Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда 12764 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-1-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі                     А. Мұхамедиұлы

Қазақстан Республикасы   
Мәдениет және спорт     
министрінің        
2015 жылғы 25 желтоқсандағы 
№ 413 бұйрығымен бекітілді

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператормен үкіметтік емес ұйымдары үшін гранттар беру және олардың жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) үкіметтік емес ұйымдар үшін грант (бұдан әрі – грант) – үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператормен азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттары әлеуетін тарту мақсаттарында үкіметтік емес ұйымдарға берілетін қаражат;
      2) өтініш беруші – тарату жағдайында тұрған, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатылған үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда ол туралы деректер үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер базасында сақталынған грант беруге өтініш беруші үкіметтік емес ұйым;
      3) грант алушы – Қағидаларға сәйкес грант алған үкіметтік емес ұйым;
      4) үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталатын және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар, гранттар және сыйақылар туралы» Заңына сәйкес гранттарды беруге құқығы бар акционерлік қоғам түріндегі коммерциялық емес ұйым;
      5) сараптамалық комиссия – гранттар беруге үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдеріне тәуелсіз сараптама жүргізу мақсатында қазақстандық және/немесе шетелдік сарапшылардан, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен оператормен құрылған комиссия.
      3. Гранттар өтініш берушілерге Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар, гранттар және сыйақылар туралы» Заңының 5 бабы 1-тармағымен ескерілген бағыттар шеңберінде оператормен беріледі.
      4. Гранттар келесі әлеуметтік жобаларды, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру үшін беріледі:
      1) әлеуметтік қызмет жұмысын құру және (немесе) оны ұйымдастырушылық сүйемелдеу;
      2) оңалту, бейімдеу, жұмыспен қамту орталықтарын құру және (немесе) оны ұйымдастырушылық сүйемелдеу;
      3) тұрақты жұмыс істейтін ақпараттық, білім беру қызметтерін құру және (немесе) оны ұйымдық сүйемелдеу;
      4) гранттарды жүзеге асыру басымды бағыттарының шеңберінде проблемаларды анықтау, оның динамикасына мониторинг жүргізу және шешу жолдарын анықтау мақсатында кешенді зерттеулерді жүргізуге.
      5. Гранттарды беру жөніндегі ақпараттық қамтамасыз ету оператормен іске асырылады.
      6. Мемлекеттік гранттарды беру үшін қаражат операторға үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен іс қимыл саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі- уәкілетті орган) беріледі.
      Мемлекеттік гранттарды беру үшін қаражат операторға қаражат беретін заңды немесе жеке тұлға мен оператор арасында еркін жасалған шарт негізінде беріледі.
      7. Гранттар конкурстық іріктеу негізінде грант алушыларға беріледі.

2. Гранттарды беру

      8. Гранттарды беру үкіметтік емес ұйымдары үшін берілетін гранттар жоспарын бекіту (бұдан әрі – Жоспар) және үкіметтік емес ұйымдары үшін гранттарды беруге конкурс өткізу арқылы іске асырылады.
      Үкіметтік емес ұйымдары үшін гранттар беру үшін өткізілетін конкурс үкіметтік емес ұйымдары үшін гранттар беру жөнінде конкурс туралы хабарламаны жариялау (бұдан әрі – хабарландыру), құжаттар қабылдау, ұсынылған құжаттарға тәуелсіз сараптама жүргізу, оператормен шешім қабылдау және келісімшартқа қол қоюдан тұрады.
      9. Жоспар өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен бірлесіп қоғамдастық пен үкіметтік емес ұйымдарының кеңесін ескере отырып тиісті бюджет бекітілген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен бекітіледі.
      10. Жоспар келесі мәліметтерден тұрады: гранттар берілетін қоғамдық маңызды міндеттердің атаулары, олардың жалпы сипаттамасы, әлеуметтік жобалар/әлеуметтік бағдарламалардың орны мен оларды жүзеге асыру үшін бөлінетін қаражаттан тұрады.
      11. Уәкілетті орган жоспар бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
      12. Уәкілетті органның интернет ресурсында бекітілген жоспар орналастырылғаннан кейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде оператор гранттарды алу үшін өтінімдер қабылдаудың басталу туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында хабарламаны қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
      13. Хабарлама келесі мәліметтерден тұрады:
      1) құжаттар тізімі және құжаттарды қабылдау мерзімінің соңғы күні, бірақ хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 күнтізбелік күннен кеш емес;
      2) әлеуметтік жобаның-әлеуметтік бағдарламаның негізгі ережелерінің қысқаша сипаттамасы;
      3) бір әлеуметтік жоба, әлеуметтік бағдарлама грантының сомасы (болған жағдайда);
      4) үкіметтік емес ұйымдары үшін гранттар беруге өтінімдер жолдауға болатын пошталық және электрондық мекен жайы, оператормен үкіметтік емес ұйымдары үшін гранттар беруге өтінімдер мен құжаттар қабылдау уақыты, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдары үшін өтінімдер қабылдаудың соңғы мерзімі;
      5) конкурс ережелерін түсіндіру жөніндегі ақпараттық жиналысты өткізу күні, уақыты және орны;
      6) ақпарат пен түсіндірмелерді сұрау үшін оператор лауызымды тұлғаның фамилиясы, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), электрондық поштасын адресі мен телефон номері;
      7) жобалық ұсынысты бағалау критерийлер;
      8) үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды беру конкурсын қорытындылау күні.
      14. Оператор хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей өтініш берушілер үшін жиналыс өткізеді.
      Оператор ақпараттық жиналысқа қатысуды селекторлық байланыс немес интернет арқылы, не өтініш берушілер үшін басқа ыңғайлы әдістермен жүргізеді.
      15. Гранттар алу үшін өтініш беруші хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде, бірақ құжаттарды қабылдау күннен кеш емес, операторға қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық нұсқада құрамында келесі құжаттар бар өтінімді енгізеді:
      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына cәйкес нысан бойынша грантты беруге өтініш;
      2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
      3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жоба паспорты;
      4) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша  әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны іске асыру бойынша күнтізбелік жоспар жобасы (бұдан әрі - күнтізбелік жоспар);
      5) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шығын сметасының жобасы;
      6) заңды тұлғаның мөрімен расталған басшыны тағайындау/сайлау туралы құжат көшірмесі;
      7) өтінімді беру, оған қол қою, грантты және өзге де құжаттарды беру үшін тұлғаға құқық беретін құжат;
      8) мадақтама қағаздар, сертификаттар, алғыс хаттар (бар болған жағдайда).
      9) өтінім толтырылған күн, қолы.
      Өтініш беруші ұсынылған құжаттарды бірыңғай папкаға қалыптастырып, осы тармаққа сәйкес нөмірлейді.
      Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың толық болуы мен онда көрсетілген мәліметтердің шынайылығын қамтамасыз етеді.
      16. Қабылданған құжаттар оператормен ұсынылған бағыттарға сәйкес өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде, грант беру хабарламасында көрсетілгендей грант бенру бағыттарына сәйкес тіркеуге және қарауға жатады.
      17. Ұсынылған құжаттар Қағидалардың 15-тармағына сәйкес келмеген жағдайда оператор өтініш берушіге пошта бойынша және/немесе өтініш берушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық поштасының адресіне (болған кезде) сәйкес еместігі көрсетіліп ескертеді. Өтініш беруші ескерту алған күннен бастап 3 (үш ) жұмыс күні ішінде өтінімде жетіспейтін құжаттар (немесе) мәліметтерді тапсыруға құқы бар.
      Жетіспейтін құжаттар және (немесе) мәліметтерді Қағидалардың
15-тармағымен ескерілген мерзімде тапсырмаған кезде оператор өтініш берушіге конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабыламайтыны туралы ескерту жібереді.
      18. Құжаттар Қағидалардың 15-тармағына сәйкес келген жағдайда, оператор Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мерзімі ішінде тәуелсіздік оларды сараптамаға жібереді.
      19. Ұсынылған құжаттарға тәуелсіз сараптаманы жүргізу үшін оператор үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды беру туралы конкурс хабарланған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Қағидалардың 26-28-тармақтарына сәйкес сараптамалық комиссияны құрайды.
      20. Сараптамалық комиссия құжаттар ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде құжаттарға тәуелсіз сараптаманы жүргізеді және операторға гранттарды беру туралы қорытындыны жолдайды.
      21. Оператор сараптама комиссияның қорытындысын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің ұсынылған шығындарының негіздемелерін, сондай-ақ Қағидалардың 10-тармағымен көзделген жоспарға сәйкес келуін тексереді.
      22. Оператор қарау нәтижесінде және сараптамалық комиссия қорытындысын ескеруімен гранттарды беру және бермеу туралы дәлелді негіздемені көрсетуімен шешім қабылдайды. Шешім басқарма отырысының хаттамасымен бекітіледі және оператордың басқарма төрағасымен қол қойылады.
      23. Оператордың гранттарды беру туралы шешімі оператордың интернет-ресурсында оны қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде жариялайды.
      24. Грантты беру туралы шешімді қабылдаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оператор мен грант алушы арасында грант беру туралы шарт жасалады.
      Грант беру туралы шарттың міндетті талап ретінде:
      1) әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның іске асыру мерзімін орнату;
      2) операторға аралық және қорытынды есеп берудің тәртібі мен мерзімдерін анықтау. Барлық есептер қағаз және электронды тасығыштарда беріледі. Қорытынды есеп берудің мерзімі әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны іске асыру бойынша жұмыстардың аяқталғанын ескеруімен орнатылады;
      3) грант қаражатын әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны іске асыру бойынша шығындар сметасына және оның мақсатына қатаң түрде пайдалану. Сондай-ақ, осы шарт орындалмаған жағдайда грант соммасы операторға қайтарылу тиіс;
      4) пайдаланылмаған грант соммасы операторға қайтару болып табылады.
      25. Грантты беру шарты Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген мерзімде өтініш берушінің кінәсінен жасалынбаса, оператор грантты беру туралы өз шешімін бұзады.

3. Сараптамалық комиссияны қалыптастыру және оның қызметі
туралы

      26. Сараптамалық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, 7-ден 9-ға дейін мүшелерінен және сараптамалық комиссияның хатшысынан тұрады.
      27. Сараптамалық комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және хатшысы оператор өкілдерінен оператормен тағайындалады.
      Сараптамалық комиссияның мүшелері грантты іске асыру саласында екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар (дәлелдейтін құжаттарды көрсетуімен) үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен қалыптастырылады. Сондай-ақ, сараптамалық комиссия мүшелерінің жалпы санынан 30 % өкілдері оператормен ұсынылады, ал 70% - үкіметтік емес ұйымдармен ұсынылады.
      Әр үкіметтік емес ұйым операторға сараптамалық комиссияның құрамына тек бір өкілін ұсынады. Сараптамалық комиссияның құрамына бір сарапшы бір жылдың ішінде бір реттен артық емес ұсынылады.
      28. Оператор сараптамалық комиссияның құрамы бекітілген күннен бастап 3 (үш) күнтізбелік күннің ішінде өзінің интернет-ресурсында сараптамалық комиссияның құрамы туралы ақпаратты жариялайды
      29. Сараптамалық комиссияның тартылған мүшелерінің қызметі оператор мен сараптамалық комиссия мүшелерінің арасында құжаттарға тәуелсіздік комиссияны жүргізу туралы жасалынған келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады.
      30. Оператор сараптамалық комиссияның қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
      31. Оператор сараптамалық комиссия мүшелерін екі күнтізбелік күн бұрын отырыстың өткізілетін орны мен уақытын хабарлайды.
      32. Сараптамалық комиссияның отырыстарын төраға өткізеді, төраға болмаған жағдайда – оның орынбасары өткізеді.
      33. Сараптамалық комиссияның төрағасы ұсынылған өтінімдерге  тәуелсіздік сараптаманы жүргізу үшін оларды сараптамалық комиссия мүшелерінің арасында тең таратады.
      Сондай-ақ, сараптамалық комиссияның төрағасы үкіметтік емес ұйым ұсынған құжаттарға тәуелсіздік сараптаманы жүргізу үшін осы үкіметтік емес ұйымда жұмыс істейтін сараптамалы комиссияның мүшесін анықтамайды.
      34. Тәуелсіздік сараптаманың барысында сараптамалық комиссияның мүшесі:
      1) құжаттарды қарайды және оларды Қағидалардың 36-тармағына сәйкес бағалайды;
      2) Қағидалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтайды;
      3) шешімдерді әділ және бейтарап түрде қабылдайды.
      Сараптамалық комиссияның мүшелері ұсынылған құжаттардың аясында немесе оператордан келіп түскен ақпараттың құпиялығын сақтайды.
      35. Тәуелсіздік сараптаманың нәтижелері қорытындымен ресімделеді. Қорытындыда дәлелдеген негіздемені көрсетуімен гранттарды берудің жөнділігі мен жөнсіздігі туралы ұсынымдар беріледі. Қорытындыға бағалау парағы қоса беріледі.
      36. Құжаттарды қарап болғаннан кейін сараптамалық комиссияның мүшесі құжаттарды 1-ден 10 ұпайға дейін келесі өлшемдерге сәйкес бағалайды:
      1) ұсынылып отырған әлеуметтік жобалар мен бағдарламалардың мақсатқа жетудегі бағыты (оператордың ішкі бақылауы мен мониторингінен жобаны орындауда жеткен жетістігін толық сипаттап нәтижесін баяндау):
      ұсынылған жобаның қорытындысын нақты баяндау;
      ұсынылған жобаға қандай жолмен нәтижелі жеткендігі туралы тапсырыс берушіге нақты баяндау;
      жеткен жетістігі мен жобаны орындаудағы ішкі бақылау мен мониторинг жоспары;
      2) ұсынылған жобаның тиімділігі:
      болашақта жобаны жүзеге асыруды жалғастыру үшін үкіметтік емес ұйымдарға грант беру мүмкіндігін жасау;
      жобалық ұсыныста көрсетілген қызметтің жоба бюджетіне сәйкестігі;
      бюджеттік жобада көрсетілген болжаулы шығысты жоба жүргізілетін аймақтағы нарықтың бағасынан асырмау;
      3) аумақтық қамту;
      4) әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды негізгі мекенжай тобына тарту;
      5) жобаны жүзеге асыруға қажетті қаражат көлемі;
      6) мемлекеттің стратегиялық мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігі;
      7) Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарында белгіленген жоспарлы шараға мемлекеттік саясаттың міндеті мен стратегиялық мақсатына жету әсері;
      8) әлеуметтік бағдарламалар мен жобалардың бағалау индикаторында болу тиімділігі;
      9) ұсынылған жобалар мен әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру жолындағы инновация мен бәсекеге қабілеттілігі;
      10) жобалар мен әлеуметтік бағдарламаларды қолдану мүмкіндігін бағалау.
      Әр өлшем бойынша ұпайлар жинақталады және жалпы ұпай қойылады.
      Бағалау нәтижесінде өлшемнің атауы мен ұпайы көрсетуімен бағалау парағы толтырылады.

4. Гранттарды іске асырылуына мониторинг

      37. Гранттың қаржысы пайдалану үдерісін бақылау тиімділігі мақсатында оның мақсатты тағайындамасына сәйкес оператор грантты беру туралы шартқа сәйкес грантты іске асырылуына мониторингін жүргізеді.
      38. Гранттарды іске асырылуына мониторинг үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды іске асыру тралы ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды көздейді. Оның ішінде:
      1) грантты мақсатты пайдалан туралы;
      2) әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны іске асыруына бағытталған грант алушының қызметі туралы;
      3) грант алушының грантты беру туралы шарттың талаптарын орындау туралы.
      39. Грантты іске асырылуына мониторинг оператормен жүргізіледі және екі түрден тұрады: ішкі және сыртқы мониторинг.
      Ішкі мониторинг грантты беру туралы белгіленген шартқа сәйкес грант аясында іске асырылған әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру бастапқы, аралық және қорытынды сатыларында грант алушылардың есептерін талдау жолымен жүзеге асырылады.
      Сыртқы мониторингті оператор жобаны орындау барысын тікелей қадағалау үшін грант аясында жүзеге асырылған әлеуметік жобалар/әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде өткізілетін іс-шараларға қатысу жолымен жүзеге асырады. Сыртқы мониторинг әлеуметтік жоба/әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үдерісінде 2 реттен артық жүргізілмейді.
      40. Грант алушы операторға аралық және қорытынды есептерді Қағидалардың 6 қосымшасына көрсетілген нысанға сәйкес грантты беру туралы шартта белгіленген мерзімі мен тәртібіне сәйкес ұсынады.
      41. Оператор грант алушылардың аралық есебін ұсынған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен артық емес уақытта, ал қорытынды есепті – 60 күнтізбелік артық емес уақытта қарайды.
      42. Ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда, оператор грант алушылардан әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны іске асыруына байланысты тиісті құжаттар мен ақпаратты сұратады.
      43. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде оператор оның мақсатты тағайындамасына сәйкес грантты толық пайдалану мен тиімділігін анықтайды.

Үкіметтік емес ұйымдар    
үшін гранттар беру және олардың
жүзеге асырылуына мониторинг
жүргізу қағидаларына    
1 қосымша         

Нысан

Грантты алу үшін өтініш

      Кімге _________________________________________________________
          (үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы
                      оператордың толық атауы көрсетіледі)
      Кімнен ________________________________________________________
                   (өтініш берушінің толық атауы көрсетіледі)

      1. Гранттарды ұсыну конкурсына қатысуға талапкер үкіметтік емес ұйымдар (өтініш беруші) туралы мәлімет:

Үкіметтік емес ұйымдардың (өтініш берушінің)
заңды, пошталық мекен жайы мен байланыс телефондары
Заңды тұлғаның банктік деректемелері
(Бизнес-сәйкестендіруші нөмірі, Банктік
сәйкестендіру коды, Жеке сәйкестендіруші коды),
сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарға (өтініш беруші)
қызмет көрсетілетін банк немесе оның филилалының
толық бірінші басшысының жайы Үкіметтік емес
ұйымдардың бірінші басшысының тегі, аты, әкесіні
аты (бар болған жағдайда)

      2. ______________________________ (өтініш берушінің толық атауы көрсетіледі) үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды беру конкурсына әлеуетті жабдықтаушы ретінде қатысу үшін тілек білдіреді және конкурстың қорытындысы бойынша жобалық ұсыныста қолданылған талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету – қажеттісін көрсетңіз) жүзеге асыруға келісімін білдіреді.
      3. Осы өтініші арқылы өтініш беруші «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік тапсырыстар, гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-1 бабының 3 тармағында қарастырылған заң бұзушылық пен шектеудің жоқ екендігін растайды.
      4. Өтініш беруші үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру конкурсын ұйымдастырушыға өз құзыреттілігі, біліктілігі (жеткізуші тауар (лар), атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет - қажеттісін көрсетіңіз) туралы сапалық және басқа да сипаттамалары, авторлық және шектес құқықтың сақталуы, сондай-ақ Қавзақстан Республикасының қолданыстағы заңында қарастырылған барлық шектеулер бойынша дәйексіз мәлімет бергендігі үшін жауапқа тартылатындығынан хабардар екенін растайды.
      Өтініш беруші конкурсқа қатысу туралы нақты өтініш және қоса тіркелген құжаттарда жіберілген осы тәрізді дәйексіз мәліметтер үшін жауапкершілікті толықтай өз мойнынан алады.
      5. Осы конкурстың өтініші __________ күн ішінде жарамды.
      6. Гранттың ұсынылғандығы туралы келісімшарт жасалған уақытқа дейін осы өтініш пен оны жеңімпаз ретінде танитындығы туралы ескерту өтініш беруші мен конкурсты ұйымдастырушы арасындағы міндетті келісімшарттың рөлін атқарады.

      ____________________/_________________________________/
      (Әлеуетті жабдықтаушының – үкіметтік емес ұйымның (өтініш
берушінің) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда), қызметі)

      Толтырылған күні ___________
      Мөр орны

Үкіметтік емес ұйымдар    
үшін гранттар беру және олардың
жүзеге асырылуына мониторинг
жүргізу қағидаларына   
2 қосымша           

Нысан

Өтініш беруші сауалнамасы

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес үкіметтік емес ұйымның толық атауы

-


Үкіметтік емес ұйым – өтініш берушінің басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

-


Өтініш берілген грант бағыты

-


Болжалды әлеуметтік жобаның, әлеуметтік бағдарламаның атауы

-


Әлеуметтік бағдарлама, әлеуметтік жобаның орындалу мерзімі

-


Үкіметтік емес ұйым – өтініш берушінің мақсатты тобы туралы ақпарат

-


Үкіметтік емес ұйым – өтініш беруші туралы байланыс ақпараты (телефоны, электрондық поштасы, пошталық мекенжайы)

-


      ____________________/_____________________________________/
      (Әлеуетті жабдықтаушының – үкіметтік емес ұйымның (өтініш
берушінің) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының тегі, аты,
      әкесінің аты (бар болған жағдайда), қызметі)

      Толтырылған күні ___________
      Мөр орны

Үкіметтік емес ұйымдар    
үшін гранттар беру және олардың
жүзеге асырылуына мониторинг
жүргізу қағидаларына   
3 қосымша         

Нысан

Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның төлқұжаты

Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның атауы
Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның авторы
Байланыс деректері (телефон нөмірі, электрондық мекен жайы)
Жұмыс орны (лауазымы), оқуы


р/с

Төлқұжаттың мазмұндық блогы

Блоктың сипаттамасы

1

Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның (іске асыру бағыты, атауы, іске асыру мерзімі, іске асыруға қажет жалпы сомасы)


2

Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның түйіндемесі (жоба) бағдарлама іске асатын саладағы өзекті мәселелер мен ағымдық жағдаяттың сипаттамасы)


3

Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның мақсаты


4

Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның міндеттері


5

Жоспарланып отырған шараларға шамамен жіберілетін шығындарды көрсетілген Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның іске асырудың жалпы жоспары


6

Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның бағытталып отыратын тұрғындардың мақсатты топтары мен тұрғындарды қамтудың болжалды көлемі (ақпараттың түсі көздерін көрсете отырып)


7

Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның іске асыру әдістері


8

Күітелін нәтижелер (Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның жағымды өзгерістер мен нәтижелерге жеткізуі)


9

Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның болашақта тұрақты даму мүмкіндігі (мүмкіндігі болған жағдайда)


10

Әлеуметтік жобаға/әлеуметтік бағдарламаға өтініш берушінің таңдалған бағыт бойынша іске асырудағы тәжірибесі


11

Өтініш берушінің штаттық қызметкерлерінің Әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны іске асырудағы біліктілік деңгейі және кәсіби даярлығы


12

Өтініш берушінің Әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға даярлығы (өтініш берушінің техникалық-экномикалық, кадрлық, қаржылық және басқа да әлеуеті)


13

Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның нәтижелерін сандық және сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік беретін индикаторлары


      ____________________/___________________________________/
      (Әлеуетті жабдықтаушының – үкіметтік емес ұйымның (өтініш
берушінің) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда), қызметі)

      Толтырылған күні ___________
      Мөр орны

Үкіметтік емес ұйымдар    
үшін гранттар беру және олардың
жүзеге асырылуына мониторинг
жүргізу қағидаларына   
4 қосымша         

1-нысан

Әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны іске асырудың
күнтізбелік жоспары

___________________________________________________________________
(әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның атауын көрсету)


п/п

Жобаның іске асыру кезеңдері

Іске асыру мерзімі
















      ____________________/___________________________________/
      (Әлеуетті жабдықтаушының – үкіметтік емес ұйымның (өтініш
берушінің) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда), қызметі)

      Толтырылған күні ___________
      Мөр орны

2-нысан

Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары
___________________________________________________________________
(әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның атауын көрсету)


п/п

Жобаны іске асыру кезеңдері

Қаңтар
201

Ақпан
201

Наурыз
201

Сәуір
201

Мамыр
201

Маусым
201


































п/п

Жобаны іске асыру кезеңдері

Шілде
201

Тамыз
201

Қыркүйек
201

Қазан
201

Қараша
201

Желтоқсан
201

























      ____________________/___________________________________/
      (Әлеуетті жабдықтаушының – үкіметтік емес ұйымның (өтініш
берушінің) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда), қызметі)

      Толтырылған күні ___________
      Мөр орны

Үкіметтік емес ұйымдар   
үшін гранттар беру және олардың
жүзеге асырылуына мониторинг
жүргізу қағидаларына    
5 қосымша        

Нысан

Әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны іске асыру
бойынша шығындар сметасы

      Берілген қалып бойынша көрсетілген шығындар осы үлгімен толықтай сәйкес болмауы мүмкін, алайда ұсынылған жобаның мұқтаждықтарына сәйкес келуі тиіс.

Шығыс баптары

Бірлік өлшемі

Бірліктер саны

Құны, теңге

Барлығы, теңге

Қаржыландыру көздері

Өтініш білдіруші (ортақ қаржыландыру)

Ортақ қаржыландырдың өзге көздері

Грант қаражаты

1.

Тауарлар

















2.

Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның негізгі жұмыстары

















3.

Консалтинг қызметтері

















4.

Эксплуатациялық шығындар

















5.

Өзге де шығындар








      ____________________/___________________________________/
      (Әлеуетті жабдықтаушының – үкіметтік емес ұйымның (өтініш
берушінің) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда), қызметі)

      Толтырылған күні ___________
      Мөр орны

Үкіметтік емес ұйымдар    
үшін гранттар беру және олардың
жүзеге асырылуына мониторинг
жүргізу қағидаларына  
6 қосымша         

Нысан

Аралық есеп

      1. Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның атауы __________
      2. Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның мақсаты мен
      күтілетін нәтижелер ___________________________________________
      3. Есептік кезең ______________________________________________
      4. Нақты жұмсалған қаржылық шығынның көлемі ___________________
      5. Қазақстан Республикасындағы орындаушы ұйым (мердігер,
      қосалқы мердігер): құқытық мәртебе, заңды мекен жайы негізгі
      қызмет саласы _________________________________________________
      6. Қазақстан Республикасында қаржыландырылатын мемлекеттік
      ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да ұйымдардың
      тізімі ________________________________________________________
      7. Жәрдем түрі (техникалық, қаржылық, әскери, гуманитарлық,
      азық-түлік және т.б.) _________________________________________
      8. Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның аясындағы
      негізгі жобалар (іс-шаралар, жұмыс түрлері)
      _______________________________________________________________
      9. Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асырудың
      құқықтық негіздері (келісім, мемарандум, келісімшарт және
      т.б.) _________________________________________________________
      10. Ағымдық ахуал мен нәтижелері (өткізілген іс-шаралар,
      қорытындылары) ________________________________________________
      11. Әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны іске асыру
      мерзімі _______________________________________________________

      ____________________/___________________________________/
      (Әлеуетті жабдықтаушының – үкіметтік емес ұйымның (өтініш
берушінің) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда), қызметі)

      Толтырылған күні ___________
      Мөр орны

Нысан

Қорытынды есеп

      Ұйымның атауы _________________________________________________
      Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның атауы _____________
      Келісім-шарттың нөмірі ________________________________________
      Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның орындалу мерзімі
_____________________________________________________________________
      Құрастырушының аты-жөні _______________________________________
      Іс жүзінде жұмсалған қаржылық құралдардың көлемі ______________
      Сәйкес келген жылдың тоқсандарынан бөлек ҮЕҰ (оның атауымен)
      жобасының аясында көрсетілген қаржылық құралдардың сомасы _____
      Қазақстан Республикасында орындаушы мекеме (жалдаушы, қосалқы
жалдаушы): құқықтық мәртебесі, заңды мекен жайы, негізгі қызмет
саласы ______________________________________________________________
      Мемлекеттік органдарды, үкіметтік емес ұйымдарды және т.б.
қосқанда Қазақстан Республикасындағы қаржыландыруға ие болғандардың
тізімі ______________________________________________________________
      Көмек түрлері (техникалық, қаржылық, әскери, гуманитарлық,
азық-түліктік және т.б.) ____________________________________________
      1. Сандық көрсеткіші бар барлық жоба бойынша өткізілген шаралар
туралы қысқаша ақпарат
      (Жалпы есеп бірнеше қосымшадан тұру керек. Әрбір шара немесе
қызмет көрсету куәландыратын құжаттарымен бірге жеке-жеке
қосымшаларда көрсетілуі тиіс).

Қосымшаның номері

Іс-шара атауы

Халықтың қамтылуы

Куәландыратын құжаттар

Жоспар

Дерек

1 қосымша





2 қосымша





3 қосымша





      2. Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламааның мақсатының орындалуы және алынған нәтижелер.
      2.1 Мәтіндік ақпарат:
      мақсаттың орындалуы (деректің сипаттамасы мен мақсатқа жеткендіктің дәлелін көрсету);
      жоба кезінде жасалған әрекеттер жағдаятқа қалай әсер етті (жобаға дейінгі және жобадан кейінгі жағдаятты салыстыру), жоба аясында мәселе мен тапсырманың шешілу деңгейі;
      күтілген нәтиже мен алынған нәтижелердің сәйкестігі; егер шығып жатса, ауытқудың негіздемесі;
      алынған нәтижелер немен көрсетіледі, яғни нәтижелік көрсеткіш:

Жобаның сапалы орындалуының көрсеткіші (жобаның орындалу нәтижесінің тиімділігін бағалау бойынша өлшенетін белгілері)

Алынған нәтиже

Нәтижеге жету деңгейі (сипаттама түрінде)




      Мақсаттық топтардың (қызмет көрсетіліп отырғандардың) қанағаттану деңгейі;
      жобаның аяқталуына сәйкес (және/немесе оның орындалу кезінде) әлеуметтік және басқа да өзгерістердің өлшемі.
      2.2 Қызмет көрсетілгендердің тұрғысынан статистикалық ақпарат:
      1) Гендерлік көрсеткіш

Қызмет көрсетілгендердің жалпы саны

Ерлердің

Әйелдердің




      2) Категория бойынша әлеуметтік мәртебесі

Қызмет көрсетілгендердің жалпы саны

Балалар (сонымен қатар инвалид балалар)

Жастар

Мемлекеттік қызметкерлер

Бюджеттік мекемелер қызметкерлері

Инвалидтер

Үлкен жастағы адамдар, сонымен қатар зейнеткерлер

Жұмыссыздар

Қоғамдық мекемелер өкілдері

Бизнес-сектор өкілдері

Басқа категориялар












      3) жас ерекшелік көрсеткіші

Қызмет көрсетілгендердің жалпы саны

13-16 жастан бастап

17-22 жас аралығы

23-27 жас аралығы

28-32 жас аралығы

33-45 жас аралығы

46-58 жас аралығы

59 жас және одан ары









      3. Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның әлеуметтік әсері:
      көрсетілген мақсаттық топтармен жобаның орындалуы кезінде алынған нақты нәтижелер (сандық көрсеткіштерінің берілуімен және сапалық жылжудың сипаттамасымен расталған деректік мәліметтердің негізінде);

      Жетістік тарихы

      «Жетістік тарихы» - бұл қысқаша (5-8 сөйлем) белгілі бір нақты жағдайда жобаның көмегінің тиюі (нақты қызмет көрсетілушінің өмірінде). Жетістіктер тарихы жарияланымдарда қолданылуы, сонымен қатар жобаның нәтижесін ұзақмерзімді бақылауға алынуы мүмкін. Қысқаша жетістіктер тарихы келесідей бөліктерден тұруы керек:
      әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның басталу жағдаяты;
      әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның жағдаятқа әсері;
      көрсетілген әсертің нәтижесі.
      Сонымен қатар жетістіктер тарихында міндетті түрде белгілі бір қызмет көрсетілушінің пікірі және онымен байланысу мәліметтері жайында қосымшасы болуы керек.
      мәселені шешу кезіндегі жобаның ұзақмерзімді әсері (жоба негізінде шыққан осы немесе басқа салада болжалданған позитивті/негативті өзгерістердің негіздемесі).
      4. Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның орындалуына әсер еткен серіктестің (бар болса) салымының, билік органдарының, құрылымдардың сараптамасы: олардың қатысуының қажеттілігі қаншалықты, бұл қалай жобаның күшейтті, қандай сабақтар анықталды, қарым-қатынасты жалғастыруды қалай жоспарласа болады?
      5. Мекемені дамыту үшін әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның орындалу әсері деңгейінің сипаттамасы (қызметкердің біліктілігі, байланыстың кеңеюі, жаңа қызметтің шығуы және т.б.)
      6. Әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны орындау кезінде жасалған қызметтің бағытын ұйымдастыру үшін дамудың алғышарттары (келешекте дами ма, қандай ресурстар негізінде)
      7. Осы әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның жалғасы бола алатын жоспарланған жобалар тақырыптары бойынша ақпарат:
      Әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның нәтижесі бойынша ұсыныстар

Сіз тақырыпты (мәселені) қалай жалғастыруды ұсынасыз?

Жобаны орындау кезінде сіз қандай негізгі қиындықтар мен мәселелерді кезіктірдіңіз?



      8. Мемлекеттік органдар үшін әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның орындалуы қорытындысы бойынша тәжірибелік ұсыныстар.
      9. Шараларды өткізу жөнінде қосымшаны көрсету.

      ____________________/___________________________________/
      (Әлеуетті жабдықтаушының – үкіметтік емес ұйымның (өтініш
берушінің) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда), қызметі)

      Толтырылған күні ___________
      Мөр орны