Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12743 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. "Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 185 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11084 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсiн.

      5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1057 бұйрығымен
бекітілген

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.11.2017 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 16-бабы 29) тармақшасына және 183-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) еңбектің қауіпсіз жағдайлары – жұмыс істейтіндерге өндірістік факторлардың әсерінің деңгейлері белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайлары;

      2) еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі;

      3) еңбек гигиенасы – жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерлерінің профилактикасы жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;

      4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер – эргономикалық, санитариялық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;

      5) еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;

      6) жұмыскерлердiң өкiлдерi – кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары, ал олар болмаған кезде жұмыскерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) жұмыскерлердiң (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік дауысымен сайланған және уәкiлеттiк берілген сайланбалы өкiлдер;

      7) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

      8) жеке қорғаныш құралдары (бұдан әрі – ЖҚҚ) – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім;

      9) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;

      10) қауіпсіздік нормалары – жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен өлшемшарттарды қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

      11) өндірістік объектілер – өнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымдардың цехтары, учаскелері және өзге де бөлек орналасқан өндірістік бөлімшелері;

      12) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар – өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, білікті кадрлары және өзінің құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары бар ұйымдар;

      13) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау (бұдан әрі – аттестаттау) – өндірістік объектілерде (цехтарда, учаскелерде, жұмыс орындарында, сондай-ақ ұйымдардың бөлек тұрған, өндірістік қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерінде) орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет;

      14) ұжымдық қорғаныш құралдары – екі немесе одан да көп жұмыс істеушілерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.

2 тарау. Аттестаттауды жүргізу тәртібі

      3. Аттестаттауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар 5 жылда бір реттен сиретпей мерзімділікпен жүргізеді.

      4. Аттестаттауға Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық ұйымдардың өндірістік объектілері жатады.

      Қайта құрылған (жаңа технологиялық жабдықтарды, процестерді ауыстыру, енгізу, орнату) өндірістік объектілерді аттестаттау оларды пайдалануға енгізгеннен соң күнтізбелік 90 күннен кейін кешіктірілмей жүргізіледі.

      5. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны, қызмет түрлері, білікті кадрлары туралы мәліметтер) интернет-ресурста орналастырады.

      6. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізуді ұйымдастыру үшін жұмыс беруші құрамында төраға, мүшелер және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады.

      7. Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына басшы не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің мамандары келісім бойынша, сондай-ақ жұмыскерлерінің өкілдері кіреді.

      8. Ұйымның аттестаттау комиссиясы:

      1) орындайтын жұмыстары мен еңбек жағдайларының сипаттамасы бойынша ұқсас жұмыс орындарын бөле отырып, аттестаттауға жататын өндірістік объектілердің толық тізбесін жасайды;

      2) өндірістік ортаның, еңбек және технологиялық процестердің сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен механизмдердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеу мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды факторлардың толық тізбесін жасайды;

      3) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымды айқындайды және онымен тиісті шарт жасасу жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс енгізеді;

      4) ұйымның өндірістік объектілерін аттестаттауды жүргізу кестесін жасайды және жұмыс берушіге бекітуге ұсынады;

      5) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін автоматты өңдеуді жүргізу үшін цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді;

      6) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 239 бұйрығымен бекітілген "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13896 болып тіркелді) сәйкес жүргізілетін соңғы 12 айға өндірістік жарақаттану және кәсіби ауру-сырқаудың себептерін, сондай-ақ өндірістік бақылау нәтижелерін бағалау жүргізеді;

      8) өндірістік жарақаттануды және өндірістік бақылау нәтижелерін бағалау негізінде жарақаттану қаупі басым жұмыстарды, зиянды еңбек жағдайларымен жұмыс орындарының учаскелерін, технологияларды, машиналарды, механизмдерді, станоктар мен жабдықты айқындайды;

      9) аттестаттау жөніндегі жұмыс көлемін ескере отырып, тартылатын өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйыммен және жұмыс берушімен өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу мерзімін келіседі;

      10) өндірістік объектілерін аттестаттауды жүргізудің сапасына ұйымда ішкі бақылауды жүзеге асырады.

      11) зиянды өндірістік факторларды өлшеу, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігі мен арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалауды жүргізген кезде қатысады;

      9. Аттестаттау ұйымның өндірістік объектілері еңбек жағдайларының нақты жай-күйін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестігін кешенді бағалауды және мынадан тұратын:

      1) еңбек зияндылығының және қауіптілігінің, еңбек гигиенасының дәрежесін бағалауды;

      2) еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығын бағалауды;

      3) жарақат қауіпсіздігінің дәрежесін бағалауды;

      4) жұмыскерлердің жеке қорғаныш құралдарымен және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуын бағалауды қамтиды.

      10. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеуді, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығының көрсеткіштерін, жарақат қауіпсіздігінің деңгейін айқындауды, жеке қорғаныш құралдарымен және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуын қамтитын еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген санитарлық қағидаларда, гигиеналық нормативтерде көзделген тәртіпте және көлемде жұмыс берушінің өкілімен айқындалған жұмыс орындарында жүзеге асырылады.

      Еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау келесі көрсеткіштерді бағалауға негізделеді:

      1) өндірістік орта факторларының зияндылығы мен қауіптілігі дәрежесін;

      2) еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығы дәрежесін;

      3) жарақат қауіпсіздігінің және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуы дәрежесін;

      4) жеке қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуын, олардың сапасы мен еңбек жағдайларына сәйкестігін.

      Еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалауды қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың өлшенген параметрлерінің санитариялық қағидаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі негізінде аттестаттау комиссиясы жүргізеді.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 184-бабына сәйкес жұмыс орындарында қауіпті және зиянды өндірістік факторлар болмағанда немесе олардың нақты мәндері қауіпсіздік нормаларына сәйкес болғанда, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігінің талаптары орындалғанда және жұмыскерлер ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілгенде, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі жағдайлары белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі.

      11. Еңбек зияндылығының және қауіптілігінің, еңбек гигиенасының дәрежесін бағалау зертханалық және аспаптық өлшеулер негізінде айқындалады. Физикалық, химиялық, биологиялық және технологиялық факторлардың зертханалық және аспаптық өлшеулері өндірістік және технологиялық процестер жағдайларында, ұжымдық және жеке қорғаныш құралдары жарамды болған кезде орындалады.

      Жерасты көмір шахталарындағы жұмыс орындарында зертханалық және аспаптық өлшеулер жүргізілмейді.

      Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеуді жүргізген кезде белгіленген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік тексеруден өткен өлшеу құралдарын пайдалану қажет.

      12. Еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығы ағзаның функционалдық күш түсіру дәрежесімен сипатталады.

      Еңбек процесінің ауырлығы осы процеске қатысатын адамның жеке ерекшеліктеріне қарамастан еңбек процесін сиаттайтын эргонометриялық шамаларда көрсетілген көрсеткіштер бойынша бағаланады.

      Еңбек процесінің ауырлығының негізгі көрсеткіштері:

      1) физикалық динамикалық жүктеме;

      2) қолмен көтерілетін және тасымалданатын жүктің массасы;

      3) стереотипті жұмыс қозғалысы;

      4) статикалық жүктеме;

      5) жұмыс қалпы;

      6) корпустық еңкеюлері;

      7) кеңістікте орын ауыстыру болып табылады.

      Жұмыскерлердің кәсіби тобының еңбек процесінің қауырттылығын бағалау еңбек қызметі және оның құрылымын талдауға негізделеді, олар бүкіл жұмыс күні ауқымында хронометраждық бақылау арқылы кем дегенде бір апта кезеңде зерделенеді.

      Еңбек процесінің қауырттылығын бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:

      1) орта есеппен 1 сағат жұмыс үшін сигналдар мен хабарламалардың тығыздығы;

      2) бір уақытта бақыланатын өндірістік объектілердің саны;

      3) оптикалық аспаптармен жұмыс (% ауысым уақыты);

      4) дауыстық аппаратқа жүктеме (аптасына айтылатын жиынтық сағат саны);

      5) бірқалыпты жүктемелер;

      6) жұмыс ауысымдылығы.

      Еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығын бағалау осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша бағалау хаттамаларымен ресімделеді.

      13. Өндірістік жабдықтың, құрылғылардың және құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін бағалау нормативтік техникалық құжаттар, ұлттық стандарттар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтар негізінде жүргізіледі және олардың техникалық жай-күйіне, паспорттық параметрлеріне және өндірістік процесс технологиясының талаптарына сәйкестігіне байланысты болады.

      Жарақат қауіпсіздігін бағалаудың негізгі объектілері:

      1) өндірістік жабдық;

      2) құрылғылар мен құрал-саймандар;

      3) ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу;

      4) жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу;

      5) оқу және нұсқау құралдарымен қамтылу болып табылады.

      Техникалық паспорттар мен сертификаттар болмаған кезде өндірістік жабдықтың қауіпсіздіктің нормативтік талаптарына сәйкестігі осы жабдықта қолданылатын нақты конструкциялық қауіпсіздік элементтерін көрсете отырып, жабдық бірліктерінің әрқайсысына сәйкестік актісімен (бұдан әрі – сәйкестік актісі) расталады.

      Сәйкестік актісін жұмыс беруші құрған комиссия еркін нысанда жасайды.

      Жабдықтың жекелеген түрлеріне техникалық паспорттар, сертификаттар немесе актілер болмаған кезде, олардың техникалық жағдайына қарамастан жарақат қауіпсіздігіне теріс баға беріледі және оларды пайдалануды тоқтата тұру қажеттілігі туралы мәселе қаралады.

      Өндірістік жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін, ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуді, сондай-ақ оқу мен нұсқау құралдарымен қамтылуды бағалау осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау хаттамасымен ресімделеді.

      14. Жұмыскерлердің жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау.

      Әр кәсіп үшін жұмыскерлердің арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және ЖҚҚ қамтамасыз етілуі айқындалады. Жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау нақты берілген құралдарды өндірістік ортаның зиянды факторларын ескере отырып, жұмыскерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киім, арнайы аяқкиім және басқа ЖҚҚ берудің нормаларымен салыстыру арқылы айқындалады.

      Жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау кезінде бір уақытта берілген ЖҚҚ-ның еңбек жағдайларының нақты жай-күйіне сәйкестігін бағалау жүргізіледі. ЖҚҚ-ның сапасы сәйкестік сертификаттарымен расталады.

      "Қамтамасыз етілді" деген баға ұйым жұмыскерлері Еңбек кодексінің 16-бабының 35) тармақшасына сәйкес бекітілген жұмыскерлерге ЖҚҚ беру нормаларына сәйкес ЖҚҚ-мен толық қамтамасыз етілген кезде ғана қойылады.

      Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдармен жұмыскерлердің қамтамасыз етілуін бағалау осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау хаттамасымен ресімделеді.

      15. Өлшеулер мен бағалаулар хаттамаларының негізінде еңбек жағдайларының нақты жай-күйін жалпы бағалау үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау жөніндегі қорытынды есеп дайындалады.

      16. Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері мына мақсаттарда:

      1) өндірістік объектілерді қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен сәйкестікке келтіру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін жүргізу;

      2) өндірістік орта мен жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі жағдайларының нақты жай-күйін бағалау;

      3) жұмыскерлердің қажетті жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін, олардың нақты еңбек жағдайларына және оларға қойылатын талаптарына сәйкестігін айқындау;

      4) кәсіптік ауруға күдік туған және кәсіптік аурудың диагнозын белгілеген кезде, оның ішінде даулар мен өзге де келіспеушіліктерді сот тәртібімен шешкен кезде аурудың кәсіппен және орындайтын жұмысымен байланысын айқындау кезде еңбек жағдайларының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасын жасау және беру үшін зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс фактісін растау;

      5) өндірістік объектінің немесе жабдықтың пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру), сондай-ақ технологияны өзгерту туралы шешім қабылдау;

      6) еңбек жағдайларының жай-күйі туралы статистикалық есептілікті жасау;

      7) еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктер мен өтемақылар беруді негіздеу;

      8) жұмыскерлердің еңбек жағдайлары, қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі, зиянды өндірістік факторлар және олардың әсерінен қорғану шаралары туралы дәйекті ақпарат алу үшін пайдаланылады.

      17. Жұмыс орындары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы белгіленген нормаларға анықталған көрсеткіштердің сәйкессіздігі кезде еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес емес болып есептеледі.

      18. Жұмыс орындағы еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті еңбек жағдайларына жатқызылған кезде аттестаттау комиссиясы ұйымда еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қалыптастырады, оны жұмыс беруші бекітеді олар зиянды өндірістік факторларының әсер ету деңгейін төмендетуге, не олардың әсер ету уақытын азайтуға бағытталған шараларды, сондай-ақ жарақатқауіпсіздігі мен ЖҚҚ бойынша талаптарды қамтамасыз ету бойынша талаптар, оның ішінде ескірген техника мен жабдықты ауыстыру және өндірістік процесс технологиясын жетілдіруге бағытталған шараларды көздейді.

3 тарау. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін ресімдеу және беру тәртібі

      19. Аттестаттау нәтижелері төмендегілерді қамтитын есеп түрде мамандандырылған ұйымдармен ресімделеді:

      1) жалпы мәліметтерді (ұйымның толық заңды атауы, мекенжайы, ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны, жұмыс істейтіндердің жалпы және жеке өндірістік бөлімшелер бойынша санын, оның ішінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді көрсете отырып, ұйымның құрылымы, аттестаттауды жүргізу негіздемесі, тартылатын өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы мәліметтер, аттестаттау комиссиясының құрамы);

      2) өндірістің қысқаша технологиясын (өндіріс қызметінің сипаты, қолданылатын технологиялар, барлық зиянды, қауіпті өндірістік факторлардың, қауіпті өндірістік жабдықтың және процестердің тізбесі);

      3) осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша бағалау және өлшеулер хаттамалары;

      4) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген бағалаудың барлық көрсеткіштерінен тұратын өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау нәтижелері жөніндегі есеп.

      20. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 183-бабының 7-тармағына сәйкес өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйым өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық жеткізгіштерде өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелері туралы есепті еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

      21. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін бір айлық мерзімде ұйымның орналасқан жеріндегі еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға қағаз және электрондық жеткізгіштерде осы Қағидаларға 8, 9, 10, 11-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша оның нәтижелері туралы есептерді, сондай-ақ 12-қосымшаға сәйкес соңғы 12 айға өндірістік бақылау нәтижелері туралы есепті ұсынады.

  Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Аккредиттеу белгісі үшін орын

_______________________________________________________________
(өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі
мамандандырылған ұйымның атауы)
Қазақстан Республикасы, _______ қаласы, ________ көшесі, __________,
индекс үй № телефон.:__________; e-mail:_________
Аккредиттеу аттестаты № __________ __________ бастап ______ дейін


Зиянды өндірістік факторларды өлшеу № _____ ХАТТАМАСЫ

  __ бет
  барлығы ___ бет

      1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: _________________________________________

      2. Өлшеуді жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): _____________________________________

      3. Өлшеуді жүргізу күні: _________________________________________________________

      4. Үй-жайдың сипаттамасы:

      - ауданы: __________

      - ұжымдық қорғаныш жүйесі: ____________________________________________________

      - жабдықтардың түрі және олардың саны: __________________________________________

      - кәсіптердің, лауазымдардың атауы: ______________________________________________

      5. Өлшеу құралдары:

Р/с

Атауы

Зауыт нөмірі

Тексеру күні









      6. Өнімге (объектіге) нормативтік құжат:

      7. Қоршаған ортаның жағдайлары: температура - ___0С, салыстырмалы ылғалдылық - ____%, атм. қысым – сынап бағанасының ____ миллиметрі

      8. Зиянды өндірістік факторларды өлшеу нәтижелері:

Жұмыс орнының коды

Кәсіптер, лауазымдар атауы

Жұмыс орындарының саны

Өндірістік орта факторларының атауы, өлшем бірлігі

Өлшеу әдісіне нормативтік құжат

Рұқсат етілген шекті концентрация/ рұқсат етілген шекті деңгейі нормасы

Нақты деңгейі

Еңбек жағдайларының сыныптары

рұқсат етілген

зиянды

Қауіпті (экстремалды)

2

3.1

3.2

3.3

3.4

4



























      Бағалауды жүргізген: ______________ _______________________________________________

                              қолы                   тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі: _______________ ___________________________________

      қолы                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Құжаттың соңы

      Өлшеу нәтижелері өлшеуден өткен объектілерге ғана таралады.

      Өлшеу хаттамасы сынақ зертханасының рұқсатынсыз ішінара қайта шығарылмайды

  Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

________________________________________________________________________________
(өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы)
Қазақстан Республикасы, ______________ қаласы, __________________көшесі, __________,
индекс үй №
тел.:__________; e-mail:_________
Аккредиттеу аттестаты № _____________ __________ бастап ___________ дейін


Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау № _____ ХАТТАМАСЫ

  ___бет
  барлығы___бет


      1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: ________________________________________________

      2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): ___________________________________________

      3. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________________________________________

      жынысы ____________

      4. Бағалауды жүргізу күні: ___________

      5. Орындалатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы:____________________________________

      6. Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері:

Жұмыс орнының коды

Кәсіптердің, лауазымдардың атауы

Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері

Нақты мәндері

Еңбек жағдайларының сыныптары

оңтайлы

рұқсат етілген

зиянды

1

2

3.1

3.2









      Бағалауды жүргізген: ______________ _______________________________________________

                              қолы                   тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі: _______________ ___________________________________

      қолы                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


  Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

____________________________________________________________________________
(өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы)
Қазақстан Республикасы, ____ қаласы, ________ көшесі, _____, тел.:_____; e-mail:_____
индекс үй №
Аккредиттеу аттестаты № _____________ __________ бастап ___________ дейін

Еңбек процесі қауырттылығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау № _____ ХАТТАМАСЫ

      ___бет

      барлығы___бет

      1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: __________________________________________

      2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): _____________________________________

      3. Бағалауды жүргізу күні: _______________________________________________________

      4. Жарақат қауіпсіздігін бағалау нәтижелері:

Жұмыс орнының коды

Кәсіптердің, лауазымдардың атауы

Жұмыс орындарының саны

Арнайы киім, арнайы аяқ киім мен жеке қорғаныш құралдарының тізбесі

ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау (қамтамасыз етілген/ қамтамасыз етілмеген)

Ескертпе

қолданыстағы нормаларға сәйкес
(атауы)

нақты берілгені
(иә/жоқ)

МЕМСТ, сертификаты









      Бағалауды жүргізген: __________ _________________________________________________

                        қолы                  тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі: _________ _______________________________________

      қолы             тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

____________________________________________________________________________
(өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған
ұйымның атауы)
Қазақстан Республикасы, ____ қаласы, _____ көшесі, ______, индекс үй №
телефон.:____; e-mail:____
Аккредиттеу аттестаты № _____________ __________ бастап ___________ дейін

      Жарақат қауіпсіздігін бағалау

      № ____ ХАТТАМАСЫ

      __ бет

  __ бет
  барлығы ___ бет

      1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: __________________________________________

      2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): _____________________________________

      3. Тегі,аты,әкесінің аты (бар болса) ________________________________________________

      4. Бағалауды жүргізу күні: _______________________________________________________

      5. Орындалатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы: __________________________________

      6. Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері:

Жұмыс орнының коды

Кәсіптер, лауазымдар атауы

Жұмыс орындарының саны

Жабдықтар, құрылғылар мен құрал-саймандардың, ұжымдық қорғаныш құралдарының атауы

Техникалық құжаттамасы (паспорт, сертификат және т.б.)

Бағалау нәтижелері (сәйкес келеді/
сәйкес келмейді)

Сәйкес келмеу себептері








      Бағалауды жүргізген: ___________ ________________________________________________

                        қолы                  тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)     

      Ұйымның/ жұмыскерлердің өкілі: ________ _________________________________________

      қолы                  тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


  Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
5-қосымша
  нысан

____________________________________________________________________________
(өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған
ұйымның атауы)
Қазақстан Республикасы, _____________ қаласы, ________________ көшесі, __________,
индекс үй №
тел.:__________; e-mail:_________
Аккредиттеу аттестаты № _____________ __________ бастап ___________ дейін

Жұмыскердің арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау № _____ ХАТТАМАСЫ

  ___бет
  барлығы___бет

      1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: __________________________________________

      2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): _____________________________________

      3. Тегі,аты,әкесінің аты (бар болса) ________________________________________________

      4. Бағалауды жүргізу күні: _________________________________________________

      жынысы__________

      5. Орындалатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы: __________________________________

      6. Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері:

Жұмыс орнының коды

Кәсіптердің, лауазымдардың атауы

Жұмыс орындарының саны

Арнайы киім, арнайы аяқ киім мен жеке қорғаныш құралдарының тізбесі

ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау (қамтамасыз етілген/ қамтамасыз етілмеген)

Ескертпе

қолданыстағы нормаларға сәйкес
(атауы)

нақты берілгені
(иә/жоқ)

МЕМСТ, сертификаты









      Бағалауды жүргізген: __________ _________________________________________________

                        қолы                  тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі: _________ _______________________________________

      қолы             тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


  Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
6-қосымша
  нысан

____________________________________________________________________________
(өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы)
Қазақстан Республикасы, ____________ қаласы, _________________ көшесі, __________,
индекс үй №
тел.:__________; e-mail:_________
Аккредиттеу аттестаты № _____________ __________ бастап ___________ дейін

Бағалаудың барлық көрсеткіштерінен тұратын өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау нәтижелері жөніндегі есеп

  ___бет
  барлығы___бет

      1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: __________________________________________

      2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): _____________________________________

      3. Жұмыс орнының коды ___, жұмыс орнының саны ___оның ішінде: ерлер___ әйелдер____

      4. Бағалауды жүргізу күні: _______________________________________________________

      5. Еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері:

Фактор

Еңбек жағдайларының сыныптары

Рұқсат етілген

Зиянды, ауыр және қауыртты

Қауіпті (экстремалды)

2

3.1

3.2

3.3

3.4

4

Химиялық







Биологиялық







Басым фиброгенді әрекет ететін аэрозольдар







Шу







Вибрация







Иондаушы сәулелену







Иондаушы емес сәулелену







Жарықтандыру







Инфрадыбыс







Ультрадыбыс







Микроклимат







Жалпы вибрация







Жергілікті вибрация







Электростатикалық өріс







Тұрақты магнит өрісі







Өнеркәсіптік жиіліліктің электр өрістері (50 герц)







Өнеркәсіптік жиіліліктің магнит өрістері (50 герц)







Бейнедисплей терминалы мен дербес компьютермен құрылатын электромагниттік өріс







Радиожиілікті диапазонның электромагниттік сәулеленулері







Лазерлік сәулелену







Ультракүлгін сәулелену







Еңбектің ауырлығы:







ерлер







әйелдер







Еңбектің қауырттылығы







ерлер







әйелдер







Еңбек жағдайларын жалпы бағалау:







ерлер







әйелдер







      Бағалауды жүргізген: ________ __________________________________________________

            қолы            тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ұйымның/ жұмыскерлердің өкілі: _______ ________________________________________

      қолы             тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
7-қосымша
  нысан
  Бекітемін
_________________________
  Мамандандырылған ұйымның
басшысы
______ ____________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
  20___ жылғы _____ ________

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлар бойынша аттестаттауды жүргізу нәтижелері жөніндегі есеп

      Мамандандырылған ұйымның атауы _______________________________________________

      Мамандандырылған ұйымның мекенжайы __________________________________________

      Аттестаттау жүргізген ұйымның атауы __________ __________________________________

      Аттестаттау жүргізген ұйымның мекенжайы ________________________________________

Жалпы мәліметтер

Аттестаттау жүргізілген күн

Экономикалық қызмет түрі

Аттестатталған жұмыс орындарының саны

барлығы

Олардың ішінде белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтіндер

Белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді

Өндірістік орта факторларының зияндылығы және қауіптілігі көрсеткіштері бойынша

Беру нормасына сәйкес жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі бойынша

Жарақат қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша

Еңбек процесінің ауырлығын бағалау

Еңбек процесінің қауырттылығын бағалау

Оқу және нұсқау құралдарымен қамтылуын бағалау
















      Аттестаттау жүргізген лабораторияның басшысы_____ ________________________________

      қолы      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
8-қосымша
  нысан
  Бекітемін
_________________________
ұйымның басшысы     
________ __________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
20___ жылғы _____ ________

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша жүргізілген аттестаттау нәтижелері жөніндегі кәсіпорынның есебі

      Кәсіпорынның атауы ____________________________________________________________

      Кәсіпорынның мекенжайы _______________________________________________________

      Мамандандырылған ұйымның атауы _______________________________________________

      Экономикалық қызмет түрі _______________________________________________________

      Мамандандырылған ұйымның атауы және мекенжайы ________________________________

      Аттестаттауды өткізу күні ________________________________________________________

Жалпы мәліметтер

Жұмыс орнының коды

Лауазымның, кәсіптің атауы

Цех,
учаске

Аттестатталған жұмыс орындарының саны

барлығы

өндірістік орта факторларының зияндылығы және қауіптілігі көрсеткіштері бойынша

беру нормасына сәйкес жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі бойынша

жарақат қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша

еңбек процесінің ауырлығын бағалау

еңбек процесінің қауырттылығын бағалау





сәйкес келу

сәйкес келмеу

сәйкес келу

сәйкес келмеу

сәйкес келу

сәйкес келмеу

сәйкес келу

сәйкес келмеу

сәйкес келу

сәйкес келмеу

      Ұйымның әкімшілік өкілі__________ ______________________________________________

                        қолы                   тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ұйымның еңбек ұжымының (кәсіподақ комитетінің) өкілі _____________________________

      қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
9-қосымша
  нысан
  Бекітемін:
____________________________
ұйымның басшысы     
__________ _________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
20___ жылғы____ ________

Өндірістік факторлар бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін жұмыс орындары жөніндегі есеп

Жұмыс орнының коды

Лауазымның, кәсіптің атауы

Цех,
учаске

Өндірістік орта факторларының атауы*

Рұқсат етілген шекті концентрация, рұқсат етілген шекті деңгейі

Нақты мағынасы




Химиялық



Биологиялық



Басым фиброгенді әрекет ететін аэрозольдар



Шу



Инфрадыбыс



Иондаушы сәулелену



Иондаушы емес сәулелену



Жарықтандыру



Инфрадыбыс



Ультрадыбыс



Микроклимат



Жалпы вибрация



Жергілікті вибрация



Электростатикалық өріс



Тұрақты магнит өрісі



Өнеркәсіптік жиіліліктің электр өрістері (50 герц).



Өнеркәсіптік жиіліліктің магнит өрістері (50 герц).



Бейнедисплей терминалы мен дербес компьютермен құрылатын электромагниттік өріс



Радиожиілікті диапазонның электромагниттік сәулеленулері



Лазерлік сәулелену



Ультракүлгін сәулелену



      * - рұқсат етілген шекті деңгей және концентрация нормалардан асатын факторлар бойынша толтырылады

      Ұйым әкімшілігінің өкілі _______________ ___________________________________________

                              қолы                   тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ұйымның еңбек ұжымының

      (кәсіподақ комитетінің) өкілі _____________ _________________________________________

                              қолы                   тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
10-қосымша
  нысан
  Бекітемін:
____________________________
ұйымның басшысы     
__________ _________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
20___ жылғы____ ________

Жарақат қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін жұмыс орындары бойынша есеп

Жұмыс орнының коды

Лауазымның, кәсіптің атауы

Цех,
учаске

Жұмыс орындарының саны

Жарақат қауіпсіздігі көзі

Сәйкес келмеу себебі








      Ұйым әкімшілігінің өкілі _______________ ___________________________________________

                        қолы                         тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ұйымның еңбек ұжымының

      (кәсіподақ комитетінің) өкілі _____________ _________________________________________

                              қолы                   тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
11-қосымша
  нысан
  Бекітемін:
____________________________
ұйымның басшысы     
__________ _________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
20___ жылғы____ ________

Арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеген жұмыс орындары бойынша есеп

Жұмыс орнының коды

Лауазымның, кәсіптің атауы

Цех, учаске

Жұмыс орындарының саны

Жеке қорғаныш құралдарының атауы

Қамтамасыз етілмеу себебі







      Ұйым әкімшілігінің өкілі _______________ ___________________________________________

                        қолы                        тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ұйымның еңбек ұжымының

      (кәсіподақ комитетінің) өкілі _____________ _________________________________________

                              қолы                   тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Өндірістік объектілерді еңбек
жағдайлары бойынша міндетті
мерзімдік аттестаттау
қағидаларына
12-қосымша
  нысан

Өндірістік бақылау нәтижелері туралы есеп

      Объектінің атауы_________________________________________________________________

      Объектінің қызмет саласы__________________________________________________________

      ___________________________________________ (жартыжылдық, жыл ішіндегі) есепті кезең

Р/с

Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын адам туралы мәліметтер, оның ішінде

Өндірістік бақылау нәтижелері


Объектінің өндірістік зертханасы базасында

Зертхананы (сынақ орталығын) тарта отырып

Жұмыс орнының, жабдықтың атауы

Барлығы зерттелді (сыртқы орта объектілерін санамалау, ауа және басқалары)

Сәйкессіздіктер анықталды (сәйкессіздік анықталған қауіпсіздік көрсеткіштерін санамалау - уытты заттар және басқалары)

Жою бойынша қабылданған шаралар және жүргізілген іс-шаралар








      Ұйым әкімшілігінің өкілі _______________ ___________________________________________

                              қолы                   тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ұйымның еңбек ұжымының

      (кәсіподақ комитетінің) өкілі _____________ _________________________________________

                              қолы                   тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)