Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 689 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12756 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 каңтардағы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидасы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті(Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б.Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас Прокуроры

      1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі

      ______________А. Дауылбаев

      2015 жылғы " " ________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрі

      ______________Қ. Қасымов

      2015 жылғы 28 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _______________Ә. Исекешев

      2015 жылғы " " ________



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 689 бұйрығымен бекітілген

Қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидасы

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


1. Жалпы ережелер

      1. Осы қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталғандарды, сондай-ақ оларға қатысты ҚР ҚПК-нің 147-бабының негізінде сот күзетпен ұстауды санкциялаған адамдарды айдауылмен алып жүру жөніндегі міндетті орындау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Экономикалық тергеу қызметінде (бұдан әрі – ЭТҚ) және Комитеттің аумақтық органдарында (бұдан әрі – ЭТД) жедел қызметтердің қызметкерлерінің есебінен айдауыл топтар (бұдан әрі – Айдауыл) құрылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Айдауылдың міндетіне ұсталған және қамауға алынған адамдарды (бұдан-әрі – күдіктілер және айыпталушылар):

      1) уақытша ұстау изоляторларына (бұдан әрі - УҰИ) және тергеу изоляторларына (бұдан әрі - ТИ);

      2) УҰИ-да, ТИ-да жүргізу мүмкін болмайтын тергеу әрекеттерін жүргізу үшін, тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде күзетуді қамтамасыз ету;

      3) медициналық мекемелерге, стационарлық емделу кезінде күзетуді қамтамасыз ету;

      4) ҚР ҚПК-нің 150-бабы 2-бөлігінде көзделген тәртіппен тергеу әрекеттерін жүргізу үшін бір тергеу изоляторынан екінші тергеу изоляторына айдауылмен апару;

      5) УҰИ-дан, ТИ-дан санкциялауға, бұлтартпау шарасын өзгертуге айдауылмен апару және көрсетілген шараларды жүргізу кезінде күзетуді қамтамасыз ету жатады.

      Ішкі істер органдарының УҰИ, ТИ күдіктілерді, айыпталушыларды күзетпен ұстау орындары болып табылады.

      4. Күдіктілерді, айыпталушыларды автомобиль, әуе және теміржол көлігімен айдауылмен алып жүру осы Қағидада көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Күдіктілерді, айыпталушыларды қала маңы поездарында, қала аралық және қалалық автобустарда, троллейбустар мен трамвайларда айдауылмен алып жүруге тыйым салынады.

      5. Күдіктілерді, айыпталушыларды айдауылмен алып жүру Комиеттің, МКД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға) бекітетін және аумақтық ішкі істер органымен келісілетін белгілі бір бағыттар (негізгі, қосалқы) бойынша жүзеге асырылады.

      6. Күдіктілерді, айыпталушыларды жаяу айдауылмен алып жүруге тек мына жағдайда рұқсат етіледі:

      1) арнайы автомобильден – сот және құқық қорғау органдарының ғимараттарындағы ұстауға арналған камераларға, УҰИ, ТИ режимдік аймағына, тергеу әрекеттерін жүргізу орындарына, емдеу мекемелеріне;

      2) қашып кеткеннен ұстау орнынан – егер көлік құралын қолдану мүмкін болмаса ішкі істер органдарының жақын бөлімшесіне дейін.

      7. Айдауылдың қозғалысын бақылауды Комитеттің, ЭТД кезекші бөлімі орнатылған радио арналары және телефон байланысы бойынша үздіксіз жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып
жүру тәртібі
1 параграф. Айдауылды тағайындау, қаруландыру, қамтамасыз ету

      8. Айдауылдың құрамын, аға айдауылды тағайындауды, нұсқама жүргізуді, байланыс тәртібін Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға) айқындайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Айдауылға күдіктілер мен айыпталушыларды айдауылдаудан басқа міндеттер жүктеуге тыйым салынады.

      10. Айдауылдың жеке құрамы айдауылмен алып жүруді нысанды киімде жүзеге асырады, қару-жарақпен және арнайы құралдармен жарақтандырылады.

      Айдауылдаушылардың қару-жарағының және арнайы құралдарының түрі берілген тапсырманың орындалу шарттарына, тәртібіне және түріне қарай белгіленеді.

      Камераларды, арнаулы автомобильдерді, басқа көлік құралдарын және айдауылданушыларды ұстайтын немесе оларды орналастыру жүргізілетін үй-жайларды тексеру кезінде қарулар аға айдауылға өткізіледі.

      Әрбір айдауыл өзімен бірге ысқырық, жеке таңу пакетін, кісендерді, ал аға айдауыл бұдан басқа - құжаттарға арналған сөмке алып жүреді.

      11. Бір елді мекеннен екіншісіне айдауылдау кезінде айдауыл іссапарлық құжаттармен және ақшалай аванспен (тұрғын үй, азық ақылары, тұрғын үй жалдау, барар жерге бару жол ақысына тәуліктік ақы) қамтамасыз етіледі.

      12. Комитеттің, ЭТД жедел кезекшісі айдауылды жедел басқаруды қамтамасыз етеді және:

      1) арнаулы автомобильдердің шығуы мен қайта келуін бақылап отырады;

      2) жасақтардың қызмет ету аяқталған соң қаруларды, оқ-дәрілерді және басқа да оларға берілген арнаулы және техникалық құралдарды өз уақытында және толық тапсыруын қадағалайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Аға айдауыл күдіктілерді, айыпталушыларды айдауылдау бойынша қойылған міндеттердің дәл және уақтылы орындалуын, бағыныштылардың заңдылықты сақтауын, қызметтік құжаттарын, айдауылданушылардың жеке істерін, қару-жарақтын, арнаулы, техникалық және басқа да айдауыл пайдаланатын материалдық құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      Аға айдауыл:

      1) айдауылдау бағытындағы жағдайды, айдауылданушылар туралы негізгі мәліметтерді зерттейді;

      2) айдауылды тапсырмаларды орындауға дайындауға, айдауылдар арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін орнатуға; осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес тізбесі бойынша қажетті қызметтік құжаттарды, қару-жарақ, айдауылға берілетін арнаулы техникалық құралдарды және басқа да материалдық заттарды алады;

      3) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жол журналын жүргізеді;

      4) барар жерге айдауылданушыларды өз уақытында жеткізу бойынша айдауылдың іс-әрекетін ұйымдастырады, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде оларды күзетуді қамтамасыз етеді;

      5) негізгі бағытта күтпеген оқиға бола қалған жағдайда айдауылдың іс-қимыл тәртібін анықтайды, қажет болған жағдайда қосалқы бағытқа ауысады. Қашу кезінде қашып кеткендерді дереу қудалау мен ұстауды ұйымдастырады.

      14. Аға айдауылға:

      1) күдіктілерді, айыпталушыларды айдауылдау тәртібін өзгертуге;

      2) жағдай қажет етпегенде, айдауылды уақытша қалдыруға тыйым салынады.

      15. Айдауыл аға айдауылға бағынады.

      Айдауыл:

      1) өз міндеттерін нақты орындайды;

      2) аға айдауылдың рұқсатынсыз кетіп қалмайды;

      3) қаруын және арнаулы құралдарын ақаусыз және іс-әрекетке ұдайы әзір ұстайды;

      4) айдауылданушылармен сөйлесу барысында талапты және сыпайы әрі оларды ұдайы қадағалауды жүргізеді;

      5) аға айдауылдың нұсқауы бойынша айдауылданушыларды тінтуді жүргізеді, олардан сақтауға тыйым салынған нәрселер мен заттарды алып қояды және аға айдауылға береді.

      16. Айдауылға:

      1) қызметін өткеру кезінде басқа жайларға алаңдауға;

      2) айдауылдау кезінде қозғалыс тәртібі және тәртіпті сақтау туралы нұсқау беру қажет болған жағдайларды қоспағанда, айдауылданушылармен сөйлесуге;

      3) олардан немесе оларға бөтен адамдардан қандайда бір заттарды, хаттарды, азық-түлік өнімдерін қабылдауға және беруге;

      4) айдауыл қозғалысының бағытын және оның соңғы пунктін жариялауға тыйым салынады.

      17. Арнаулы автомобильдің жүргізушісі айдауыл құрамына кіреді, аға айдауылға бағынады және автомобильдің пайдалануға дайындығын ұдайы қамтамасыз етеді, Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтайды.

      Жүргізуші:

      1) айдауылдаудың бағытын және оның ерекшеліктерін тиянақты зерделейді;

      2) бағыт бойындағы қозғалыс жылдамдығы туралы аға айдауылдың нұсқауларын дәл орындайды, оның пәрмені бойынша немесе мұндай белгіні кузовтағы айдауылдардан алған кезде дереу автомобильді тоқтатады;

      3) көлік құралын қараусыз қалдырмайды, кабинадан шыққан кезде оталдыруды өшіріп, оталдыру құлпының кілтін өзінде сақтайды;

      5) өзімен бірге автомобильді жүргізу құқығына куәлігін, жол жүру немесе бағыт парағын, ал қажет болған жағайда - арнаулы автомобильге тіркеу құжаттарын алып жүреді.

      18. Арнаулы автомобильдің жүргізушісіне:

      1) өзінің атына бекітілген автомобильді қараусыз қалдыруға;

      2) автомобильді жүргізуді басқа адамға беруге тыйым салынады.

      19. Аға айдауыл айдауылданушылар қашқан жағдайда өзіне бағынысты адамдардан міндеттері дереу қашқындардың ізіне түсу және оларды ұстау болып табылатын арнайы топ тағайындайды.

      Ізге түсу тобына бөлінген айдауылдарға қашқындардың қозғалыс бағыты және жасырынуы әбден мүмкін орындары мен ұстаудың әдістерін білу туралы нұсқау берілуі керек.

2 паргараф. Күдіктілерді, айыпталушыларды айдауылмен алып жүру
үшін негіздер

      20. Күдіктілерді, айыпталушыларды тергеу әрекеттерін жүргізу үшін айдауылдау осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 данадағы (1-еуі ҰУИ-ға, ТИ-ға, 2-шсі айдауыл үшін) тергеушілердің жазбаша тапсырысы (бұдан әрі – Айдауылдау туралы тапсырыс) негізінде жүргізіледі.

      21. Айдауылдау туралы тапсырыста мынадай деректемелер:

      1) күдіктінің, айыпталушының тегі, аты-жөні, туған жылы, қандай қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда күдікті екені немесе айыпталатыны);

      2) күдіктіні, айыпталушыны ұстау орны (УҰИ, ТИ атауы);

      3) күдіктіні, айыпталушыны жеткізу мерзімі (датасы, сағаты), тергеу әрекетін жүргізу ұзақтығы (шамамен);

      4) күдіктілерді (тең қатысушыларды), айыпталушыларды оларды айдауылдаудың барлық уақыттарында бөлек ұстау (оқшаулау) режимі бойынша талаптар көрсетілуі тиіс.

      Айдауылдау туралы тапсырысты Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының (оны алмастыратын тұлға) қолымен және елтаңбалық мөрмен бекітіледі.

      Айдауылдау туралы тапсырыстың бірінші данасы оларды ұстау орнына (УҰИ, ТИ), екіншісі тергеу әрекеттері немесе сот отырысы басталғанға дейін үш тәулік бұрын айдауылдау бөлімшесіне жолданады.

      Ерекше жағдайларда және сотқа дейінгі тергеу мерзімі өтіп бара жатқан қылмыстық істер бойынша айдауылдау туралы тапсырыс бір тәуліктен кем емес уақытта жіберілуі мүмкін.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Айдауылдау туралы тапсырыстан басқа, күдіктілерді, айыпталушыларды айдауылдаудың негіздері:

      1) тиісті прокурор санкциялаған қаулы немесе айдауылдау туралы соттың қаулысы;

      2) прокурордың, тергеушінің жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы қаулысы (мысалы, стационарлық соттық-психиатриялық сараптама) қаулысы болып табылады.

3 параграф. Күдіктілерді, айыпталушыларды айдауылдау үшін
қабылдау тәртібі

      23. Тапсырмаларды орындауға бұйрық алған айдауыл, күдіктілерді, айыпталушыларды қабылдау пунктіне барады, ол жерде аға айдауыл:

      1) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша УҰИ, ТИ кезекшісіне күдіктілерді, айыпталушыларды қабылдау және өткізу құқығына берілген ұйғарымды көрсетуге;

      2) дайындалған құжаттарды алуға және олардың дұрыс ресімделуін тексеруге, күдіктілерді, айыпталушыларды арнаулы автомобильдердің камералары бойынша орналастыру тәртібін белгілеуге, күшейтілген қадағалауды талап ететін адамдар туралы айдауылдарды хабардар етуге;

      3) күдіктілерді, айыпталушыларды оларды айдауылдау үшін қабылдау кезінде жеке тінту мен күзету үшін айдауыл құрамының есебін белгілеуге және орналастыруға, тінтуді жүргізуге және айдауылданушыларды арнаулы автомобильдердің камераларына орналастыру үшін бөлінген айдауылдардың қаруын уақытша қабылдауға;

      4) күдіктілерді, айыпталушыларды қабылдау жүргізілетін, сондай-ақ тергеу әрекеттері жүретін үй-жайды қарауға, қашуға немесе шабуыл жасауға пайдаланылуы мүмкін құралдарды алып тастауға міндетті.

      Күдіктілердің, айыпталушылардың құжаттары аға айдауылға беріледі.

      Егер айдауылдауға жатқызылған күдікті, айыпталушы қашуға немесе айдауылға шабуыл жасауға бейім болса, ауыр, ерекше ауыр қылмысы үшін немесе айрықша жазалау шарасы-өлім жазасына кесілген сотталған болса, жеке ісі бойынша анықтамасында "қашуға бейім" деген жазба белгісі болуы керек.

      24. Күдіктілерді, айыпталушыларды қабылдау жүргізілетін үй-жайларда оларды айдауылдауға қабылдаушылар мен тапсырушылар ғана болуы тиіс.

      Күдіктілердің, айыпталушылардың жеке басына күмән туған жағдайда аға айдауыл тиісті түсініктемелер алу үшін УҰИ, ТИ кезекшісіне өтініш жасайды және одан әрі алынған түсініктемелерге сәйкес әрекет етеді.

      Ауруы туралы мәлімдеген адамдарды дәрігер (фельдшер) қарайды. Тексерудің нәтижесі туралы күдіктілердің, айыпталушылардың жеке ісі бойынша анықтамасына тиісті жазба жүргізіледі.

      Туберкулез ауруымен ауыратын айдауылданушыларды айдауылдаудың барлық жағдайларында айдауылдар мен айдауылданушыларға беттеріне тағатын дәке таңғыштар беріледі.

      25. Айдауылға қабылданатын адамдар олардың құжаттарына сәйкес жол журналдарына тіркеледі.

      26. Айдауылдауға қабылдауға:

      1) құжаттары дұрыс ресімделмеген және құжаттары жоқ адамдар;

      2) дәрігердің (фельдшердің) қорытындысы бойынша айдауылдауға жатпайтын аурулар;

      3) айдауылдау болатын туралы дәрігердің анықтамасы жоқ жүкті әйелдер;

      4) маусымға сай киінбеген тұлғалар жатпайды.

      27. Айдауыл медициналық қобдишамен қамтамасыз етіледі, әрбір айдауыл адам жарақаттанғанда, сәтсіз оқиғаларға ұшырағанда және аяқ астынан ауырып қалған кезде алғашқы медициналық жәрдем көрсетуді білуі керек.

      Қажет болған кезде Комитеттің, ЭТД жедел кезекшісін хабардар ете отырып, медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізіледі.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Айдауылданушы жол үстінде қайтыс болған жағдайда аға айдауыл Комитеттің, ЭТД жедел кезекшісін хабардар етеді, ол қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін жақын орналасқан ішкі істер органынан жедел топты шақырады.

      Тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін, қайтыс болған адамның мәйітін тергеушінің қаулысы бойынша сот-медициналық сараптама жүргізу үшін жақын маңда орналасқан мәйітханаға жеткізіледі.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4 параграф. Күдіктілерді, айыпталушыларды автомобиль көлігімен
айдауылдау

      29. Күдіктілерді, айыпталушыларды елді мекендердің шегінде айдауылдау арнаулы автомобильдерде жүзеге асырылады.

      Ерекше жағдайларда, арнаулы автомобиль болмаған кезде, таяу қашықтыққа айдауылдау Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының (оны алмастыратын тұлға) рұқсатымен қызметтік жеңіл автокөлікпен жүзеге асырылуы мүмкін.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Айдауылдауды жүргізу үшін шығар алдында аға айдауыл арнаулы автомобильдің кузовының жағдайын, жарық түсіру, байланыс құралдарының, сөйлеу құрылғыларының, желдеткіштің, есіктер мен камера құлыптарының, орындықтар мен басқа да жабдықтардың беріктігін тексереді; қашу немесе шабуыл жасау үшін пайдаланылуы мүмкін заттарды алып тастауға шара қабылдайды.

      Күдікті, айыпталушы ерлер мен әйелдерді бір-бірінен оқшауламай айдауылдауға тыйым салынады. Өкпе туберкулезінің ашық түрімен ауыратындар және басқа да жұқпалы аурулары бар күдіктілер, айыпталушылар басқалардан бөлек және өзара оқшауланып айдауылданады.

      Арнаулы автомобильге жанар-жағар май материалдары құйылып қойылуы керек.

      31. Арнаулы автомобильдің камерасындағы айдауыл айдауылданушылардың тәртібіне ұдайы қадағалау жүргізуге міндетті: бақылау торларын іштен көлегейлеуге, шулауға, темекі шегуге, кузов жабдықтарын бүлдіруге, сондай-ақ басқа камерада отырғандармен сөйлесуге немесе тықылдатуға рұқсат бермеуге; бұл талаптарды орындамаған кезде тоқтау туралы кабинаға дабыл беруге және аға айдауылмен бірге тәртіп бұзушылықтың жолын кесуге шаралар қабылдауға, камераның есігін ашуға тек аға айдауылды жіберуге тиіс.

      32. Айдап алып жүру қауіпсіздігінің үш деңгейі белгіленеді: кәдімгі, күшейтілген, ерекше.

      Айдауылдың құрамын, санын және қаруландыруды Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға) айқындайды:

      1) қарапайым айдауыл құрамы бірден-екіге дейінгі айдауылданушыларға - екі айдауыл; үштен-алтыға дейінгі айдауылданушыларға - үш айдауыл; жетіден-онға дейінгі айдаулданушыларға - жеті айдауыл есебінде тағайындалады. Егер де айдауыл құрамында бес және одан да көп айдауыл бар болса, аға айдауылдың көмекшісі тағайындалады;

      2) күшейтілген айдауыл саны бір айдауылданушыға - үш айдауыл; екі-төрт айдауылданушыға - алты айдауыл; бес-алты айдауылданушыға - сегіз айдауыл есебімен тағайындалады.

      Күшейтілген айдауыл, қандай да бір айдауылданушының қашуға әрекет жасағалы жүргені, күзетке шабуыл жасауы, өзіне және жан-жағындағыларға зиян тигізу ниеті бар екені туралы жеткілікті деректер (мәліметтер) қолда бар болғанда, айдауылдау бағытының өте ұзақ болуына байланысты, ұшақпен және теміржол көлігімен айдауылдау үшін тағайындалуы мүмкін;

      3) ерекше айдауылдың саны күшейтілген айдауылдың санынан кем болмауы тиіс.

      Ерекше айдауыл:

      Қазақстан Республикасы қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін айрықша жазалау шарасы - өлім жазасы не өмір бойы бас бостандығынан айыру анықталып қылмыстық жауапкершілікке тартылған;

      ауыр, аса ауыр қылмыс жасаған, қашуға, айдауылдар мен қамауда ұстау орындарының персоналына шабуыл жасауға бейім;

      үлкен қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктілерді, айыпталушыларды айдауылдау кезінде.

      Айдауылдау бағыты жедел қызметтермен бірлесіп әзірленеді және аумақтық ішкі істер органдарымен келісіледі.

      Ерекше айдауылдың аға айдауылы ретінде офицерлік құрам қатарынан қызметкер тағайындалады. Айдауыл құрамы міндетті түрде бронежилетпен жарақтанады; атыс қаруымен қаруланады; өзімен бірге арнаулы құралдары: газды қару, кісендер, резина таяқтар, сондай-ақ байланыс құралдары (радиостанция); металліздегіш болуы тиіс.

      Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Айдауылданушыларды түпкілікті баратын пунктте түсіру кезінде, аға айдауылдың нұсқауы бойынша айдауыл-жүргізуші автомобильді алдын ала белгіленген орынға, мүмкіндігінше бөтен адамдар жіберілмейтіндей орынға тоқтатады.

      Күдіктілер, айыпталушылар бір-бірден қатарға тұрғызылады және аға айдауылдың әмірі бойынша үй-жайға қарай жылжиды.

      34. Жеңіл қызметтік автомобильде тек бір күдікті, айыпталушы адам, артқы орынға екі айдауылдың ортасына отырғызылып айдауылданады.

      Жолда оның қолдарын алдына қаратып немесе айдауылдың (екі айдауылдың) қолдарына біріктіріліп кісен салынады. Автомобиль есіктері кілттеледі, терезе әйнектері ашылмайды.

      35. Күдіктілерді, айыпталушыларды айдауылдау кезінде айдауыл тобының барлық құрамы тапаншамен қаруланады.

      36. Автомобильдердің жүру жылдамдығы 50 км/сағаттан аспауы керек.

      Күдіктілерді, айыпталушыларды жабдықталмаған немесе жүк тиелген автомобильдерде, сондай-ақ төңкерілетін кузовтары бар автомобильдер мен мотоциклдарда тасымалдауға тыйым салынады.

      37. Автомобиль көлігімен айдауылдардың саны айдауылдау қауіпсіздігінің деңгейін ескере отырып, бірақ үш айдауылдан кем емес айқындалады.

      38. Аға айдауыл түпкілікті барар пунктке дейін бара жатқан жолда Комитеттің, ЭТД кезекшісімен байланыс ұстап отыруға міндетті.

      Айдауылданушылардың жүріп-тұруының қауіпсіздігін және сенімді күзетілуін қамтамасыз ету мақсатында арнаулы автомобильдер жарқылдағыш маяктармен, радиостанциялармен және Комитеттің, ЭТД кезекші бөлімінің пультіне дабыл беретін, жүргізуші мен айдауыл арасындағы сөйлесу құрылғыларымен жабдықталады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5 параграф. Күдіктілерді, айыпталушыларды әуе көлігімен
айдауылдау

      39. Айдауылдау бағытының қашықтығы ұзақ болған жағдайда не әуе көлігі жалғыз қатынас құралы болып табылса тек Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының (оны алмастыратын тұлға) рұқсатымен көліктегі ішкі істер органдарымен келісу бойынша әуе кемелерін және әуе кемесінің командирін пайдалануға рұқсат етіледі.

      Күдіктілерді, айыпталушыларды әуе көліктерінде айдауылдау кезінде, мынадай талаптарды есте сақтау қажет:

      1) қауіпті бағалау жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін әуе кемесінің эксплуатантына (меншік иесі, жалгер т.б.) және әуе кемесінің командиріне ұшудан 24 сағат бұрын күзетпен ұстаудағы жолаушыларды тасымалдау туралы жазбаша хабар беруі керек.

      Жазбаша хабарлама жолаушылардың мінез-құлқы және саны туралы ақпаратты қамтиды және мыналардан тұрады:

      жолаушының жеке тұлғасы және тасымалдау себебі;

      егер, ондай болған жағдайда айдауылдардың тегі және лауазымы;

      айдауылды бөлу себептерін қосқанда тәуекелді бағалау туралы ақпарат;

      егер ол қажет болса, орындарды алдын ала белгілеу;

      қолда бар құжаттардың сипаты;

      2) айдауылданатындар және айдауылдар отыратын орындар қалай болғанда жолаушылар бөлігінің соңғы бөлігіне жақын орналасу керек, бірақ демалу аймағында немесе шығатын жерге, сондай-ақ апаттық жағдайда шығу люктерімен қатар немесе қарама-қарсы болмауы керек.

      Айдауылданатын адамдар екі немесе одан да көп орындар қатарында, бір айдауыл айдауылданатындардың және кез келген өтпе арасында орналастырылады;

      3) айдауылдарға әуе кемесінің бортына жас ағызғыш газ контейнерлерін (баллондар) немесе ол тектес қатардан шығарылатын құрылғыларды алып кіруге болмайды;

      4) айдауылдар авиация қауіпсіздігі қызметінің қызметкерлеріне, әуежайдағы көліктегі ішкі істер органының кезекшісіне, әуе кемесінің командиріне және борт жолсерігіне өзін таныстыруы керек;

      5) әуе кемесінің бортындағы айдауылдар мен айдауылданатын адамдарға алкогольдік сусындар берілмейді;

      6) айдауылдардың шешімі бойынша айдауылданатын адамдарға тамақ берілуі мүмкін, алайда металл құралдарсыз және пышақсыз беріледі.

      Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Жерге қону сәтінде аға айдауыл авиация қауіпсіздігі қызметінің мамандарымен бірлесіп айдауылданушылар орналастырылатын ұшақ (тік ұшақ) салондарына (бөліктеріне) тексеру жүргізеді, жеке тінтуді, сондай-ақ олардың қол жүктерін тексеруді жүзеге асырады.

      Шылымдары қол жүктерімен бірге алынып, ұшақтың жүк бөлімшесіне тапсырылады.

      Бір айдауылданушы жүгінің салмағы жиырма килограммнан аспауы керек (киім-кешектері, санитарлық-гигиеналық заттары мен азық-түліктері).

      41. Айдауылданушыларды ұшаққа отырғызу жалпы жолаушыларды отырғызғанға дейін, ал түсіру - тек барлық жолаушылар түсіп болғаннан кейін жүргізіледі.

      42. Айдауылданушылар ұшаққа әкелінген кезде арнаулы автомобиль әуежайдың өткізу бюросы беретін белгіленген үлгідегі көлік рұқсат қағазы бойынша және авиация қауіпсіздігі қызметінің ілесіп жүруімен әуежайдың бақылау аймағына өткізіледі.

      43. Күдіктілерді, айыпталушыларды әуе кемелерінде тасымалдау тек қолдарын "алдына қаратып" кісендеумен жүргізіледі.

      44. Айдауылданушыларды ұшақтарда орналастыру бір салонда орналастырылады. Айдауылдар алдыңғы, бүйірдегі және олардың артындағы орындықтарға орналасады.

      Ұшып шыққаннан кейін айдауылдардың біреуі айдауылданушылар орналасқан бірінші қатардағы креслолар жанында түрегеп тұрып, қызмет өткереді.

      Айдауылдың ауысуын әр 30 минут сайын аға айдауыл жүргізеді.

      45. Күдіктілерді, айыпталушыларды әжетханаға шығару бір-бірден жүргізіледі, аға айдауыл мен айдауыл екіге бөлініп, айдауылданушының алдында және артында еріп жүреді.

      Айдауылданушы әжетхана ішінде болған уақытта есік жартылай ашық қалпында қалады, кісендері шешіледі.

      Айдауылдарға айдауылданушы кіргенге дейін және кіргеннен кейін әжетхананы тексеріп қарау қажет.

      Әйелдерді айдауылдау кезінде, айдауыл құрамына ЭТҚ-ның әйел қызметкерлері кіреді.

      46. Айдауылдың барлық құрамы тапаншамен қаруланады.

      Әуе кемесінде қару–жарақ "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының авияциялық қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықты (бағдарламаны) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 973 ҚПҮ қаулысымен айқындалған тәртіппен пайдаланылады.

      47. Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға):

      1) әуежай әкімшілігіне күдіктілерді, айыпталушыларды әуе көліктерінде тасымалдауға уақытымен өтініш жіберуге, айдауылданушы адамдар құрамының санын анықтауға, аға айдауылды тағайындауға, барлық айдауылданушылар мен айдауылдарға авиабилеттерді сатып алуды ұйымдастыруға;

      2) түпкілікті барар пунктке рейстің нөмірі, ұшудың күні және уақыты, айдауылданушылар мен айдауылдардың саны көрсетілген жеделхат (жеделхабар) жіберуге, қарсы алатын айдауылды, арнаулы автокөлікті жіберу қажеттілігі туралы хабарлауға;

      3) айдауыл жабдықтарын, қаруларын, кісендерін, ысқырықтарын, фонарларын, қызметтік құжаттарын, оның ішінде айдауылданушылардың жеке іс парағын тексеруге. Айдауылдарға ұшаққа отырғызу, ұшу, қону кезіндегі күзеттің ерекшелігі туралы және олардың төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуіне жеке өзі нұсқау беруге міндетті.

      Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Түпкілікті барар пункттегі Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға):

      1) қарсы алу айдауылы үшін наряд тағайындауға, оның қарулануын, жабдықталуын тексеруге, айдауылданушыларды күзетудің ерекшелігі туралы нұсқау беруге;

      2) айдауылдарды қарсы алу үшін арнаулы автомобиль жіберуге, УҰИ, СИ айдауылданушыларды орналастыру мен күзетуді ұйымдастыруға;

      3) келген айдауылдардың жеке құрамына орналасуда қажетті көмек көрсетуге міндетті.

      Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6 параграф. Күдіктілерді, айыпталушыларды теміржол көлігімен
айдауылдау

      49. Күдіктілерді, айыпталушыларды теміржол көлігімен айдауылдау көліктегі ішкі істер органымен келісу бойынша және ұлттық жолаушылар тасымалдаушыны хабардар ете отырып жүзеге асырылады.

      50. Теміржол көлігімен айдауылдау жолаушылар поездарының купелік вагондарында жүзеге асырылады. Айдауылданушылар вагонның соңғы купесіне бөлек орналастырылады.

      Айдауылданушыларды плацкарт вагондарда тасымалдауға тыйым салынады.

      Тасымалдау қолдарына "алдынан" кісендер тағу жағдайында ғана жүзеге асырылады, бұл ретте купедегі терезе берік жабылған жағдайда болады.

      Күдіктілерді, айыпталушыларды әжетханаға шығару бір-бірден жүргізіледі, аға айдауыл мен айдауыл екіге бөлініп, айдауылданушының алдында және артында еріп жүреді.

      Айдауылданушы әжетхана ішінде болған уақытта есік жартылай ашық қалпында қалады, кісендері шешіледі.

      Әйелдерді айдауылдау кезінде, айдауыл құрамына ЭТҚ-ның әйел қызметкерлері кіреді.

      51. Айдауылдаудың барлық жеке құрамы тапаншалармен немесе автоматтармен қаруланады. Айдауыл атыс және өзге қаруды қолданбау азаматтар мен айдауылдың өміріне және денсаулығына тікелей қауіп төнген ерекше жағдайда ғана қару қолдануы мүмкін.

      52. Айдауылданушыларды отырғызудан бұрын аға айдауыл олар орналастырылатын поездың вагоны мен соңғы купесіне тексеру жүргізеді.

      53. Айдауылданушы адамдарды купелік вагондарға отырғызу жолаушыларды жалпы отырғызуға дейін, ал түсіру - барлық жолаушылардан кейін жүргізіледі.

      54. Айдауылданушыларды поезға жеткізген кезде, арнаулы автомобиль вагон тамбурына тақап қойылады.

      Отырғызу аяқталғаннан кейін арнаулы автомобиль поезд жүріп кеткенге дейін тұратын тұраққа апарып қойылады. Арнаулы автомобильдің тұрақ орны теміржол вокзалы әкімшілігімен алдын ала келісіледі.

      55. Түпкілікті барар пунктке шығатын күні және уақыты, айдауылданушылар мен айдауылдардың саны көрсетілген, қарсы алатын айдауылды, арнаулы автокөлікті жіберу қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі;

      56. Түпкілікті барар пункттегі Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға):

      1) қарсы алу айдауылы үшін наряд тағайындауға, оның қарулануын, жабдықталуын тексеруге, айдауылданушыларды күзетудің ерекшелігі туралы нұсқау беруге;

      2) айдауылдарды қарсы алу үшін арнаулы автомобиль жіберуге, УҰИ, СИ айдауылданушыларды орналастыру мен күзетуді ұйымдастыруға;

      3) келген айдауылдардың жеке құрамына орналасуда қажетті көмек көрсетуге міндетті.

      Ескерту. 56-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7 параграф. Күдіктілерді, айыпталушыларды сот отырысы, тергеу
әрекеттерін жүргізу, сараптама өткізу, медициналық қызмет
көрсету және сационарлық емдеу уақытында күзету

      57. Күдіктілерді, айыпталушыларды межелі жерге жеткізгеннен кейін аға айдауыл әкелінген адамды сот, Комитет, ЭТД ғимараттарында уақытша ұстау бөлмесіне орналастырады, қолындағы кісенді шешеді.

      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      58. Күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты сот бұлтартпау шарасын санкциялаған кезде айдауыл айдауылданушыларды күзетуді қамтамасыз етеді.

      59. Тергеу әрекеттерін жүргізу үшін айдауыл айдауылданушыны арнаулы үй-жайға (жауап алуға арналған бөлме) ілесіп апарумен айдауылданушыны қабылдап алу-өткізу журналы бойынша тек тапсырыс жолдаған тергеушіге ғана береді.

      Аға айдауыл жауап алуға арналған бөлмені тексеруді жүргізеді, қашу немесе шабуыл жасау үшін пайдаланылуы мүмкін заттарды алып тастауға және анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруге шара қабылдайды.

      Қажет болған жағдайда, тергеушінің талабы бойынша айдауылдың жеке қатысуын қамтамасыз етеді.

      60. Комитет, ЭТД ғимаратында тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін айдауылданушыны денесіне зақым келтірудің және тыйым салынған заттардың болмауына міндетті түрде сырт келбетін тексеріп, жеке тінту жасай отырып, тергеушіден қабылдап алады.

      Анықталған жағдайда тыйым салынған заттарды алады, бұл туралы баянатпен Комитеттің, ЭТД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына (оны алмастыратын тұлға) баяндайды.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      61. Күдіктілерді, айыпталушыларды әжетханаға шығару бір-бірден жүргізіледі, аға айдауыл мен айдауыл екіге бөлініп, айдауылданушының алдында және артында еріп жүреді.

      Айдауылданушы әжетхана ішінде болған уақытта есік жартылай ашық қалпында қалады, кісендері шешіледі, терезе жабық күйінде қалдырылады.

      Әйелдерді айдауылдау кезінде, айдауыл құрамына ЭТҚ-ның әйел қызметкерлері кіреді.

      62. Жалпыға арналған медициналық мекемелерде медициналық куәландыру, түрлі сараптама жүргізу кезінде – айдауылдауды аға айдауыл мен айдауыл бір бірден жүзеге асырады.

      63. Жалпыға арналған медициналық мекемелердің кабинеттерінде медициналық куәландыру, түрлі сараптама жүргізу кезінде қажет болған кезде кіретін есіктің және терезенің алдында орналаса отырып, айдауыл жеке қатысады.

      Әйелдерді айдауылдау кезінде, айдауыл құрамына әйел қызметкерлер кіреді.

      64. Жалпыға арналған медициналық мекемеге стационарлық емделуге орналастыру ТИ-да білікті медициналық көмек көрсету мүмкін болмағанда тек шұғыл жағдайларда ғана жүргізіледі.

      Күдіктілер, айыпталушылар мұндай жағдайда тәуліктік күзетпен қамтамасыз етіледі.

      Нарядтың құрамын, түрін, санын, қызмет атқару кестесін Комитеттің, ҚМД басшысының құқық қорғау қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (оны алмастыратын тұлға) айқындайды, әйелдерді күзету кезінде, наряд құрамына ЭТҚ-ның әйел қызметкерлері кіреді.

      Ескерту. 64-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      65. Наряд табельдік қарумен және арнайы құралдармен қаруланады.

      66. Жасақтың ауысым уақыты – 30 минуттан аспайтын уақытқа тамақ ішуге арналған қысқа мерзімді үзілістерімен 8 сағат.

  Қаржы мониторингі органдары
жедел-тергеу бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі)
ұсталғандарды және
қамауға алынған адамдарды
айдауылмен алып жүру
қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


Аға айдауылға берілетін қызметтік құжаттары

      1) күдіктілердің, айыпталушылардың тізімі;

      2) әрбір күдіктінің, айыпталушының құжаттары мен жеке істері бар мөр басылған пакеттер (қажеттілігі бойынша);

      3) сотқа айдауылдаған кезде тек күдіктілердің, айыпталушылардың тізімі жасалады;

      4) аға айдауылға берілген күдіктілерді, айыпталушыларды қабылдау және өткізу құқығына ұйғарым (айдауылдың жеке құрамының тізімімен);

      5) бағыт парағы;

      6) жол журналы.

  Қаржы мониторингі органдары
жедел-тергеу бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі)
ұсталғандарды және қамауға
алынған адамдарды айдауылмен
алып жүру қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

Жол журналы

      Айдауыл___________________________________________

      __________________________________________________

                        (Комитеттің, ЭТД атауы)

      __________________________________________________

      __________________________________________________

      __________________________________________________

     

  Қаржы мониторингі органдары
жедел-тергеу бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі)
ұсталғандарды және қамауға
алынған адамдарды айдауылмен
алып жүру қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

Күдіктілерді, айыпталушыларды айдауылмен алып жүруге қойылатын талап

      Комитеттің, ЭТД мөртаңбасы

      Комитеттің, ЭТД басшысының

      құқық қорғау қызметі мәселелеріне

      жетекшілік ететін орынбасарына

      (оны алмастыратын тұлғаға)

      ______________________________

      Адамдарды (сыртқы бетінде барлығының аты-жөні) айдауылмен алып жүруге

      20__ жылы "___"________ "__" сағат "__" минут

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (тергеу әрекеттерін, сот процесін жүргізу орны)

      __________________________________________________________мекенжайы

      бойынша айдауыл жіберуді сұраймын.

      Айдауылмен алып жүруге жататын адамдар _________________________

                                                (лауазымын, тегін көрсету)

      қарауына түседі.

      Тергеу әрекеті өндірісінің (сот процесінің) басталуы "__" сағат "__" минут.

      Болжамды ұзақтығы _____________________________

                                    (уақыт)

      Тергеуші_______________________________________

                        (біліктілік сыныбы, тегі, қолы)

  Қаржы мониторингі органдары
жедел-тергеу бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі)
ұсталғандарды және қамауға
алынған адамдарды айдауылмен
алып жүру қағидаларына
3-қосымша сыртқы беті

р/с

Т.А.Ә.

Туған жылы

ҚК қандай бабы бойынша күдікті, айыпталады

Ұстау орны, ТИ, УҰИ атауы

Ішкі оқшалау бойынша талап (сыбайластардан бөлек ұстауын көрсету)

Айдауылдың түрін көрсету (қарапайым, күшейтілген, ерекше)

Айдауылмен алып жүрудің тәртібі бойынша басқа да ұйғарымдар

Айдауылмен алып жүрген адамдарға тінтуді жүргізгеннің Т.А.Ә.

ТИ бастығының кезекші көмекшісінің, УҰИ кезекшісінің айдауылмен алып жүрген адамдарды қабылдағаны туралы мөрі қойылған қолхаты






















      Тергеуші ______________________________________________

                        (біліктілік сыныбы, тегі, аты, әкесінің аты, қолы)


  Қаржы мониторингі органдары
жедел-тергеу бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі)
ұсталғандарды және қамауға
алынған адамдарды айдауылмен
алып жүру қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2019 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

      Комитеттің, ЭТД мөртаңбасы

  Кімге
__________________________
__________________________
(лауазымы, біліктілік сыныбы,
тегі, аты, әкесінің аты)

Ұйғарым

      Осы ұйғарымды табыс еткен адам

      __________________________________________________________________

                              (Комитеттің, ЭТД атауы)

      күдіктілер мен айыпталушыларды

      _________________________________________________________________ға

                              (Комитеттің, соттың, ЭТД атауы)

      айдауылмен алып жүру және қабылдау (тапсыру) үшін аға айдауыл

      болып тағайындалды.

      Ұйғарым 20 __ жылғы "___" __________ бойынша жарамды.

      М.О.

      Комитеттің, ЭТД басшысының

      құқық қорғау қызметі мәселелеріне

      жетекшілік ететін орынбасары

      (оны алмастыратын тұлға)

      _______________________________

      (біліктілік сыныбы, тегі, қолы)

  Қаржы мониторингі органдары
жедел-тергеу бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі)
ұсталғандарды және қамауға
алынған адамдарды айдауылмен
алып жүру қағидаларына
4-қосымша сыртқы беті

      Айдауылдың құрамы

р/с №

Т.А.Ә.

Лауазымы, біліктілік сыныбы

Қарудың түрі, нөмірі