Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 842 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 желтоқсанда № 12370 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1042 бұйрығымен

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына және «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенінің инфрақұрылымын салу» инвестициялық стратегиялық жобасын іске асыру кезінде пайда болған газтурбиналық электр станциясының жобалау-сметалық құжаттамасы түріндегі мүлік «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қор) орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қормен бірлесіп (келісім бойынша), заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов