауалнамасы

      Ескерту. Қағида 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.10.2018 № 721 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


р/с

Толтыру міндетті бағаналар


1

Бөлім


Тарау


Кіші тарау


Топ


Құрылыс материалдарының, жабдықтардың, бұйымдардың және конструкцияларының атауы


Стандарттың атауы


СЭҚТН


Сәйкестік сертификатының / сәйкестік туралы декларацияның тіркеу нөмірі


Сәйкестік сертификатының / сәйкестік туралы декларацияның жарамдылық мерзімі


2

Отандық тауар өндірушінің атауы (ұйымдық-құқықтық нысанның атауы және көрсетілуі)


БСН/ ЖСН


Орналасуы (заңды / нақты мекен-жайы)


Телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы


      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі

      СЭҚТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы