"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 4-1-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген |
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 18.08.2017 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) әлеуметтік бағдарлама - өзара байланысты әлеуметтік жобалар кешені;
2) әлеуметтік жоба – әлеуметтік мәні бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, бір жыл ішінде және үш жылға дейін іске асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы;
3) грант алушы – тарату жағдайында тұрған, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатылған үкіметтік емес ұйымды қоспағанда ол туралы мәліметтер Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында сақталған, осы Қағидаларға сәйкес грант алған және мемлекеттік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператормен тиісті шарт жасаған үкіметтік емес ұйым;
4) гранттың тақырыбы – үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды ұсыну жоспарына енгізілген әлеуметтік жобаның немесе әлеуметтік бағдарламаның атауы;
5) конкурстық комиссия – оператор грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді бағалау үшін құрған, мүшелер мен хатшыдан тұратын алқалы орган;
6) мүдделер қақтығысы – конкурстық комиссия мүшесінің жеке қызығушылығы әділ шешім қабылдауға ықпал ете алатын жағдай;
7) өтінім – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген өтініш;
8) өтініш беруші – грант ұсынуға өтінім берген мемлекеттік емес ұйым;
9) сарапшы – "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 1-тармағымен көзделген бағыттардың бірі бойынша қажетті кәсіби білімі бар және аталған бағыт бойынша екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар жеке тұлға;
10) сарапшылар тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор және үкіметтік емес ұйымдар ұсынған адамдар санынан оператор қалыптастырған сарапшылар тізімі;
11) үкіметтік емес ұйымдарға арналған грант (бұдан әрі – грант) – азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор үкіметтік емес ұйымдарға беретін қаражат;
12) үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1192 қаулысымен құрылған "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
2-тарау. Үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды беру тәртібі
3. Мемлекеттік гранттарды Заң 5-бабының 1-тармағымен көзделген бағыттар шеңберінде және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды беру үшін оператормен ақшалай қаражатты табыстау туралы жасалған шарт негізінде оператор береді.
Мемлекеттік емес гранттар оператор және жеке немесе заңды тұлға арасында ерікті негізде жасалған шарт негізінде және аталған шартта көзделген тәртіпте операторға ұсынылады.
4. Мемлекеттік гранттарды беру уәкілетті органның үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру жоспары (бұдан әрі – Жоспар) және үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды беруге ашық конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізу негізінде жүзеге асырылады.
5. Жоспар тиісті бюджет бекітілген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде бекітіледі.
6. Жоспар Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, Қазақстан Республикасының Президенті жолдауларының басымдықтары, сондай-ақ мемлекетік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
7. Уәкілетті орган бекітілген Жоспарды, ол бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
8. Бекітілген Жоспардың уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оператор өзінің интернет-ресурсында және (немесе) мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жариялайды.
9. Хабарландыру келесі негізгі мәліметтерден тұрады:
1) өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты;
2) конкурсқа қатысуға арналған қажетті құжаттар тізбесі;
3) бекітілген Жоспар.
10. Конкурсқа қатысу үшін өтініш беруші өтінімдерді қабылдау күнінің аяқталу күні мен уақытынан кешіктірмей, операторға пошталық байланыс арқылы қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі құжаттарды қамтитын қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі өтінімді енгізеді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға cәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға грантты беруге арналған конкурсқа қатысуға өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің сауалнамасы;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің жұмыс тәжірибесі туралы (А4 форматындағы бес беттен аспайтын) мәліметтер;
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ұсынылып отырған әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның (А4 форматындағы 12 беттен аспайтын) мазмұны;
5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама барысында материалдық-техникалық қамтамасыз етуге болжамды шығыстар сомасын көрсету арқылы (әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның сомасына белгіленген пайыздар шеңберінде) әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру бойынша шығындар сметасы. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп грантты іске асырумен тікелей байланысты емес және ұйымды дамытуға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ұғынылады.
Құжаттар тігіледі және өтініш берушінің бірінші басшысының не оның орынбасарының қолы қойылып, мөрмен (болған жағдайда) бекітіледі.
11. Оператор өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген талаптарға және бекітілген Жоспарға сәйкес келуін қарайды.
12. Өтінім осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, оператор өтініш берушіге оны көрген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық поштасының мекенжайына сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды.
Хабарлама жолданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш беруші ескертпелер ескеріліп, ретке келтірілген құжаттарды операторға қайта ұсынады.
13. Оператор мынадай жағдайларда:
1) 10-тармақта көрсетілген ұсынылған құжаттардың (қосымшалардың бірі) толық болмау фактісі анықталған жағдайда;
2) өтінімнің бекітілген Жоспарға сәйкес келмеуі;
3) белгіленген мерзімдерде өтінімнің сәйкессіздіктерін жоймау немесе осы Қағидалардың талаптарына жауап бермейтін құжаттарды қайта ұсынған жағдайда;
4) Заңның 6-1 бабының 3-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәлімет болмаған жағдайда конкурсқа қабылдаудан бас тартады және өтініш берушіге қабылдаудан бас тарту туралы тиісті хабарламаны жолдайды.
14. Бекітілген Жоспармен көзделген гранттың бір немесе бірнеше тақырыбына сәйкес келесі негіздемелердің бірі бойынша:
1) грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы;
2) грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға бір өтінімнің ұсынылуы;
3) егер грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға бір өтінім ғана жіберілсе;
4) егер грант тақырыбы бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдердің бір де біреуі жіберілмесе;
5) егер грант тақырыбы бойынша конкурстық комиссияның бағалауына ұсынылған өтінімдердің бір де біреуі балдың ең жоғарғы қорытынды санынан 50 (елу) пайыздан жоғары балл алмаса, конкурс өткізілмеді деп танылады.
Осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген негіздемелер бойынша гранттың бір немесе бірнеше тақырыбы бойынша конкурсты өткізілмеген деп тану туралы шешімді оператор қабылдайды және өзінің интернет-ресурсында осындай шешімді қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жариялайды.
Осы тармақтың 5) тармақшасымен көзделген негіздемелер бойынша гранттың бір немесе бірнеше тақырыбы бойынша конкурсты өткізілмеген деп тану туралы шешімді конкурстық комиссия қабылдайды.
15. Гранттың бір немесе бірнеше тақырыбы бойынша конкурс өткізілмеген деп танылған жағдайда оператор уәкілетті органға ақшалай қаражатты заңнамамен көзделген тәртіпте қайтарады.
Уәкілетті орган қажет болған жағдайда Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, одан кейін осы Қағидаларға сәйкес қайта конкурс өткізеді.
16. Егер бұдан бұрын осы Қағидалардың 14-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген себепке байланысты гранттың бір немесе бірнеше тақырыбы бойынша өткізілмеген деп танылған конкурс қайта өткізілген жағдайда алдыңғы өтініш берушіден бір ғана өтінім берілсе, онда оның өтінімін конкурстық комиссия қарастырады.
17. Өтінімдерді қабылдау және олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне тексеру рәсімін аяқтау қорытындысы бойынша оператор конкурстық комиссияның қарауына конкурсқа қатысу үшін жіберілген өтінімдерді жолдайды.
18. Оператор Жоспарды бекіткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Жоспардың бағыттарына сәйкес сарапшылардан конкурстық комиссияның алдын ала құрамын қалыптастырады.
Оператор өтінімдерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеру аяқталғаннан кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның алдын ала құрамына кіретін сарапшыларға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өтініш берушілердің тізімін және мүдделер қақтығысы болуы не болмауы туралы хабарлама нысанын жолдайды.
19. Мүдделер қақтығысы болуы не болмауы туралы ақпарат негізінде оператор конкурстық комиссияның түпкілікті құрамын оператордың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді аяқтаған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді. Оператор конкурстық комиссияның түпкілікті құрамын ол бекітілген күннен күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, конкурстық комиссияның мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Конкурстық комиссия құрамына Жоспардың бағыттарына сәйкес он бес мүшеге дейін кіреді. Конкурстық комиссия мүшелердің тақ санынан тұрады. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санынан отыз пайызы – оператор ұсынған сарапшылардан, ал жетпіс пайызы үкіметтік емес ұйымдар ұсынған сарапшылардан қалыптастырылады. Конкурстық комиссияның төрағасы және төрағаның орынбасары оның отырысында тағайындалады.
Оператордың қызметкерлері конкурстық комиссияның мүшелері бола алмайды.
20. Конкурстық комиссияның ұйымдастырушылық қызметі оператордың қызметкерлері санынан тағайындалатын конкурстық комиссия хатшысымен қамтамасыз етіледі. Конкурстық комиссия хатшысы конкурстық комиссия мүшесі бола алмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.
Конкурстық комиссия хатшысы конкурстық комиссия мүшелерін конкурстық комиссия отырысын өткізу уақыты, күні және орны туралы оны өткізгенге дейінгі күнтізбелік екі күннен кешіктірмей хабарлайды.
21. Конкурстық комиссия отырыстарын – төраға, ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары жүргізеді.
22. Егер конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысса, конкурстық комиссияның отырысы заңды деп саналады.
23. Өтінімдерді зерделегеннен кейін конкурстық комиссияның мүшелері оларды келесі көрсеткіштер бойынша осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкестігі бойынша 1-ден 5 балға дейін бағалайды:
1) ұйымның жалпы бағдары (ұйым миссиясының жобаның мақсаттарына сәйкестігі, құрылымы), соның ішінде қол жеткізілген жетістіктерді көрсету арқылы өтініш берушінің осыған ұқсас әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (бағыты және қамтылуы бойынша);
2) әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру үшін жұмылдыру жоспарланған мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі;
3) Жоспарда көзделген міндеттерді орындау бойынша ұсынылған әдіснаманың және жұмыс жоспарының сапасы мен қолайлылығы;
4) әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның негізгі атаулы тобының қызығушылығы;
5) әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама нәтижелерінің маңыздылығы, қолжетімділігі және тұрақтылығын қамтамасыз ету;
6) әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның ұсынылған шығын сметасы мен мерзімдерінің шынайылығы және негізділігі, қызметтің әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның сомасы мен мерзімдеріне сәйкестігі.
Әрбір көрсеткіш бойынша балдар қосылады және ортақ бал қойылады.
24. Өтінімдерді бағалау нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның шешімі еркін нысандағы қорытындымен ресімделеді және оператордан өтінімдер түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде операторға енгізіледі.
25. Оператор қорытындыға қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде әлеуетті грант беру туралы шартқа қол қою қажеттілігі туралы грант алушыларға хабарлайды.
26. Конкурстық комиссияның грант беру туралы шешімі қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде оператор мен әлеуетті грант алушы арасында азаматтық заңнамамен белгіленген нысанда грант беру туралы шарт жасалады.
27. Егер грантты беру туралы шарт әлеуетті грант алушы кінәсінен осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген мерзімде жасалмаған жағдайда конкурстық комиссия оған грант беру жөніндегі шешімнің күшін жою туралы қорытынды шығарады.
28. Грант беру туралы шарт жасалған өтінім құжаттары грант алушыға қайтарылмайды.
3-тарау. Гранттардың іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібі
29. Гранттың іске асырылуын оның нысаналы тағайындалуына сәйкес тиімді бақылау мақсатында уәкілетті орган, мемлекеттік органдар, оператор және грант алушы грант беру туралы шартқа сәйкес гранттың іске асырылуына мониторинг жүргізеді.
30. Гранттың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру мақсатында оператор, уәкілетті орган және (немесе) мемлекеттік органдар қажет болған жағдайда:
1) грант алушыдан оны ұсыну мерзімі көрсетілген қосымша ақпарат сұратады;
2) грант берілген әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама шеңберіндегі іс-шараларға барады;
3) грант алушылар ұсынған ақпаратты растау үшін әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру орны бойынша уәкілетті адамдарды жібереді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де шаралар қабылдайды.
30. Гранттардың іске асырылуына мониторинг жүргізу үкіметтік емес ұйымдардың гранттарын іске асыру туралы, оның ішінде:
1) грантты нысаналы пайдалану туралы;
2) грант алушының әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның іске асырылуына бағытталған қызметі туралы;
3) грант алушының грант беру туралы шарттың талаптарын орындауы туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды көздейді.
31. Гранттардың іске асырылуына жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша оператор, уәкілетті орган және (немесе) мемлекеттік органдар оның нысаналы мақсатына сәйкес жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу сапасын және гранттың толық пайдаланылуын айқындайды.
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Кімге: "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
кімнен:
_____________________________________________
(өтініш берушінің толық атауын көрсету)
Үкіметтік емес ұйымдар үшін грант ұсыну конкурсына қатысуға өтініш
Осы өтінішпен ____________________________________ (өтініш берушінің толық
атауын көрсету) (бұдан әрі – өтініш беруші) "___________________________" (бекітілген
Жоспарға сәйкес гранттың тақырыбын және бағытын көрсету) тақырыбы бойынша үкіметтік
емес ұйымдар үшін гранттар ұсыну конкурсына қатысуға тілек білдіреді және конкурстың
шарттарына сәйкес әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға
келісімін білдіреді.
___________________________ _______________ _________________
(ұйым басшысының лауазымы) (қолы, мөрі) (қолын ашып жазу)
* Өтініш берушінің фирмалық бланкінде толтырылады.
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша |
Өтініш берушінің сауалнамасы
Атауы |
Ақпарат | |
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес өтініш берушінің атауы | ||
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні | ||
Бизнес сәйкестендіру нөмірі | ||
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) анықтамасына немесе куәлігіне сәйкес заңды мекенжайы | ||
Нақты мекенжайы | ||
Қызметінің мәні (Жарлыққа сәйкес) | ||
Қызметінің мақсаттары (Жарлыққа сәйкес) | ||
Өтініш берушінің нысаналы тобы туралы ақпарат | ||
Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, байланыс телефонының (оның ішінде ұялы) нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы | ||
Бас есепшінің (есепшінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, байланыс телефонының (оның ішінде ұялы) нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы | ||
Өтініш берушіге қызмет көрсілететін банктің немесе оның филиалының толық атауы және мекенжайы | ||
Банктің БСК | ||
ЖСК |
___________________________ _______________ _________________
(ұйым басшысының лауазымы) (қолы, мөрі) (қолын ашып жазу)
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша |
Өтініш берушінің жұмыс тәжірибесі бойынша мәлімет
Өтініш берушінің еңбек ресурстары
Адам саны | |
1. Өтініш берушінің таңдалған бағыт саласындағы жұмыс өтілі (құзыреттілігі, арнайы білімі және практикалық тәжірибесі).
Соңғы 3 (үш) жылда іске асырылған немесе іске асырылу барысындағы осыған ұқсас алдыңғы әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар аталады (жеке негіздеме немесе басқа ұйымдар арқылы ұйымның мамандары орындаған жобалар мен көрсетілген қызметтер ұйымның сәйкес тәжірибесі болып саналмайды).
2. Өтініш беруші жобалау тобының құрамы (ұсынылған әлеуметтік жобаға және (немесе) әлеуметтік бағдарламаға қатыстырылатын қызметкерлер).
Лауазымы | Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның міндеттеріне сәйкес келетін жұмыс өтілі және қызметкердің өтілі | Әлеуметтік жобадағы және (немесе) әлеуметтік бағдарламадағы ерекше рөлі | |
3. Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны тиісті түрде іске асыру үшін өтініш беруші қабылдайтын ұйымдастырушылық шаралары.
Мемлекеттік грантты алған жағдайда жаңа әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асырумен бір мезгілде ағымдағы жұмысты үздіксіз және тиісті түрде орындауды қамтамасыз ету үшін ұйым қандай шара қабылдайтыны сипатталады.
4. Өтініш берушіде әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға арналған мүмкіндігінің болуы.
Ұйымының әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға дайындығын (техникалық-экономикалық және қаржылық көрсеткіштер) сипатталады.
___________________________ _______________ _________________
(ұйым басшысының лауазымы) (қолы, мөрі) (қолын ашып жазу)
Толтырылған күні 20___жылғы "_____" ________________
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша |
Ұсынылатын әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны*
1. Әлеуметті жобаның және (немесе) әлеуметтік баңдарламаның қысқаша түйіндемесі.
Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік баңдарламаның мақсатын, міндетін, гранттың бағыты бойынша қызметін, аумақтық қамтылуын, нысаналы топтарын және аталған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама аяқталғаннан кейін болатын күтілетін негізгі нәтижелерді көрсетіледі (2 парақтан көп емес).
2. Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік баңдарламаны іске асырудың негізділігі.
Шешу үшін әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бағытталған мәселелер бойынша бастапқы жағдайды қысқаша сипатталады.
Нысаналы топтың қажеттіліктерін анықтау (қажеттіліктерді бағалау) бойынша жұмыстарды жүргізу туралы ақпарат.
3. Нысаналы топтар (әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік баңдарламаны іске асырудан кімге пайда келеді).
Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жобалау және іске асыру барысында нысаналы топ өкілдерінің қатысуын сипатталады.
Саны | Жасы | Нысаналы топқа қандай пайда келеді | |
4. Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама және мүдделі тараптар бойынша серіктестер.
Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның барлық серіктестерін және мүдделі тараптарды аталады, олардың әлеуметтік жобаға және (немесе) әлеуметтік бағдарламаға (мысалы, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес сектордың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, халықаралық ұйымдар және басқалары) қатысуын, сондай-ақ қолдау түрлері (ақпараттық, консультативтік және басқ да) сипатталады.
Қолдаудың түрлері және нақты бағыты | |
5. Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша өтініш берушімен кері байланыс.
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама аясында нысаналы топтың кері байланысы және қанағаттану деңгейі қалай қамтамасыз етілетіні сипатталады.
6. Әлеуметтік жобаны немесе әлеуметтік бағдарламаны іске асыру мониторингінің жоспары.
Іс-шаралар | Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді нәтижелер | Индикаторлар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді нәтижелерге) | Өлшеудің кезеңділігі | |
7. Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның күнтізбелік жоспары.
1 ай | 2 ай | 3 ай | 4 ай | 5 ай | 6 ай | … | |
9. Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның тәуекелдері
Зардаптардың болу ықтималдығын азайту және оларды төмендету стратегиясы | |
10. Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) жариялау.
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны тарату арналарын қалай ілгерілететіні, сондай-ақ мақалалардың, жарияланымдардың және (немесе) бейнероликтердің және өзгелерінің жоспарланған саны сипатталады.
11. Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның тұрақтылығы.
Қаржыландыру аяқталғаннан кейін әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның тұрақтылығын және нәтижелерінің дамуын қамтамасыз етуі сипатталады. Осы процестегі ұйымның рөлі сипатталады.
___________________________ _______________ _________________
(ұйым басшысының лауазымы) (қолы, мөрі) (қолын ашып жазу)
Толтырылған күні 20___жылғы "_____" ________________
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына 5-қосымша |
Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру бойынша шығыстардың сметасы
Грантты ұсыну бағыты:
Гранттың тақырыбы:
Грантты іске асыру кезеңі:
Гранттың мөлшері:
Шығыстардың баптары* | Өлшем бірлігі | Саны | Құны, теңгемен | Барлыығы, теңгемен | Қаржыландыру көзі | |||
Өтініш беруші (қоса қаржыландыру) | Қоса қаржыландырудың басқа көздері | Грант қаражаты | ||||||
Әкімшілік шығындар: | ||||||||
1) жалақы, оның ішінде: | ||||||||
… | ||||||||
2) әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар | ||||||||
3) міндетті медициналық сақтандыру | ||||||||
4) банк қызметтері | ||||||||
5) байланыс қызметтерін төлеуге арналған шығыстар | ||||||||
6) коммуналдық қызметтер және (немесе) пайдалану шығыстары | ||||||||
7) үй-жайды жалға алуды төлеуге арналған шығыстар | ||||||||
8) шығыс материалдары, негізгі құралдарға қызмет көрсетуге және оларды ұстауға қажетті тауарларды сатып алу және басқа да қорлар, оның ішінде: | ||||||||
… | ||||||||
9) өзге де шығыстар, оның ішінде: | ||||||||
… | ||||||||
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде: | ||||||||
1) есептегіш және басқа да жабдықтарды сатып алу (әрбір жабдықтың атауын көрсете отырып): | ||||||||
… | ||||||||
2) кеңсе жиһазын сатып алу (жиһаз түрін көрсете отырып): | ||||||||
… | ||||||||
3) лицензияланған бағдарламалық өнімдерді сатып алу (бағдарламаның атауын көрсете отырып): | ||||||||
… | ||||||||
Тура шығыстар: | ||||||||
1) 1-іс-шара | ||||||||
қызметтік іссапарларға арналған шығыстар, оның ішінде: | ||||||||
бір күндік (іссапарлардың және адамдардың санын, адам-күнін көрсету) | ||||||||
тұру (іссапарлардың және адамдардың санын, адам-күнін көрсету) | ||||||||
жолақысы (іссапарлардың және адамдардың санын жазу) | ||||||||
тарату материалдарын сатып алу, оның ішінде: | ||||||||
папка | ||||||||
қалам | ||||||||
блокнот | ||||||||
басқалары (атауын көрсете отырып) … | ||||||||
заңды және жеке тұлғалар орындайтын жұмыстар мен көрсететін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар, оның ішінде: | ||||||||
жеке тұлғалардың жұмыстары және қызметтері, оның ішінде: | ||||||||
… | ||||||||
заңды тұлғалардың жұмыстары және қызметтері, оның ішінде: | ||||||||
… | ||||||||
өкілдік шығыстар: | ||||||||
кофе-брейк | ||||||||
түскі ас | ||||||||
залды жалға алу | ||||||||
… | ||||||||
2) 2-іс-шара*** | ||||||||
Барлығы: |
* Шығыстар әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның күнтізбелік жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар бойынша ажыратылады. Шығыс баптарын толықтыруға іс-шараның қажеттіліктеріне байланысты жол беріледі.
___________________________ _______________ _________________
(ұйым басшысының лауазымы) (қолы, мөрі) (қолын ашып жазу)
Толтырылған күні 20___жылғы "_____" ________________
______________________
**Барлық келесі іс-шаралар 1-іс-шараның мазмұнына ұқсас толтырылады.
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына 6-қосымша |
Кімге: "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
кімнен:
_____________________________________________
(өтініш берушінің толық атауын көрсету)
Конкурстық комиссия мүшесінің грант ұсынуға конкурсқа өтініш берушілермен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы (керегінің астын сызыңыз) хабарламa *
Мен______________________________________________________________________,
(сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) хабарлаймын
грант ұсынуға конкурсқа өтініш берушілермен мүдделер қақтығысының болмауы
туралы хабарлаймын және конкурстық комиссияның мүшесі ретінде өзімнің қызметімді
жүзеге асыру кезінде әділдік және объективтілік қағидаттарын мүлтіксіз сақтауға
міндеттенемін
грант ұсынуға конкурсқа өтініш берушілермен мүдделі қақтығыстың болуы туралы
(керегін белгілеңіз).
Сіз үкіметтік емес ұйымның мүшесі (қатысушысы), құрылтайшысы (керегінің астын
сызыңыз) болып табыласыз ба? (егер болсаңыз, онда үкіметтік емес ұйымның атауын
көрсетіңіз):
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________.
Сіз басқару органының мүшесі, үкіметтік емес ұйымның басшысы болып табыласыз ба
(егер болсаңыз, онда басқару органын, үкіметтік емес ұйымның атауын және атқаратын
лауазымыңызды көрсетіңіз):
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________.
Сіз соңғы үш жыл ішінде үкіметтік емес ұйымнан қызмет көрсеткен үшін немесе тура
қаржылық қолдау көрсеткен үшін төлем алдыңыз ба? (егер болсаңыз, нақты қандай қызметтер
екенін және үкіметтік емес ұйымның атауын көрсетіңіз):
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________.
Сізде үкіметтік емес ұйымның қызметкерлерімен жақын туыстық байланыстарыңыз
бар ма? (егер болсаңыз, қызметкердің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), ол жұмыс істейтін
үкіметтік емес ұйымның атауын, туыстық деңгейін көрсетіңіз):
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________.
______________________
* Өз қолымен толтырылады.
Сізде өзге де әлеуетті мүдделер қақтығысы бар ма? (егер бар болса, қандай екенін
көрсетіңіз): ________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________.
Мен мүдделер қақтығысына қатысты саясатты түсінетінімді растаймын және осы
хабарламаны толтыру кезіндегі ақпараттың дәйектілігіне жауаптымын.
20___жылғы "____" ________________ Қолы _________________