Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 796 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12699 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабы 3-тармағына, 143-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау саласының тексеру парағы бекітілсін.
      2. «Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 740 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 538 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12064 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 қазандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев):
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялануға оның көшірмесін баспа және электронды түрінде жіберуді;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму           Ұлттық экономика министрі
      министрі                          _______________ Е. Досаев
      _______________ Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының Құқықтық
      статистика және арнайы есепке алу
      жөніндегі комитетінің төрағасы
      _____________________ С. Айтпаева
      2015 жылғы 28 желтоқсан

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы   
№ 1222 және           
Қазақстан Республикасы     
Ұлттық экономика министрінің  
2015 жылғы 26 желтоқсандағы   
№ 796 бірлескен бұйрығымен бекітілді

Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органымен жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша жатқызу үшін 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабы 3-тармағы, 143-бабы  1-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тексерілетін субъектілер – (бұдан әрі – тексерілетін субъектілер) пайдалы қазбаларды, оның ішінде жерасты сулары мен емдік балшықтарды барлау және (немесе) өндіру бойынша, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндірумен (жер қойнауын пайдаланушылар) байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілер;
      2) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел – жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы субъектілер қызметінің нәтижесінде, олардың салдарларының ауырлығын ескере отырып, жер қойнауының жағдайына, минералдық - шикізат қорына зиян келтіруінің ықтималдығы;
      3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жекелеген тексерілетін субъектіге тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттары) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      5) маңызды бұзушылықтар – жер қойнауынан шығарылатын және өтелген пайдалы қазбалар қорын және өндіру кезіндегі олардың шығынын есепке алудың дұрыстығы, кен орнын ұтымды және кешенді игеруді қамтамасыз ету бөлігінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптардың бұзылуы, бақылау субъектілеріне 1 және одан артық расталған шағымның болуы;
      6) өрескел бұзушылықтар – қорлардың толық алынуыбай, жер қойнауының бай учаскелерінің таңдалып игерілуі, өндіруге арналған жобалық құжаттарда көзделген көрсеткіштер мен шешімдердің орындалуы, келісімшарттық аумақтан тыс жұмыстардың жүргізілуі, жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы ұсынымдардың орындалуы, жерасты суларын өндіру, есепті ұсыну бөлігінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптардың бұзылуы.
      3. Бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежесі бойынша жатқызу объективті өлшемшарттар және субъективті өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады.

2. Объективті өлшемшарттар

      4. Объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау және олардың жоғары тәуекел тобына жатқызу немесе жоғары тәуекел тобына жатқызылмауы, оның салдарының ауырлық дәрежесін есепке ала отырып бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтірудің ең көп ықтималдық көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.
      Бақылау субъектілері объективті өлшемшарттар бойынша мынадай тәуекелдер дәрежелеріне бөлінеді:
      1) жоғары тәуекел дәрежесіне:
      көмірсутек шикізатын, қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын;
      2) жоғары тәуекел дәрежелеріне жатқызылмағанға:
      көмірсутек шикізатын, қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын барлау бойынша қызметті жүзеге асыратын;
      барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады.
      5. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты ішінара тексерулер, жоспардан тыс тексеру және өзге де бақылау нысандары жүргізіледі.
      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексеру және өзге де бақылау нысандары жүргізіледі.

3. Субъективті өлшемшарттар

      6. Субъективті өлшемшарттарда айқындау:
      1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;
      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
      7. Дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.
      Ақпаратты талдау және субъективті өлшемшарттарда бағалау ең көп әлеуетті тәуекелді бақылау субъектісіне қатысты тексерулерді шоғырландырады. Бұл ретте, талдау мен бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті критерийлердің деректері қолданылмайды.
      Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері қолданылады:
      1) тексерілетін субъект ұсынатын, мемлекеттік органдар жүргізетін есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;
      2) бақылау субъектілерінің тексерулер нәтижелері. Бұл ретте тексеру парақшасында көрсетілген бұзушылық ауырлығының (өрескел, елеулі, елеусіз) дәрежесі Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманың талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;
      3) мемлекеттік органдардан, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардан келіп түскен расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.
      8. Өлшемшарттардың 7-тармағында көрсетілген ақпарат көздері негізінде осы Өлшемшарттардың қосымшасына сәйкес өрескел, елеулі, бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес, жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында тәуекел дәрежесінің субъективті өлшемшарттары айқындалды.
      9. Бір өрескел бұзушылық анықталған кезінде тексеріліп отырған субъектіге 100 деген тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты ішінара тексеріс жүргізіледі.
      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін, маңызды және маңызды емес дәрежедегі бұзушылықтар бойынша сомалық көрсеткіш есептеледі.
      Елеулі дәреженің бұзушылықтар көрсеткіштерін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

                      

      мұндағы:
       – елеулі дәреженің бұзушылықтар көрсеткіші;
       – елеулі дәреже бұзылған талаптарының (индикаторларының) саны;
       – тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге (талдауға) ұсынған елеулі дәреже индикаторларының жалпы саны.
      Елеусіз дәреженің бұзушылықтар көрсеткіштерін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

                      

      мұндағы:
       – елеусіз дәреженің бұзушылық көрсеткіші;
       – елеусіз дәреженің бұзылған талаптарының (индикаторларының) саны;
       – тексеруге (талдау) ұсынған тексерілетін субъектіге (объектіге) елеусіз дәреже индикаторларының жалпы саны.
      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (Р) 0 ден 100 дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша жиынтықтау жолымен анықталады:

                      

      мұндағы:
       – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
       – елеулі дәреженің бұзушылық көрсеткіші;
       – елеусіз дәреженің бұзу көрсеткіші;
      10. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъекті:
      1) жоғарғы тәуекел дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 60-тан 100-ге дейінгі және оған қатысты ішінара тексеру, жоспардан тыс тексеру және бақылаудың өзге де түрлері жүргізілетін кезде;
      2) жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатпайтын – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейінгі және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейтін кезде жатады.
      11. Ішінара тексерулердің еселік жүргізілуі жылына бір рет.
      12. Ішінара тексерулер өткізілген талдау мен бағалау нәтижелері бойынша жарты жылды жасалатын, реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысымен бекітілген, ішінара тексерулер тізімінің негізінде жүргізіледі және тиісті жарты жылдық басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей, құқықтық статистика мен арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
      13. Ішінара тексерулердің тізімі мыналарды:
      1) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі ең көп көрсеткішімен тексеру субъектілерінің басымдылығын;
      2) мемлекеттік органда тексеру жүргізетін лауазымды тұлғалардың жүктемесін есепке ала отырып, жасалады.

Жер қойнауын зерттеу  
және пайдалану саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарна қосымша

    Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел
       дәрежесін бағалаудың субъективтік өлшемшарттары

р/с

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1

2

3

1. Мемлекеттік органдар жүргізетін, тексерілетін субъетілеріне ұсынатын мәліметтер және есептіліктің мониторинг нәтижелері

1

Аяқталған геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша есептерді жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне уақтылы ұсынбау немесе (жер қойнауы сараптасынан кейін 1 ай өткеннен соң) немесе ұсынбауы және алғашқы материалдарды өткізу

Өрескел

2

Лицензиялық/келісімшарт талаптарының орындалуы туралы есепті уақтылы ұсынбау немесе ұсынбау

Өрескел

3

Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу туралы есептің уақтылы ұсынылмауы немесе ұсынылмауы

Өрескел

4

Жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жер қойнауы жағдайы туралы геологиялық есептіліктің арнайы нысанын уақтылы ұсынылуы немесе ұсынылмауы

Өрескел

2. Өткен тексерулердің нәтижелері (төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде ауырлық дәрежесі белгіленеді)

2.1. Көмірсутегі шикізатын өндіру

5

Тау-кендік жер бөлігі шегінде өндіру жүргізу

Өрескел

6

Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсыныстарының орындалуы

Өрескел

7

Ұңғыма жұмысының жобалық режимдерін сақтау және әзірлеуге арналған жобалық құжаттарда көзделген пайдалану объектісін орындау шартында нақты жылдық өндірудің жобадағыдан кем дегенде он пайызға асуы

Өрескел

8

Кен орындары бойынша жұмыс агентін, суды, көмірсутекті шикізатты айдауды есепке алудың болуы

Елеулі

9

Жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және кен орындарын игеруге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету талаптарын сақтау

Елеулі

10

Сыртқа шығарылатын және жер қойнауында сөндірілген негізгі және онымен бірге шөккен пайдалы қазбалар қорларын және ілеспе компоненттерді дұрыс есепке алуды жүргізу

Елеулі

11

Қорларды ашуды, дайындауды және қазып алудың толымдылығын қамтамасыз ететін, жер қойнауының бай учаскелерін таңдап өндіруді болғызбайтын бөлігінде жобалау құжаттарымен көзделген көрсеткіштерді және жобалық шешімдерді орындау

Өрескел

2.2. Жер асты суларын өндіру

12

Жобалау құжаттарымен көзделген көрсеткіштерді және жобалау шешімдерін орындау

Өрескел

13

Су реттегіш қондырғыларымен, су есептегіш аспаптарымен жабдықталмаған, сондай-ақ жерасты сулары объектілерінің жай-күйі көрсеткіштерін бақылау пунктері құрылмаған жерасты суларының су жинау құрылыстарын пайдалануға беруге жол берілмеуі жөніндегі талаптарды сақтау

Өрескел

14

Бақылайтын ұңғымалардың режимдік желісінің болуы

Өрескел

15

Жерасты суларының деңгейін, дебитін, температурасын және химиялық құрамын бақылау талаптарын сақтау

Өрескел

2.3. Қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру

16

Тау-кендік жер бөлігі шегінде өндіруді жүргізу

Өрескел

17

Қазақстан Республикасының Қор жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жер қойнауын зерттеу және пайдалану бөлігіндегі ұсыныстарын орындау

Өрескел

18

Кен орнын игерудің мына жобалық шешімдерін сақтау:
келісімшарттық аумақ шегіндегі келісімшарттың қолданылу мезімінің шегінде пайдалы қазбаны өндіру көлемі мен оның сапасының көрсеткіштерімен қоса тау-кендік жұмыстардың күнтізбелік кестесі;
қорларды өтеу кезектілігінің тәртібі;
пайдалы қазбалар кен орындарын ашу тәсілдері мен игеру жүйелері;
Мына жобалық көрсеткіштерді сақтау:
аршу көлемдері;
өндіру көлемдері;
күрделі тау-кендік, тау-кен- даярлық, кесу, пайдалану-барлау және толтыру жұмыстарының көлемі;
аршылған, дайындалған және шығаруға даяр пайдалы қазбалар қорларының нормативтері;
шығындар мен құнарсыздану нормативтері;
өндіру кезіндегі еңістік бұрыштары (игеру кезінде, өтеу кезінде)

Өрескел

19

Өндіру кезінде минералдық шикізатты ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету

Елеулі

20

Олардың өнеркәсіптік маңызының жойылуына немесе толық жоғалуына әкелетін кен орындарының, кенді денелердің және кен шоғырларының ең мол жерлерін және жеңіл қолжетімді учаскелерін іріктеп игеруге әкелетін аршу және игеру жүйелері нұсқаларына жол берілмеу талаптарын сақтау

Өрескел

21

Пайдалы қазбалардың уақытша белсенді емес қорларының түзілуіне, бекітілген жобалау құжаттарында көзделгендерді қоспағанда, қосылатын тау жыныстарымен байланыс негізінде және әлісз дене учаскелерінде (кен шоғырларында, қабаттарда) шығындарға жол берілмеу талаптарын сақтау

Өрескел

22

Жер қойнауында сақтауды немесе кейіннен оларды өнеркәсіптік игеру үшін теңгерімнен тыс қорларды қаттап тастау талалаптарын сақтау

Өрескел

23

Пайдалы қазбалар қорларының құрылымын және шамасын дұрыс бағалау үшін жер қойнауын алдын ала зерттеудің толықтығын қамтамасыз ету

Өрескел

24

Сыртқа шығарылатын және жер қойнауында қалдырылатын қорларды дұрыс есепке алуды қамтамасыз етудің болуы:
Пайдалы қазбалардың қорларын, шығындары мен құнарсыздануын бастапқы және жиынтық есепке алудың негізінде қорлардың жыл сайынғы есептік теңгерімін жасау талаптарын сақтау;
шығындар мен құнарсыздануды есепке алу;
белгіленген геологиялық және маркшейдерлік құжаттаманы толық көлемде және сапалы деңгейде жүргізу талаптарын сақтау;
уақытша-белсенді емес қорларды есепке алу;
пайдалы қазбалар қорларының жай-күйі мен қозғалысының есепке алынуы, шығындар және құнарсыздану көрсеткіштерінің нақты орындалуы және тау-кендік жұмыстардың жағдайы көрініс табатын паспортты жүргізу талаптарын сақтау;
барлық техногендік минералдық түзілімдерді, қалдықтар мен өңдеу өнімдерін (қалдық және шлам қоймаларын, таусылған кен, жыныстар, қож үйінділерін және тағы басқаларын) есепке алу және паспорттау

Елеулі

25

Іріктеп игеруге жол бермей, пайдалы қазбалардың жер қойнауынан толық алынуы

Өрескел

26

Жерасты суларының деңгейін, дебитін, температурасын және химиялық құрамын бақылау үшін бақылайтын ұңғымалардың режимдік желісінің болуы

Өрескел

27

Қалдықтарды және алғашқы қайта өңделген өнімдер бойынша барлық компоненттерді орналастыру және жоғалтуларды бақылаудың болуы

Өрескел

28

Қазба бірлігін игеруге жергілікті келісілген жобаның болуы

Өрескел

29

Алғашкы игеру мәліметтері бойынша мемлекеттік теңгерімге тіркелетін пайдалы қазбалар қорының түзету фактісінің болуы

Өрескел

3. Мемлекеттік органдардан жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардан келіп түскен расталған арыздар мен өтінімдердің болуы және саны

30

Белгіленген талаптардың бұзылуымен жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу бойынша бақылау субъектілеріне 1 және одан артық расталған шағымның болуы.

Өрескел

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы   
№ 1222 және           
Қазақстан Республикасы     
Ұлттық экономика министрінің  
2015 жылғы 26 желтоқсандағы   
№ 796 бірлескен бұйрығына    
2-қосымша            

   Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы мемлекеттік
               бақылау саласының тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
                                             (№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің ЖСН, БСН ___________________________________
_____________________________________________________________________
Тұрған жердің мекен-жайы_____________________________________________


р/с

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес

Талаптарға сәйкес емес

1

2

3

4

5

6

1. Көмірсутек шикізатын өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

1

Тау-кендік жер бөлігінің шегінде өндіруді жүргізу





2

Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы ұсыныстарының орындалуы





3

Ұңғыма жұмысының жобалық режимдерін сақтау және әзірлеуге арналған жобалық құжаттарда көзделген пайдалану объектісін орындау шартында нақты жылдық өндірудің жобадағыдан кем дегенде он пайыздан асуы.





4

Кен орындары бойынша жұмыс агентін, суды, көмірсутекті шикізатты айдауды есепке алудың болуы





5

Жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және кен орындарын игеруге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету талаптарын сақтау





6

Сыртқа шығарылатын және жер қойнауында сөндірілген шыққан негізгі және онымен бірге шөккен пайдалы қазбалар қорларын және ілеспе компоненттерді дұрыс есепке алуды жүргізу





7

Қорларды ашуды, дайындауды және қазып алудың толымдылығын қамтамасыз ететін, жер қойнауының бай учаскелерін таңдап өндіруді болғызбайтын бөлігінде жобалау құжаттарымен көзделген көрсеткіштерді және жобалық шешімдерді орындау





2. Көмірсутек шикізатын барлауды жүзеге асыратын үшін жер қойнауын пайдаланушыларға байланысты

8

Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы жобалық шешімдердің және жобалық құжаттар мен көзделген көрсеткіштердің орындалуы





9

Геологиялық жер бөлігі шегінде барлау жүргізу





3. Жерасты сулары мен емдік балшықтарды барлауды және өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

10

Іздеу жұмыстары жобасы, бағалау жұмыстарының жобасының, тәулігіне екі мың және одан да көп текше метр көлемінде өндірістік-техникалық жерасты суларын барлауға және өндіруге рұқсаттың, кен орнын өнеркәсіптік игеру жобасының болуы





11

Жобалау құжаттарымен көзделген көрсеткіштерді және жобалау шешімдерін орындау





12

Су реттегіш қондырғыларымен, су есептегіш аспаптарымен жабдықталмаған, сондай-ақ жерасты сулары объектілерінің жай-күйі көрсеткіштерін бақылау пунктері құрылмаған жерасты суларының су жинау құрылыстарын пайдалануға беруге жол берілмеуі жөніндегі талаптарды сақтау





13

Бақылайтын ұңғымалардың режимдік желісінің болуы





14

Жерасты суларының деңгейін, дебитін, температурасын және химиялық құрамын бақылау талаптарын сақтау





4. Қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

15

Іздеу немесе бағалау жұмыстарын жүргізу кезінде іздеу жұмысы жобасының, бағалау жұмысы жобасының, тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру жобасының болуы





16

Геологиялық жер бөлігі шегінде барлау жүргізу





17

Геологиялық барлау жұмыстарын жобалық құжаттарға сәйкес жүргізу





18

Зерттелетін жер қойнауын пайдалану объектісіне сәйкес барлау әдістемесін, барлау желісінің тығыздығын және барлаудың таңдап алынған техникалық құралдарын сақтау





19

Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының ұсынымдарын сақтау





20

Геологиялық барлау жұмыстарын жұмыс бағдарламасына сәйкес жүргізу





21

Далалық бақылау журналдарының сынамалау, сынамаларды талдау, геофизикалық бақылауларды тіркеу журналдарының болуы





22

Орындалған жұмыстардың көлемі туралы дұрыс мәлімет ұсыну





23

Келісімшарт талаптарына сәйкес келісімшарт аумағын қайтарудың уақтылығы





24

Геологиялық барлау жұмыстарының барлық кезеңінде келісімшарттың аумағы шектерінде барлық пайдалы компоненттерін зерттеу кешенділігінің сақталуы





25

Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезеңділігінің жүйелілігін сақтай отырып геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу





26

Сынамаларды алу және өңдеу, талдау жұмыстарының барлау деректерінің сапасын бақылау нәтижелерінің болуы





27

Негізгі және ілеспе пайдалы қазбалар мен компоненттер кешенін анықтай отырып пайдалы қазбалардың сапасы мен технологиялық қасиеттерін жан-жақты зерттеуді жүргізу





28

Геологиялық құжаттаманың орындалуы (сынамалау жоспарлары, геологиялық карталары және олардың тілімдері, кенді денелердің, аймақтардың геологиялық контурларын енгізу, тау-кен барлау қазылымдарының суреттемесі)





29

Ішкі және сыртқы геологиялық сынамалау бақылауының болуы, кемінде тоқсанына бір рет жүзеге асырылуы қажет





30

Барлау жүргізу процесінде өткен барлық барлау қазылымдарын құжаттау және жер қойнауын дұрыс зерттеу үшін қажетті барлық детальдарды көрсету талаптарын сақтау





5. Қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

31

Өндіру жұмыстарын жүргізген кезде пайдалы қазбалар шөккен алаңдарда құрылыстар салуға рұқсаттың, кен орындарын өнеркәсіптік игеру жобасының болуы





32

Тау-кен жер бөлігі шегінде өндіру жүргізу





33

Қазақстан Республикасының Қор жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жер қойнауын зерттеу және пайдалану бөлігіндегі ұсыныстарының орындалуы





34

Кен орнын игерудің мына жобалық шешімдерін сақтау:
келісімшарттық аумақ шегіндегі келісімшарттың қолданылу мезімінің шегінде пайдалы қазбаны өндіру көлемі мен оның сапасының көрсеткіштерімен қоса тау-кендік жұмыстардың күнтізбелік кестесі;
қорларды өтеу кезектілігінің тәртібі;
пайдалы қазбалар кен орындарын ашу тәсілдері мен игеру жүйелері;
Мына жобалық көрсеткіштерді сақтау:
аршу көлемдері;
өндіру көлемдері;
күрделі тау-кендік, тау-кен- даярлық, кесу, пайдалану-барлау және толтыру жұмыстарының көлемі;
аршылған, дайындалған және шығаруға даяр пайдалы қазбалар қорларының нормативтері;
шығындар мен құнарсыздану нормативтері;
өндіру кезіндегі еңістік бұрыштары (игеру кезінде, өтеу кезінде)





35

Өндіру кезінде минералдық шикізатты ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету





36

Олардың өнеркәсіптік маңызының жойылуына немесе толық жоғалуына әкелетін кен орындарының, кенді денелердің және кен шоғырларының ең мол жерлерін және жеңіл қолжетімді учаскелерін іріктеп игеруге әкелетін аршу және игеру жүйелері нұсқаларына жол берілмеу талаптарын сақтау





37

Пайдалы қазбалардың уақытша белсенді емес қорларының түзілуіне, бекітілген жобалау құжаттарында көзделгендерді қоспағанда, қосылатын тау жыныстарымен байланыс негізінде және әлісз дене учаскелерінде (кен шоғырларында, қабаттарда) шығындарға жол берілмеу талаптарын сақтау





38

Жер қойнауында сақтауды немесе кейіннен оларды өнеркәсіптік игеру үшін теңгерімнен тыс қорларды қаттап тастау талалаптарын сақтау





39

Пайдалы қазбалар қорларының құрылымын және көлемін бағалаудың дұрыстығы үшін жер қойнауын алдын ала зерттеудің толықтығын қамтамасыз ету





40

Сыртқа шығарылатын және жер қойнауында қалдырылатын қорларды дұрыс есепке алуды қамтамасыз етудің болуы:
Пайдалы қазбалардың қорларын, шығындары мен құнарсыздануын бастапқы және жиынтық есепке алудың негізінде қорлардың жыл сайынғы есептік теңгерімін жасау талаптарын сақтау;
шығындар мен құнарсыздануды есепке алу;
белгіленген геологиялық және маркшейдерлік құжаттаманы толық көлемде және сапалы деңгейде жүргізу талаптарын сақтау;
уақытша-белсенді емес қорларды есепке алу;
пайдалы қазбалар қорларының жай-күйі мен қозғалысының есепке алынуы, шығындар және құнарсыздану көрсеткіштерінің нақты орындалуы және тау-кендік жұмыстардың жағдайы көрініс табатын паспортты жүргізу талаптарын сақтау;
барлық техногендік минералдық түзілімдерді, қалдықтар мен өңдеу өнімдерін (қалдық және шлам қоймаларын, таусылған кен, жыныстар, қож үйінділерін және тағы басқаларын) есепке алу және паспорттау





41

Іріктеп игеруге жол бермей, пайдалы қазбалардың жер қойнауынан толық алынуы





42

Жерасты суларының деңгейін, дебитін, температурасын және химиялық құрамын бақылау үшін бақылайтын ұңғымалардың режимдік желісінің болуы





43

Қалдықтарды және қайта өңделген өнімдер бойынша барлық компоненттерді орналастыру және жоғалтуларды бақылаудың болуы





44

Ойып алу бірлігін игеруге келісілген жергілікті жобаның болуы





45

Алғашкы өңдеу деректері бойынша мемлекеттік теңгерімде есепте тұрған пайдалы қазбалар қорын түзетуді болдырмау





6. Барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

46

Барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жобасының болуы





47

Бақылайтын ұңғымалардың режимдік желісінің болуы





48

Жерасты суларының деңгейін, дебитін, температурасын және химиялық құрамын бақылау нәтижелерінің болуы





49

Қоймалау (көму) көлемін есепке алудың болуы





Лауазымды тұлғалар___________ _______ _______________________________
                  (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.А (ол бар болған жағдайда)
                  ___________ ______ ________________________________
                  (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.А (ол бар болған жағдайда)
Тексеру субъектісінің ______________________________________ ________
          басшысы (Т.А.Ә.А (ол бар болған жағдайда), лауазымы) (қолы)