Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 796 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12699 болып тіркелді.

Жаңартылған

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабы 3-тармағына, 143-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау саласының тексеру парағы бекітілсін.

      2. "Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 740 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 538 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12064 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 қазандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев):

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялануға оның көшірмесін баспа және электронды түрінде жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
_______________ Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитетінің төрағасы

      _____________________ С. Айтпаева

      2015 жылғы 28 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1222 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 796 бірлескен бұйрығымен бекітілді

Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органымен жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша жатқызу үшін 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабы 3-тармағы, 143-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексерілетін субъектілер – (бұдан әрі – тексерілетін субъектілер) пайдалы қазбаларды, оның ішінде жерасты сулары мен емдік балшықтарды барлау және (немесе) өндіру бойынша, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен (жер қойнауын пайдаланушылар) байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілер;

      2) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел – жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы субъектілер қызметінің нәтижесінде, олардың салдарларының ауырлығын ескере отырып, жер қойнауының жағдайына, минералдық - шикізат қорына зиян келтіруінің ықтималдығы;

      3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жекелеген тексерілетін субъектіге тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттары) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      5) маңызды бұзушылықтар – жер қойнауынан шығарылатын және өтелген пайдалы қазбалар қорын және өндіру кезіндегі олардың шығынын есепке алудың дұрыстығы, кен орнын ұтымды және кешенді игеруді қамтамасыз ету бөлігінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптардың бұзылуы, бақылау субъектілеріне 1 және одан артық расталған шағымның болуы;

      6) өрескел бұзушылықтар – қорларды қазып алудың толымдылығы, жер қойнауының бай учаскелерін таңдау, өндіруге арналған жобалау құжаттарында көзделген көрсеткіштер мен шешімдерді орындау, келісімшарттық аумақтан тыс жерлерде жұмыстарды жүргізу, есептілікті ұсыну, жобалау құжаттарында көзделген жерасты суларын өндіру көлемдерін арттыру бөлігінде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 916 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.03.2018 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      3. Бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежесі бойынша жатқызу объективті өлшемшарттар және субъективті өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.

2. Объективті өлшемшарттар

      4. Объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау және олардың жоғары тәуекел тобына жатқызу немесе жоғары тәуекел тобына жатқызылмауы, оның салдарының ауырлық дәрежесін есепке ала отырып бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтірудің ең көп ықтималдық көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.

      Бақылау субъектілері объективті өлшемшарттар бойынша мынадай тәуекелдер дәрежелеріне бөлінеді:

      1) жоғары тәуекел дәрежесіне:

      көмірсутек шикізатын, қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын;

      2) жоғары тәуекел дәрежелеріне жатқызылмағанға:

      көмірсутек шикізатын, қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын барлау бойынша қызметті жүзеге асыратын.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 916 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.03.2018 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      5. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты ішінара тексерулер, жоспардан тыс тексеру және өзге де бақылау нысандары жүргізіледі.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексеру және өзге де бақылау нысандары жүргізіледі.

3. Субъективті өлшемшарттар

      6. Субъективті өлшемшарттарда айқындау:

      1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

      7. Дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.

      Ақпаратты талдау және субъективті өлшемшарттарда бағалау ең көп әлеуетті тәуекелді бақылау субъектісіне қатысты тексерулерді шоғырландырады. Бұл ретте, талдау мен бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті критерийлердің деректері қолданылмайды.

      Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері қолданылады:

      1) тексерілетін субъект ұсынатын, мемлекеттік органдар жүргізетін есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;

      2) бақылау субъектілерінің тексерулер нәтижелері. Бұл ретте тексеру парақшасында көрсетілген бұзушылық ауырлығының (өрескел, елеулі, елеусіз) дәрежесі Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманың талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;

      3) мемлекеттік органдардан, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардан келіп түскен расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.

      8. Өлшемшарттардың 7-тармағында көрсетілген ақпарат көздері негізінде осы Өлшемшарттардың қосымшасына сәйкес өрескел, елеулі, бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес, жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында тәуекел дәрежесінің субъективті өлшемшарттары айқындалды.

      9. Бір өрескел бұзушылық анықталған кезінде тексеріліп отырған субъектіге 100 деген тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты ішінара тексеріс жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін, маңызды және маңызды емес дәрежедегі бұзушылықтар бойынша сомалық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі дәреженің бұзушылықтар көрсеткіштерін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:


– елеулі дәреженің бұзушылықтар көрсеткіші;

– елеулі дәреже бұзылған талаптарының (индикаторларының) саны;

– тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге (талдауға) ұсынған елеулі дәреже индикаторларының жалпы саны.

      Елеусіз дәреженің бұзушылықтар көрсеткіштерін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:


– елеусіз дәреженің бұзушылық көрсеткіші;

– елеусіз дәреженің бұзылған талаптарының (индикаторларының) саны;

– тексеруге (талдау) ұсынған тексерілетін субъектіге (объектіге) елеусіз дәреже индикаторларының жалпы саны.

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (

Р) 0 ден 100 дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша жиынтықтау жолымен анықталады:


      мұндағы:


– тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

– елеулі дәреженің бұзушылық көрсеткіші;

– елеусіз дәреженің бұзу көрсеткіші;

      10. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъекті:

      1) жоғарғы тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 60-тан 100-ге дейінгі және оған қатысты ішінара тексеру, жоспардан тыс тексеру және бақылаудың өзге де түрлері жүргізілетін кезде;

      2) жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатпайтын – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейінгі және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейтін кезде жатады.

      11. Ішінара тексерулердің еселік жүргізілуі жылына бір рет.

      12. Ішінара тексерулер өткізілген талдау мен бағалау нәтижелері бойынша жарты жылды жасалатын, реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысымен бекітілген, ішінара тексерулер тізімінің негізінде жүргізіледі және тиісті жарты жылдық басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей, құқықтық статистика мен арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.

      13. Ішінара тексерулердің тізімі мыналарды:

      1) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі ең көп көрсеткішімен тексеру субъектілерінің басымдылығын;

      2) мемлекеттік органда тексеру жүргізетін лауазымды тұлғалардың жүктемесін есепке ала отырып, жасалады.

  Жер қойнауын зерттеу
және пайдалану саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына қосымша

Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективтік өлшемшарттары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 916 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.03.2018 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Р/с

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1

2

3

1. Мемлекеттік органдар жүргізетін, тексерілетін субъетілерге ұсынылатын есептілік мониторингісінің нәтижелері және мәліметтер

1

Жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары туралы есептерді жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақты бөлімшелеріне уақтылы ұсынбау немесе ұсынбауы

Елеулі

2

Лицензиялық/келісімшарттық талаптардың орындалуы туралы есепті уақтылы ұсынбау немесе ұсынбау

Елеулі

3

Жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептіліктің нысанын уақтылы ұсынбау немесе ұсынбау

Елеулі

2. Алдыңғы тексерулер нәтижелері (төменде тізбектелген талаптар сақталмаған кезде ауырлық дәрежесі белгіленеді)

Көмірсутек шикізатын, жерасты суларын, емдік балшықты, қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

4

Тау-кендік бөлу шегінде өндіруді жүргізу

Өрескел

5

Нақты жылдық өндіру көлемі жобадағы көрсеткіштен он пайыздан артық болмауына тиіс

Өрескел

6

Геологиялық-техникалық іс-шаралардың орындалуын есепке алу журналының болуы

Елеулі

7

Жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және кен орындарын игеруге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету талаптарын сақтау

Елеулі

8

Жобалау құжаттарында көзделген игерудің технологиялық көрсеткіштерін сақтау (оның ішінде су басу, газ факторы)

Өрескел

9

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерді беру тәртібін және мерзімдерін сақтау

Өрескел

10

Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы жобалау құжаттарында көзделген көрсеткіштерді және жобалау шешімдерін орындау

Өрескел

11

Бақылау ұңғымаларының режимдік желісінің болуы

Өрескел

12

Су жинау ұңғымаларында жерасты суларының (дебитін, деңгейін, температурасын және химиялық құрамын) мемлекеттік мониторингі талаптарын сақтау

Өрескел

13

Іздестіру жұмыстары жобасының, бағалау жұмыстары жобасының, тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын барлауға және өндіруге рұқсаттың, кен орнын өнеркәсіптік игеру жобасының болуы

Өрескел

14

Кен орнын игерудің мынадай жобалау шешімдерін сақтау:
келісімшарттық аумақ шеңберінде келісімшарттың қолданыс мезімі шегінде пайдалы қазбаны өндіру көлемімен және оның сапа көрсеткіштерімен тау-кендік жұмыстардың күнтізбелік кестесі;
қорларды өндіру кезектілігі тәртібі;
пайдалы қазбалар кен орындарын ашу тәсілдері мен игеру жүйелері;
Мына жобалау көрсеткіштерін сақтау:
аршу көлемдері;
өндіру көлемдері;
күрделі тау-кендік, тау-кен-даярлық, кесу, пайдалану-барлау және толтыру жұмыстарының көлемі;
аршылған, дайындалған және қазып алуға дайын пайдалы қазбалар қорлары нормативтері;
шығындар мен құнарсыздану нормативтері;
өндіру кезіндегі еңістік бұрыштары (игеру кезінде, айналыстан шыққан кезде)

Өрескел



15

Мыналардың:
пайдалы қазбалар қорларын, шығындары мен құнарсыздануын бастапқы және жиынтық есепке алу негізінде қорлардың жыл сайынғы есептік теңгерімінің;
шығындар мен құнарсыздануды есепке алудың;
геологиялық және маркшейдерлік құжаттаманың;
пайдалы қазбалар қорларының жай-күйі мен қозғалысын есепке алуды, шығындар және құнарсыздану көрсеткіштерінің нақты орындалуын және тау-кендік жұмыстардың жай-күйін көрсететін паспорттың;
барлық техногендік минералдық түзілімдерді, қалдықтар мен өңдеу өнімдерін (қалдық және шлам қоймалары, таусылған кен, жыныстар, қож үйінділері) есепке алудың және паспорттаудың болуы және оның жүргізілуі бойынша талаптардың болуы және оларды сақтау .

Елеулі

3. Жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және олардың саны

16

Белгіленген талаптарды бұза отырып жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізетін бақылау субъектілеріне 1 және одан да астам расталған шағымның болуы.

Өрескел

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1222 және Қазақстан
Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 796 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау саласының тексеру парағы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 916 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 07.03.2018 № 101 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      ____________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт

      ____________________________________________________________________

      (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің атауы

      ____________________________________________________________________

      Тексерілетін субъектінің жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ____________________________________________________________________

      Тұрған жерінің мекенжайы

      ____________________________________________________________________

Р/с

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1. Көмірсутек шикізатын өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

1

Тау-кендік бөлу шегінде өндіруді жүргізу





2

Нақты жылдық өндіру көлемі жобадағы көрсеткіштен он пайыздан артық болмауына тиіс





3

Геологиялық-техникалық іс-шаралардың орындалуын есепке алу журналының болуы





4

Жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және кен орындарын игеруге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету талаптарын сақтау





5

Жобалау құжаттарында көзделген игерудің технологиялық көрсеткіштерін сақтау (оның ішінде су басу, газ факторы)





6

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерді беру тәртібін және мерзімдерін сақтау





2. Көмірсутек шикізатын барлауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

7

Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы жобалау құжаттарында көзделген көрсеткіштерді және жобалау шешімдерін орындау





8

Геологиялық бөлу шегінде барлау жүргізу





9

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерді беру тәртібін және мерзімдерін сақтау





3. Жерасты сулары мен емдік балшықты барлауды және өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

10

Іздестіру жұмыстары жобасының, бағалау жұмыстары жобасының, тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын барлауға және өндіруге рұқсаттың, кен орнын өнеркәсіптік игеру жобасының болуы





11

Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы жобалау құжаттарында көзделген көрсеткіштерді және жобалау шешімдерін орындау





12

Бақылау ұңғымаларының режимдік желісінің болуы





13

Су жинау ұңғымаларында жерасты суларының (дебитін, деңгейін, температурасын және химиялық құрамын) мемлекеттік мониторингі талаптарын сақтау





4. Қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

14

Іздестіру немесе бағалау жұмыстарын жүргізу кезінде іздестіру жұмыстары жобасының, бағалау жұмыстары жобасының, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасының болуы





15

Геологиялық бөлу шегінде барлау жүргізу





16

Геологиялық барлау жұмыстарын жобалау құжаттарына сәйкес жүргізу





17

Зерттелетін жер қойнауын пайдалану объектісіне сәйкес барлау желісінің тығыздығын және барлаудың таңдап алынған техникалық құралдарын сақтау





18

Геологиялық құжаттаманың орындалуы (сынап көру жоспарларының, геологиялық карталардың және олардың бөліктерінің, кен денелерінің, аймақтардың геологиялық контурларын енгізу, тау-кен барлау қазбаларының суреттемесі)





5. Қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

19

Өндіру жұмыстарын жүргізген кезде кен орындарын өнеркәсіптік игеру, пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру жобасының болуы





20

Тау-кендік бөлу шегінде өндіру жүргізу





21

Кен орнын игерудің мынадай жобалау шешімдерін сақтау:
келісімшарттық аумақ шеңберінде келісімшарттың қолданыс мезімі шегінде пайдалы қазбаны өндіру көлемімен және оның сапа көрсеткіштерімен тау-кендік жұмыстардың күнтізбелік кестесі;
қорларды өндіру кезектілігі тәртібі;
пайдалы қазбалар кен орындарын ашу тәсілдері мен игеру жүйелері;
Мына жобалау көрсеткіштерін сақтау:
аршу көлемдері;
өндіру көлемдері;
күрделі тау-кендік, тау-кен-даярлық, кесу, пайдалану-барлау және толтыру жұмыстарының көлемі;
аршылған, дайындалған және қазып алуға дайын пайдалы қазбалар қорлары нормативтері;
шығындар мен құнарсыздану нормативтері;
өндіру кезіндегі еңістік бұрыштары (игеру кезінде, айналыстан шыққан кезде)





22

Мыналардың:
пайдалы қазбалар қорларын, шығындары мен құнарсыздануын бастапқы және жиынтық есепке алу негізінде қорлардың жыл сайынғы есептік теңгерімінің;
шығындар мен құнарсыздануды есепке алудың;
геологиялық және маркшейдерлік құжаттаманың;
пайдалы қазбалар қорларының жай-күйі мен қозғалысын есепке алуды, шығындар және құнарсыздану көрсеткіштерінің нақты орындалуын және тау-кендік жұмыстардың жай-күйін көрсететін паспорттың;
барлық техногендік минералдық түзілімдерді, қалдықтар мен өңдеу өнімдерін (қалдық және шлам қоймалары, таусылған кен, жыныстар, қож үйінділері) есепке алудың және паспорттаудың болуы және оның жүргізілуі бойынша талаптардың болуы және оларды сақтау .





      Лауазымды адам (дар)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Тексерілетін субъектінің басшысы

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы) (қолы)