Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12681 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабының 23-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
      2. «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, мемлекеттік сараптама ұйымы орындайтын құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама бойынша сараптама жұмыстар жүргізудің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 167 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 88389 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы                          М. Құсайынов

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрі
міндетін атқарушының  
2015 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 780 бұйрығымен   
бекітілді        

Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді
сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала
құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы
сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-18) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар:
      1) мемлекеттік сараптама ұйымы (бұдан әрі – Кәсіпорын) жүзеге асыратын объектілер құрылысы жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаларға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу;
      2) сараптама комиссиялары немесе сараптама топтары жүзеге асыратын аумақтарды дамытудың және құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау жобалары бойынша қала құрылысы кешенді сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау тәртібін айқындайды.

2. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жөніндегі жұмыстардың
құнын айқындау тәртібі

      3. Объектілердің құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құны мынадай формула бойынша айқындалады:
      Қс = ЖҚбк х ЕН, мұндағы:
      Қс – объект құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құны, теңгемен, ҚҚС-ті ескермегенде;
      ЖҚбк – ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің бір адам-күнінің жоспарлы құны, теңгемен, ҚҚС-ті ескермегенде;
      ЕН – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Заңының 101-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған еңбек нормалары (бұдан әрі – Еңбек нормалары), адам-күнде.
      4. Ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудің бір адам-күнінің жоспарлы құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының (бұдан әрі – ведомство) келісімі бойынша Кәсіпорынмен мынадай формула бойынша белгіленеді:

       мұндағы:
      ЖШ – ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге байланысты және ведомствоның Бұйрығымен бекітілген Кәсіпорынның даму жоспарында (бұдан әрі – Даму жоспары) ескерілген ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге байланысты жиынтық жоспарлы шығыстар, теңгемен;
      ШАС – Кәсіпорынның Даму жоспарына сәйкес өндірістік және әкімшілік-басқару персоналының жиынтық штаттық саны, адам;
      ЖК – есептік кезеңге бір жылдағы жұмыс күнінің саны;
      ПН – пайда нормасы.
      Пайда нормасы мынадай формула бойынша белгіленеді:
      ПН = (Жин / ЖШ), мұндағы:
      Жин – Кәсіпорынның есептік кезеңге Даму жоспарында ескерілген жоспарлы инвестициялардың жиынтық көлемі, теңгемен.
      5. Жобалау-іздестіру жұмыстарының құнына байланысты ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге еңбек нормаларының көрсеткіштерін айқындау бекітілген және есептік кезеңде қолданылатын Еңбек нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      Бағалардың ағымдағы деңгейіндегі ЖІЖ-дің құнын айқындау (ҚҚС-ті ескермегенде) кезінде іздестіру жұмыстарына арналған барлық шығыстар және жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеуге арналған шығыстар ескеріледі.
      6. Жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының құнын айқындау кезінде есептік кезеңінің ЖІЖ құны Еңбек нормаларындағы ЖІЖ бағасының деңгейіне сәйкес келтіріледі.
      Сәйкес келтіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

       мұндағы:
      – Еңбек нормаларындағы ЖІЖ бағасының деңгейіне сәйкес келтірілген ЖІЖ құны;
       – есептік кезеңіндегі ЖІЖ құны;
       – ол үшін бекітілген және Еңбек нормаларын есептеу күніне қолданылатын ЖІЖ құны көрсетілген кезеңнің айлық есептік көрсеткіші;
       – Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жыл сайын бекітілетін есептік кезеңнің айлық есептік көрсеткіші.

3. Кешенді қала құрылысы сараптамасы жөніндегі жұмыстар құнын
айқындау тәртібі

      7. Әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу бойынша жұмыстар құны шарттық негізде айқындалады.
      Әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу бойынша жұмыстар құны, осы Қағидалардың 3, 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес анықталатын есептік кезеңнің бағасында ЖІЖ құны бірдей, ҚҚС-ті ескермегенде, объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу құнынан төмен болмауы тиіс.
      8. Әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу бойынша жұмыстар құнына барлық қосымша шығыстар, оның ішінде кешенді қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту бойынша шығыстар кіреді.

4. Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді
сараптамасын, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала
құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы
сараптамасын жүргізу құнын есептеу үшін негізгі көрсеткіштер

      9. ЖІЖ-дің сәйкес келтірілген құны 3 682,08 мың теңге (ҚҚС-ті ескермегенде) тең немесе одан да төмен болатын жобалар үшін сараптама жүргізуге арналған Еңбек нормасы желілік интерполяция тәсілінің көмегімен анықталады (төменгі шекті маңызы ЖІЖ құны және Еңбек нормалары ең жиі кездесетін 0-ге тең және жоғарғы шекті маңызы Еңбек нормасы үшін 30,28 адам-күндерді құрайды).
      ЖІЖ құны 3 682,08 мың теңгеден асатын жобалар үшін Еңбек нормасының есептелуі мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
      ЕН=1,1431Х0,39906 мұндағы Х – ЖІЖ-дің сәйкес келтірілген құны (2015 жылғы баға деңгейінде, ҚҚС-ті ескермегенде), мың теңге.
      10. Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтарда қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу бойынша жұмыстардың ең аз құны ҚҚС-ті ескермегенде 54 720 теңгені құрайды.