Акциздік бекетінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 652 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12700 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабының 6-тармағы 4) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 14.04.2017 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      1. Қоса беріліліп отырған Акциздік постың қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңмен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2015 жылғы 19 қаңтардағы "Акциздік постылардың қызметін ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы" № 30 бұйрығының (Әділет ақпараттық–құқықтық жүйесінде № 9777 жарық көрген № 10281 мемлекеттік тізілімде тіркелген құқықтық нормативтік акті) күші жойылсын деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасы Д.Ерғожинға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б.Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 652 бұйрығымен
бекітілген

Акциздік бекеттердің қызметін ұйымдастыру қағидалары 1 Тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Акциздік бекеттердің қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және акциздік бекеттердің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Акциздік бекеттердің өндіру мекенжайы бойынша салық төлеушілердің аумағында немесе лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша:

      1) этил спиртін;

      2) алкоголь өнімін (сыра және сыра сусындарын қоспағанда);

      3) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын (бұдан әрі - мұнай өнімдері) тікелей өндіруді жүзеге асыру орындарында орнатылады;

      4) темекі бұйымдарын.

2 Тарау. Акциздік бекеттердің қызметін ұйымдастыру тәртібі

      3. Акциздік бекеттердің қызметін басқару және үйлестіру акцизделінетін тауардарды өндіруді жүзеге асыру орындары бойынша облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер органдарының басшылары жүзеге асырады.

      4. Акциздік бекеттердің орналасу орындары мен қызметкерлердің құрамын ұйымдастыру мемлекеттік кірістер органы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      5. Акциздік бекеттердің жауапты қызметкерлерінің кезекшілік кестелеріне аумақтық Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері (бұдан әрі – лауазымды қызметкерлер), сонымен қатар, қажеттілік болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) қызметкерлері де енгізіледі.

      6. Акциздік бекеттерге кіріп шығу өндірушінің жұмыс регламентіне сәйкес және кезекшілік кестелерге сәйкес кезекшілік кестеге енгізілген лауазымды тұлға жүзеге асырады.

      Лауазымды қызметкердің акциздік бекеттерде тұру уақыты осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті уақытына қарай айқындалады.

      Акциздік бекеттерде тұру нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес алкоголь өнімдерін және этил спиртін өндірушінің немесе мұнай өнімдерін өндірушінің акциздік бекеттеріне бару акті нысаны бойынша акциздік бекеттерге кіріп шығу актісі жасалады.

      7. Акциздік бекеттерде тұрған лауазымды тұлға:

      1) "Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 126 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13607 болып тіркелген) және "Шарап материалы, сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 498 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12219 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес есептеуші бақылау аспаптарының жұмысын;

      2) этил спирті, алкоголь өнімі және мұнай өнімдерінің өндірісі, ауыстырылу және өткізу көлемдері туралы деректерді есептеуші бақылау аспаптары (бұдан әрі - ЕБА) арқылы Комитетке беруді;

      3) бір жолғы индикаторлық бақылау пломбаларының (бұдан әрі - пломба):

      есептеуші бақылау аспаптарына:

      пломба қойылған жерлерде (әр айдың 1 және 15 күндері):

      ректификациялық бағаналардан ЕБА-на дейін (этил спиртін өндірушілер үшін);

      дайын өнімнің ыдысынан шығуынан ЕБА-на дейін (алкоголь өнімін өндірушілер үшін) бүлінбеуін;

      4) өндірушілердің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен таңбалауды жүзеге асыруды сақтауын тіркейді.

      8. Лауазымды тұлға акциздік бекеттерде тұрған кезде:

      1) жөндеу жұмыстары, құрал-жабдықтарды ауыстыру жүзеге асырылып жатырған, лицензияның қолдану мерзімі тоқтатылған жағдайда:

      - этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру бойынша желілілерді;

      - акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін сақтауға арналған үй-жай қоймаларын (лицензияның қолдану мерзімі тоқтатылған жағдайда);

      - спирт сақталатын қоймадан алкоголь өнімін өндіруге этил спиртін беру крандарын (бұрандаларын);

      - алкоголь өнімдерін өндірушінің араластыру цехындағы кіргізу және шығару құбыр желілерін;

      - мұнай өнімдерін араластыруды жүзеге асыратын ұйымдардағы кіргізу және (немесе) шығару құбыр желілерінің крандарын (бұрандаларын);

      - бензинді, дизель отынын босату (өткізу) крандарына пломба салады.

      2) пломбаның үзілген немесе бүлінген жағдайда (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындауын қоспағанда):

      - үзілген немесе бүлінген жерін тіркейді (суреті, бейнетүсірілімі);

      - осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетілген іс-әрекетті жүргізеді;

      - өндірушінің этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру, сақтау және өткізу үшін пайдаланатын әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайын және құрал-жабдықтарын тексереді;

      - арнайы тексеру құралдары арқылы алкоголь өнімдерінің есепке алу бақылау таңбаларының (шығарылған өнімінің әрбір түрінен 100 шөлмектен кем емес) шынайылығын ішінара тексеру жүргізеді;

      - салық төлеушінің аумағынан шығатын жүк көлік құралдарын қарап тексереді;

      - акцизделетін тауарлардың сақтау және өткізу үшін пайдаланатын өндірістік үй-жайлардағы, қоймалардағы дайын өнімдердің қалдығын алады, олар туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің қалдықтарын шығаруды нысан бойынша акті толтырады.

      3) ЕБА-ның жұмысына санкциясыз араласқан және (немесе) техникалық көру жабдығымен сәйкестендіруге жатпайтын есепке алу-бақылау таңбаларын анықтаған жағдайда;

      осы Қағидалардың 8-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген іс-әрекеттерді жүргізеді.

      Осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды тиісті актіні толтырады, толтырылған сәттен бастап бір жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей акцизделетін тауарларды өндіруді жүзеге асыратын жері бойынша мемлекеттік кірістер органының және Комитеттің назарына жеткізіледі.

      Лауазымды тұлға қажеттілігіне қарай, осы Қағидалардың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген іс-шараларды жүргізу үшін, акциздік бекеттердің кестесіне қосумен, Жанама салықтарды әкімшілендіру, ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерін, экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерін тарту туралы өтініш береді.

      9. Бір жолғы индикаторлық бақылау пломбаларын қою және алуды лауазымды тұлға жүзеге асырады, ол туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пломбаларды қою және/немесе алу актісі жасалады.

      10. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде аталған пломбаларды өндірушінің өкілі шешеді.

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай фактілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту және тоқтату саласындағы уәкілетті орган растайды.

      11. Лауазымды тұлға акциздік бекетінде болған кезден кейінгі жұмыс күні осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акциздік пост бойынша (шарап материалдарынан басқа) этил спирті және (немесе) алкоголь өнімдерін өндіру мен өткізу көлемдері бойынша есепті, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынын өткізу (жөнелту) көлемдері туралы есепті, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемдері туралы есепті ақпараттық жүйе арқылы Комитетке беруді қамтамасыз етеді.

      12. Лауазымды тұлға акциздік бекетте болғаннан кейін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акцизделінетін тауарлардың өндірісі мен өткізуін есепке алу журналын толтырады.

      Есепке алу журналы нөмірленеді, тігіледі және тиісті мемлекеттік кірістер органының басшысының қолы қойылып, мөрі басылады.

3 Тарау. Қорытынды ережелер

      13. Акциздік бекеттердің қызметін бақылау ЕБА-ның, акциздік бекетінде болу актісі, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі мәліметтерді көрсету арқылы деректерін талдау арқылы жүзеге асырылады.

  Акциздік бекеттердің
қызметін ұйымдастыру
Қағидаларына
1-қосымша

Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндірушінің акциздік бекетінде болу актісі

Күні

Бастапқы келу уақыты

ЕБА-ның зауыттық нөмірі

ЕБА-ның жұмыс істеуі

Этил спиртінің өндірісі бойынша ЕБА көрсеткіші (дал)

Алкоголь өнімінің өндірісі бойынша ЕБА көрсеткіші

Пломба қойылған орын

Қойылған плом балар саны

Бір жолғы бақы лау пломба сының нөмірі

Пломба ның бар болуы

Дайын өнімдегі есепке алу бақылау таңбасының бар болуы

Болу уақытының аяқ талуы

Т.А.Ә. (Лауазымды тұлға болса)

Лауазымды тұлғаның қолы

Иә

Жоқ

Сулы

Сусыз

Желінің №

Алкоголь өнімінің түрі

Көлемі V (литр)

Шөлмекте

Иә

Жоқ

Бар

Жоқ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

Мұнай өнімдерін өндірушінің акциздік бекетінде болу актісі

Күні

Бастапқы келу уақыты

ЕБА-ның зауыттық нөмірі

ЕБА -ның жұмыс істеуі

Бензинді (авиациялықтан басқа) және дизель отынының өндірісі мен айналымы бойынша БЕҚ мәліметі

Пломба қойылған орын

Қойылған пломба лар саны

Бір жолғы бақылау пломбасының нөмірі

Пломбаның бар болуы

Болу уақытының аяқталуы

Т.А.Ә. (Лауазымды тұлға болса)

Лауазымды тұлғаның қолы

Иә

Жоқ

ЕБА (шығын өлшегіштер, деңгей өлшегіштер)

Мұнай өнімінің түрі

Тон на

Иә

Жоқ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17


  Акциздік бекеттердің
қызметін ұйымдастыру
Қағидаларына
2-қосымша

Акцизделінетін тауарлардың жекелеген түрлерінің қалдығын алу актісі

      Мен (бізбен)_____________________________________________________________________

            (Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің (лерінің) лауазымы, болған жағдайда)

      _____________________________________________________________________ қатысуымен

      (салық төлеушінің атауы (БСН), салық төлеушінің өкілінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) (ЖСН)

      қалдығын алу жүргізілді.

Акцизделінетін тауарлардың түрі

Кезеңі (күні, уақыты)

Саны (дал, мың дана, тонна)

Ескерту (алкоголь өнімі үшін- дал, темекі өнімдері үшін – мың дана, бензин және дизель отыны үшін – тонна)

Басталды

Аяқталды

1

2

3

4

5

6

1

Спирт





2

Алкоголь өнімі (сыра және сыра сусынынан басқа), оның ішінде алкоголь өнімдерінің түрлері бойынша





3

Бензин (авиациалықтан басқа (оның ішінде түрлері бойынша)





4

Дизель отыны





5

Темекі өнімдері, оның ішінде темекі өнімдерінің түрлері бойынша





      Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің

      Т.А.Ә. (болған жағдайда) ________________________________________ _________________

                                                                         (қолы)

      Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің

      Т.А.Ә. (болған жағдайда) ________________________________________ _________________

                                                                         (қолы)

      Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің

      Т.А.Ә. (болған жағдайда) ________________________________________ _________________

                                                                         (қолы)

      Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің

      Т.А.Ә. (болған жағдайда) ________________________________________ _________________

                                                                         (қолы)

 
  Акциздік бекеттердің
қызметін ұйымдастыру
Қағидаларына
3-қосымша

Пломбаларды қою және/немесе алу актісі

      _______________________                                     ________________________

       (жасалған күні, уақыты)                                           (жасалған орны)

      Мен (бізбен)_____________________________________________________________________

             (Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің (лерінің) Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      _____________________________________________________________________ қатысуымен

       (салық төлеушінің атауы (БСН), салық төлеушінің өкілінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) (ЖСН)

      _________________________________________            _____________________________

                  (пломба қойылған орны)

      ________________________________________________________________________________

             (қойылан бір жолғы бақылау пломбасының нөмірі және пломбаның саны)

      пломба қойылды немесе алынды.

      Пломбаның сақталуына салық төлеуші жауапты болады.

      Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің Т.А.Ә.

      (болған жағдайда) _________________________________________________ ______________

                                                                              (қолы)

      Мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің Т.А.Ә.

      (болған жағдайда) _________________________________________________ ______________

                                                                              (қолы)

      Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің Т.А.Ә.

      (болған жағдайда) _________________________________________________ ______________

                                                                              (қолы)

      Кәсіпорынның уәкілетті өкілінің Т.А.Ә.

      (болған жағдайда) _________________________________________________ ______________

                                                                          (қолы)
  Акциздік бекеттердің қызметін
ұйымдастыру
Қағидаларына
4-қосымша
  Әкімшілік деректер жинауға
арналған нысаны

Акциздік бекет бойынша этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (шарап өнімінен басқа) өндірісі мен өткізу көлемі бойынша есебі

      20 __жылғы _______ жағдай бойынша

      Индекс: 1-АОӨЕ

      Кезеңділігі: күн сайын

      Ұсынады: Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістердің аумақтық органдары

      Қайда ұсынылады: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістердің комитеті

      Ұсыну мерзімі: акциздік бекетте болғаннан кейін келесі жұмыс күні

р/с №

Өндіруші мекеменің БСН-і

Өндіруші мекеменің атауы

Күннің басындағы өнім қалдығы

Есепті кезеңде өндірілген этил спирті мен алкоголь өнімі

Спиртті есептеуші бақылау аспабының көрсеткіші

Алкоголь өнімін есептеуші бақылау аспабының көрсеткіші

Түрі

Өнімнің атауы

Шөлмекте (дана) (алкоголь өнімі мен құйылған шөлмек үшін)

Шөлмектің сыйымдылығы (алкоголь өнімі мен құйылған шөлмек үшін)

Даллда

Спирт көлемін өлшейтін аппараттың нөмірі

Сулы

Сусыз

Құю желісінің нөмірі

Күннің басына

Күннің соңына

V
(литр)

Шөлмек

ЕБМ-ң техникалық көру құралымен тексерілгені

V-(литр)

Шөлмек

ЕБМ-ң техникалық көру құралымен тексерілгені

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19


Басқа жақтан келген немесе бұрын өткізілген өнімді кері қайтару

Есептік кезеңде заңды және жеке тұлғаларға жөнелтілген этил спирті мен алкоголь өнімі

Күннің соңындағы өнімнің қалдығы

Өнімнің кіріс түрі (басқа жақтан келген немесе кері қайтарылған)

Түрлері бойынша

Шөлмектің сыйымдылығы (шөлмекке құйылған алкоголь өнімі үшін)

Даллда

Жеткізушінің ЖСН/БСН-і

Жеткізуші заңды және жеке тұлғаның атауы

Түрі

Шөлмек данада (шөлмекке құйылған алкоголь өнімі үшін)

Шөлмектің сыйымдылығы (шөлмекке құйылған алкоголь өнімі үшін)

Даллда

Алушының ЖСН/БСН-і

Алушы заңды және жеке тұлғаның атауы

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

      Орындаушы: ___________________________________________________________

      Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда) байланыс телефон

      Нысанды толтыру бойынша түсініктемесі осы нысандағы қосымшаға келтірілді

  Әкімшілік деректер жинауға
арналған нысанға қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме Акциздік бекет бойынша этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (шарап өнімінен басқа) өндірісі мен өткізу көлемі бойынша есебі 1. Жалпы ережелер

      1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған Нысан "Акциздік бекет бойынша этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (шарап өнімінен басқа) өндірісі мен өткізу көлемі бойынша есебі" (бұдан әрі – Нысан) осы бұйрықпен бекітілген акциздік бекет қызметін ұйымдастыру Ережелерінің 11-тармағына сәйкес әзірленген.

      Нысанды енгізудің негізгі мақсаты этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (шарап өнімінен басқа) өндірісі мен өткізу көлемі бойынша деректерді алу.

      2. Акциздік бекетте болғаннан кейінгі келесі жұмыс күні мемлекеттік кірістер аумақтық органдарының жұмыскерлерімен Нысан толтырылады, ақпараттық жүйе арқылы Нысанды Комитетке береді.

      3. Этил спирті және (немесе) алкоголь өнімінің (шарап өнімінен басқа) өндіруші кәсіпорындарымен ұсынылған деректер негізінде Нысан толтырылады және ұсынылады.

2. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      4. Нысандағы 1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.

      5. Нысандағы 2-бағанда өндіруші мекеменің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      6. Нысандағы 3-бағанда өндіруші мекеменің толық атауы көрсетіледі.

      7. Нысандағы 4-бағанда күннің басындағы өнім қалдығы көрсетіледі.

      8. Нысандағы 5-бағанда түрі көрсетіледі Есепті кезеңде өндірілген этил спирті мен алкоголь өнімі.

      9. Нысандағы 6-бағанда өнімнің атауы есепті кезеңде өндірілген өнім.

      10. Нысандағы 7-бағанда шөлмекте (дана) (алкоголь өнімі мен құйылған шөлмек үшін), есепті кезеңде өндірілгені (алкоголь өнімі мен құйылған шөлмек үшін) көрсетіледі.

      11. Нысандағы 8-бағанда шөлмектің сыйымдылығы (алкоголь өнімі мен құйылған шөлмек үшін), есепті кезеңде өндірілгені (алкоголь өнімі мен құйылған шөлмек үшін) көрсетіледі.

      13. Нысандағы 9-бағанда есепті кезеңде өндірілген өнім даллда көрсетіледі.

      14. Нысандағы 10-бағанда спирт көлемін өлшейтін аппараттың нөмірі көрсетіледі.

      15. Нысандағы 11-бағанда спиртті есептеуші бақылау аспабының көрсеткіші - "сулы" көрсетіледі.

      16. Нысандағы 12-бағанда спиртті есептеуші бақылау аспабының көрсеткіші - "сусыз" көрсетіледі.

      17. Нысандағы 13-бағанда құю желісінің нөмірі көрсетіледі.

      18. Нысандағы 14-бағанда алкоголь өнімін есептеуші бақылау аспабының көрсеткіші V (литр) күннің басына көрсетіледі.

      19. Нысандағы 15-бағанда алкоголь өнімін есептеуші бақылау аспабының көрсеткіші шөлмек күннің басына көрсетіледі.

      20. Нысандағы 16-бағанда алкоголь өнімін есептеуші бақылау аспабының көрсеткіші ЕБМ-ң техникалық көру құралымен тексерілгені күннің басына көрсетіледі.

      21. Нысандағы 17-бағанда алкоголь өнімін есептеуші бақылау аспабының көрсеткіші V (литр) күннің соңына көрсетіледі.

      22. Нысандағы 18-бағанда алкоголь өнімін есептеуші бақылау аспабының көрсеткіші шөлмек күннің соңына көрсетіледі.

      23. Нысандағы 19-бағанда алкоголь өнімін есептеуші бақылау аспабының көрсеткіші ЕБМ-ң техникалық көру құралымен тексерілгені күннің соңына көрсетіледі.

      24. Нысандағы 20-бағанда өнімнің кіріс түрі (басқа жақтан келген немесе кері қайтарылған) көрсетіледі.

      25. Нысандағы 21-бағанда басқа жақтан келген немесе кері қайтарылған түрлері бойынша көрсетіледі.

      26. Нысандағы 22-бағанда басқа жақтан келген немесе кері қайтарылған шөлмектің сыйымдылығы (шөлмекке құйылған алкоголь өнімі үшін) көрсетіледі.

      27. Нысандағы 23-бағанда басқа жақтан келген немесе кері қайтарылған даллда көрсетіледі.

      28. Нысандағы 24-бағанда жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      29. Нысандағы 25-бағанда жеткізуші заңды және жеке тұлғаның атауы көрсетіледі.

      30. Нысандағы 26-бағанда есептік кезеңде заңды және жеке тұлғаларға жөнелтілген этил спирті мен алкоголь өнімі түрлері бойынша көрсетіледі.

      31. Нысандағы 27-бағанда шөлмек данада (шөлмекке құйылған алкоголь өнімі үшін), есептік кезеңде заңды және жеке тұлғаларға жөнелтілген этил спирті мен алкоголь өнімі көрсетіледі.

      32. Нысандағы 28-бағандашөлмектің сыйымдылығы (шөлмекке құйылған алкоголь өнімі үшін), есептік кезеңде заңды және жеке тұлғаларға жөнелтілген этил спирті мен алкоголь өнімі көрсетіледі.

      33. Нысандағы 29-бағанда есептік кезеңде заңды және жеке тұлғаларға жөнелтілген этил спирті мен алкоголь өнімі даллда көрсетіледі.

      34. Нысандағы 30-бағанда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      35. Нысандағы 31-бағанда алушы заңды және жеке тұлғаның атауы көрсетіледі.

      36. Нысандағы 32-бағанда күннің соңындағы өнімнің қалдығы көрсетіледі.

  Акциздік бекеттердің
қызметін ұйымдастыру
Қағидаларына
5-қосымша
  Әкімшілік деректер жинауға
арналған нысан

Бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынын өткізу (жөнелту) көлемі туралы есебі

      20 __жылғы _______ жағдай бойынша

      Индекс: 2-МӨӨЕ

      Кезеңділігі: күн сайын

      Ұсынады: Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістердің аумақтық органдары

      Қайда ұсынылады: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістердің комитеті

      Ұсыну мерзімі: акциздік бекетте болғаннан кейін келесі жұмыс күні

Өндірушінің БСН-і

Өндіруші кәсіп орынның атауы

Мұнай өнімінің түрі

Дсн-код та ры

Жөнелтілгені, (тоннада)

Операция коды

Ілеспе жүкқұжатының күні

Ілеспе жүкқұжатының нөмірі

Алушының БСН-і

Алушы кәсіпорынның атауы

Мұнай өнімін жеткізу мекен
жайы

Жөнелту түрі (темір жол, автокөлік, құбыр желісі арқылы)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

      Орындаушы:

      ___________________________________________________________

      Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда) байланыс телефон

      Нысанды толтыру бойынша түсініктемесі осы нысандағы қосымшаға келтірілді

  Әкімшілік деректер жинауға
арналған нысанға қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме Бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынын өткізу (жөнелту) көлемі туралы есебі 1. Жалпы ережелер

      1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған Нысан "Бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынын өткізу (жөнелту) көлемі туралы есебі" (бұдан әрі – Нысан) осы бұйрықпен бекітілген акциздік бекет қызметін ұйымдастыру Ережелерінің 11-тармағына сәйкес әзірленген.

      Нысанды енгізудің негізгі мақсаты Бензинді (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынын өткізу (жөнелту) көлемі туралы бойынша деректерді алу.

      2. Акциздік бекетте болғаннан кейінгі келесі жұмыс күні мемлекеттік кірістер аумақтық органдарының жұмыскерлерімен Нысан толтырылады, ақпараттық жүйе арқылы Нысанды Комитетке береді.

      3. Мұнай өндіруші кәсіпорындарымен ұсынылған деректер негізінде Нысан толтырылады және ұсынылады.

2. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      4. Нысандағы 1-бағанда нөмір ретімен көрсетіледі

      5. Нысандағы 2-бағанда өндірушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      6. Нысандағы 3-бағанда өндіруші кәсіпорынның атауы көрсетіледі.

      7. Нысандағы 4-бағанда мұнай өнімінің түрі көрсетіледі.

      8. Нысандағы 5-бағанда Дсн-кодтары көрсетіледі.

      9. Нысандағы 6-бағанда жөнелтілетін мұнай өнімінің саны (тоннада) көрсетіледі

      10. Нысандағы 7-бағанда операцияның коды көрсетіледі.

      11. Нысандағы 8-бағанда ілеспе жүкқұжаттың күні көрсетіледі.

      12. Нысандағы 9-бағанда ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.

      13. Нысандағы 10-бағанда алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      14. Нысандағы 11-бағанда алушы кәсіпорынның атауы көрсетіледі.

      15. Нысандағы 12-бағанда мұнай өнімін жеткізу мекен-жайы көрсетіледі.

      17.Нысандағы 13-бағанда жөнелту түрі (теміржол, автокөлік, құбыржелісі арқылы) көрсетіледі.

  Акциздік бекеттердің
қызметін ұйымдастыру
Қағидаларына
6-қосымша
  Әкімшілік деректер жинауға
арналған нысан

Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемдері туралы есебі

      20 __жылғы _______ жағдай бойынша

      Индекс: 3-АОӨЕ

      Кезеңділігі: күн сайын

      Ұсынады: Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістердің аумақтық органдары

      Қайда ұсынылады: ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістердің комитеті

      Ұсыну мерзімі: акциздік бекетте болғаннан кейін келесі жұмыс күні

                                                                              мың дана

р/с

Өндірісі

Импорт

Темекі өнімдерін өткізу

Барлығы

Отандық өндіріс

Импорт өндірісі

Экспортқа

1

2

3

4

5

6

7





























      Орындаушы:

      ___________________________________________________________

      Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда) байланыс телефон

      Нысанды толтыру бойынша түсініктемесі осы нысандағы қосымшаға келтірілді

  Әкімшілік деректер жинауға
арналған нысанға қосымша

Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемдері туралы есебі 1. Жалпы ережелер

      1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған Нысан "Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемдері туралы есебі" (бұдан әрі – Нысан) осы бұйрықпен бекітілген акциздік бекет қызметін ұйымдастыру Ережелерінің 11-тармағына сәйкес әзірленген.

      Нысанды енгізудің негізгі мақсаты темекі өнімдерін өндіру, өткізу (оның ішінде экспорт) және импортының көлемдері туралы бойынша деректерді алу.

      2. Акциздік бекетте болғаннан кейінгі келесі жұмыс күні мемлекеттік кірістер аумақтық органдарының жұмыскерлерімен Нысан толтырылады, ақпараттық жүйе арқылы Нысанды Комитетке береді.

      3. Темекі өнімдерін өндіретін кәсіпорындарымен ұсынылған деректер негізінде Нысан толтырылады және ұсынылады.

2. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.

      5. Нысанның 2-бағанында өндірілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.

      6. Нысанның 3-бағанында импортталатын темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.

      7. Нысанның 4-бағанында сатып жіберілген темекі өнімдерінің жалпы саны мың данада көрсетіледі.

      8. Нысанның 5-бағанында сатып жіберілген отандық өндірілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.

      9. Нысанның 6-бағанында сатып жіберілген импорттық өндірілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.

      10. Нысанның 7-бағанында экспортқа сатып жіберілген темекі өнімдерінің саны мың данада көрсетіледі.

  Акциздік бекеттердің
қызметін ұйымдастыру
Қағидаларына
7-қосымша

Акцизделінетін өнімдердің өндірісі мен өткізуін есепке алу журналы

Күні

Салық төлеушінің атауы

Салық төлеушінің БСН-і

Акцизделінетін өнімдердің өндірісі және өткізуі (этил спирті мен алкоголь өнімі үшін - далл, темекі өнімі үшін – 1000 дана, бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны үшін – тонна)

Акцизделінетін өнімді өндірушінің жауапты тұлғасының Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландырантын құжатта көрсетілсе) және қолы

Мемлекеттік кірістер органыныңлауазымды қызметкерлерінің Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландырантын құжатта көрсетілсе) және қолы

Күннің басындағы қалдық

Бір күнде өндірілгені

Өндіріске жіберілгені

Өндірістік шығындар

Бір күнде өткізілгені

Күн соңындағы қалдық

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11