РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. "Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 842 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12370 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі |
Т. Дүйсенова |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1042 бұйрығымен бекітілген |
Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі
Ескерту. Тізілімге өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.12.2017 № 420 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.04.2019 № 206 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Звено | Саты | Лауазымдар атауы | |
А БЛОГЫ - Басқарушы персонал | |||
А1 | 1 |
ЗТМО; | |
1-1 | Республикалық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары | ||
2 |
Астана және Алматы қаласаның Халықты жұмыспен қамту орталығының; | ||
2-1 | Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК басшысының орынбасары | ||
3 |
Аудандық және қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының; | ||
3-1 | Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК басшысының орынбасары | ||
А2 | 1 |
Республикалық маңызы бар ММ және МҚК басшысының әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі орынбасары | |
1-1 |
ЗТМО облыстық филиал басшысының орынбасары | ||
2 |
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) стационарлық үлгідегі ұйымның құрылымдық бөлімшесінің басшысы (жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы) | ||
2-1 |
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) стационарлық үлгідегі ұйымның құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары (жартылай стационарлық үлгідегі ұйым басшысының орынбасары) | ||
3 |
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның медициналық бөлімшесінің меңгерушісі | ||
3-1 |
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) Жұмыспен қамту орталығының сектор басшысы | ||
А3 | 1 |
ЗТМО Департаменті директорының орынбасары, басқарма (орталық аппарат) басшысы | |
1-1 |
Республикалық маңызы бар ММ және МҚК зертхана, басқарма, қызмет басшысының орынбасары | ||
2 |
ЗТМО аудандық және қалалық филиал бөлімшесінің басшысы | ||
2-1 |
ЗТМО қалалық бөлімше басшысының орынбасары | ||
3 |
ЗТМО аудандық және қалалық бөлімшесінің бөлім басшысы | ||
B БЛОГЫ - Негізгі персонал | |||
Бірінші звено В1 | |||
В1 | 1 | Бас ғылыми қызметкер | |
2 | Жетекші ғылыми қызметкер | ||
3 | Аға ғылыми қызметкер | ||
4 | Ғылыми қызметкер | ||
5 | Кіші ғылыми қызметкер | ||
Денсаулық сақтау | |||
В2 | 1 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер | |
2 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер | ||
3 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер | ||
4 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер | ||
В3 | 1 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: мейіргер, акушер, зертханашы, провизор (фармацевт) | |
2 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: мейіргер, акушер, зертханашы, провизор (фармацевт) | ||
3 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: мейіргер, акушер, зертханашы, провизор (фармацевт) | ||
4 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: мейіргер, акушер, зертханашы, провизор (фармацевт) | ||
В4 | 1 | Біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санатты мамандар: емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), мейіргер, диеталық мейіргер, фармацевт | |
2 | Біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты мамандар: емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), диеталық мейіргер, мейіргер, фармацевт | ||
3 | Біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты мамандар: емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), диеталық мейіргер, мейіргер, фармацевт | ||
4 |
Біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: | ||
Білім беру | |||
В2 | 1 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер | |
2 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер | ||
3 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер | ||
4 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер | ||
В3 | 1 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: тәрбиеші, логопед, психолог, дефектолог, әдіскер, зертханашы | |
2 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: тәрбиеші, логопед, психолог, дефектолог, әдіскер, зертханашы | ||
3 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: тәрбиеші, логопед, психолог, дефектолог, әдіскер, зертханашы | ||
4 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: тәрбиеші, логопед, психолог, дефектолог, әдіскер, зертханашы | ||
В4 | 1 | Біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санатты мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, зертханашы | |
2 | Біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, зертханашы | ||
3 | Біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, зертханашы | ||
4 |
Біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: | ||
Өзге де салалар | |||
В2 | 1 | ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маманы: жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, біліктілікті арттыру курстарының әдіскері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі ұйымның маманы, сарапшы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), музыкалық жетекші, инженер-программист (негізгі қызмет) | |
2 | ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маманы: жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, біліктілікті арттыру курстарының әдіскері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі ұйымның маманы, сарапшы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), музыкалық жетекші, инженер-программист (негізгі қызмет) | ||
3 | ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маманы: жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, біліктілікті арттыру курстарының әдіскері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі ұйымның маманы, сарапшы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), музыкалық жетекші, инженер-программист (негізгі қызмет) | ||
4 | ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманы: жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, біліктілікті арттыру курстарының әдіскері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі ұйымның маманы, сарапшы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, медициналық-әлеуметтік сараптама жөніндегі медициналық тіркеуші, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), медициналық-әлеуметтік сараптама жөніндегі медициналық тіркеуші, музыкалық жетекші инженер-технолог, инженер-конструктор (негізгі қызмет), инженер- программист (негізгі қызмет) | ||
В3 | 1 | ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санатты маманы: жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі ұйымның маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, емдік денешынықтыру жөніндегі маман, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), музыкалық жетекші | |
2 | ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты маманы: жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі ұйымның маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, емдік денешынықтыру жөніндегі маман, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), музыкалық жетекші | ||
3 | ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты маманы: жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі ұйымның маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, емдік денешынықтыру жөніндегі маман, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), музыкалық жетекші | ||
4 | ММ және МКҚ біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі ұйымның маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, механик-протезист, емдік денешынықтыру жөніндегі маман, медициналық-әлеуметтік сараптама жөніндегі медициналық тіркеуші, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы) музыкалық жетекші | ||
С БЛОГЫ - Әкімшілік персонал | |||
С1 | ММ және МҚК шаруашылық бөлiмшесiнін, дәріхананың, асхананың, шеберхананың басшысы (меңгерушісі) | ||
С2 | Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: мұрағатшы, бухгалтер, барлық мамандықтағы инженер, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі менеджер, экономист, заңгер, заңгер консультант, программист, аудармашы, инспектор, кадрлар жөніндегі инспектор, нұсқаушы, энергетик, кітапханашы, ТҚ инженері, азаматтық қорғаныс штабының басшысы, мемлекеттік тіл жөніндегі маман, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі маман, тестілік бақылау маманы, жинақтау бөлімінің маманы, кадрлар жөніндегі маман, статистик, референт | ||
С3 |
Біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: мұрағатшы, бухгалтер, барлық мамандықтағы инженер, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі менеджер, экономист, заңгер консультант, программист, аудармашы, инспектор, нұсқаушы, энергетик, кітапханашы, мәдениеттанушы, кадрлар жөніндегі инспектор, барлық атаудағы техниктер, статистик, референт | ||
D БЛОГЫ - Қосалқы персонал | |||
D1 | Техникалық орындаушылар: архивариус, ассистент, кезекші әкімші, рұқсаттама бюросының кезекшісі, іс жүргізуші, диспетчер, кассир, комендант, әкімші, дыбыс жабдықтарына, хабар тарату техникасына, кассалық жабдыққа, дизельдік қызмет көрсету жөніндегі механик, бақылаушы, музей қараушысы, көшіру-көбейту машиналарының, жарық аппаратурасының, байланыс жүйелерінің, қауіпсіздік қызметінің, бейнежазба, дыбыс жазбасы, радио, компьютерлік техника (бағдарламалар), электрондық есептеу машиналарының, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі, диспетчерлік қызметтің операторы, күзетші, паспортшы, медициналық мейіргердің, тәрбиешінің көмекшісі, тіркеуші, хатшы, хатшы-машинист, хатшы-стенографист, оқу бөлімінің хатшысы, стенографист, экспедитор, халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті |
Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ – мемлекеттік мекеме
МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
ЗТМО – зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық
ЕҚРҒЗИ – еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты
ӘОДҒПО – әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы